Кенесары мен Наурызбайдың қырғыз қолында қалуы

  • 27.06.2018
  • 286 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Ғабит Мұсабек,
«Ақжолтай Ағыбай батыр»
қоғамдық қорының төрағасы

Соңғы шайқаста Кенесары хан қыр­ғыз­дардың қолына түсіп, Ағыбай батыр бас­таған әскер қоршауда қалады. Сонда, Ағыбай, Наурызбай, Дулат, Бұқарбай, Шә­кір, Жәуке, Меңдібай секілді батырлар жиналып, ақылдасады. Кеңес барысында Наурызбай күштің сарқылғанына қарамастан «Қалай да Кенені құтқарып, қарсы шығайық» деген ұсыныс айтады. Сонда, Ағыбай: «Науанжан, жау Кенені өлтірмес. Құрылған қақпаннан аулақ бо­лайық, жауға жем болмайық, аз ғана күші­мізді жинап, қоршаудан шығып, қыр­ғыздарға елші жіберейік. Олай болмаса жаудың зеңбірегінен қанымыз төгіледі. Әр­кім бет-бетімен қашады», – деп тоқтатпақ болады. Бірақ, бұған Наурызбай көнбейді. «Ей, Ағеке!» «Екі қатынның баласы – екі рулы ел» деген, мен Кене ағамды не жаудан арашалап алайын, не бірге өлейін», – деп аз ғана төлеңгіттерімен шаба жөнеледі. Ағыбай батырдың үлкен баласы Аманбай: «Түйе үйелесе тұрмайды, төре қисайса, түзелмейді», – деген. Сен ақылыңды айттың, әке төрелер тыңдамады. Өздері білгенін істесін», – деп, тізгінінен ұстап қалыпты. Халық аңызы: «Наурызбайдың өзі барып қолға түскенде, Кене өкінішпен бармағын шайнапты», – деседі. Сөйтсе, соғыстың зар­дабынан сескенген қырғыздар, Кенені бо­сатпақ болып отыр екен. Наурызбай қолға түскен соң екеуін де өлтірген.
Зерттеушілер Ағыбайдың қолды бос қырғыннан, өлімнен құтқарып қалғанын айтады. Төрелерді тұтқыннан босатып аламыз деген ойы болғанын жазады. Алайда, қазақ әскерінің екі бірдей төресі қолға түскеннен кейін қырғыздар екеуінің де басын алды. Қазақ соңғы ханынан солай айырылды. Ал Ағыбай батырдың өзегінде өкініш кетті…

Алдыңғы «
Келесі »