Кәпірлерден Түркістанды қорғау немесе Ағыбай батырдың діндарлығы

  • 27.06.2018
  • 62 рет оқылды
  • 0

Сағат Көдеков,
Шұбыртпалы Ағыбай батырдың ұрпағы

Ел ішіндегі аңыздар Хан Кенеден айырылғаннан кейін де Ағыбай батырдың жорықтарға қатысқаны айтылады.  Мұхамеджан Рүстемовтің «Ер Ағыбай мен ақын Нартай» ат­ты мақаласында осы хабар былай суреттеледі. Ағыбай батырға Сыздық төреден де хабар келеді.
Ақжолтай аға, «Әзірет сұлтан жатқан кесенені бұзамыз» деп Түркістанды жау қоршап жатыр. Сыздық төре: «Орыстың айла-амалын біледі, жиналған қазақ, өзбек тобына ақылшы болсын», деп Сізді шақырып жатыр, – дейді хабаршы жігіт.
Ағыбай батыр ойланып отырып:
Кәпірлер Қожа Ахмет бабамызға да жеткен бе? Алла жар болсын! Сыздық балама айт, әлі атқа мініп, мылтық қолға ұстайтын мұрша бар, – дейді. Шу бойында отырған Ағыбай бастаған шұбыртпалылар Созақ арқылы Түркістанға суыт жүріп отырып, бір күнде жеткен. Бетпақдала жағынан шабуыл күтпеген орыс әскерлері бытырап, жеңіліске ұшырайды. Олжалы болған Ағыбай әскері бір зеңбірегі, жиырма шақты мылтықтарымен Сыздық төре мен Әлімқұл ханның жасағына қосылады. Қожа Ахмет бабасының кесенесіне зиярат етіп, Қаз дауысты Қазыбек бабасының, Хана би туысының басында Құран оқиды.
Солай, Кенесары ғана емес, оның әкесі Қасым, баласы Сыздық төренің кезінде аттан түспеген Ағыбай батырдың тұтастай өмірі тәуелсіздік үшін күрес жолында өтті.
Ағыбай батыр Түркістан сапарында түс көріпті деседі. Түсінде аян беріліп: «Батырлығыңның біткен жері осы, енді, қолыңа Құран ал» деген дауысты естиді. Еліне қайтқан батыр дін жолына түсіп, би Айжігіт кәлпенің соңынан ереді. Айжігіт кәлпе сопы болған адам екен. Қалмаққырылған тауының етегінде, Бетпақ судың бойында Айжігіт қәлпенің жердің астында қазып салдырған мешіті болыпты. Жиырмасыншы жылдардағы аласапыранда бұл мешіт ойылып, шұңқырға айналып кетіпті.

Алдыңғы «
Келесі »

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды.