Қарақалпақ драматургиясы тәуелсіздік жылдарында

  • 28.08.2018
  • 72 рет оқылды
  • 0

Малика Палымбетова,
Қарақалпақ мемлекеттік университетінің докторанты

Өзбекстан Республикасы Тәуел­сіздікке қол жеткізгеннен кейін бар­лық салаларда көптеген өзгерістер, жаңа­лықтар жүз бергені сияқты, әде­биетіміздің бір түрі саналатын дра­ма­­тургия да жаңа даму жолына өте бастады.
Бірінші Президентіміз И.А.Кари­мовтың «Қашан болмасын ұлттық мәдениетіміздің ажы­рамас бөлігі болған театр туралы сөз еткенде, ұлы Махмудқожа Бех­бу­дийдиннің «Театр – бұл тәрбие ошағы» деп айтқан пікірін еске алу орынды. Біздің ұлттық өнеріміз тарихта өте үлкен жолды басып өтіп, оның ежелгі тамырларына барып байланысады. Бірақ ХХ ғасырға келіп, ұлттық театр көркемөнері еліміз және дүние көлемінде қалыптасқан, дәуірлер сынағынан өтіп келе жатқан дәстүрлер мен тәжірибелер негізінде жаңадан пайда болғанын және кемелденгенін айтып өту орынды. Қазіргі уақытта республикамыз театрларында түрлі тақырып пен жанрларға байланысты спектакльдер қойылып, өзіне тән шығармашылық ізденулер жалғасып келе жатқанын айтып өту орынды», – деп атап өткен еді.
Жаңа драмалық шығармалар жаратылып, кең қоғамның назарына ұсынып жатыр. Театр заманмен бірдей қадам тастауы керек. Себебі, әрқандай дәуірде де театр сол халықтың қуанышы және қайғысымен жасайды. Әрқандай дәуірдің өзіне тән тұрмыс жағдайы, саясаты, өзгерістері болуымен бірге, сол дәуірді бастан кешіріп тұрмыс қазанында қайнаған қаһармандарының да болатыны бізге тарихтан белгілі. Міне, осындай қаһармандарды біз тек тұрмысымыздың айнасы болған театрда көре аламыз. Бұл үшін бізге осындай драматург жазушылар қажет болады. Олар «кешегі күнді жаңа болып өткендей» етіп суреттейтін драмалар жазуға тиіс.
Тәуелсіздікке қол жеткізген соң театрларымызда тәуелсіздік идеяларына сіңдірілген пьесалар қайта өңделіп, жаңа актерлер тарапынан орындалған қойылымдар көрермендер назарына ұсынылды. Мысалы: К.Рахмановтың «Лаққылар емдеу­ханада» атты пьесасы ең алғаш1979 жылы режиссер Р.Төрениязовтың басшы­лығында сахналанған болса, 2007 жылы Ж.Султабаевтың режиссерлығымен сахналанды. Драматург К.Матмуратовтың «Бір үйде екі өмір» атты пьесасы ең алғаш 1980 жылы Н.Аңсатбаев, А.Шариповтар басшылығында сахналанған болса, тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында 1991 жылы бұл пьеса сахнаның барлық ерекшеліктері ескерілген А.Шамуратов, О.Даулетов, О.Умтқұлов, А.Жүгінісов, Ж.Бабанов, Т.Қайпназаров, Ж.Султабаев, Ж.Абдул­лаевтардың режиссерлігімен көрермен назарына ұсынылды. Сондай-ақ О.Абдрахмановтың «Өжет» атты пьесасы ең алғаш 1981 жылы Н.Аңсатбаев тарапынан сахналастырылған болса, 2005 жылы сол режиссер тарапынан «Тірсектер» деген атаумен қайта сахналастырылды және басты рольдерді Ж.Сұлтабаев, Қ.Ұзақбергенов, Б.Назарымбетов, Г.Сайтов, С.Даулетова, А.Пиязова, Г.Жуманиязова, А.Ашіров және басқа актерлар табысты атқарып шықты.
Бұдан басқа да, көптеген драмалық шығармалар қайта өңделіп, көрермен көпшіліктің сұрауымен қайта сахнаға қойылды.
Оларды Н.Мухаммединовтың «Әжі­нияз» операсы, «Айжамал» балеті, А.Бе­гімов, Т.Алланазаровтардың «Ға­ріп ғашық» музыкалық драмасы, К.Мат­муратовтың «Шәріяр» драмасы (режис­сері Б.Баймырзаев), А.Ариповтың «Сахып­қыран» (режиссері Н.Ансатбаев) драмалары табысты сахналастырылды. Сондай-ақ өнерсүйер қауым талаптары есепке алынып, күлкіқұмар халқымызға көптеген комедия жанрындағы шығармалар: К.Рахмановтың «Ынжықтың махаббаты», К.Матмуратовтың «Өмірбек және Тазша», М.Нызановтың «Екі дүниенің әуресі», Ш.Башбековтың «Қайын ененің әуресі» және басқа да бірнеше спектакль назарына ұсынылды.
