Ел ертеңі – бүгіннен

  • 19.03.2018
  • 714 рет оқылды
  • 0

Бүгіндері кең-байтақ Қазақстанымыздың түкпір-түкпірінде Елбасымыздың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы кеңінен талқылануда. Енді, назарларыңызға сол талқылаулардағы айтылған бірнеше ой-пікірлерді ұсынамыз.

Редакциядан

Білім берудің жаңа сапасы

Арқалықтағы №10 орта мектебі ұжымы Елбасының Жолдауына бірауыздан қолдау білдірді. Мектеп әкімшілігі саяси жиналыс ұйымдастырып, онда мектеп басшысы Қарлығаш Қозбағарова Жолдаудағы білім мәселесіне кеңінен тоқталып өтті. «Нұр Отан» партиясы Арқалық қалалық филиалы №5 бастауыш партия ұйымының төрағасы Батырхан Карашинов өз кезегінде саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің арқасында экономикамызды, саясатымызды және санамызды жаңғырта отырып, көптеген жетістіктерге жетуге болатынын айтты.
Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту. 2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу қажет. Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды, ол 2021 жылы аяқталатын болады. Бұл – мүлде жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар. Педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау керек болады.
Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде. Егер, біз қазақ тілі ғұмырлы болсын десек, оны жөнсіз терминологиямен қиындатпай, қазіргі заманға лайықтауымыз қажет. Латын әліпбиіне көшу бұл мәселені реттеуге мүмкіндік береді. Біздің барлық түлектеріміз елімізде және жаһандық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін қажетті деңгейде үш тілді меңгеретін болады. Сонда ғана нағыз азаматтық қоғам құрылады. Қазақстандықтар біртұтас ұлтқа айналады. Оқытудың мазмұндылығы заманауи техникалық тұрғыдан қолдау көрсету арқылы үйлесімді түрде толықтырылуға тиіс.
Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс.
Халыққа жолданған құжатта көрсе­тілген тапсырмалар мен міндеттерді жұрт болып жұмылып, жүзеге асыруымыз қажет.

Батырхан Карашинов,
№10 жалпы орта білім беретін мектебіндегі «Нұр Отан» партиясы Арқалық қалалық филиалы ­№5 ­бастауыш партиясы ­ұйымының төрағасы

Маңызды құжат

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты өз Жолдауында еліміздің даму жолына сипаттама берді. Елбасы Қазақстанның дамыған елдер қатарына енуіне бағытталған нақты он қадамға тоқталды. Соның ішінде білім берудің сапасын арттыруда маңызы зор «Адами капитал – жаңғыру негізі» атты же­тінші қадамға тоқтала келсек, бұл бөлімде білім жүйесінің барлық деңгейлері заманауи талаптарға сәйкес болуын көздеп отыр. Маңызды құжатта білім сапасы мен мұғалім құзыреттілігін арттыруға баса назар аударылған. Білім мазмұнын жаңарту бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өткен педагог кадрларының лауазымдық жалақысы 30 пайыз көбейетіндігі туралы айтылды. Педагогтарды ынталандыруға бағытталған категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесін енгізу туралы тапсырма берді. Бұл қоғамда педагог мәртебесінің артуына жол ашады. Сонымен қатар, Елбасы үштілді саясаттың маңыздылығына тоқтала келе, болашақта біздің барлық түлектеріміз елімізде және жаһандық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеу үшін үш тілді қажетті деңгейде меңгеретінін айтты. Ұлт көшбасшысы өзінің кезекті Жолдауында бүгінгі қоғамымыздың нақты идеалын анықтап отыр. Білім беру ісінде рухани жаңғыруға мүмкіндік беретін осы қадамды біз толықтай қолдаймыз. Өзінің тілін, мәдение­тін, тарихын білетін, заман талабына сай, өз көзқарасы бар қазақстандық азаматтарды оқытып, тәрбиелеу ісіне өз үлесімізді қосамыз.
Бейсенгүл Алменова,
Ы.Алтынсарин атындағы
дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев дәстүрлі Қазақстан халқына өзінің кезекті Жолдауын жасаған болатын. Жолдау төртінші өндірістік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындады. Бұл Жолдау қазақстандықтардың жүрегінен жағымды орын алып, қуанышқа бөледі. Өздеріңіз білетіндей, қазіргі таңдағы еліміздің дамуындағы нақты міндеті – әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, қуатты елдермен тереземізді теңестіру. Осы мақсатқа жету үшін Елбасымыз 10 негізгі басымдықты жіпке тізіп берді. Оның ішінде жас ұстаз ретінде, жетінші басым бағытқа тоқталсам деймін. Жолдау мұғалімдердің қоғамдағы әлеуметтік әл-ауқатын көтеруге ықпал етпек. Жолдаудың жетінші басымдығы адами капиталдың жаңғыруымен байланысты. Онда Елбасымыз білім беру ісінде өзіміздің озық ­ж­үйемізді құруды жеделдету қажеттігіне баса мән береді. Осы тұста еліміздің орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу жүргізіліп жатқандығы белгіулі және оны 2021 жылға қарай аяқтау көзделген. Ол деген жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар. Сонымен қатар, білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту керектігіне тоқталды. Оқытудың мазмұны заманауи техникамен үйлесімді түрде толықтырылмақ. Бұл бағытта еліміздің әр өңірінде Назарбаев зияткерлік мектептерінің бастауымен жалпы білім беру оқу орындары аянбай тер төгуде.
Еліміздің мектептерінде жүргізіліп жатқан сандық білім беру ресурстары, интернетке қосылу және мектептерімізді ­видеоқұрылғылармен жабдықтау жұмыстары одан әрі жалғастырылмақ.
Елбасымыз: «Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде», – деп тағы да қадап айтқан болатын. Нәтижесінде біздің барлық түлектеріміз елімізде және жаһандық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін қажетті деңгейде үш тілді меңгеретін болады.
Міне, Жолдаудағы жетінші басымдықты жүзеге асыратын мұғалім болғандықтан, мемлекет тарапынан ұстаздың қоғамдағы мәртебесін арттыру мақсатымен білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 пайызға көбейтілмек. Әрине, бұл жайт мұғалім қауымын зор қуанышқа бөлейді.
Жалпы, Жолдау еліміздің экономикалық және әлеуметтік ­әлеуетінің дамуының өсуіне және санамыздың жаңғыруына үлкен серпін береді деп сенемін.

