Көп тілді білім беру жағдайында көп мәдениетті тұлға қалыптастыру

  • 19.03.2018
  • 782 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Түйіндеме
Еліміздің қоғамдық-саяси және эконо­микалық өміріндегі жаһандық өзгерістер білім беру жүйесінде жаңа әлеуметтік маңызды бағдарларды туындатты. Бүгінгі таңда білімдік қызмет көрсету нарығына көп ұлтты және көп мәдени ортада белсенді және тиімді әрекеттесуге қабілетті, басқа мәдениеттерді сыйлайтын, түсіну қабілеті дамыған жоғары сапалы мамандар қажет болуда. Осыған байланысты, оқу орнының маңызды міндеттерінің бірі білім беру маз­мұнын көп мәдениетті мазмұнда кеңейту, болашақ мамандарға мәдениаралық өзара әрекеттесу үшін әлемдік мәдени мұраларды және шет тілдерін меңгеруге деген талаптарды жоғарылату болып отыр.
Кілт сөздер: көп тілді білім беру, әлем­дік жаһандану, тіл саясаты, кадр даярлау, тұжырымдама, тіл мәртебесі, деңгей, тілдік тұлға, аспект, көп мәдениетті тұлға.

Аннотация
Благодаря глобальным изменениям в общественно-политической и экономической жизни нашей страны возникли новые важные социальные ориентиры в сфере образования. В настоящее время на рынке оказания образовательных услуг необходимы высококвалифицированные, толковые специалисты, способные к активному и эффективному взаимодействию в многонациональной и поликультурной среде, уважающие культуры других народов. В связи с этим одной из основных задач учебных заведений считается расширение содержания образования в поликультурном содержании, повышение требований к усвоению мировых культурных ценностей и иностранных языков, предоставляющие большие возможности будущим специалистам для межкультурного взаимодействия.
Ключевые слова: полиязычное образование, глобализация мира, языковая политика, подготовка кадров, концепция, статус языка, уровень, языковая личность, аспект, поликультурная личность.

Abstract
Due to global changes are in the sociopolitical and economic life of our country, new important social goals in education. Currently on the market of educational services need highly qualified, intelligent professionals, capable of active and effective cooperation in multinational and polycultural environment, respecting the culture of other peoples. In this regard, one of the main objectives of education is the expansion of the content of education in polycultural content, higher demands to assimilate the world’s cultural values and foreign languages, provides great opportunities for future experts for intercultural interaction.
Key words: multilingual education, world globalization, lingual policy, personality training, conception, the status of the language, level, aspect, multicultural personality.
Дамудың жаңаша биігіне көтерілген қазақстандық қоғамда білім адамдық іс-әрекеттің маңызды саласына айналды. Кез-келген мемлекеттің бәсекеге қабілет­тілігі ұлттың зияткерлік әлеуетінің қа­лып­тасуымен, қоғамдағы мәдени, рухани-адамгершілік тәрбие деңгейімен анық­талады. Мәдениеттің жоғары деңгейін меңгерген, жан-жақты білімді маманды дайындау – заманауи білімнің басты мәселесіне айналып отыр. Қазақстандағы тілдік жағдай – көп ұлттылықта, сан ғасырлық тарихта ұлттар мен ұлыстар мәдениетінің етене араласуы, уақыт талабы заманауи жағдайда көп мәдениетті және көп тілді тұлғаны қалыптастыруда негізгі әдістемелік қағидалар мен тәсілдердің әзірлену қажеттілігін міндеттеп отыр.
Сол себепті, қазіргі білім беруге қойылатын басты талап – өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін мәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, тәрбиелеу. Оқушының жеке тұлға болып дамуы мен алған білімін іске асыруда сөйлеу тілін, әрекетін, тіл мәдениетін, әдебін қалыптастыру педагогиканың қазірдегі өзекті мәселелерінің бірі. Елбасымыз Н.Назар­баевтың пікі­рін­ше, «Қазақстан өзінің көп ұлт­тылығымен бірегей және мықты. Бұл жерде теңдессіз көп мәде­ниетті кеңістік қалыптасқан, оның екеуі жетекші болып табылады. Бірі қазақ мәдениетінің және оның құрамдас бөліктерінің, тілінің қайта жаңғыруын көрсетуде. Жоғалтқанымызды тауып, оны қалпына қайта келтірудің объек­тивті процесі жүріп жатыр. Екін­шісі, орыс мәдениеті, онда орыс халқының ежелден келе жатқан дәс­түрлері мен көп ғасырлық дамуы барысында қалыптасқан мәдениеті. Өз дербестілігімен қолданыста өмір сүріп жатқан мәдени ағымдарды мойындау, олардың өзара толығуын және өзара байып жатқандығына ешкім теріске шығара алмайды, әрине, бұл сіңісіп кету дегенді білдірмейді. Қазақстанның көп мәдениеттілігі – бұл қоғам дамуының прогрессивті факторы. Қазақстан хал­қының еуразиялық тамыры Шы­ғыстың, Азияның, Батыстың, Еуро­паның ағындарын біріктіруге және көп мәдениеттілікті дамытудың теңдессіз қазақстандық нұсқасын жасауға мүм­кіндік береді» [1].
Қазіргі таңда көп тілді білім беру көп мәдениетті тұлға қалыптастыру негі­зіне айналуда. «Көп тілділік» және «көп мәдениетті тұлға» секілді өзара байла­нысқан түсініктердің студенттердің әлемді жан-жақты тануына, бұған қоса, толе­ранттылық мақсаттарының қалып­тасуына мүмкіндік туғызатын академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ететін жаңаша білім берудің негізіне айна­лып отырғаны да тегіннен тегін емес. Қазақстанда жүргізіліп жатқан тіл саясаты жөніндегі құжаттардың барлығында дерлік негізгі бағдар бірнеше тілді меңгеру қажеттілігі айтылады. Қа­зақстан Республикасының Прези­денті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стра­тегиясы – қалыптасқан мем­лекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында былай деген еді: «Біз мәдениеттер мен діндердің қатар өмір сүруі жағдайында өмір сүріп үйренуіміз керек. Біз мәдениеттер мен өркениеттер диалогына бейімді болуға тиіспіз. Тек басқа ұлттармен жарастықта ғана біздің еліміз болашақта табыс пен ықпалға қол жеткізе алады. ХХІ ғасырда Қазақстан өзінің өңірлік көшбасшылық ұстанымын нығайтып, Шығыс пен Батыстың үндестігі мен өзара іс-қимылы үшін көпір болуға тиіс».
Мәдениеттер арасындағы байланыс­тардың қарқын алуы мен жаһандану үдерісі көп мәдениеттілік, түрліше ел өкілдерінің мәдени көп түрлілікке және басқа халықтардың мәдени ерекшеліктерімен төзімді қарым-қатынас жасау аясында әлемдік қауымдастық дамуының жаңа тенденцияларын туындатты. Білім беру мекемелерінде түрлі мәдени, ұлт және әлеу­меттік топтардан жинақталған студенттер білім алады. Кей жағдайларда студенттер арасында өзге мәдениет ерекшеліктерін құрметтемеу жағдайлары, көп ұлтты студенттер топтарының ішінде тұлғааралық қарым-қатынастарда қақтығысу бой көр­сетіп жатады. Осы орайда, көп мәдениетті білім беру және тәрбиелеу мәселелерін шешпей отырып, білім беруді жаңарту, Қазақстан Республикасы азаматын тұлға ретінде рухани-адамгершілік тұрғысында тәрбиелеп, дамыту, бұған қоса, күрделі қоғамдық қатынастар жағдайындағы бүгінгі әлемнің мәдениеттер арасындағы өзара әрекеттесуге болашақ ұрпақты дайындау міндеттерін белгілеу мүмкін емес.
Бүгінгі таңда көп тілді оқыту – жас ұрпақтың білім саласында өз қабілетін, ой-пікірін білдіруіне мүмкіндік беріп қана қоймай, бірнеше тілді меңгерген тұлғаны дамыту деп қарастырылады. Тұлғаға шет тілін меңгеру кез-келген шетелдік ортада өзін еркін ұстап, ақпараттық ғаламшарға бейімделуге септігін тигізеді. Көп тілді тұлға – бірнеше тілді белсенді түрде сенімді қолданатын адам. Көп тіл­ді тұлғаның бір мезгілде бірнеше тілді меңгеріп, адамзат тәжірибесінің әлеуметтік маңызды «фрагменті» ретінде тіл білімі мен оны үйрену дағдысын, сөйлеу әрекетін нақты көрсете алатын, сондай-ақ, тіл мен мәдениетке деген құндылықты тұрғыдағы қатынасына дербес тәрбиеленуі мен дамуы. Көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың негізі – әлемнің өзара байланысқан және өзара тәуелді жағдайында, жас буынды көп тілді етіп тәрбиелеудің қолданыстағы құралы болып табылады. Осыған бай­ланысты, қазіргі заманда тілдердің рөлін түсіну – тілдерді оқыту және тілді мең­геру дайындығын көтеру мәселелерін қойып отыр. Көп тілді жүйеде оқытудың қағидалары: қазақ тілі – орыс тілі – ағыл­шын тілі. ҚР Білім туралы заңнамасына сәйкес, 2007 жылы білім берудің барлық ұйымдары, меншік нысанына қарамастан, қазақ тілін оқытуды мемлекеттік шара ретінде, сондай-ақ, мемлекеттік жалпыға мін­детті білім стандартына сәйкес, тиісті деңгейіне сай, орыс тілін шет тілдерінің бірі ретінде оқытуды қамтамасыз етуі тиіс. Көп мәдениетті білімнің мазмұны көп аспектілі және пәнаралық тұрғыда жоғары деңгейде ерекшеленеді, бұл гуманитарлық, жаратылыстану, көркем эстетикалық циклдердің оқу пәндері мен тарих және жекелеген халықтардың мәдениеті бойын­ша арнайы курстары құрамында көп мәдениетті білім мәселелерін қарастыруға мүмкіндік береді. Бірнеше халықтың тілін білген хакім Абай: «Әр біреудің тілін, өнерін білген кісі соныменен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана жалын­байды» – деген өсиеті қазір құнды болып қала бермек.
Көп мәдениетті білімді негіздеудегі ең маңызды пайда Л.С. Выготскийдің мінез-құлық және психиканың дамуының мә­дени-тарихи теориясынан туындайды, онда психикалық дамудың көздері мен айқындаушылары тарихи дамыған мәде­ниетте жатқандығы айтылған. Пси­хиканың дамуын түйінделген процесс ретінде қарастырған ғалым түйінделудің мәнін мәдени-тарихи тәжірибені ием­дегендігімен түсіндіреді, яғни, тұл­ғаның мәдени дамуындағы қандай да бір функция сахнаға екі рет, екі бағытта, алғашында әлеуметтік, сосын психологиялық, алғашында адам­дар арасында – интерпсихикалық кате­гория ретінде, кейіннен тұлғаның ішкі дүниесі – интрапсихикалық категория ретін­де шығады. Сырттан ішке енуде про­цестің өзі айналысады. Барлығының соңында жоғары функция болып, олардың генетикалық қатынасы ретінде әлеуметтік шынайы қатынастар тұр. Әлемнің түрлі елдерінде көп мәдениетті білімнің дамуы­на білім берудің тікелей өзінде болып жатқан жүйе және білім процесіне белсенді түрде қосылған ашықтық идеясы, жоспарлаудың партисипативтілігі мен көп перспективалылығы секілді баламалы идеялардың өзі айтарлықтай ықпал етіп отыр. Көп мәдениетті тәрбие бірнеше педагогикалық қағидаларда қиылысатындығын атап өткен жөн:
– адамдық құндылықтарға және жо­ғары адамгершілік қасиеттерге тәр­биелеу;
– түрлі нәсілдердің, діндердің, этнос­тардың және т.б. әлеуметтік топ­тардың бар екендігін ұғындырып тәрбиелеу;
– төзімділікке, өзара ынтымақ­тас­тыққа дайын болуға тәрбиелеу. Көп мәдениетті тәрбиенің функцияларына төмендегілерді жатқызуға болады:
– мәдениеттердің көпқырлылығы мен олардың өзара байланысы туралы пікірді қалыптастыру;
– тұлғаның өзін жұмыс істету үшін мәдени көп қырлылықтың маңыздылығын ұғынуы;
– мәдени өзгешеліктерге позитивті қатынаста болуға тәрбиелеу;
– толеранттылық пен өзара түсі­ністік негізінде түрлі мәдениеттер өкіл­дерінің өзара әрекеттестік дағды­лары мен ептіліктерін дамыту.
Болашақ ұрпақты көп мәдениетті оқыту мен тәрбиелеу мәселелері ресейлік ғалым­дардың еңбектерінде қарас­тырылады, атап айтсақ, А. Н. Джуринский, Г. Д. Дми­триев, Н. Н. Ушнурцева, С. М. Макашева, Е. А. Абрамова, Л. Л. Супрунова, Л. П. Халяпина, Ю.В. Агранат, Ш. Демисенова. Ал, Қазақстандық ғалымдардың еңбек­теріне шолу жасайтын болсақ, З. Қабылбекова «ЖОО студенттердің көп мәде­ниетті тұлғасын тәрбиелеу» атты ғылыми жұмысында жоғары оқу орны жағдайында көп мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу мүмкіндіктері қарастырылады. А.Абсатова өзінің «Теоретико-мето­дологические основы формирования поликультурной компетентности старше­классников» атты диссертациялық жұ­мысында мектеп оқушыларының көп мәдениетті құзыреттілігін қалып­тастыру­дың бірнеше жолдарын ұсынады. В. Бурмис­трова «Особенности формирования поликультурной личности будущего специалиста в условиях глобальной информатизации» атты диссертациялық жұмысында болашақ маманның көп мәде­ниетті тұлғасын ақпараттық техно­логиялар негізінде қалыптастыруға аса көңіл бөлген және М. Юнусованың «Мектеп оқушыларына көп мәдени білім беру теориясы мен практикасы» атты диссертациялық жұмысында көп мәдениетті ғылыми ұғымдар жүйесін қалыптастыру негізінде жетілдіруді ғылыми теориялық тұрғыда негіздеу және оны оқу үдерісіне ендіру жолдары қapacтыpылғaн.
Қорыта келе, «Көп тілділік» ұғымын «полимәдениеттіліктің» негізгі факторы ретінде қарас­тырып, полимәдениетті тұлға қалыптастырудың іргетасы болып табылатынын айқындау, «модерни­зациялану», «жаһандану» үрдістерін қабылдаудың бірден-бір құралы болып табылатын «Көп тілділіктің» ғылыми тұрғыда маңызын анықтау әлі де болса көбірек зерттеуді қажетсінеді. Көп тілділікті жеке тұлға қалыптастырудың негізі ретінде қарастырып, зияткер тұлға қалыптастыруды заманауи педа­гогиканың зерттеу нысаны есебінде санау қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Назарбаев Н.А. Стратегия транс­фор­мации общества и возрождения евра­зийской цивилизации. – М.: Экономика – 2000. – С.16-18.
Сыродеева А.А. Поликультурное обра­зование: Учебное-методическое посо­бие. – М.: МИРОС, 2001. – 92 с. 53
ҚарММУ «Көп тілділік жоғары білім беру контексінде» республикалық ғылыми-практикалық конференция мате­риалдары, 25-ақпан 2015 ж.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Оқушылардың жалпықазақстандық мәде­ниетін қалыптастыру» Әдістемелік құрал, Астана 2014 ж.
Исабекова Г.Б. Кәсіби білім беру жағдайында көп мәдениетті тұлғаны қалыптастыру : Автореферат, Түркістан 2016 ж.
Туребаева Ш.М. «Көп тілдік көп мә­де­ниеттілік құндылықтарды қалыптастыру шар­ты ретінде» БҚМУ Хабаршысы №2 (66)- 2017, 137б.

Алдыңғы «
Келесі »