ЖОЛТЕРЕК – НАУРЫЗДЫҚ АТРИБУТ

  • 01.02.2017
  • 1004 рет оқылды
  • 2

Серік Әбдірешұлы, 
психология ғылымының магистрі

Бүгінгі заманауи мерекелер атрибутсыз, нышансыз өтпейді. Бұрынғы наурыздық нышандар жаңа заман талабына лайықталмаса, оның этнографиялық сипаты жал­пыазаматтық шара ретінде қабылданбай, оның кеңінен қолдау табуына кедергі болады. 20 жылдан аса ресми түрде өтіп келе жатқан наурыздық шаралардың басты кемшілігі де осында. Наурызды этнографиялық байлықпен ауырлатып алған сыңайымыз бар. 


Әу баста Наурыз мейрамы жалпыадамзаттық құн­дылыққа негізделген, тео-мифологиялық таным­дар­ға қаныққан мереке болатын. Оның бірнеше мың­жылдық тарихи жолы талай идеологиялық және танымдық сипаттардан өтіп, ақыры совет өкі­меті тұсында мейрам ретіндегі құндылығын жой­ғаны рас. Алайда, наурыздық танымды қалпына кел­тіретін конструкцияға иек арту үшін соңғы санаулы ғасырлардағы қазақы таныммен, этнографиямен шектелу жеткіліксіз. Сондықтан да, біз қазақ халқының бүгінгі танымына сіңген, алайда, бірнеше мыңжылдықтарға барып тірелетін сіңісті этносипаттарды қотарыстыруға мәжбүрміз, қажет болса, оны қалпына келтіріп, бүгінгі заманға  лайықтап ұсынуға тиіспіз. Осы жолы Наурыз мерекесіне лайық әрі көптеген жаңажылдық нышанның бастысына айналған бәйтерек тақырыбына ат басын бұрмақпыз. Мифологиялық бәйтеректің тарихында бірнеше сипаты мен келбеті болғанын келтіре отырып, оның наурыздық эмблемаға айналып кеткенін мойындатарлық деректерге жүгін­бекпіз.
Қазақ фольклорында бәйтеректің сипаты да, мазмұны да жеткілікті көрініс тапқан. Мұндай ағаш үлгісі дәстүрлі қауымда мықан ағашы, мырзатерек, әулие ағаш, сетер тал делініп, пішіні мен мәніне қарай әртүрлі аталған. Мықан ағашы – жасыл өмірдің бел­гісі, уақыт пен кеңістіктің шекарасы.

БӘЙТЕРЕК  – өмір жолы8
Бәйтерек – түр­кілік танымдағы үш­бел­деулі кеңісті қамтыған ғаламдық өзек, бәрі соның бойында, ма­ңында орын алады. Бәй­терек – ғаламдық ау­қымдағы өмір жо­лы. Бәйтерек ту­ра­лы белгілі қазақ аңызы Уақыт пен Кеңістікті және Жер мен Көкті қосатын ғаламдық өзекті паш етеді: жетібасты айдаһар – Уақыт, жыл сайын адамның біржылдық жұмыртқа-ғұмырын жұтады; Бәйтерек – өмір кеңіс­тігі; Самұрық/қарақұс адамның болашақ ғұмыры, арманы, аңсары; ай­да­һармен алысып жеңетін батыр – адам­ның  күш-жігері, еңбегі, қажыры мен қайраты. 

ШОҚТЕРЕК – рухтар жолы
7Алтай өңірінен та­былып, Санкт-Пе­­тер­бург Эрми­та­жындағы І Пе­тр­дің Сібір жый­да­сында/коллекция сақ­талған  (кейбір сіл­­темелер Тыва елін­дегі Хандар ойпатының Аржаан үйігі/курган деп көрсетеді) ежелгі сақтардың мұрасы саналатын «Шоқтерек түбіндегі аттылар» (ж.с.д. ІҮ-ІІІ ғ.) атты мына алтын доға композициясында үш адам бейнеленген. Сол жақта шошақ бөрікті/сәукелелі қыз бен оң жақта қос ат тізгінін ұстаған мұртты кісінің алдында ұзынынан сұлаған  мұртты ер кісі жатыр. Бәйтеректе қорамсақ ілулі. 
Бұл композицияны орыстың белгілі археологы М.П.Грязнов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» дастанының алтай халқы арасына тараған нұсқасына тән сюжет деп таниды. Алтайлық дастан бойынша Қозын-Еркеш (Қозы Көрпеш) шоқтерек түбінде жауының қолынан қаза табады. Оның жары Байым-сур (Баян сұлу) мен Қозының туысы Бачикай-Қара Еркешті тірілтуге барлық ем-дом, амалды жасап, оның жанын қайтарады…
Бұл көріністегі шоқтерек – мықан (өмір)  ағашының бір сипатын аңғартады. Яки адам өлгенде оның жаны осы жолмен, яғни шоқтеректің бойымен Көкке кетеді-міс деген иланым бағамдалады. Сұлап жатқан адамның ағаш түбінде жайғасуы да оның жанының адаспай терек бойымен Көкке кетуін болмаса оның аман қалуын тілеуге мүмкіндік барын білдіреді.

ЖОЛТЕРЕК – қос дүние арасындағы қозғалыс жолы
3-3Белгілі фольклортанушы Е.Д.Тұрсынов («Древ­нетюркский фоль­клор: истоки и ста­новление», «Дайк-пресс», 2001) түркілік та­нымға сүйене отырып, былайша сыйпаттайды: «…средний мир (мир человека) предстает не­ким связующим звеном между верхним и нижним мирами, ибо души людей находятся и в верхнем мире, помогая живым людям (это аруахи – духи предков, помогающие своим потомкам, живущим в среднем мире), и в то же самое время в нижнем мире, куда спускаются души умерших злых людей, черных шаманов, людей погибших насильственной смертью и не погребенных и т.д.» Кроме того, души неродившихся людей также находятся в мире мертвых, ибо живые – это воплощение ранее умерших, совершающих извечныйкругооворот, рождаясь, умирая и возвращаясь к живым. В то же самое время души неродившихся людей обитают и в верхнем мире, откуда они по ветвям мирового дерева спускаются и входят в утробы женщин, беременеющих после этого…» Бұл түсіндірім бойынша, жолға айналған терек/дара қадамның екі дүние арасындағы қатынас жолы есебінде де мойындалып, барлық өмірлік басты қозғалыс осы Жолтерек арқылы жүретіндігі талай туындыға арқау болған.
«Бақсы» сөзінің өзі осы жолды бағушы дегенді білдіреді және  бақсылар өздерін «жол ұстаушылармыз» деп есептейді. Бұл міндетті олар жолтерек бойындағы қоз­ғалысты бақылауды міндет еткендіктен атқарады.
ЖОЛТЕРЕК – тілек пен бақыт 
дарытушы
6Алтайлық Маа­дай-Қара жырында Бәй­теректің си­патын белгілі фольклортанушы Е.Д.Тұрсынов: «Байтерек имеет золотые листья на солнечной стороне и серебряные – на лунной. На вершине его сидят две кукушки, которые знают, кому какой век предопределен, кому доведется быть счастливым, кому – несчастным. Ниже расположены два беркута, а у основания ствола – две собаки, стерегующие покой обитателей среднего мира. Иногда мировое дерево ассоцируется с коновязью…» – деп сипаттайды. Бұл сипатқа қарағанда бәйтерек Жаратқанның тікелей қарауындағы ғаламдық құрылымның рө­лінде. Яғни, осы басты ғаламдық қасиетті ағаш арқылы ниет пен тілекті жіберу ар­қылы тағдырға өзгеріс енгізу мүмкіндігі байқалады.

ЖОЛТЕРЕК – Жаратушының жан 
беру жолы
5Мифолог Серікбол Қондыбай («Қазақ даласы және герман тә­ңірлері», Алматы, «Са­га» баспасы, 2006 ж):
«Қашаған фоль­клор­­­танушыларға бел­­гі­сіз болып қалған кө­не аңыз-жыр­лармен та­ныс болған, «Адай тегі» дастанын жыр­лағанда да, ол өзіне таныс беймәлім мифтік модельді пайдаланған» – дейді. Сол дастанда:
Бәйтерегі өрлеген,
Бұтағы бұлтқа сермеген.
Ағаш жоқ,сірә,бұлардай
Қайың, терек,тал емес
Шегіршін, жөке тағы емес
Атағы тартқан құмардай.
Көлеңкесі күндіз мұнардай,
Жарығы жанған шынардай.
Жапырағы жазық айнадай,
Сымбаты сұлу найзадай.
Сағасы жүзім, алмадай
Иісі жұпар қамбардай.
Жапырағының күн беті,
Алтын шайған бағдардай.
Саясында тұрған кісінің
Мейірі сусыз қанғандай…»  – деген сурет бар.
Осы ағаш түбінде Ханбибі қыз күн сәулесінен (нұрдан) жүкті болады. Мұн­дағы Күн-тәңір Жаратушы кейпі де, Нұр-тәңір оның ұшқыны, ұлы. Бұл жырда бәйтерек Жаратқаннан жатырға түсетін жан ұшқынының жолы (йол) рөлінде әспеттелген. Демек, Жолтерек – Жаратушы мен ана жатырын жалғаушы құрылым, өмірдің басқы жолы.

4ЖОЛТЕРЕК бақсылар атрибутында
Бақсы даң­ғы­ра­сының дөңгелек жү­зін ғаламдық бір­тұтас үй іспетті қа­былдауға болады: оның қақ ортасын ала   тігіңкі бағыт­тағы найзаға (жебе) ұқсас түзу сызық астыңғы жағында жартылай күмбез түрінде о дүние әлемін, ал, «найзаның ұшы» енген үстіңгі шеңбер – аспан әлемін білдірсе, бұл екі арадағы «найза-бәйтеректің» бойы ортаңғы адамзат әлемін бейнелеген. Мұндағы найза, тағы да сол – жолтерек.

ЖОЛТЕРЕК – тілек тасушы
3Жолтеректің рөлі бү­гінде ежелгі тәңірлік та­нымды христиандық құндылыққа айнал­дыр­ған халықтарда жа­ңа­жылдық шырша есебінде қолданыста. Оны түркілік «йол», яғ­ни «жол» сөзімен атап, орыс тілінде «ка» жал­ғауымен «ёлка» деп жүр.
Демек, арнайы ғұрып кезінде жолтерек адам мен Көктің арасындағы тілектің, қарым-қатынастың жолы ретінде қызмет атқарғандығына куәміз.

ЖОЛТЕРЕК: орда, киімілгіш, адалбақан
Жолтерексіз қа­­зақ тұрмысын елес­­тету мүм­кін емес. Қазақтың бас­­ты тұрағы – ор­да үй шаңырағы тек қана арнайы жа­салған ба­қанмен көтеріледі және ол бақан үйдің ішінде шаңыраққа тіреліп, Көк пен Жерді байланыстырып тұрады. Киізі жабылмаған орда үй көз алдымызға еріксіз түрде әдемі безендірілген бәй­теректі елестетеді.
Кейде ол кереге басына көлденең қойы­лып, «адалбақан» рөлін атқарады. Мұндағы «адалбақан» ұғымы ислам дінінің тыйымына икемделіп, жаңа сипат алған жолтерек болып табылады. Өйткені, адалбақанға әдетте той-садақаға арналған киім-кешек пен мата-жыртыстар ілінеді. Адал болатын себебі, сол жоралғылық нәрселер Көктен келетін таза энергия сіңіп, адалдығы артады-мыс деген исламдық талапқа қызмет етіп тұр. Сондай-ақ, киізүйдегі киімілгіш те жолтерек қызметін атқарады, оның әрбір ілгіші әлгі Маадай-Қара жырындағы көкек құстың бейнесі дерлік және ол үйдің уығына не шаңырағына тіреледі.
Әдетте қазақ әйел босанғанда көл­денең тұрған бақанға сүйеніп, толғат­қан, бұнысы – бақанның тігінен емес, көл­денеңінен жайғастырылып, жаңа туатын нәресте жанының Көкке кетіп қалмайтындай, яғни тік емес көлденең бағыт болуын қадағалаған танымда жатыр.

ЖОЛТЕРЕК – адам түйсігінде
Қазақ халқы бәй­теректі тек қана мифо­логиямен танып, жолтерек ұғымынан ажырап қалса да, шығармашыл жандар оның тұрпатын ұмытар емес, керісінше, кестешілер, суретшілер оның небір сипатын бүгінде аша түсуде. Ендеше, жолтеректің адамзат санасында мәңгі ұялаған әлдебір құдіретті сипат екендігін мойындауға мәж­бүрміз.

ЖОЛТЕРЕК – түркілер жаңа  жылының нышаны
9Бүгінде жолтерек ешбір даусыз-дамай­сыз Наурыз ме­рекесінің басты нышанына да айналып кетті. Мына бір логотип жыл сайын қазақ те­ле­арналарының экранын бе­­зен­діретіні рас. Ал, наурыз та­қы­рыбына арналған бе­зен­дірім­дердің басты да ор­таңғы кел­беті жолтерекке ар­налған. 
Сондай-ақ, жолтерек – сақа хал­қының жаңа жылы есептелетін Ысыах-Олонхо мерекесінің басты атрибуты. Олар мұны «аал луук мас» – алып ұлы ағаш атайды. 

ЖОЛТЕРЕК мектептің наурыздық салтанатында
Астана қаласының №56 мек­теп-лицейі 2009 жылдан бері сы­ныптық және жалпы мектептік наурыз шараларына жолте­ректі орнатып мерекелеу – әбден сіңісті болған жайт. Олар арнайы түрде ре­кон­с­трукциялық жолмен нағыз әшекейге айналдыра  қолдануда.

Жолтеректі жасау жолы
Жолтерек – басына Көк күмбезі ретінде бақан­ға көгілдір шаңырақ орна­тылған; күмбездің астын ала әшекей баулар бекітілетін шығыры бар шеңбер және төменгі тұсынан да шеңбер тұрпаты бекітілген, бұлар арқылы (жеті түсті 3 қайтара керілген) 21 баумен, құрмен немесе таспамен әшекейленген,  өне бойына жеті түсті таспа оратылған бақан немесе сырық. Гүлдермен безендіру ар­қылы Наурыздың көктемнің басы екен­дігі де паш етіледі.
Жолтерек алаңға, орынжайға және үйге арналған түрлеріне орай үш түрлі болады да, олардың өлшемдері де соған сәйкеседі:             
алаңдық Жолтерек: ұзындығы – 5-10 м, диаметрі – 10-30 см; 
орынжайлық Жолтерек: ұзындығы –  2-3 м, диаметрі – 7-10 см;
отбасылық Жолтерек: ұзындығы – 1-2 м, диаметрі – 5-7 см.
Оны ағаштан, әлеуменнен, пластикалық материалдардан жасауға болады. Аяғы орнықты болатындай тұғыр болғаны жөн. Жолтеректің етегіне айналдыра сыйлықтар мен басқа түрлі фигуралар ойыншықтар ілген мақұл. 

 

Алдыңғы «
Келесі »

2 Пікір бар

  1. Автордың ойымен келісемін.

  2. Жоғарыда жазылған деректерді жазып алу керек екен.

Пікірлерге тыйым салынады.