ҚАРАША

  • 05.10.2012
  • 8129 рет оқылды
  • Пікір жоқ

МЕРЕКЕЛЕР мен АТАУЛЫ КҮНДЕР
01 – Вегета­рианшы­лар­дың халықаралық күні.
03 – Ерлердің дүниежү­зілік күні.
06 – Соғыс және қарулы қақтығыстар кезін­де қор­ша­ған ортаны пайда­ла­нудан сақтаудың халықара­лық күні.
7-13 – Ғылым мен бейбітші­ліктің халықара­лық апталығы.
08 – Мемлекеттік статис­тика күні.
09 – Дүниежүзілік сапа күні.
10 – Дүниежүзілік жас­тар күні.
13 – Халықаралық за­ғип­­тар күні (БҰҰ).
14 – Дүниежүзілік диабетке қарсы күрес күні (ЮНЕСКО).
16 – Төзімділіктің (толе­ранттықтың) халық­ара­лық күні.
17 – Халықаралық студенттер күні.
18 – Ауыл ша­руашы­лы­ғы қызмет­кер­­лерінің кү­ні.
– Жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алудың дүниежүзілік күні.
– Иммигранттардың дүниежүзілік күні.
19 – Шылымқорлықтан бас тартудың халықара­лық күні.
20 – Африканың индустрияландыру күні.
– Дүниежүзілік бала­лар­дың күні.
21 – Дүниежүзілік теледидар күні.
– Дүниежүзілік құт­тық­­тау күні.
23 – ҚР жол полициясы күні.
26 – Ақпараттың дү­ние­жү­зілік күні.
25 – Әйел зорлауды жою­дың халық­аралық кү­ні.
29 – Палестина халқы­мен ынтымақ­тас­тықтың халықаралық күні.

МЕРЕЙТОЙЛАР
07 – Қазақстандық орыс жазушысы Дми­трий Снегиннің туғанына 100 жыл (1912-2001).
– Жазушы, драматург Өтен Ахметов 75 жаста.
08 – Халық әртісі Бақыт Әшімова 75 жаста.
10 – Жазушы Сыдық Алдабергенов 90 жаста.
– Ақын Ислам Шұ­ғайыпұлының туғаны­на 80 жыл (1932-2001).
– Жазушы Бақтияр Әбіл­даұлының туға­ны­на 75 жыл (1937-2008).
– Ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, Қа­­зақстан ҰҒА-ның ака­де­мигі Хисимидолла Үкі­баев 75 жаста.
12 – Тарих ғылымының докторы, Қазақ­стан ҒА-ның корреспондент мүшесі Бекежан Сүлейменовтың туғанына 100 жыл (1912-1984).
14 – Химия ғылымының докторы Мұха­мед­қали Бүркітбаев 60 жаста.
15 – Жазушы-журналист Жайық Бектұ­ровтың ту­ғанына 100 жыл (1912-1998).
– Жазушы-сатирик Сы­дықбек Адамбе­ковтың туғанына 90 жыл (1922-2002).
18 – Қазақстанның мемлекет қайраткері Елтай Ер­назаровтың туғанына 125 жыл (1887-1945).
21 – Жазушы Әнес Сараев 75 жаста.
23 – Сазгер, халық әртісі, Қазақстан Мем­ле­кеттік сыйлығының лауреаты Кенжебек Күмісбаевтың туғанына 85 жыл (1927-1997).
27 – Жазушы, қаржыгер Қолан Аманов 80 жаста.
29 – Жазушы Ғабиден Мұстафиннің туға­нына 110 жыл (1902-1985).
– Белгілі ғалым-әде­биетші, сыншы, фи­ло­логия ғылымының докторы Бек­­мұрат Уахатоптың ту­ға­нына 80 жыл (1932­-1984).
– Ақын Зейнолла Тілеу­жанұлы 70 жас­та.

ОҚИҒАЛАР

01 – Бұдан 80 жыл бұ­рын (1932) КСРО Ха­лық комиссарлар Кеңесі «1933 жылы Қазақ КСР-і көш­пенді тұрғындарын оты­­рықшыландыру жө­нін­­де­гі шаралар жоспары туралы» қаулы қа­былдады.
02 – Бұдан 85 жыл бұ­рын (1927) Ленинолор қор­ғасын зауыты өнім бе­ре бас­тады.
03 – Бұдан 55 жыл бұрын (1957) Қазақстан Композиторлар Одағы құ­рылды. Ол бұған дейін Қазақстан Композиторлар Одағының ұйымдастыру комитеті деп аталған болатын.
08 – Бұдан 15 жыл бұрын (1997) Қазақстан Респуб­ли­касының мем­ле­кет­­тік Туы елдің жа­ңа ас­танасы – Ақ­мо­ла қала­сындағы Прези­дент рези­ден­циясының үс­тін­­де жел­­біреді. Осы күні Қа­зақ­стан Рес­пуб­ликасының мем­­лекеттік рәміздерінің эта­лондары жаңа астанаға жет­кі­­зілді.
09 – Бұдан 55 жыл бұ­рын (1957) Алматыдағы бұрынғы Үкімет жә­не Пар­ламент үйі пай­далануға берілді.
10 – Бұдан 55 жыл бұрын (1957) Дина Нұр­пейісова атын­­­дағы Атырау ұлттық ас­­пап­тар ор­кестрі құ­рылды.
15 – Бұдан 175 жыл бұ­рын (1837) Исатай Тай­манов баста­ған кө­те­­рілісшілер Жәң­­гір хан­ның ордасын қор­шауға алды. Мұның алдында, 16 қыр­күй­екте Исатай қолы Қа­рауыл­қожа Бабажан­ұлы­ның ауылын шапқан болатын.
25 – Бұдан 50 жыл бұрын (1952) Павлодар педа­гоги­калық институты ашыл­ды.
– Бұдан 45 жыл бұрын (1957) Еліміздің Ұлттық ғылым академиясының Ядро­­лық физика институты құ­рылды.
– Бұдан 45 жыл бұрын (1967) «Дос-Мұқасан» ан­сам­блі құрылды.
28 – Бұдан 80 жыл бұрын (1932) Қазақ КСР Денсаулық сақтау ми­нистрлігінің Педиатрия инс­титуты құрылды.
29 – Бұдан 40 жыл бұрын (1972) Қазақстанда Мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамы құрылды.

Алдыңғы «
Келесі »