Бес айда 158,9 мың нәресте дүниеге келді

  • 07.08.2012
  • 9419 рет оқылды
  • Пікір жоқ

2012 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының экспорты құрылымында көпшілігін минералды өнім­дер (43,6% Кеден одағы елдерінің барлық экспортының көлеміне), металдар және олардан жасалған бұйымдар (29,0%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (14,3%) құрады.
Ресей Федерациясынан және Беларусь Республикасынан үлкен дәрежеде минералды өнімдері (Кеден одағы елдерінің импорттың жалпы көлеміне 26,7%), машиналар және жабдықтар (23,2%), металдар және олардан жасалған бұйымдар (15,8%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (11,5%) әкелінеді.
2012 жылғы 1 маусымда еліміздегі халық саны ағымдағы деректер бойын­ша 16776,6 мың адамды құрады, со­ның ішінде қалалықтар – 9176,1 мың (54,7%), ауылдықтар – 7600,5 мың адам (45,3%) құрады. 2012 жылдың басымен салыстырғанда жалпы ел бойынша халық саны 101,2 мың адамға немесе 0,6%-ға көбейді (2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 240,2 мың адамға немесе 1,5%-ға өсті).
2012ж. қаңтар-мамырда республика халқының табиғи өсімі 97,0 мың адамды құрады (2011ж. қаңтар-мамырда – 89,2 мың адам). Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 халыққа 13,9 (13,0) адамды құрады.
Ағымдағы жылғы қаңтар-мамырда АХАТ органдарында 158,9 мың (152,7 мың) туылғандар тіркелді, бұл 2011ж. қаңтар-мамырға қарағанда 4,1% артық.
Елімізде ағымдағы жылғы қаңтар-мамыр айларында өлгендер саны 61,8 мың (63,5 мың) адамды құрады, 2011 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 2,7%-ға аз. 1000 адамға шаққандағы өлімнің жалпы коэффициенті 8,9 (9,3) өлгендерді құрады.
2012 жылғы қаңтар-мамырда рес­публикада 1 жасқа дейінгі 2323 (2011ж. қаң­тар-мамырда – 2399) нәресте өлімі тіркелді. 2011 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 3,2%-ға азайды. Нәресте өлімінің негізгі себептері перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар болып табылады, одан 2012 ж. қаңтар-мамырда 1345 (1361) нәресте өлген немесе нәрес­телер арасындағы өлім жағдайының жалпы санынан 57,9% (56,7%)  құрады. Туа біткен ауытқулардан өлгендер саны 464 (466) адамды немесе 20,0% (19,4%), тыныс органдары ауруларынан 169 (207) адамды немесе 7,3% (8,6%) және жаза­тайым жағдайлардан, уланудан және жарақаттардан 95 (99) адамды немесе 4,1% (4,1%) құрады.

Алдыңғы «
Келесі »