Алла мен адам жаратылысын жаңылыстырмайық

  • 23.07.2018
  • 117 рет оқылды
  • 0

Аманхан ӘЛІМҰЛЫ,
«Ақиқат» журналының редакторы

«Алла тағала өзін бүкіл жер патшасымын деп жар салған мақтаншақты ұнатпайды, тек бір Алла ғана бүкіл әлемге билік ете алады».
(Мұхаммед пайғамбардың хадистерінен)

Құрметті оқырман, Сіздерден Алла алдымен жандыда адамды, жансызда Қаламды жаратқасын ба, о екеуіне де тән; азамат ретінде де, сосын, со Қалам жолына түскесін көп білемін деуден ада, түртпектеніп ізденіп жүретініміз барлығын жасырмаймыз. Олай дейтініміз, кейбіреулердің біздің осы бір ізденістерімізді тырнақ астынан кір іздеушілік деп қабылдайтыны да бар.
Сол әдетпенен жүргенде, жақында қолы­мызға 1996 жылы новосибирскідегі «ЭКОР» баспасынан басылған (жарық көр­ген деуге аузым бармайды – А.Ә.) О.Шатохин дегеннің ағылшын тілінен аударған «Манифест Ислама» атты кітабы тиді. авторы – Мухаммад Рафи-уд-Дин. Ол аталған кітабында Исламның ұстанған бағыт-бағдарымен бірге, оның мән-мағынасы және саяси-мо­ральдық, қоғамдық тұрғыдағы алатын орны туралы ой толғайды. Жалпы, автордың Исламға деген ниетінің қаншалықты түзу екендігін білмейміз, бірақ, соған қарамай аталған кітапты оқып отырып көңіліңе күдік, көкірегіңе түйткіл орнығады екен.
Біз осынау шағын мақаламызда әзірше со күдік пен түйткілдің бір ғана жағын сөз етпекшіміз. Ал, «Манифест ислама» атты кітапты толығымен талдап-талқылау, ол туралы пікір білдіру болашақтың еншісінде. Сонымен, аталған жинақтың «качества человека являются отражением качеств создателя» деген бөлімінде автор: «Центральным свойством человеческого создания, как и Божественного, является любовь со всеми сопутствующими ей качествами. Так как в человеке отражаются все качества Создателя, его можно назвать образом Божества. Поэтому Пророк (мир ему) говорил: «Аллах создал человека по об­разу и подобию Своему» дейді. Міне, дәп осы тұста ол үлкен қателік жіберіп қана қоймай, Алла мен Адам жаратылысын баяндау арқылы оқырманды жаңылыс жолға салып отыр. Олай дейтініміз, біз білетін Құран мен басқа да кітаптарда олай демейді. Мысалы, Рукайя Максудтың 2001 жылы Мәскеуде шыққан «Ислам» атты кітабында (ол да ағылшын тілінен аударылған – А.Ә.): «Бог всезнающ и всеви­дящ; Он совершенно «отличен» от сотворенной Им вселенной, вне времени, вечен, без начала и конца» дей келіп, «В мире не существует ничего, подобного Богу (!), и ничто не может сравниться с Ним. Ничто не разделяет Его власть, и у Него, конечно же, нет «сотоварищей» или ка­ких-либо «родственников»» дейді.
Ендеше, аталған автор Құран Кәрімнің 112-Ыхлас сүресіндегі: «Ол Алла, біреу-ақ. (1) Алла мұңсыз. (Әр нәрсе Оған мұх­таж.) (2) Ол, тумады да туылмады. (3) Әрі Оған ешкім тең емес (4)» дегенмен «Шуро» сүресінің 11-аятындағы: «Оған ешнәрсе ұқсамайды. Ол Естуші, Көруші Зат» дегенін жақсы біліп, жоғарыдағыдай ой-пікірімен тұжырымға келген. ендеше, біз де со жағындамыз. Алла не нәрсені болса да жеңіл, шаршап-шалдығусыз және еш демалыссыз сөз – бұйрық арқылы жаратқан. Сондай-ақ, ол адамды жаратушы ғана емес, оның бүкіл ғұмырын одан әрі бақылап, басқарушы да. сонан соң, Алла өзі жаратқандардың өткенін де, болашағын да білетін құдірет. Сондықтан, адамды Алланың бейнесі ретінде қабылдап, оған ұқсату астамдық.
Әлқисса, біз тілге тиек етіп отырған «Манифест Ислама» атты кітаптың оқырманды, әсіресе, орыс, оның ішінде өзінің ана тілін білмей, ол тілде жарияланған Ислам жайындағы кітаптарды оқымайтын оқырмандарды мұсылмандық жайында теріс жолға түсіріп, ол туралы жаңсақ пікір қалыптастыратынын айтқымыз келеді. Иә, «Библия» Құдай мен Адам жаратылысына басқаша көзқараспен келіп, оған өзгеше пікір білдіретіні рас. белгілі дін зерттеушісі, философ Сергей Булгаков өзінің «Свет невечерний» кітабында оның қыр-сырын аша келе: «образ божий в человеке. И сотворил Бог человека по образу своему, по образу Божию сотворил его (Быт. 1:27). И создал господь Бог человека из праха земного и вдунул в лице его дыхание жизни; и стал человек душою живою (2:7). Человек сотворен, но по образу Божию. Он создан из праха земного, из общей тварной материи, но в него вдунуто самим Богом дыхание жизни Из Себя Самого извел и как бы выделил Бог его сущность. И уже в силу такого своего происхождения человек является сыном Божиим» дейді. Ендеше, Алла мен Адам жаратылысына келгенде Ислам мен христиандықтың арасында айырмашылық бар екен. Біз осыны еш уақытта есімізден шығарып, жадымыздан бір сәтке де өшірмеуге тиіспіз.
Қорыта айтқанда, жоғарыдағыдай «Ма­нифест Ислама» секілді кітаптарды оқы­ғанда мейлінше сақ болғанымыз жөн. Сөз соңында құрметті оқырманға жеткізеріміз, Алла мен Адам жаратылысын ажырата білу әр қайсысымыздың азаматтық та, мұсылмандық та міндетіміз.

«РАСПУТИНЩИНА» ІНДЕТКЕН ТҰСТА
әйел етекке сүрінеді, еркек жетекте бүлінеді

Сонымен, «Распутинщина» не «рас­путин шайындылары» – бүгінгі қоғамды жайлаған әлеуметтік-психо­логиялық, айта берді, саяси құбылыс. Әйтпесе, оқырманның бұлыңғыр – академиялық былдырмен басын қатырмай, қазақтың жалпақ тілімен айтқанда, ол жұқпалы күйе, кімнің, ненің болса да басын байлап, дуалап алатын сиқыр. Онда жыныс болмайды. Әдетте мұндайлар қылмыскерлерден де қауіпті. Қылмыскерлерге құрар қақпан, тастар тор бар. Ал, алдыңғылар үшін еш шара, айла-шарғы жоқ. оларды көзің көріп, көңілің ғана сезеді. Ерекше бір қызығы, олар бір-бірін алыстан танып, бір-біріне тез жұғысады.
Оны айтасыз, олар адамға, оның ішінде беделді де жоғары лауазымды жанға алдымен психологиялық «террор» жасап, соңы өзінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын, сол ортадағы идеологиясын қалыптастырып алады да, өзі қызмет етіп жүрген ортаны көзге көрінбейтін үрейде ұстайды. Өйткені, ол сол лауазымды адамның сенім қолтығына кіріп алған. Оны «дуадан» басы айналып қалған әлгі басшы сезіп білмейді де. Ал, қалғандардың оларға көрсететіні «үнсіз», іште «өліп» жатқан қарсылық қана. Оны қазақ «іштен тыну» дейді. Бұл қоғамдық дерт.
Сонымен, сөз басындағы біреу біліп, біреу білмейтін григорий Распутин кім?
Басында, Вырубова дегеннің таныс­тыруымен орыстың соңғы ағзамы Николай II мен оның әйелі, ханым Александра Федорованың сеніміне кіріп, арты олардың, айта берді, бүкіл ресей империясының тағдырына ықпал еткен Григорий распутин оңай жан емес еді. Ол өзінің шала сауат, жалған да аяр діндар екендігіне қарамай, патшаның жеке отбасына, сол арқылы ұлы ресей империясының мемлекеттік, саяси, қоғамдық өміріне ерекше ықпал етті. Николай II-нің үйіне кіріп, қызмет сарайынан шыққан оның беделінің күштілігі сонша, сол патшалықтағы белді-белді деген қызметкерлерді орнынан алып, олардың орындарына өзіне жақын да, айтқанынан шықпайтын адамдарды қойғызатын дәрежеге дейін жетті. Кезінде князь феликс юсупов «Конец Распутина» атты кітабында ол туралы: «Под маской лицемерия и фальшивой святости гряз­ной проходимец, полуграмотной мужик, вор и развратник распутин длительное время роковым образом подчиняет себе частную жизнь царской семьи и влияет на политическую судьбу Российской империи» деп жаза келіп: «Распутинство – кубок темных интриг, личных эгоистических расчетов, истерического безумия и тщеславных домогательств» деген еді.
Мұны жазып, тілге тиек етіп отырға­нымыз, соңғы кездері осыдан бір ғасырға жуық бұрынғы Ресей патшалығындағы болған келеңсіздік бүгінде бізде, жоғары лауазымды қызметкерлер арасында әртүрлі порым-пошымда қайталанып, кең етек алған сыңайлы. Мемлекеттік деңгейдегі қызметтегі лауазым иелерінен бастап, облыс әкімдеріне дейінгі аралықтағы шенеуніктердің арасын жайлаған індет іспетті «распутинщинаға» көз жұма қарауға болмайды.
Бұл тұста біреудің атын айтып, түсін түстеудің өзі артық. Сол «распутинщина» өкілдерінің жоғары лауазымды қызметкер­лердің отбасына, ондағы жандардың қызмет орындарына лайықты «қамқорлықтар» жасау арқылы, олардың беделдерін қаншалықты түсіріп, оларды халықтан қаншалықты қол үздіріп бара жатқанын айтсақ жеткілікті. Олар сол Распутиннің іс-әрекетіндей қылықтарға барып, қан­шама адал да жақсы қызмет істеп жат­қан жандарды жұмыссыз қалдырып, олардың орнына айтқанға көніп, айдауға жүретіндерді қоюда.
Сөз соңында айтарымыз, қай дәреже­дегі болсын лауазым иесі бүгінде індетке ай­налған «распутинщинаға» жол бермей, айналасындағы өздерін сол «аялап, қамқор­лығына алғандарға» сындарлы да сын сөзбен қараса екен. Кезінде белгілі бір облыс­тың әкімі «Короля делает свита» дегенді тілге тиек етіп, жандайшап сол «распу­тинщинаға» саятын сөз айтқан еді. шынында да «распутинщина» індеткен тұста әйел етекке сүрінеді, еркек жетекте бүлінеді емес пе?

«ОҚЫ, ОҚЫ ЖӘНЕ ОҚЫ»

Бiр кезде ұлы күн көсем атанып, аты-жөнi Адам атадан бастап, ең соңғы пайғамбар Мұхаммед алеиһиссаламға дейiнгi аралықтағы пайғамбарлардың бәрiнен жоғары қойылып, айтылып та, жазылып та келген Ленин айтқан «Оқы, оқы және оқы» деген қанатты қағидаға негiз болған Құран кәрiмдегi:
1.Читай (и возгласи) !
3. Читай!
4. Он – Тот, кто (человеку дал) калам (перо) и научил письму, – (96:1-4) деген қасиеттi де киелi сөздi оқып, бiлiп өскен мұсылман ел-жұртының бүгiнде бiлiмнен сонша артта қалғанына таң қаласың. Келтiрiлген алғашқы аяттардан-ақ Ислам иiсi адамзатты надандықпен артта қалушылықты емес, iлiм-бiлiмге және оқып үйренуге әрi жазуға шақырғанын, сонымен бiрге Мұхаммед алеиһиссаламның «iлiм iздеу әрбiр мұсылман еркек және мұсылман әйелге парыз», сондай-ақ, «бiлiм Қытайда болса да ал» дегенiн ұмытпасақ, мұсылман әлемi бiлiмнен мұн­шама артта қалар ма едi?
Кезiнде Ислам әлемге тек қана Орта Азияның өзiнен Әбу насыр әл-Фараби (870-950), Әбу Әли ибн Сина (980-1037), Әбу райхан әл-Беруни (973-1050), Ұлықбек (1384-1449) секiлдi ғұламалар мен мемлекет қайраткерлерiн берген едi. Бұның бәрi бүгiнгi ғылым-бiлiммен, оқымысты да бiлiмдарлармен салыстырғанда өткен шақ. Бүгiнде солар сияқты ғұламалар неге жоқ? Неге олардың насихаты өзгелердiң оқыған-тоқығандарына қарағанда аз? Бүгiнгi бiлiм шыңына шығып, ауыздан-ауызға iлi­нiп жүр­ген, Нобель сыйлығын алған мұсылман әлемiнiң ғұламалары қанша? Болса нелiктен әлем ғалымдарындай насихатталмайды? Әлде оларды айдарлатып, айбынды көрсетуге мерзiмдi телеарналарымыз бен баспасөздерiмiз жетпей ме? Осының барлығы сұрақ. Бiздiңше Еуропа және Батыс ақпараттық құралдарына қарағанда мұсылман әлемiндегi ең басты қарым-қатынас құралы және идеологиялық қаруы саналатын, осынау ең қажеттi нәрседен мұсылман әлемi барынша артта қалған. Мiне, соның салдарынан мұсылман мемлекеттерi өздерiнiң өткенiн былай қойғанда, бүгiнгi қоғамдық-саяси, мәдени-өркениеттiк тыныс-тiршiлiгiн, болмыс-бiтiмiн дүниежүзiне толық таныта алмай келе жатыр.
Қызық жағдай! Менiң қолыма тиiп, тiлiме тиек болып отырған фактiге жүгiнiп отырып, осылай демеске амал жоқ. Егер, құрметтi оқырман алдарыңызға тартқалы отырған көрсеткiштер рас болатын болса, онда шынында да мұсылман әлемi өзiнiң о бастағы оқып-бiлуге, бiлiмге деген құштарлығын соншалықты жоғалтып алғанына ерiксiз таң қаласың. Бүкiл Ислам әлемiндегi елу жетi елде 1450 млн. халық тұратын болса, оларға 500 ғана университет қызмет етедi екен. Ал, бiр ғана АҚШ-тың өзiнде 5758, Үндiстанда 8407 университет бар екен. Сондай-ақ, әлемде ең озық жоғарғы оқу орыны 500 болса, оған мұсылман елдерiнен бiрде-бiр университет кiрмейтiн көрiнедi. Тiптi, оны айтасыз, хрис­тиан әлемiнiң орта деңгейiнiң 90 пайызы сауатты болса, ал, мұсылман әлемiнiң орта деңгейiнiң сауаттылығы 40-ақ пайыз. Оны айтасыз, алдыңғылардың көпшiлiгiнiң 98 пайызы орта мектептi бiтiрсе, соңғы мұсылман әлемiндегi ел-жұрттың 50 ғана пайызы орта мектептi бiтiредi екен. Осы көрсеткiштердiң өзi-ақ, жалпы, мұсылман әлемiндегi бiлiм деңгейiнiң қаншалықты екенiн аңғартса керек. Мысалы, АҚШ-та 1 млн. адам­ға 5000 оқымыстыдан келсе, бүкiл Араб әлемiнде 1 млн. адамға 50 техниктен ғана келедi екен. Осының бәрiн оқып, бiлiп отырып, бiр кезде Жаратқан иемiздiң бiлiмге, бiлiктiлiкке шақырған ұрпағының соншама деңгейдегi бiлiмсiздiкке түсiп кеткенiне ерiксiз көңiл құлазып, жүрек егiледi.
Сонда, бұдан шығатын қорытынды не? Ең алдымен, бiздiңше, мұсылман әлемi материалдық құндылықтарға қарағанда, Алла тағаламыз бен пайғамбарымыз о бас­та насихаттаған бiлiмге ұмтылуы керек. Болашақ ұрпағымызды пайғамбарымыз тiлге тиек еткендей жердiң қай түкпiрiнде болса да, бiлiмге, бiлiмдарлыққа ден қойдырмаса болмайды. Адам өзiн-өзi қолға алмаса, Алла да олардың жағдайын өзгертпейдiндiгi хадисте айтылған. ендеше, бұдан шығар қорытынды оқу, бiлу, оларды көңiлге тоқып еуропа мен Батыс әлемiндегi бiлiмдiлiк пен бiлiктiлiкке ұмтылу мұсылман әлемiнiң басты бағыт-бағдары, ұстаным-ұлағаты болуға тиiс.

АДАМ  АЛЛАНЫҢ  КӨШIРМЕСI  ЕМЕС

Бiз мақаламызға тиек еткелi отырған тақырыпты кезiнде жазып, оқырман­дарымызды дiни қандай да кiтапты оқыған кезде оның мақсат-мүддесi, ұстаным-ұстыны қандай екендiгiн ажырата бiлулерi керек екендiгiн ескерткен болатынбыз. Және оған әлi де сан оралатынымызды айтып өткенбiз де. Өйткенi, елiмiзде сан түрлi секталардың кең етек жайып, халқымыздың арасына сына қағып жүргенi бәрiмiзге де белгiлi. Ендеше, көше кезiп, үй аралап дiни кiтаптар таратқандарға да өте сақтықпен қарағанымыз жөн. Бұны айтып отырған себебiмiз, қолымызға тиген бiр кiтап сол бағыт-бағдардағы ұстанымды насихаттаған жинақ. Ол новосибирскiдегi «ЭКОР» баспасынан басылған О.Н. шатохин дегеннiң ағылшын тiлiнен аударған «манифест ислама» атты кiтабы. Авторы – Мухаммад Рафи-уд-Дин. Ол аталған кiтабында Исламның ұстанған бағыт-бағдарымен бiрге, оның мән-мағынасы және саяси-моральдық, қоғамдық тұрғыдағы алатын орны туралы ой толғайды. Жалпы, автордың Исламға деген ниетiнiң қаншалықты түзу екендiгiн бiлмеймiз, бiрақ соған қарамай аталған кiтапты оқып отырып көңiлiңе күдiк, көкiрегiңе түйткiл орнығады екен.
Аталған жинақтың «Качества человека являются отражением качеств Создателя» деген бөлiмiнде автор «центральным свойством человеческого создания, как и божественного, является любовь со всеми сопутствующими ей качествами. Так как в человеке отражаются все качества Создателя, его можно назвать образом Божества. Поэтому Пророк (мир ему) говорил: «Аллах создал человека по образу и подобию своему» дейдi. Мiне, дәп осы тұста ол үлкен қателiк жiберiп қана қоймай, Алла мен Адам жаратылысын баяндау арқылы оқырманды жаңылыс жолға салып отыр. Олай дейтiнiмiз, бiз бiлетiн Құран мен басқа да Ислам дiнiндегi танымдық кiтаптарда олай демейдi. Мысалы, Рукайя Максудтың 2001 жылы Мәскеуде шыққан «Ислам» атты кiтабында (ол да ағылшын тi­лi­нен аударылған – А.Ә.): «Бог всезнающ и всевидящ; Он совершенно «отличен» от сотворенной Им Вселенной, вне времени, вечен, без начала и конца» дей келiп, «В мире не существует ничего, подобного Богу (!), и ничто не может сравниться с Ним. Ничто не разделяет Его власть, и у Него, конечно же, нет «сотоварищей» или каких-либо «родственников» дейдi.
Ендеше, аталған автор Құран Кәрiмнiң 112-Ықылас сүресiндегi: «Ол Алла, бiреу-ақ. (1) Алла мұңсыз. (Әр нәрсе Оған мұқ­таж.) (2) Ол тумады да туылмады. (3) Әрi Оған ешкiм тең емес (4) « дегенмен «Шуро» сүресiнiң 11-аятындағы: «Оған ешнәрсе ұқсамайды. Ол Естушi, Көрушi Зат» дегенiн жақсы бiлiп, жоғарыдағыдай ой-пiкiрiмен тұжырымға келген. ендеше, бiз де со жағындамыз. Алла не нәрсенi болса да жеңiл, шаршап-шалдығусыз және еш демалыссыз сөз – бұйрық ар­қы­лы жаратқан. Сондай-ақ, ол адамды жаратушы ғана емес, оның бүкiл ғұмыры одан әрi бақылап, басқарушы да. Сонан соң, Алла өзi жаратқандардың өткенiн де, болашағын да бiлетiн құдiрет. Сондықтан, адамды Алланың бейнесi ретiнде қабылдап, оған ұқсату астамдық.
Әлқисса, бiз тiлге тиек етiп отырған «Манифест ислама» атты кiтаптың қалың көпшiлiктi, әсiресе, орыс тiлдi оқырмандарды терiс жолға түсiрiп, ол туралы жаңсақ пiкiр қалыптастыратынын айтқымыз келедi. Иә, «Библия» Құдаймен Адам жаратылысына басқаша көзқараспен келiп, оған өзгеше пiкiр бiлдiретiнi рас. Белгiлi дiн зерттеушiсi, философ Сергей булгаков өзiнiң «Свет невечерний» кiтабында оның қыр сырын аша келе: «образ Божий в человеке. И сотворил Бог человека по образу Своему, по образу Божию сотворил его (Быт. 1: 27), И создал Господь Бог человека из праха земного и вдунул в лице его дыхание жизни; и стал человек душою живою (2: 7), Человек сотворен, но по образу Божию. Он создан из праха земного, из общей тварной материи, но в него вдунуто самим Богом дыхание жизни Из Себя Самого извел и как бы выделил Бог его сущность, И уже в силу такого своего происхождения человек является сыном Божиим» дейдi. ендеше, Алла мен Адам жаратылысына келгенде Ислам мен христиандықтың арасында айырмашылық бар. Қорыта айтқанда, жоғарыдағыдай «Манифест Ислама» секiлдi кiтаптарды оқығанда мейлiнше сақ болғанымыз жөн. Сөз соңында құрметтi оқырманға жеткiзерiмiз, Алла мен Адам жаратылысын ажырата бiлу – әрқайсысымыздың азаматтық та, мұсылмандық та мiндетiмiз.

«ИIСI  ШЫҚҚАН  ТОҒАН  СУДАЙ  БОЛМА,  ЖАҢА  ҺӘМ  ЖАҢАЛАН»

Күнi ертең, анау ақтаңдақ жылдары кәдiмгi адам секiлдi репрессияға ұшыраған Ұлыстың (қуатты мемлекет деген ұғымда – А.Ә.) ұлы мерекесi де табалдырықтан аттағалы тұр. ендеше, қош келдiңiз әз Наурыз! Бұл мерекенiң қасиеттiлiгi мен киелiлiгi, оның ұрпақтан ұрпаққа алмасып, тiптi, бiр кездегi қара орман қазақтай «мың өлiп, мың тiрiлгенiнде». Онда тәңiрлiктен тамыр тартқан сенiм-наным, бағыт-бағдарлы ұстанымға негiзделген мұсылмандықтан өрген Иман, егемен ел, тәуелсiз мемлекет құнттаған зайырлылық та бар.
Әр алуан үрдiс, сан қилы салт-дәс­түрмен өмiр сүретiн төрткүл дүниедегi мұсылман әлемiнiң Ұлы мерекесi қашанда да ұлағаттылықпен аталып өтiлiп, болашақ ұрпаққа тәлiм-тәрбие беретiндей дәрежеде өткiзiлуi тиiс. Сондықтан да, бiз наурыз мейрамын тойлаған кезде оның сыртқы пiшiм-порымына емес, iшкi мазмұнына ерекше үңiлуге тиiспiз. Бiр кезде Ғабит Мүсiрепов «қазақтың әдет, инабаттық, сыпайылық дәстүрлерiне Ислам көп нәзiктiк қосқан» деген сөзiнде осындай мән-мағына бар. Оған этнографиялық насихатқа қарағанда адами негiздегi рухпен суарылған, Иманмен үндестiрiлген мерекелiк нышан керек болуының сыры сонда.
Ретi келгенде айтайық, кей-кейде бiз Наурыз мейрамының түп-төркiнiне келгенде «бас жарып, көз шығаратын» тұжырымдарға әуеспiз. Мысалы, бiр бiлгiш «Наурыздың дiнге қатысы жоқ, ол тәңiрлiктен берi келе жатқан мереке» десе, ал, екiншi бiреулер одан шамандық сенiм-наным мен пұтқа табынудың бастауын көредi. Тiптi, ендi бiр бiлгiштер Наурыз сөзiнiң түптөркiнi парсылар тарапынан өрiлетiнiн бiле тұра, оны адамның атына байланыстырып айтатынын қайтерсiң. Бұлардың бәрi де «өлi әрi тартты, тiрi берi тартты» дейтiн пiкiрден аспайтын тұжырымдар.
Жыл басы – Наурыз. Ол көктемгi күн мен түннiң теңелгенiнен бастап кiредi. Онда кезекпен айналып келiп тұратын «Ескi ай – есiрке, жаңа айда – жарылқа» деген ұғымға саятын ай жаңаруы да бар. Оның аралық кезi ӨЛIАРА. Мысалы ол туралы кезiнде этнограф-ғалым Тоқтасын Өмiрзақов: «Ата-бабаларымыздың ӨЛIАРА-ны не күн, не ай санатына, яғни, уақыттың есебiне қоспауының бiрден-бiр себебi, әлемдiк мифологиялық таным бойынша, Жаратылыс жаратылмай тұрып, Уақыт пен Кеңiстiктен тыс Жаратушының бұ дүниенi алты күнде жаратып, жетiншi күнi демiн алған уақиғадан сақталған белгi болса керек. Шын мәнiнде ӨЛIАРА уақыты осы құбылыстан қалған тәрiздi» деген пiкiр айтты.
О кiсiнiң айтып отырғаны – дәйексiз болжам. Ал, тарих ғылымына ол жүрмейдi. Сол ғылымда деректану деген ұғым-түсiнiк бар. Сен кiм, қандай тарихшы болсаң да соған жүгiнуiң керек. Қалғанының бәрi бос сөз. Мiне, мәселеге осы тұрғыдан келгенде Тоқтасын Өмiрзақов мырза қатты қателеседi. Өзi ғана қателесiп қоймайды, өзгенi де жаңылыстырып жалған жолға түсiредi. Ендi мәселеге сол деректану арқылы келейiк. бiрiншiден «ӨЛIАРА» (междулуние) – ескi Ай мен жаңа Айдың аралық кезi. Яғни, Ай Жер мен Күннiң екi арасына келедi. Мiне, сол кездi қазақтар ӨЛIАРА деп айтады (Х.Әбiшевтiң «аспан сыры» кiтабын қараңыз – А.Ә.). Бұл ғылыми дәлелденген жай. екiншi, әлгi ғалымның Жаратқан Иемiздiң «Бұл дүниенi алты күнде жаратып, жетiншi күнi дем алған» деген түсiнiк пайымына келейiк. Құранның 50-сүресi, 38-аятында:
«Мы сотворили небеса и землю
И все, что между ними,
за шесть (небесных) дней,
И не коснулась Нас усталость» десе, (В.Порохованың тәржiмасынан) ал ендi «Ветхий завет» болса «10. А день седьмой – суббота Господу, Богу твоему: не делай в оный никакого дела ни ты, ни сын твой, ни дочь твоя…
11. Ибо в шесть дней создал Господь небо и землю, море и все, что в них, а в день седьмой почил: (демалды) по сему благословил Господь день субботний и освятил его» дейдi. Бұдан шығатын қорытынды, этнограф-ғалым Тоқтасын Өмiрзақов осы тұста да қатты қателеседi. Көрiп отырғандарыңыздай, Құранда «Алла тағала жер мен ас­пан әлемiн жеңiл, шаршамай-шал­дықпай жаратты» десе, «Ветхий завет» болса «жаратушы аспан мен жердi жаратқаннан соң жетiншi күнi демалды» дейдi. Сөйтiп, ол Аллаға адамға тән қасиеттi таңады. Ал, «Құран» болса адам мен Алланың қызметiн, әрi болмысын жаңылыстырмайды. Ендеше, бiздi таңқалдырғаны этнограф-ғалым Тоқтасын Өмiрзақовтың христиандық дiни ұстанымды қазақтың ӨЛIАРА ұғымымен жаңылыстыруы. Сондықтан да, о кiсiнiң бiлмеген нәрсесiне бәтуа айтып, өзгенi жаңылыстыруының күнә деуге де келетiн жағдай.
Мiне, бiз осынау пiкiрлердi оқып-бiлiп отырғанда есiмiзге Ахмет Байтұр­сынұлының не нәрсенi болса да ғылыми дәлелдеу керектiгiн алға тарта келе, «Исi шыққан тоған судай болма, жаңа һәм жаңалан» деген сөзi есiмiзге түседi. Ал, ұлы Әуезов болса Ахмет атамыздың сөзiне «Жаңаның басы» деген түсiнiктi қосып, ұлтты ұлағатқа шақырады. Лайым, әз Наурыз жақсылықтың басы, жаңа­лықтың өрiс-өзегi болсын!

Алдыңғы «
Келесі »

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды.