Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бәріміздің міндетіміз!

  • 19.07.2017
  • 8767 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Айгүл Байханова,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы

Сыбайлас жемқорлық – адамзаттың дамуынан бері келе жатқан ең көне категориялардың бірі. Өкінішке орай, сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен жойған ешқандай мемлекет, қоғам, дін және идеология жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес биліктің мемлекеттік институттарының тұрақты серігі болып табылады. Бүкіл әлем осы зұлымдықпен күресуде. Осы ретте, мемлекет өзінің заңдары мен мемлекеттік құрылымдарын өзгертіп, жаңа технология жолдарын енгізуде. Алайда, сыбайлас жемқорлық онымен «өшіп» жатқан жоқ, қайта өршіп, жаңаша бағытта бейімделіп жатыр. Сондықтан да, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресі тоқтаусыз, яғни, шексіз. Бұл жерде мемлекеттің күші қоғамның қолдауынсыз жеңіске жете алмайды. Әсіресе, мұндай алыптармен күресуде азаматтық қоғам шешуші рөл атқарады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Сыбайлас жемқорлыққа мемлекет пен қоғам біріге отырып, қарсы күресу керек. Сыбайлас жемқорлық –жай ғана құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің сенімді тұтастығын ажыратып, ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді». Ал, қоғам дегеніміз – сіз бен біз, яғни, біздің заңға, қоғамдағы өзіміздің міндеттеріміз бен моральдық ахуалымызға деген бір-біріміздің қарым-қатынасымыз. Бұл жөнінде Ресей жазушысы В.С.Пикуля былай дейді: «Қылмыс – қалыпсыз қоғамдағы қалыпты адамдардың қалыпты әрекеті». Демек, зұлымдықтың тамырын қоғамның өзінен іздеген жөн. Біз бұл әлеу­меттік зұлымдықтың себебін мынадан іздейміз – сыбайлас жемқорлықтың неден басталғанын байқасақ та, байқамаған сияқты тұрамыз. Бірақ бәрі содан басталады. Л.Толстой: «Кәдімгі жүргізушінің бірі азғырушыны «бәрі солай істейді» деген сөзбен азғырады» – деп нақты айтқан. Біз әділетсіздікті көргенде мемлекетті кінәлап, өз ренішімізді білдіреміз, алайда, сыбайлас жемқорлықпен күресуге келгенде ешқайсымыз атсалыспаймыз.
Біздің көптеген азаматтарымыз күн­делікті тұрмыстағы сыбайлас жем­қорлықты заңдастырмайды, кейде олар мұны солай болу керек деп те ойлайды. Мұндай жағдайда мемлекет те, ешқандай құқық қорғау органдары да ешнәрсе істей алмайды. Бәрін жазалап, отырғызу мүмкін емес. Сондықтан да, сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресу үшін, әрбір азамат атсалысып, өзіндік үлесін қосуы керек, яғни, аза­маттардың сыбайлас жемқорлыққа деген көзқарасын өзгертпейінше, нәти­жеге жету мүмкін емес. Сыбайлас жемқолықпен күресу – қоғамның және әр азаматтың ісі екенін әр қазақ­стандық әр отбасы түсінуі керек. Ұлы Абай атамыз айтқандай: «Ұрпа­ғыңызға асыл мұра ретінде ар­сыз­дықты әкелетін байлықты емес, тәрбие, білім, имандылықты қалдыр».
Сыбайлас жемқорлық – адам табиға­тының бұзылуына, адамгершіліктің тапталуына, адамдардың бөлінуіне әкеледі. Бұл қоғамдық сананың рухани жақтан емес, материалдық тұрғыдан дағдарысқа ұшырауы. Сыбайлас жемқорлыққа немқұрайлық – қоғамның ең өзекті мәселесі. К.Маркс жазғандай: «Әлеу­меттік жүйенің қақ ортасы іріп-шірісе, онда халықтың саны емес, қылмыстың саны өрши түседі». Адам белгілі бір материалдық жағдайға тәуелді бол­ғанда, ол ар-ұят, намысты екінші орынға қояды. Егер, біз осылайша, ар-ұят, намысты екінші орынға қоятын болсақ, онда болашақта тұтас бір ұр­пақты жоғалтып алуымыз мүмкін. Біз осыны түсінуіміз керек, себебі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресе отырып, өмірімізді одан әрі жақсартып, адамгершілік, рухани байлығымызды жоғалтпай, өркениетті ел құруымыз керек. Біздің Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақа­ласы осыған шақырады.
Тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еліміздің басты саясаты болып қа­лыптасты. ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» күрес туралы заңын қабылдап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы орган құрылды. Мемлекеттік аппараттың жұмысының тиімділігімен сыбайлас жем­қорлыққа қарсы көріністері артты. Ха­лыққа қызмет көрсету орталықтарының ашылуы мен автоматтандырылуы азаматтар мен шенеуніктердің арасында күнделікті байланыстар азайып, сыбайлас жемқорлық көріністердің төмендегенін байқаймыз. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтер көрсетудің 723 түрін электронды қызметтер көрсету арқылы алуға болады. Жыл өткен сайын азаматтар мем­лекеттік қызметтер көрсету бойынша тікелей мемлекеттік органдарға өтініш беру саны азайып келеді. Жылдан-жылға мемлекеттік қызметтер көрсетуде халыққа қызмет көрсетудің орталықтары мен электронды қызметтер көрсетудің үлестері артып келеді. Мысалы, үстіміздегі жылдың 4 айында электронды қызметтер көрсетудің үлесі 48 пайызды құрады. Бизнес саласында әкімшілік кедергілері күрт төмендеді. Рұқсат беру құжаттары 80 пайызға қысқарып, жоспар бойынша тексеру жұмыстары азайды. Қазіргі кезде бақылау-қадағалау қызметін азайту бойынша Үкімет тарапынан заңдардың жобасы әзірленуде. Қоғамдық бақылаудың қызметі де ұлғаюда. «Қоғамдық кеңес туралы» заң қабылданғаннан кейін мемлекеттік құрылымдар тарапынан тұрғындарға есеп беру және коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың қатысуымен мемлекеттік органдардың барлық дең­гейін­дегі қызметтер бойынша түрлі ше­шімдер қабылдауға қатыса алатын болды. Елбасының «жергілікті атқарушы ор­ган­дардың басшылары, әкімдер, ұлттық жоғары оқу орындарының ректорлары халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес министрлер, әкімдер, құқық қорғау қызметтерінің басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды жүзеге асыру мәселелерін ақпараттандыру, жеткен жетістіктері мен көрсеткіштерін халыққа жеткізу және жоғары органдар тарапынан берілген тапсырмалар мен алдағы уақытта жос­парланған негізгі бағыттар бойынша халыққа есеп беру кездесулер өткізуге міндетті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттік еліміздің барлық өңірлерінде жүйелі және ауқымды жұмыстар жүргізуде. Біз еңбек ұжымдарымен, студенттермен кездесу барысында Елбасының салиқалы саясатын, әрбір азамат болашақ еліміздің, балаларымыздың жарқын болашағы туралы т.б. көптеген мәселелерді қамтитын түсіндірме жұмыстарын жүргізудеміз. Өткен жылы осындай кездесулерде 7 мың еңбек ұжымдарында 500 мың азамат қамтылды. Осындай кездесулерде, сонымен қатар, халықтың көп шоғырланған жерлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалып­тастыру мен жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жұртшылықты кеңінен тарту мақсатында түсіндірме жұмыстармен қоса әрбір азаматтың жадында сақталу үшінжемқорлыққа қарсы жадынамаларды тарату және плакаттар, баннерлер мен билбордтарды көрнекі жерлерге орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Үстіміздегі жылдың наурыз айынан бастап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат жұмыстарын одан әрі жетілдіру мақсатында мобильді топ өз жұмысын бастады. Мобильді топ жұртшылықа сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-наси­­хаттың жаңа модельдері мен негізгі ере­желері және қағидаттарын белгіленген тәртіпке сәйкес түсіндіруде. Топ мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясат жүргізумен қатар қоғамдық қа­был­даулар (Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, салық және көші-қон қызметтерінде) жүргізуде. Қоғамдық қа­былдаулар барысында азаматтардың көкейтесті сұрақтарына толық жауаптар беріліп, олармен кері байланыстар орнатуға мүмкіндіктер тудырды. Бүгінгі күнге дейін қоғамдық қабылдауда 245 азаматқа түрлі мәселелер жөнінде ауызша және жазбаша түсініктемелер берілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті баланың жастайынан қалыптастыру қағидатына түсініс­тік­пен қарауымыз керек. Егер, жас­тайынан баланың санасына тазалық, жауапкершілік, патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік қағидаттарын сіңі­ретін болсақ, есейген кезде оның бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптасып, саналы өмір сүруге оның мүмкіндігі жеткілікті болады. Аталған мәселелердің барлығын жүзеге асыратын болсақ, жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушіліктің қағидаты қалыптасатын болады. Сон­дықтан, Агенттік пен Білім және ғылым министрлігі және аумақтық әкім­діктер өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті мен дүниетанымын қалыптастыру барлық білім салаларында толығымен қамтылған.
Мектептің оқу бағдарламаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері енгізілген. Агенттіктің бастамасымен мектептерде тәрбие жұмыстарына арналған арнайы бағдарлама бекітілген. Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында білім алып жатқан еліміздің 5-11 сыныптарының 4 миллион оқушысы қамтылған. Елі­міздің барлық мектептерінде «Адал ұр­пақ» еріктілер клубы құрылып, 900 мың оқушы мүше болып қабылданды. Аталған еріктілер клубында адал, сатылмайтын тақырыптарында сабақтан тыс түрлі іс-шаралар өткізілуде. Еліміздің барлық жоғары оқу орындары мен колледждерінде «Таза сессия», «Адал бол», «Сыбайлас жемқорлықтан тыс университет» жобалары жүзеге асырылуда. Аталған жобалардың аясында студенттер білім мекемелерінде академиялық адалдық қағидаларын басшылыққа ала отырып, жатақхана, шәкіртақы мәселелері бойынша әділеттілік пен ашықтықты жүзеге асыруда өздері бастамашылық көтеруде. Жастар адалдық, әділеттілік пен тазалық қағидаттарын басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті төмендетуде түрлі шешімдерді өздері қабылдай алады. Агент­тік тарапынан атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар нәтижесін беруде. Азаматтық қоғам жыл санап белсенділігін арттыруда. Барлық қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдар, сарапшылар мен блогерлер Агенттікпен тығыз ынтымақтастық байланыста және бастамашылық танытуда. Қазіргі кезде «Атамекен» кәсіпкерлік палатасымен бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлық көріністері орын алған 16 салада және «Нұр Отан» партиясымен бірлесе отырып, 8 әлеуметтік салада сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдаулар жүргізілді. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүргізу куәлігіне емтихан тапсыру, көліктерге жақсы нөмірлерді беру т.б. мәсе­лелерді қадағалау мен бақылау мақ­сатында қоғамдық омбудсмен ен­гізілді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Бірінші медиа-орталық» республикалық қоғамдық ұйыммен бірлесе отырып, «жолдағы жемқорлық көріністерін азайту мақсатында 10 қадам» жобасын жүзеге асыруда. Өткен жылы еліміздің барлық өңірлерінде «Азаматтық бақылау» жобасы жүзеге асырылды. Аталған жоба аясында мемлекеттік сапалы қызметтер көрсетуге қоғамдық бақылау мен мемлекеттік сатып алуды өткізуге мониторинг жүргізді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қарапайым адамдар да араласуда. Өткен жылы сыбайдас жемқорлық көріністерін уақытында хабарлағаны үшін 180 адамға 27 миллион теңге сыйақы берілді. 2015 жылмен салыстырғанда сыбайлас жемқорлық көріністеріне көмектесушілердің саны екі есеге артты.
Азаматтық қоғам институтының негізі қоғамдық бақылау болып табылады. Қоғамдық бақылау биліктің барлық дең­гейіндегі сыбайлас жемқорлық сипаттағы түрлі құқық бұзушылықтың алдын алу, болдыр­мау, ескерту жемқорлық көрі­ністеріне бірлесе отырып іс-әрекеттер жасау мәселелеріне араласа алады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей азаматтық қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қоғамдық бақылаудың қызметін көтеру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді мониторинг құруда тиімді құрал болып табылады. Мысалы, Сингапурда қоғам мүшелері мемлекеттік билікке келгенде оны табыс көзі деп емес, баю жолы деп емес, тазалық, ар-намысын бірінші орынға қоюы керек. Мемлекеттік қызметкерлердің кәсібін тек қана жоғары жалақылы етіп қоймай, сыйлы кәсіптердің біріне айналдырды. Сингапурде мемлекеттік деңгейде меритократия принципі ұс­талынады. Яғни, жоғары қарай жол тек қана ақылды, қабілетті, про­грессивті ойлайтындар алдынан ғана ашылатынын дәріптейді. Мектеп қабырғасынан бастап мемлекеттік қызметкер болуға лайықтылар таңдалып (Бюро таңдайды) әрі қарай мемлекеттік қызметкер болуына дейін көмекті мемлекет аямайды. Қазақстанда қазіргі кезде сол шараларды қабылдау және ұқсас реформаларды жүзеге асыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сингапур Ұлттық университетінің Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саяси мектебінің деканы Кишор Махбубани қазіргі таңда Қазақстан кезінде Сингапур қолданылған тәжірибелерге ұқсас реформаларды жүзеге асыру мақсатында сыбайлас жем­қорлық көріністерін төмендетті. «Біз мемлекеттік органдардың шешімін атқару, оны талқылау және қабылдау ісіне халықтың қатысуына үлкен жолдар ашып отырмыз. Мемлекеттік органдардың жанынан қоғамдық кеңестер құрылуда. Оған негізінен үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері тартылған. Азаматтық бақылау жемқорлыққа, ысырапшылық пен арам пиғылды шенеуніктерге берік тұсау салады. Біз бұл жолдан таймаймыз, бірақ, бұл мүмкіндіктер Қазақстанның азаматтық қоғамына үлкен сынақ болмақ, олардың қоғамдық кеңестердегі жұмысы кемел ұстаным, халық алдындағы жауапкершілік принциптері негізінде жүруі тиіс», – деді Елбасы.

Алдыңғы «
Келесі »