Дамир Есіргепов,
«Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ «Қостанай қаласындағы
физика-­математикалық бағыттағы ­
Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалының тарих пәні мұғалімі

Жаңа   бағдар

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев дәстүрлі Қазақстан халқына өзінің кезекті Жолдауын жасаған болатын. Жолдау төртінші өндірістік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындады. Бұл Жолдау қазақстандықтардың жүрегінен жағымды орын алып, қуанышқа бөледі. Өздеріңіз білетіндей, қазіргі таңдағы еліміздің дамуындағы нақты міндеті – әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, қуатты елдермен тереземізді теңестіру. Осы мақсатқа жету үшін Елбасымыз 10 негізгі басымдықты жіпке тізіп берді. Оның ішінде жас ұстаз ретінде, жетінші басым бағытқа тоқталсам деймін. Жолдау мұғалімдердің қоғамдағы әлеуметтік әл-ауқатын көтеруге ықпал етпек. Жолдаудың жетінші басымдығы адами капиталдың жаңғыруымен байланысты. Онда Елбасымыз білім беру ісінде өзіміздің озық ­ж­үйемізді құруды жеделдету қажеттігіне баса мән береді. Осы тұста еліміздің орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу жүргізіліп жатқандығы белгіулі және оны 2021 жылға қарай аяқтау көзделген. Ол деген жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар. Сонымен қатар, білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту керектігіне тоқталды. Оқытудың мазмұны заманауи техникамен үйлесімді түрде толықтырылмақ. Бұл бағытта еліміздің әр өңірінде Назарбаев зияткерлік мектептерінің бастауымен жалпы білім беру оқу орындары аянбай тер төгуде.
Еліміздің мектептерінде жүргізіліп жатқан сандық білім беру ресурстары, интернетке қосылу және мектептерімізді ­видеоқұрылғылармен жабдықтау жұмыстары одан әрі жалғастырылмақ.
Елбасымыз: «Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде», – деп тағы да қадап айтқан болатын. Нәтижесінде біздің барлық түлектеріміз елімізде және жаһандық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін қажетті деңгейде үш тілді меңгеретін болады.
Міне, Жолдаудағы жетінші басымдықты жүзеге асыратын мұғалім болғандықтан, мемлекет тарапынан ұстаздың қоғамдағы мәртебесін арттыру мақсатымен білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 пайызға көбейтілмек. Әрине, бұл жайт мұғалім қауымын зор қуанышқа бөлейді.
Жалпы, Жолдау еліміздің экономикалық және әлеуметтік ­әлеуетінің дамуының өсуіне және санамыздың жаңғыруына үлкен серпін береді деп сенемін.

Дамир Есіргепов,
«Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ «Қостанай қаласындағы
физика-­математикалық бағыттағы ­
Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалының тарих пәні мұғалімі

Көкейге  түйгеніміз  көп

Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа арнаған кезекті Жолдауы Қазақстанның жаңа белесіне иек артқанын көрсетеді. Президент бұл жолы он басым бағытты айқындап берді. Соның ішінде агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі туралы айтуы заңды. Мұны Елбасы жыл сайынғы Жолдауында үнемі жадынан шығарған емес. Неге? Өйткені, қазіргідей өркениет кезеңі дәуірлеп тұрған шақта ауыл шаруашылық саласын жаңа технологияға бейімдеу уақыт талабынан туындап отыр. Ең бірінші, бес жыл ішінде еңбек өнімділігін 2,5 есеге ұлғайту қажеттігін алға тартты. Сосын өңделген өнімнің экспортын ұлғайту мәселесі де бүгінгі күні басы ашық мәселе. Бұл дұрыс. Бірақ, қайтіп көтеру керек? Айталық, жұмысты сандық жүйеге ауыс­тыру қазір жер-жерде ішінара болса да біртіндеп қолға алынып жатыр. Мәселен, біздің «Қарқын» ЖШС-і мұны бастадық. Қыстың күні тағы нығайта түсеміз. Яғни, бұл жағынан қыруар жұмыс істеліп жатыр.
Екіншіден, отандық өнімдерді халықаралық нарыққа шығарудың стратегиялық жолын табу арқылы, қолға алған шаруаны алға бастыра беру қажеттігі де бекер емес. Бұл ретте өнімнің сапасына басты назар аударылуы тиіс. Онсыз экспортты ұлғайту мүмкін емес. Бүгінде елімізде комбаин, трактор тәрізді ауыл шаруашылық техникалары құрас­тырылып жатыр. Жергілікті тауар өндірушілер өзімізден шыққан техникаларды алуы керек. Сонда салық та, қаржы да шет ел аспай, өз ішімізде қалады. Оның үстіне, отандық техника сатып алған кәсіпкерлерге үкімет 25% субсидия төлейді. Бұл үлкен жәрдем.
Жалпы, бұл жолғы Жолдауда да көптеген мәселе көтерілді. Бұл бір жағынан ауылда тұратын еңбекші қауымды ынталандыра түседі. Мәселен, былтырғымен салыс­тырғанда, әлеуметтік салаға бөлі­нетін қаржының 12 пайызға өскенін айтты. Жағымды жаңалық! Өйткені, халықтың жартысы ауылда тұрады. Ауыл гүлденсе, шаруашылық жұмыс­тары тежелмейді. Тек, мемлекет ауылдарға ауыз су құбырын тартып, жолын жөндеп берсе, шаруа біраз еңсеріліп қалар еді. Өз басым Жолдаудан көп нәрсе ұқтым. Мұны жүзеге асыру кезек күттірмес шара деп білемін.

Сайран Бұқанов,
Қазақстанның Еңбек Ері, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы

500   электромобиль  құрастырылады

Елбасының кезекті Жолдауын мұқият тыңдадық. Расында да, көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру заман сұранысынан туындап отыр. Мемлекет басшысы Қазақстан арқылы өткен жүк транзитінің былтыр 17 пайызға өсіп, 17 миллион тоннаға жуықтағанын айтты. Сонымен қатар, біздің алдымызға транзиттен түсетін жыл сайынғы табысты 2020 жылы 5 миллиард долларға жеткізу міндетін қойды. Бұған Қостанай облысы да айтарлықтай үлес қосатынына сенімдімін. Жалпы, Қазақстанда құрастыр­ы­латын iEv7S электромобильдері Қытайдың JAC маркасының негізінде жасал­ған. Іс жүзінде бұл кроссовер NEDC циклімен 280 шақырымға дейін тоқтамай жүре алады. Егер, жылдамдықты 60-тан асырмаса, 350 шақырымға дейін баруға болады. Ал, автокөлік батареясын толық қуаттау үшін шамамен 7 сағат уақыт қажет. 2018 жылдың аяғына дейін Қостанайда 500 электромобиль құрастырып шығару жоспарланған. Көліктің бағасы шамамен 7,5 млн. теңгеден басталады. Аталған көлік­тердің жалпы сатылымға дәл қай кезде шығатыны әзірге белгісіз.
Алдағы уақытта жүк қозғалысын онлайн жүйеде бақылап, оған цифрлық тех­но­логиялардың ауқымды түрде енгізі­луін қамтамасыз ету жоспарда тұр. Бұл логистиканың барлық буынының өзара байланысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Біздің кәсіпорын Қытай, Ресей, Өзбекстан сияқты елдермен тығыз байланыста. Соңғы жеті жыл ішінде зауыт 30 мың автокөлік шығарды. Автобус өндірісі 12,4 есеге артты. Былтырдан бері 215 «Ивеко» маркалы автобус құрастырылып, Астанада өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне келушілерді тасымалдады. «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-нің өндірістік алаңында ANKAI атты авто­бустардың бірлескен зауыты іске қосылды. Автобустар «Еуро 5» экологиялық талаптарына сай келеді. Газбен де, дизельді отынмен де жүреді.

Сергей Могилатов,
«СарыарқаАвтоПром» ЖШС директорының техникалық даму жөніндегі орынбасары

Мазмұнды    кездесу

Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлт­тық университетінің халықаралық қаты­настар факультетінде, атап айтқанда, әлемдік экономика мамандығының курс студенттері арасында Елбасы Жолдауы қызу талқыланды. Бұл пікірталасты әлем­дік экономика мамандығының 1курс кураторы, филология ғылымының кан­дидаты, профессор Айгерім Смагулова жүр­гізді. Пікірталас кезінде мемлекет үшін өзекті мәселелер қаралып, Елбасы Жол­дауына орай бірқатар игілікті ойлар айтылды. Әлемдік эко­номика маман­ды­ғының 1курс студенті Гүл­дана Еркинова өзіндік ой-пікірімен бөлісті.
Қазақстан-егемен, құқықтық және де­мо­кратиялық мемлекет. Елбасы Н.Ә.На­зарбаевтың «Алдымызда асу-асу белдер, ұлт жолында ұйытқи соққан желдер, бел де талар, жел де беттен қағар, бәріне де төзу керек, бәріне де көну керек» деген салиқалы саясатының арқасында әлем елдерімен терезесі тең мемлекетке айналдық. XXI ғасыр – ақпараттық қоғам дәуірі. Мемлекеттің жаһандық оқиғаларға араласуы үшін ел экономикасы жоғары дәрежеде болу керек. Осы мақсатта Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылы 10 қаңтарда жарияланған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы жа­рық көрді. Елбасы өзінің Жолдауында жұмыстың 10 басымдылық бағытын атап көрсетті. Бұл индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналу, ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту, «Ақылды технологиялар» – агро­­өнеркәсіптік кешенін қарқынды дамытудың мүмкіндіктері, көлік-логис­тика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу, қаржы секторын «қайта жаңғырту», адами капитал – жаңғыру негізі, тиімді мемлекеттік басқару, жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі және «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін. Осы берілген бағыттар бойынша қойылған мақсаттарға тиімді қол жеткізу үшін жеке-жеке белгілі міндеттер қойылып, нақты тапсырмалар берілді. Жолдау нақты әрі түйінді, еліміздің болашағы үшін маңызды мәселелерді көтерген атаулы құжат болды. «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын әліпбиіне көшіруіміз керек. Өскелең жас ұрпақ үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, жас­тардың ағылшын тілін жетік игеруін, ең бастысы қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» – деп латын әліпбиіне көшудің қажеттілігін атап өтті. Біз цифрлы техно­логияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Жаһандық дүниенің түкпір-түкпірінен ақпарат алмасу мүмкіндігін қолжетімді етіп отырған жаңа технологиялар, олардың инфрақұрылымдары жоғары білім беру мазмұнын әмбебаптандырып, әлемнің жетекші білім беру орталықтарынан білім алмасуды көздейді. Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып қалған, қанымызға сіңген асыл қасиеттерді одан әрі тарата білуіміз қажет. Жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодты сақтай білу. Елбасы ұлттық кодқа негізделген ұлттық сананың дамуының екі қырын атап көрсетеді: ұлттық сананың көкжиегін кеңейту және ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Елбасының бұл Жолдауы болашаққа сенімді бағдар ретінде көрсетіліп, негізгі түйіндерді тарата білетін маңызды бағдарламалық құжатқа айналатыны сөзсіз.

Гүлдана Еркинова

Алдыңғы «
Келесі »

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды.