Информатика мұғалімінің ақпараттық дүниетанымын қалыптастырудың моделі

  • 21.08.2017
  • 531 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Рамиля Жұмабекова,Айгуль Баймаханова,
Асел Нурбекова, Қазақстан  Ресей медицина университеті

Бұл зерттеуде модель ұғымын В.А.Штоф­­фтың ізімен «зерттеу объектісін бей­­нелейтін және шығаратын объектіні үйренуде бізге жаңа ақпарат бере алатындай етіп, оның орнын басатын, ойша ұсынатын немесе материалды іске асыратын жүйесі» деп түсінеміз [84]. Модельдеу үдерісінде объекті жағынан зерттеу үшін қажет белгілері, фактілері, байланыстары, қарапайым және көрнекі форма түріндегі білімнің белгілері аясындағы талдау және қорытындылауға арналған ыңғайлы және түсінуге оңай қатынасы анықталады.

Модель кең мағынада – бұл кез-келген объектінің, үдерістің немесе құрылыстың бейнесі, аналогы (ойдағы немесе шартты – бейнесі, сипаты, схемасы, чертежі, графигі және т.б.), зерттелетін объект элементтерінің арасын­дағы қатынасы мен өзара байланыстарын, құрылымын, қасиеттерін бейнелейтін, оның «орынбасары», «ұсынушысы» ретінде қолданылатын және бізге қызық объект туралы ақпарат алуды жеңілденетін үдеріс. Модель түпнұсқаның құрылымын басқа жаққа аударады. Ол «құбылыстың жалпылама бейнесі, жалпылама практикалық тәжірибенің нәтижесі», объект туралы теориялық ұғымдар мен ол туралы білімнің қатынасын белгілеу болып табылады.
Дүниетаным құрылымын талдайотырып, біз болашақ информатика мұға­лі­мінің ақпараттық дүниетанымын қалып­тастырудың моделін құрастырдық.
Болашақ информатика мұғалімінің ақпараттық дүниетанымын қалыптастырудың моделі

Құрамдас модель. Болашақ инфор­матика мұғалімінің ақпараттық дү­ние­танымының құрамдас моделінің негізгі құрамдас бөліктері – когнитивтік, аксиоло­гиялық және әрекеттік-тәжірибелік болып табылады.
Ақпараттық дүниетанымның когни­тивтік құрамдас бөлігі негізгі ғылым ретінде информатика мен ақпараттық технологиялар төңірегіндегі білімді мең­герумен; табиғи, әлеуметтік және тех­никалық (жүйелік-ақпараттық тәсіл) – жүйе­лердегі ақпараттық үдерістердің жалпы заңдылықтарын түсінумен; ақпараттық қоғам туралы толық ұғымдардың болуымен; ақпараттық технологияларды қолдануды іске асыратын оның әдіснамасын игерумен; коммуникация аясындағы жете білушілік-ақпараттық өзара әрекет пен өзара қатынаспен байланысты.
Ақпараттық дүниетанымның аксио­логия­лық құрамдас бөлігі ақпараттық ортадағы жеке тұлғаның ақпараттық әрекетіндегі: құқықтық, этикалық және адам­гершілік нормаларының құндылық-мағыналық маңыздылығымен; өзінің ақпараттық әрекетінің рефлекциясы және ақпараттық өзара әрекеттестік пен өзара қатынас тәртібінің өнегелі реттеуші тәжірибесімен; таным мақсаттарында, шығармашылық қызығушылығында және жеке тұлғалық іске асыруда ақпаратты таңдау, қолдану және құруымен; ақпараттық ортадағы – зорлық, зомбылық, өнегесіздік, талғамсыздық секілді кері әсерін сын-тұрғысынан бағалауымен; меңгерген ақпараттық әрекеттің білімін, білігін, дағдысын қолдану жауапкершілігі және оларды қоғамда қолдануды іске асыруымен; жеке тұлғаның адам-машиналық жүйесіндегі дамуы мен денсаулығы, адам өмірінің құндылығы мен компьютерлік технологияларды қолдану шекарасын меңгеруімен; ақпараттық экология мәсе­лелерін білу және оларды ақпараттық қоғам жағдайында жеңе білу қажеттілігімен байланысты.
Ақпараттық дүниетанымның әрекет­тік-тәжірбиелік құрамдас бөлігі оның кәсіптік бағытымен: оқушылар үшін ақпараттық дүниетанымды тасымалдаушысы ретінде информатика мұғалімі өзін санауымен; білім саласындағы ақпараттық үдерістерді талдау үшін жүйелі-ақпараттық тәсілді; информатика және ақпараттық технологиялар аясындағы дүниетанымның ерекшелігін меңгеруімен; оқушылардың ақпараттық дүниетанымын қалыптастыру қажеттілігімен; ақпараттық ортадағы оқушылардың болжайтын құндылық-мағыналық бағытын және оларды жеңе білу тәсілдерін ұсынумен; оқушылардың ақпараттық дүниетанымын қалыптастыру әдіснамасы және әдістемесін меңгеруімен байланысты.
Функционалдық модель. «Функция» сөзі латын тілінен «function» аударғанда «жөнелту, әрекет» деген мағынаны біл­діреді. Функция – «басқадан тәуелді және сол басқаның өзгеру өлшемі бойынша өзгеретін құбылыс; міндеттілік, әрекет ортасы; белгілеу, рөл». «Функция» термині үш мағынаны білдіреді: оның бірі «таза математикалық» (екі айнымалының арасындағы сәйкестік, тәуелді айнымалы), алға қалған екеуі педагогикалық және басқа ғылыми әдебиеттерде қолданылады: 1) мін­деттілік, әрекет ортасы, белгілеу, алдын-ала белгілеу; 2) әрекетке қабілеттілік және ерекше (арнаулы) әрекет, қандай да бір құрылғының әрекеті, өсімдік немесе жануар организмінің, адамның мүшелері, ткандері және т.б.
Философиялық ғылымда «функция» берілген қатынас жүйесіндегі қандай да бір объектінің ішкі қасиеттерінің пайда болуымен сипатталады. Функцияны белсенділіктің, өмір әрекеті жүйесі мен оның құрауыштарының пайда болу тәсілдері, формасы тәрізді деп қарастырады. Функция жүйелері жүйедегі әрбір құрауыштарының бірін орындайтын толық функцияны анықтайды. Әдіснамалық және теория жүйесін талдау функция жүйелері мен оның құрауыштарының нәтижесінен шығады. Функция жүйесінде өзіне лайық заңдылықтарын ұсынатын оның тәртібі байқалады. Көп зерттеушілердің айтуынша функцияда оның құрылымына қарағанда тұтас табиғат, оның ерекшелігі мен маңызы бейнеленеді. Болашақ информатика мұға­лімінің ақпараттық дүниетанымының негізгі функциялары адам­ның ақпараттық әрекеті ерекшелігінен, ақпараттық ортадағы оның өзара қатынасы мен өзара әрекетінің түрлілігінен пайда болады. Біз болашақ информатика мұғалімінің ақпараттық дүниетанымының келесідей функцияларын бөліп қарастырдық:
Гносеологиялық – жүйелі-ақпараттық тәсілмен қоршаған болмысты тануға, табиғат құбылыстарындағы, қоғамдағы адам өміріндегі ақпарат, ақпарат үдерістерінің анықталған рөлін меңгеруге бағытталған. Бағалау-рефлекстік – ақпараттық ортадағы үйренетін және меңгерілетін рефлекстік-мағыналық қатынасына құбылыс, үдеріс туралы жеке ойын білдіру, өзінің ақпараттық әрекетіндегі себеп, мағына, мақсат сапасы мен оның нәтижесі рефлекстерін қосуға бағытталған. Нормативті-реттеуші – ақпараттық ортадағы құқықтық, эти­калық және адамгершілік нормаларын орындауға, ақпараттық әрекетінде оларды қолдану тәжірибесін, бостандық өлшемін, ондағы жауапкершілігі мен өзін шектеуіне бағытталған. Коммуникативті – «адам-адам» және «адам-компьютер-адам» (ақпараттық ортадағы біріккен әрекет тәжірибесі) диалог түрінің, ақпараттық өзара әрекет пен өзара қатынас рефлексиясының енуіне бағытталған. Жобалау-болжаушы – эстетикалық, денсаулық, физикалық және жабдықталған қауіпсіздік үдерістерін іске асыру мақсатымен, ақпараттық әрекетін ұйымдастыру әдіснамасын өңдеуге, ұтқырлық, алғырлық пен дағдыланғыш секілді өзгермелі ақпараттық ортадағы шығармашылық қасиеттерін, өзінің ақпараттық әрекеттерінің мүмкіндіктерін болжауға бағытталған.
Деңгейлік модель. Болашақ инфор­матика мұғалімінің ақпараттық дүние­танымын біз динамикалық үдеріс ретінде қарастырамыз. Оның деңгейлік моделі негізінде жеке тұлғаның белгілі дәрежедегі ақпараттық дүниетанымының критерийі жатыр.
Педагогикалық зерттеулерде крите­рийлерді таңдау үдерістерін бір қатар зерттеушілер қарастырған. Біз оларды келесі жүйелер түрінде ұсынамыз: объективті (зерттелетін белгіні мағыналы бағалауға көмектеседі, әртүрлі адамдар арасындағы таласты бағалауды жібермейді), адекватты (экспериментші не бағалағысы келеді, соны бағалайды, зерттейтін құбылыстарға қатынасы бойынша бейтараптылық, салыстырушылық, зерттелетін құбылыс немесе үдерісті салыстыруға көмектеседі), зерттелетін үдеріс немесе құбылыстардың маңызды көрсеткіштерінің мазмұны. Информатика мұғалімінің ақпараттық дүниетанымының мазмұны мен құрылымы тәжірибеде бақыланған, информатика мұғалімінің ақпараттық дүниетанымын қалыптастырудың деңгейлік моделін құрдық. Ол ақпараттық дүниетанымын қалыптастырудың жағдайлық, фрагмент­тік және жүйелік деңгей­лерінен тұрады.
Болашақ информатика мұғалімінің ақпараттық дүниетанымын қалыптас­тырудың жағдайлық деңгейі ақпараттық орта туралы күнделікті, үйреншікті ұғымдары басым болып көрінеді; ақпа­раттық әрекет бейне, үйлестік бойынша іске асады және репродуктивті түр­де сиапатталған; танымда ақпараттық ортаның толық бейнесі жоқ. Қоршаған әрекетті тануда жүйелі-ақпараттық тәсіл белгілі немесе мүлдем белгілі емес. Ақпараттық білімдері жеңіл-желпі, оларды тәжірибеге, ақпараттық ортадағы күнделікті өмір әрекетіне ендіру таныс және жеке кезеңдерде болады. Ақпа­раттық ортадағы болашақ информатика мұғалімінің бейімделуі ақпараттық ортадағы жалпы қабылданған бейнелер, мәдениет бейнелер, дәстүр тәртіптерінің рөлін меңгеру арқылы іске асырылады. Ақпараттық әрекеттің рефлексиясын, мағыналы шығармашылығының пайда болуын тұрақсыз және бәсең ретінде сипаттауға болады. Болашақ кәсіптік әрекет информатиканың дүниетаным қуатын іске асыруда меңгерілмейді.
Болашақ информатика мұғалімінің ақпараттық дүниетанымын қалыптас­тырудың фрагменттік деңгейі оқы­ты­латын информатика пәндерінің төңірегіндегі жеткілікті білімдерінің болуымен, басқа пәндерді оқуда және күнделікті өмірде олардың рөлін меңгерумен сипатталады. Ақпараттық ортаның толық бейнесі әлі қалыптаспаған, ол оның жеке құрауыштарымен – компьютерлік коммуникация, техноорта (компьютер құрылғылары, желілер және т.б.) жергілікті мағлұматтармен шектелген. Оларды студенттер жүйелік-ақпараттық тәсілмен жаратылыстану ғылыми пәндерінің төңірегінде гуманитарлы пәндерге ауыстырмай-ақ (қоғам, мәдениет) меңгереді, бұл оларға қиындық туғызбайды. Студенттердің мотивациялық саласында маңызды орынды ақпараттық әрекеттегі олардың бірлесу сипатын анықтайтын қоршаған жағынан бағалау алады. Болашақ информатика мұғалімінің ақпараттық дүниетанымын қалыптастырудағы бұл деңгей ақпараттық ортадағы өзін ұйымдастыру және өзін басқару тұрақты дағдыларымен сипатталады. Жүйелік деңгейде студенттер ақпараттық ортаның маңызы, құрылымы туралы терең және жүйелі білім алады. Олар жүйелі-ақпараттық тәсілмен жаратылыстану ғылымымен бірге, гуманитарлық ғылым аясында да меңгеріп, оны кең көлемдегі мәселелер мен міндеттерді шешу үшін қолдана алады. Студенттердің жеке салада ақпараттық кәсіптік әрекеттің білімін, білігі мен дағдысын қолдануға жауапкершілігі пайда болады. Студенттер жаңа ақпараттық шындыққа жылдам бейімделеді. Жүйелік деңгей ақпараттық ортадағы жеке тұлғаның қалыптасқан өзін меңгеруімен, өзін сай бағалауымен, жоғары деңгейде өзін ұйымдастыру және өзін басқаруымен сипатталады, қажет болжам, өзін талдау, ақпараттық әрекетті түзету іске асырылады, ақпараттық мәдениет аясындағы ары қарай өзін даму қажеттілігі белсенді болады. Болашақ кәсіптік әрекет информатиканың дүниетаным қуатын іске асыруда толық меңгеріледі, осы салада өзінің дамуына тұрақты бағытталған оқушылардың ақпараттық дүниетанымын қалыптастыру әдіснамасы мен әдістемесін меңгерудегі алынған бастапқы тәжірибесімен бекітіледі.
Жеке тұлғаны қалыптастырудың толық үдерісі, әрекеттестік және педагогикалық үдерісті ұйымдастыруға жеке бағытталған теориясының қағидаларына сүйеніп, біз когнитивтік-операционалдық, құндылық-мағыналық және кәсіптік-педагогикалық кезеңдерден тұратын болашақ информатика мұғалімінің ақпараттық дүниетанымын қалып­тастыру үдерісінің теориялық моделін құрастырдық. Олардың әрқайсысы ақпараттық дүниетанымның құрамдас бөліктерінің бірінде басым болады, әрбір кезеңде басымдылықты қалыптастыру қарастырылған және болашақ информатика мұғалімінің ақпараттық дүниетанымын қалыптастырудың деңгейін жоғары деңгейге көтереді. Бірінші кезең (когнитивтік-операционалдық) – «Информатика» курсы төңірегінде ақпараттық дүниетанымның когнитивтік құрамдас бөлігін қалыптастыру басым. Екінші кезең (құндылық-мағыналық) – «Компьютерлік желілер» курсы төңірегінде ақпараттық дүниетанымның аксиологиялық құрамдас бөлігін қалыптастырады. Үшінші кезең (кәсіптік-педагогикалық) – «Информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» курсы төңірегінде ақпараттық дүниетанымның әрекеттік-тәжірибелік құрамдас бөлігін қалыптастыру басым, сонымен қатар соңғы курстағы курстық жұмыстар мен студенттердің педагогикалық практикасына ерекше көңіл бөлінеді.
Болашақ информатика мұғалімінің ақпараттық дүниетанымын қалыптас­тыру кезеңдерінің теориялық модельде­рінің сипатталуы төмендегідей ұсы­нылды.
Бірінші – когнитивтік-операционал­дық кезеңнің басымдылық мақсаты фун­даменталды ғылым ретінде информатика және ақпараттық технологиялар төңірегіндегі адам білімінің мәдениеттілік аясын меңгерумен, ақпараттық үдерістер жүйе­сінің табиғи, әлеуметтік және техни­калық (жүйелі-ақпараттық тәсіл) секілді түрлерінің жалпы заңдылықтарын түсіндірумен; ақпараттық ортада ақпараттық әрекет тәжірибесімен және оның бағытын қамтамасыз ететін ақпараттық орта туралы түсініктің болуымен; ақпараттық технологияларды қолдануда оның әдіснамасын игерумен байланысты болашақ информатика мұғалімі дүниетанымының когнитивті құрамдас бөлігін қалыптастыру болып табылады. Екінші – құндылық-мағыналық кезеңнің басымдылық мақсаты ақпараттық ортадағы жеке тұлғада әрекеттің құқықтық, этикалық және адамгершілік нормалары туралы түсініктері болуы; ақпараттық өзара-қатынас және өзара әрекет жағдайында тәртібі мен жеке ақпараттық әрекеттің рефлексиясын реттейтін; ақпараттық әрекеттің қабылдаған білім, білік және дағдыларын қолдану жауапкершілігі: қоғам үшін қолдануда оның іске асуы; жеке тұлғаның ақпараттық экология мәселелерін және ақпараттық қоғам жағдайында оларды жүзеге асыру қажеттілігін меңгеруі; болашақ информатика мұғалімінің ақпараттық дүниетанымының аксиологиялық құрамдас бөлігін қалыптастыру болып табылады. Үшінші – кәсіптік-педагогикалық кезеңнің негізгі мақсаты болашақ информатика мұғалімінің кәсіби бағытымен: оқушылар үшін ақпараттық мәдениетті, ақпараттық дүниетанымды информатика мұғалімі тасымалдаушы екенін меңгерумен; білім саласындағы ақпараттық үдерісін талдауда жүйелі-ақпараттық тәсілді білумен, оқушылардың ақпараттық дүниетанымын қалыптастыру қажеттілігі мен адам білімі аясында информатика мен ақпараттық технологиялардың дүниетаным шамасын меңгерумен; «Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі» курсы сонымен қатар студенттердің соңғы курстағы курстық жұмыстары мен педагогикалық практика төңірегінде жалпы білім беретін мектеп оқушыларының ақпараттық дүниетанымын қалыптастырудағы тәжі­рибенің қалыптасуымен, оқушы­лардың ақпараттық дүниетанымын қалыптастырудың әдіснамасы мен әдістемелік игеруімен байланысты оның ақпараттық дүниетанымының әре­кет­тік-тәжірибелік құрамдас бөлігін қалып­тастыру болып табылады.

Алдыңғы «
Келесі »