Алқа мүшесі – А. Байтұрсынов орденінің иегері

  • 05.10.2012
  • 493 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Қазақстан жоғары оқу орындары қауым­дастығы бұған дейін еліміздің білім беру жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі және жас буынды тәрбиелеуде жаңашыл идеялары мен инновациялық ұстанымдары үш­ін елеулі тұлғалар мен ұйымдарды Ах­мет Байтұрсынов атындағы медальмен марапаттап келсе, енді оның қатарына «А. Байтұрсынов атындағы орден» қосылды. Жуырда осы орденнің алғашқы иегерлерін Жоғары оқу орындары қауымдастығының прези­денті Рахман Алшанов құттықтап, құрметті награданы табыс етті. Олардың қатарында журналымыздың редакциялық алқа мүшесі, белгілі әдебиеттанушы ға­лым, филология ғылымдарының док­то­ры, профессор, Халықаралық Айт­матов академиясының академигі, Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінің деканы Өмірхан Әбдиманов бар. Ол бұл құрметке әбден лайық. Өйткені ол 1992 жылы А. Байтұрсынұлының шы­ғар­ма­шы­­лығы бойынша «А. Бай­тұр­сыновтың әдеби-публицистикалық мұрасы» атты кандидаттық диссертация қорғағаннан күннен бастап, осы тақырыпты зерттеп ке­леді. Атап айтқанда, ғалымның қала­мы­­нан шыққан «Қазақ газеті», «Ахмет Бай­тұр­сынұлы», «Қазақ әдебиетіндегі ұлт-азат­тық идея», «Ахмет Байтұрсынұлы», «Қазақ әдебиетіндегі ұлттық рух» мо­но­графиялары – уақыт үдерісіндегі әдебиеттану ғылымының алдына қойыл­ған талаптарына сай жазылған, замана сұранысына то­лық жауап беретін жаңа­­шыл сипатымен әдеби-ғылыми ортада лайықты бағасын алған ғылыми еңбектер.
Өмірхан Әбдиманұлы еліміздің білім жүйесіндегі шығармашылығы және білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен және «Білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталған. Қазақстан Журналистер одағының Мұха­меджан Сералин атындағы сыйлығының иегері.
«Ақиқаттықтар».

Алдыңғы «
Келесі »