Сондай-ақ, тәуелсіздік дәуірінде драматургияда тарихи тұлғалардың образдары жасалып, тарихи драмалар дүниеге келді. Енді жетіліп келе жатқан жас ұрпақты Отанға деген садық перзент етіп өсіріп, мәрт адам етіп тәрбиелеудей игілікті істе драматургияда өз үлесін қосқалы отыр­ған жазушы драматургтеріміз қаһар­мандық жанрдағы драмаларды жазып, режес­серларымыз қайта сахналады. Фольклорлық шығармалардан бастап ХІХ-ХХ ғасырда жасап өткен ата-баба­ларымыздың келбеті сахнада көрініс тапты. Н.Даукараев, В.Шарафаддинов, Н.Мухаммединовтардың «Алпамыс» (режиссер Н.Аңсатбаев), К.Рахманов, К.Заретдиновтардың «Едіге» (режиссерлар Ж.Султабаев, А.Құдайназаров) музыкалық драмалары, К.Заретдиновтың «Тумарис» операсы (режиссер К.Абдримов), «Қырық қыз» балеті (балетмейстр А.Шарипов) бұған мысал бола алады. Бірінші ұлттық операмыз «Әжинияз» 2004 жылы режиссер Н.Аңсатбаев және бірінші балетіміз «Айжамал», 2017 жылы балетмейстер А.Шарипов тарапынан сахналастырылып, халқымызға сыйға тартылды. Клас­сик ақынымыз Бердақ Қарғабай ұлының 190 жылдық мерейтойы драматург К.Матмуратовтың «Бердақ» пьесасында (режиссері Б.Утебаев) жаңадан сахналанды.
Тарихи драмалар жазылғанмен, олар­дың кейбірі әлі де сахна жүзін көрмеді. Олардың арасында П.Тілегеновтың «Бекжап трагедиясы» (1965 жылы режиссер Г.Абдулов тарапынан сахналанды), Т.Қайыпбергеновтың «Сахра бұлбұлы», «Айдос би», С.Хожаниязовтың «Маман би» (1971 жылы режиссер К.Абдримов сахналаған), А.Өтеулиевтің «Ерназар Алакөз» (1989 жылы режиссер К.Абдримов сахналастырды) пьесалары бар.
Театр әрқашан да заманмен тең қадам тастап келе жатыр. Адамдардың басына түскен ауыр машақаттарды, оған қандай шешім табу керек екендігін біз сахнада қойылған тұрмыстық пьесалардан табамыз. Бүгін жаһандық ділгірлікке айналған адам саудасы, діни экстремизм, терроризм және оларға қарсы күрес идеяларына арналған Р.Мұхаммеджановтың «Айдын» (режиссер С.Ұзақбаев), Н.Хашимовтың «Қиянат құрбандары» (режиссер Б. Утебаев), бір-біріне мейір шапағат, ата-ана қадірі, адамдардың ішкі сезімдері сияқты психологизмге толы Н.Аббасханның «Дара жұлдыз» (режиссер В.Умаров), И.Султанның «Иман» (режиссер Е.Садиев) шығармалары да халқымыздың жүрегінен терең орын алғанына күмән жоқ.
Театр пайда болған күннен бүгінгі күнге дейін 326 спектакль сахналанып, 4 опера (1917 жылы бірінші қарақалпақ ұлттық операсы Н.Мухаммединовтың «Әжінияз» операсы, либретто авторы И.Юсупов, 1989 жылы С.Юдаковтың «Майсараның айласы» операсы, 1992 жылы С.Рахманиновтың «Алеко» операсы, 2013 жылы екінші қарақалпақ операсы К.Заретдиновтың «Тумарис» операсы, либретто авторы И.Юсупов), 2 балет (1996 жылы бірінші қарақалпақ ұлттық балеті Н.Мұхамметдиновтың «Айжамал», 2015 жылы екінші ұлттық балеті Қ.Заретиновтың «Қырық-қыз»), 100 музыкалық драма, 220 драма жанрындағы спектакльдер сахналанған. Міне, бұлар­дың барлығы біздің театрымыздың бүгінгі күнге дейін қол жеткен табыстары.
Демек, тәуелсіздік бізге барлық есік­терді ашып берді. Барлық салаларда жаңаша өзгерістер дүниеге келді. Адам құқықтары қорғалып, еркін пікір айту мүмкіндігі туды. Біз бұларды сахнада қойылған қоғамның айнасы болған драмалық шығармалар мысалында да көреміз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Рахманов Г. Бердақ атындағы Қара­қалпақ мемлекеттік академиялық музыкалы театры. – Нөкіс, «Білім», 2017.
2. Пахратдинов А., Алламбергенов К., Бекбергенов М., ХХ ғасыр қарақалпақ әдебиеті тарихы. – Нөкіс, Қарақалпақстан баспасы, 2011.

Алдыңғы «
Келесі »

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды.