Армысың, универсиада!

  • 10.01.2017
  • 557 рет оқылды
  • Пікір жоқ

НЕГІЗГІ МӘЛІМЕТТЕР

Сонымен, Алматы қаласында 2017 жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында дүниежүзілік қысқы универсиада өзінің дүбірлі жарысын бастады. Оған әлемнің 55 астам елінен келген 2 мыңға жуық спортшы қатысып жатыр. Жарыстар 8 спорттық нысанда спорттың 12 түрі бойынша өтіп, 86 медальдар жиынтығы ойнатылуда. Жа­рыс­тарды ұйымдастыруға 3 мың ерікті (оның ішіне шетелдік және Қаз­ақстанның өңірлерінен келгендеріде) жұмылдырылған. Универсиаданы өткі­зу барысында 30 мың отандық және шетел­дік туристер келді. Қысқы Универсиада жарыстары телекөрсетілімінің жалпы аудиториясы күн сайын әлемнің 80 елінен 1 млрд. астам телекөрерменді құрауда. Универсиаданың жаңа нысан­дарының құрылысын жүргізудегі қазақ­стандық мазмұнның үлесі – 60%-ды құ­райды, сонымен бірге, 4200 жұмыс орны құрылды.


СПОРТТЫҚ БАҒДАРЛАМА

Универсиада жарыстары спорттың 12 түрі бойынша өтіп жатыр: олар: тау шаңғы спорты, биатлон, шаңғы жарысы, шаңғы қоссайысы, шаңғымен трамплиннен секіру, сноуборд, фристайл, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, конькимен жүгіру спорты, шайбалы хоккей (еркектер және әйелдер арасында) және кёрлинг. Универсиаданы өткізуге 127 халықаралық төреші мен 600-ге жуық ұлттық техникалық мамандар жұмылдырылған. Жарыстарды өткізуге қатысатын барлық төрешілік коллегиясы әрбір спорт түрі бойынша ұлттық және халықаралық федерациялармен бекітілген. Жарыстар 8 спорт нысанында өтуде, олар: «Шымбұлақ» таушаңғы курорты, «Медеу» мұз айдыны, «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндерінің    кешені, Б. Шолақ атындағы  спорт және мәдениет сарайы, «Алатау» шаңғы және биатлон кешені, «Табаған» спорттық ойын-сауық кешені, «Алматы арена» (12 000 көрерменге арналған мұз сарайы), «Халық арена» (3 000 көрерменге арналған мұз аренасы). «Сұңқар» ХШТК, «Алатау» ШБК, «Шымбұлақ» ТШК (тау шаңғы спорты) гомологацияның халықаралық сертификаттарын алды. Қалған нысандар үшін сәйкестік сертификатын трассаларды әзірлегеннен кейін және мұзды нысандарда мұз дайындалғаннан кейін алу жоспарлануда. Дайындық үдерісін іске асыру үшін үлгілік операциялық жоспарлар әзірленген, онда нысанның барлық операциялары, басқару жүйесімен барлық қызметтердің жалпылама жұмыс істеуі сипатталған. Ағымдағы жылдың аяғына дейін Универсиада нысандарында 5 тестілік іс-шара жоспарланды: Балуан Шолақ атындағы спорт сарайындағы Қазақстан Республикасының шорт трек бойынша чемпионатының II кезеңі, «Ха­лық аренадағы» ел тәуелсіздігінің 25 жыл­­дығына арналған18 жасқа дейінгі жас­өспірімдер арасындағы шайбалы хоккейден республикалық чемпионат; Алматы-аренадағы Қазақстан Республикасының Мә­нерлеп сырғанау бойынша ашық чемпио­наты, «Алатау» шаңғы және биатлон стадионында ҚР кубогы аясындағы FIS Race пен биатлоннан Қазақстан Республикасының чемпионаты.

Қатысушы  елдерді  аккредиттеу

Ұйымдастырушы комитет Халықаралық студенттік спорт федерациясының (FISU) ережелеріне сәйкес 2016 жылдың 29 қаңтарында, Универсиаданың басталуына бір жыл қалғанда, ұлттық студенттік спорт федерацияларына жарыстарға қатысуға шақыру қағаздарын жолдады. Қазіргі таңда, 56 мемлекет аккредитациядан өтті. 

Ойындарды басқару орталығы

Жарыс күндері «Almaty Towers» бизнес кешенінде Ойындарды басқару ор­та­лығы жұмыс істеп, онда Универсиа­даны өткізу барысының тәуліктік он­лайн-мониторингі жүзеге асырылу­да. Атал­ған жүйе Халықаралық студенттік спорт федерациясының ұсыныстарына сәй­кес әзірленген. Орталық «С4 тұжы­рым­дамасы» (төрт   ағылшын  сөзі­нің  аббревиатурасы: команда, бақылау, ком­­му­ни­ка­ция және үйлестіру) деп ата­латын Универсиаданың заманауи тұ­жы­рымдамалық идеясын қол­данумен ұйым­­дастырылды. Ойындарды бас­қару орта­­лығы жұмысының шеңберінде ке­лесі функционалдық орталықтар құрыл­ған: 
Басоперациялық орталық;
Спорттық командалық орталық;
Спорттық командалық орталық, спорттық сала бойынша ақпараттық және коммуникациялық тетіктерге ие және де ойындарды басқару орталығының бір бөлігі болып есептеледі. СКО-тың мақсаты спорт бойынша барлық мәсе­лелердің шешімін табу мен есеп беру болып табылады.
1. Аккредиттеу орталығы;
2. Атлетикалық ауылды басқару орта­лы­ғы;
3. Технологиялық операциялық орта­лық;
4. Бас еріктілер орталығы;
5. Халықаралық хабар тарату орталығы;
6. Бас баспасөз орталығы және басқа­лары.

УНИВЕРСИАДАНЫҢ  ЖАҢА  НЫСАНДАРЫ

«Алматы Арена» (12 мың көрерменге арналған мұз сарайы)
Көп функционалдық Мұз сарайы әлем­дік деңгейдегі жаңа арена болып табылады және ол Универсиаданың ашылу салтанаты мен жабылу салтанатын және Универсиада жарыстарын өткізуге арналған. Бұл жерде мәнерлеп сырғанау және керлинг бойынша турнирлер өтуде.  Спорттық кешен белгіленген мерзімді 3 айға оза отырып, пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта іске қосу және жөндеу жұмыстары мен аймақты көріктендіру жүргізілуде. Қазақстандық қамтудың үлесі 60%-ды құрайды. Кешен толықтай қазақстандық мамандармен жобаланып, құрылысы салынды. Жобалаушысы – «Стройтекс» компаниясы» ЖШС, құрылысын салушы – «Базис-А» компаниясы. Сәулетшілер   кешеннің   ғи­мараты    әдеттегі қолданыстағы «ангар­лық» типтегі спорттық нысандарына мүл­дем ұқсамайтындығын және қа­ланың, әсіресе, түнгі уақытта ерекше әсем көріктендірушілердің бірі болып табылатындығы сөзсіз деп атап көрсетті. Сарайдың сәулеттік түпкі ойы әйнек пен бетонда ерекше көрініс тапқан және кереге, көк мұз, мұздағы өрнектер сияқты көркемдік бейнелердің синхрондық үйле­сімін бейнелейді:
«Кереге» – киіз үй конструкциясының бөлігі. Көшпенділердің түсінігі бойынша киіз үй төрткіл дүниенің шағын көрінісі болып табылады және халықтың әлемнің барлық құрылымына деген көзқарасын көрсетуде.
«Мұз» – қатып қалған судың дина­мика­сы, рух беріктігі мен ниеттердің мызғы­мастығын білдіруде.
«Мұздағы өрнектер» – спортшылардың конь­килерінен қалған іздер.
Көркемдік бейнелер бірыңғай мәдени-эстетикалық композицияға тұтасып, Мұз аренасы ғимаратының ерекше сәулетін құрайды. «Алматы Арена» 3 блоктан тұрады. «А» блогы – 12 000 көрермен орындарына арналған әмбебап спорттық-көріністік мұз аренасы. «Б» блогы – дене шынықтыру-сауықтандыру кешені бар жаттығу мұз айдыны. «В» блогы – жүзу бассейні. «Алматы Аренаның» құрылысы 2 жылды қамтып, рекордтық мерзімді көрсетті. «Алматы Арена» – сейсмикалық тұрақтылық жағынан 10 балға есептелген бірегей құрылым. Ғимараттың іргетасы монолиттік, ешқандай деформациялық жігі жоқ екендігі де осындай сипаттағы нысандар үшін бірегейлігін көрсетеді. Мұз сарайын жобалауға Қазақ сейсмикалық құрылыс ғылыми-зерттеу инс­титутының (ҚазСҚҒЗИ) мамандары бел­сенді ат салысып, көмек берді. Жобалау жә­не жоспарлау кезінде «Айсберг» (Сочи), «Хартвалл арена» (Хельсинки), Жаңа арена (Краков) «О2» (Прага) сияқты атақты заманауи спорттық нысандардың құрылысын салу мен пайдалануға беру тәжірибелері қолданылды. Нысан ауқымды әлемдік спорт­тық іс-шараларды барынша қолайлы өткізуге арналған, соның бірі 2017 жылғы қысқы Универсиада болып табылады.
«А» негізгі блогында жаттықтырушылар мен жарыс төрешілеріне арналған жеке аймақтар қарастырылған. Командалар үшін барлық жағдайы жасалған 14 киім ауыстыратын бөлме бар. Допинг-бақылау сынамаларын тапсыру және сақтауға арналған арнайы бөлмелер бөлінген. Мәнерлеп сырғанау қатысушылары үшін гримдеу бөлмелері қарастырылған. Мұздың жоғары сапасын 4 жоғары өндірістік мұз тазалайтын көліктер қамтамасыз етеді. Универсиада әлемдік масштабтағы оқиға болып табылады және жалпы саны 1 миллиард адам телекөрерменді құрайтын ондаған мемлекеттерде көрсетіліп жатыр. Сол себепті, кешен журналистер жұмысына барынша ыңғай жасаудың есебімен жобаланды. Мұз сарайының жанында жылжымалы телевизиялық  станцияларға арналған арнайы алаң қарастырылды. Мұз аренасында журналистерге арналған ложа, комментаторлық кабиналар, баспасөз орталығы және бірнеше микс-аймақтар бар. Арена кірген беттен-ақ көрермендер үшін барша жайлылықты көздеген. Ғимараттың солтүстік және шығыс жақтарында 2 аялдамалық кешен орналасқан. Көшелік және жерастылық тұрақтары бар (546 көшедегі және 113 жерастылық көлік орындары, Б блогында 1 орын, оның ішінде 60 орын халықтың қимылы шектеулі тобына арналған). Жеке 1 және 2 қабатқа кіру жолдарының пандустары көрермен легінің спортшылар, журналистер, төрешілер және қызмет көрсетуші қызметкерлермен қиылыспайтындай етіп жобаланған. Ғимарат қоғамдық тамақтану орындарымен, вендинг-аппараттармен жаб­­дық­талған. Соның ішінде, «Алматы аре­наның» қонақтарына қызмет көрсету үшін кешеннің үш қабатында А блогында 2 футкорт, 4 буфет және 2 кафе, Б блогында 1 кафе, 1 буфет орналасқан. Көрермен орындары секторларға бөлінген. Олимпиадалық жанұя деп аталатын, яғни Универсиада қатысушыларының отбасы мүшелеріне арналған сектор, FISU және халықаралық спорт федерациялар басшылығының  секторлары, сондай-ақ VIP-сектор бар. Арена осындай құрылысқа арналған ең жоғарғы стандарт бойынша жабдықталған. Әлемнің ең жақсы өндірушілері жасаған концерттік дыбыс пен концерттік жарық орнатылған. Қауіпсіздік мәселелеріне аса мән берілген. Мұның бәрі көрермендер мен жарысқа қатысушыларға спорттық іс-шаралардан ұмытылмас әсер алуға сенім сыйлайды.
Спорттық кешеннің басты ерекшелігі болып оның көп функционалдылығы табылады. Арена болашақта мұз үстіндегі жарыстардан басқа да іс-шаралар өткізу болатындай етіп жобаланған. Хоккейлік корт көптеген ойын және жеке спорт түрлеріне (волейбол, баскетбол, футзал, күрес, бокс ж.т.б.) арналған алаңдарға өзгертіле алады. Ол үшін мұз бетінде спорттық жабынның арнайы технологиясы қарастырылған. Соны­мен қатар, кешеннің техникалық жабдықталуы көрнекті концерттік-сауық­тандыру іс-шараларын өткізуге мүм­кіндік береді. Кешеннің көз тартарлық ерекшелігі – жүк көлігінің тікелей мұз айдынына кіре алу мүмкіндігі. Осылайша, концерттерді ұйымдастыру үшін орындаушылар өздерінің концерттік арнайы жабдықтарын ешқандай уақыт жоғалтпай және артық шығынсыз әкеліп, монтаждай алады. Мұз сарайын жобалаушылардың алдына қойған ең басты міндеттерінің бірі – кешенді ары қарай табысты пайдалануға беру есебімен жасау еді. Кешен жыл сайын 600 000 келушілерді тартуға қабілетті. Ол бастапқы кезеңнен-ақ қалаушылардың барлығына, соның ішінде жастарға дене шынықтыруды дамыту және денсаулық мәдениетіне жақын болу мүмкіндігін беруге есептелген. Кәсіби жаттығушылық үдерісті жоғары деңгейде ұйымдастыру және мұзда көпшілік сырғанауды өткізу үшін кешен жыл сайынғы негізде көпшілік пайдалануға қолжетімді болатын жаттығу айдынымен жабдықталған. «Алматы аренада» тек қана мұз ареналары ғана емес, сондай-ақ, заманауи фитнес орталығы да бар. Оған әртүрлі спорт түрлерімен айналысуға арналған 7 кең зал және балалар мен ересектерге арналған екі бассейн кіреді. Алматы қаласының тұрғындары, балалы отбасылар, жастар міндетті түрде өзіне ұнайтын спорт түрін (конькиде сырғанау, хореография, би, бокс, күрес, үстел теннисі, жаттығу залдары, бассейндер, фитнес, СПА және басқалары) өздеріне қолайлы форматта (абонемент, бір рет қатысу, демалыс күнінің отбасылық бағдарламалары, ашық есік күндері, ж.т.б.) және қолжетімді баға бойынша табатындығы сөзсіз. Өзіндік функциясы мен техникалық жабдықталуы бойынша Мұз сарайы әлемдегі ең кемел құнды ғимараттардың бірі болып табылады. Бұл ретте, әсіресе, Алматы қаласы орналасқан климаттық жағдайды, қысқы және жазғы температура деңгейінің үлкен айырмасы мен ауа-райының түрлі құбылыстарын ескеру жөн болады. Жалпы алғанда, Универсиада аясында жаңа мұз кешендерінің құрылысын салу бірқатар маңызды мәселе­лерді шешеді: 
спорттың бірнеше түрі бойынша ха­лық­­аралық жарыстарды ұйымдастыру үшін ультра озық алаңдарды құру;
елімізде спорттағы жоғарғы жетіс­тіктерді дамыту, кәсіби жаттығу процесін жоғарғы деңгейде ұйымдастыру;
көпшілік  спортты ілгерілету және дамыту, көпшілік тұтынушының жоғары класс нысандарына қол жеткізуі, халықтың спорт мәдениетін арттыру;
халықтың әртүрлі топтары үшін жо­ғары кластағы демалыс орталықтарын, оның ішінде отбасылық демалыс орындарын құру.

«Халық  Арена» (3 мың көрерменге  арналған  мұз  аренасы)

3 мың көрерменге арналған мұз аренасы Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың басты нысандарының бірі болып табылады. Осында хоккей бойынша жарыс­тарды өткізу жоспарланған. Аталған үлкен спорттық кешенді салу 2014 жылдың шілдесінде басталған. Нысан құрылысы мерзімінен 3 айға ерте аяқталды. Қазақстандық қамтудың үлесі – 60%. Құрылысты аяқтау тамыз айының соңына жоспарланған, бұл белгіленген мерзімнен 2 айға озып отыр. Нысанның құрылысын жүргізуші «Ария Жаңа Астана» ЖШС болып табылады. «Халық Арена» Алматы қаласының Медеу ау­данында  Күлжін  және Талғар жолдарының қиылысында 11 гектар аумақты алып жатыр. Ғимараттың жобасын «Арх-Синтезпроект» ЖШС жасады. Жобалаушылардың айтуы бойынша, қаланың осы жері «әлсіз» шөкпелі топырақтан тұрады, сондықтан, тұрақтылық үшін құрылысшылар 15 метр жоғарғы қабатты көтеріп, арнайы балластпен көмген. Ғимараттың іргетасы монолиттік темірбетоннан, жоғарғы бөлігі металл конструкциядан соғылған. Құрылыс барысында көбіне қазақстандық құрылыс материалдары, оның ішінде энергияны үнемдейтін әйнектер пайдаланылған, тек шатыр ғана Германияда өндірілген арнайы болат кәсіби жабынмен жабылған. Ғимарат сейсмикалық тұрақты, 9-10 балға есептелген және барынша дербес. Ғимараттың жеке жылыту үй-жайы, бірінші санаттық трансформаторлық шағын станциясы, су қоймалары бар. Аймақ жас көшеттерді (6 га көгалдандыру) өзіндік жерастық ұңғымадан автоматты түрдегі суғарғышпен жабдықталған. «Халық Арена» бас, қосалқы және әкімшілік сияқты үш блоктан тұрады. Ғимараттың негізгі ошағы болып шайбалы хоккейге арналған 61х30 метр көлеміндегі басты арена табылады. Қасында үлкен халықаралық жарыстарды өткізу үшін міндетті шарт болып табылатын, өлшемі де сондай қосалқы жаттығу аренасы орналасқан.
Кешенде спортшылардың жарысты табысты өткізулеріне барлық жағдай жасалған. Жалпы, алғанда, хоккей командаларына арналған 12 киім ауыстыру бөлмесі бар, әрбір киім ауыстыру бөлмесінде медициналық (массаж) бөлме қарас­тырылған. Киім ауыстыру бөлмелерінің жаныңда WADA (Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік) талаптарына сәйкес допинг-бақылаудың сынамаларын алуға арналған бөлмелер блогы орналасқан. Блок күту бөлмесінен, анализдерді қабылдау бөлмесі және зертханадан тұрады. Жеке төрешілік аймақ, конькилерді ұштауға арналған арнайы орындар, жарысқа қатысушылардың спорттық формаларын кептіруге арналған орындар бар. Сонымен қатар, спортшыларға арналған қосалқы үй-жайлар кардиожаттығу құрылғылары, күш жаттығу құрылғылары және денені керуге арналған бос аймағы бар жаттығу залынан тұрады. Сондай-ақ, екі қабатта арнайы медицина-қалыпқа келу орталығы жабдықталған. Климат-бақылаудың заманауи жүйесі жайлы 20-22˚С температураны толық қамтамасыз етеді.
Бұқаралық ақпарат құралдары үшін де бар­лық қажетті жағдайлар жасалған. Баспасөз орталығы, баспасөз-конференцияларға арналған зал, баспасөз-бар, баспасөзге және фотографтарға арналған жұмыс бөлмелері бар. Арнайы БАҚ-қа арналған аралас микс-аймақ қарастырылған. Онда журналистер жарыстарға қатысушы-командалар өкілдерімен сұхбаттаса алады. «Халық Аре­наның» залында 4 комментаторлық кабиналар жабдықталған және халықаралық стандарттарға сәйкес телекөрсетілімдер үшін жағдайлар жасалған. Сымдық және сымсыз ғаламтор, бөлінген байланыс арналары бар. Жобалаушылар көрермендер үшін де барынша жайлылықты қамтамасыз етуге тырысты. Кешен аумағында ыңғайлы 4 кіреберіс бар. Жеке автокөліктер үшін 250 орындық (оның ішінде 40 орын – халықтың қимылы шектеулі тобына арналған) жерүстілік тұрақ бөлінген. Жерастылық тұрақ одан да көп көлік санын қамти алады, онда 330 көлік орындары қарастырылған. 20 автобусқа арналған жеке тұрақ бар. Ғимаратта 160 отырғызу орындары бар кафе және 150 адамды сыйдыратын екі кафе-буфет жұмыс істейді. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ерекше жағдайлар жасалған. Оларға аймақтағы кресло-арбаларға бөлінген сызықтар, пандустар, арнайы лифттер мен бас хоккей залындағы жеке орындар және тағы басқалар жатады. Көрермендер спорт жарыстарының барлық қызықтарын, бейне қайталымдарды, мәтіндік ақпаратты мұз айдынының үстінде орналасқан алып жарық-диодтық бейнелік текше экранынан көре алады. «Халық Аренаның» залы ең заманауи жарықтық-техникалық және дыбыс жабдықтарымен қамтамасыз етілген.
Жобалау сатысының өзінде осы заманауи спорт құрылымын Универсиададан кейін де пайдалану идеясы қойылған. Кешен өзінің белгілеген мақсаты бойынша көпфункционалды болып табылады. Біріншіден, мұнда хоккейден басқа ауқымды жарыстарды өткізу мүмкіндігі бар. Арена басқа да ойын және жеке спорт түрлеріне қарай өзгертіледі. Екіншіден, ең бастысы спорттық кешен балалық-жасөспірімдік спортты дамытуға, барлық қала тұрғындарын дене шынықтыруға тартуға есептелген (мысалы, қосалқы сырғанақ айдында барша ниет білдірген адамдар үшін көпшілік сырғанауды ұйымдастыру). Сондай-ақ, Мұз аренасының көптеген спорттық-жаттығу залдары да өз келушілерін күтеді. «Халық Аренада» мәдени-көріністік іс-шараларды өткізуге қарай өзгеру құбылысы қарастырылған. Жобалаушылар концерттік (жарық және дыбыстық техникалық) жабдықтар үшін орындарды арнайы жоспарлаған. Жалпы, «Халық Арена» сәулет кешені ретінде жергілікті табиғат көрінісіне сәтті үйлеседі, ол қаланы болашақта дамытудың маңызды ошағы және барлық қалаушылар үшін спортпен айналысу және демалыс орнына айналуы тиіс. Болжамдар бойынша, арена өз аумағына жыл сайын шамамен 150 000 келушіні тарта алады.

5 мың көрерменге арналған атлетикалық ауыл

Атлетикалық ауыл Алматы қаласының Алатау ауданында Бауыржан Момышұлы көшесінің бойында Райымбек даңғылының солтүстік жағында, Мұз сарайынан жанын­дағы жалпы жер көлемі 21,5 га құрай­тын аймақта орналасқан. Ол 5 мың адамды қоныстандыруға есептелген. Тұр­ғын бөліктің жалпы көлемі шама­мен 125 мың шаршы метрді, 1748 пәтерді құрайды. Құрылысты  жүргізуші қазақ­стандық «ЭлитСтрой» компаниясы болып табылады. 
Қазақстандық қамтудың  үлесі – 60%. Құрылыс жүргізуді аяқтау тамыз айының соңына жоспарланған, бұл белгіленген мерзімнен 2 айға озып отыр. 
Тұрғын үй кешені U (Universiade) ағыл­шын әрпімен орналасқан 14 ғимараттан және қызмет көрсететін 3 блоктан тұрады. Сәулеттік жоспар бойынша барлық нысандар жартасқа салынған суреттердегі күн адамының бейнесін бейнелейді.
14 қабаттық тұрғын үй ғимараттарының орта­сында «Пирамида» деп аталатын опе­­ра­­­циялық блок орналасқан. «Пи­рами­да­да» Универсиада кезінде FISU ұйым­дас­­ты­рушыларының кеңсесі, 1000 адамға қызмет көрсетуге есептелген асхана және демалыс орны орналасатын болады, интер­белсенді технологияларды қолдану арқылы Дәстүрлік музыкалық аспаптар мұражайы ұйымдастырылады. Тамақ­тандыру блогы тәулігіне шамамен 20 сағат бойы жұмыс істейді.
Дәл осы «Пирамида» жаңадан келген спортшылар мен делегациялар мүшелерінің түсетін орнына айналады. Қатысушылар керекті бағыттарын оңай табу үшін «Пи­рамиданың» кіре берісінде «Компас» атты әлемнің географиялық бағыттарын көрсететін тас орнатылатын болады. Аккредиттеуден өткеннен кейін спортшылар күнделікті тұруға қажетті барлық жағдайлары жасалған тұрғын үй корпуста­рында орналастырылады. Бөлмелер кір жуу машиналары-теледидардан бас­тап, шаш кептіретін фенге дейін толық жабдық­талған.
Кешеннің орталығында «Кездесу алаңы» – «Welcome» атты спорт алаңы орна­ласқан. Орталық алаңның жан-жағында қызмет көрсету блоктары орналасқан. Онда ойындар барысында Атлетикалық ауыл әкімдігі, ғибадат бөлмелері, дүкендер, сұлулық салондары ж.т.б. орналастырылады. Қонақтарға қызмет көрсетуге арналған әкімшілік-шаруашылық және басқа да үй-жайлардың жалпы көлемі 27,5 мың шаршы метрді құрайды.
Атлетикалық ауылды жоспарлауда қоныстанушылар үшін барынша жайлылық пен қолайлылық қарастырылған. Мысалы, тұрғын үй корпустары орталық алаңнан тұрмыстық блоктармен қоршалған, ғимараттардың өздері алаңға алдыңғы жағымен қарайды. Сол себепті «Welcome» алаңындағы мерекелік акциялар мен шоу спортшылардың демалуына кедергі келтірмейді. 
Спортшылар, төрешілер және делегациялар мүшелері Универсиада нысандарына арнайы автобустармен жеткізіледі. Кешен ҮАОАЖ (Үлкен Алматылық орамды автожол) солтүстік-шығыс бөлігіне шығу мүмкіндігі бар, үлкен трассалар қиылысындағы қолайлы орналасу орнына ие. Бұл қатысушыларды жарыс орындарына жылдам және жайлы жеткізуге мүмкіндік береді.
Атлетикалық ауылды Дүниежүзілік сту­денттік ойындардан кейін пайдалану аса маңызды мәселе болып табылады. «Универсиада мұрасы» тақырыбы жобалау және құрылыс салу сатысында-ақ пысықталған болатын. Сол үшін Спорттық құрылымдар дирекциясы арнайы құрылып, жұмыс жасау­да. Аталған мәселе табысты түрде шешімін тапты. Шын мәнінде, Атлетикалық ауыл біртұтас қалалық тұрғындық шағын ауданнан тұрады. 
Жоспар бойынша, «Универсиада мұра­сы» бағдарламасының шеңберінде Ат­летикалық ауыл аумағында келесі нысандар орналастырылған:
1. Полиция бекініс пункті; 
2. Алатау ауданының ХҚО;
3. Олимпиадалық дайындық орта­лығы;
4. Би студиясы, шахмат, театр және фото студиясының функцияларынан, интер­бел­сенді клубтан тұратын, балалар мен жас­тарға арналған демалыс орталығы;
БанкЦентрКредит» бөлімі;
«OpenClinic» клиникасы;
«Almaty sport city» фитнес-орталығы;
«Best store» супермаркеті;
«Қазпошта» бөлімі;
Тұрмыстық заттар үйі;
«Дисконт» форматындағы аутлет-орта­лық ж.б.
Атлетикалық ауылды пайдалануға бергеннен кейін, Алматы қаласының Алатау ауданында өзіндік инфрақұрылымы бар жаңа тұрғындық шағын аудан пайда болады. Өз кезегінде, ауылдың қолайлы орналасуы және 12 мың көрерменге арналған мұз сарайының, «Алатау» кино-концерттік залының қасында орналасуы қаланың басқа аудандарының тұрғындары мен қазақ­стандық мегаполис қонақтарын осы жерге тартатын болады.

Универсиада  атрибуттары

 Талисман Талисман

Талисман – Универсиада қабылдаушы елдің бет-бейнесін, мәдени мен ұлттық нақышын көрсететін элемент болып табылады. Дәстүр бойынша, Универсиада талисмандары жануарлар әлемінен таңдалып, мемлекеттік тілдегі атауына ие болады. Сұңқар атауы (Cункар орыс тілінде және  Sunkar ағылшын тілінде) барлық тілде жеңіл оқылып, оңай айтылады. Жас, ашық және жігерлі деген мәнді білдіреді. Сурет қауырсынының дәстүрлі қазақ зооморфтық ою-өрнек (ең таратылған келген түрі, ою, қошқар мүйіз) қыран кегі қайталайды. Қара-сарғылт түс гаммасы жақындатылды. Сурет құрамында ою-өрнекпен безендірілген антропоморф элементтері– дәстүрлі қысқы бас киім түрінде сәнді ер малахайы және заманауи шарф кірген.

Эстафета Алауы

Құты – Эстафета Алауының жылжымалы басты атрибуты. Ашық ауада, әртүрлі ауа-райында жануын тоқтатпайды. Эстафета Алауы кезінде сапалы, қысқа температурада жақсы жұмыс істейтін жеңіл құтылар қолданылады.  Құты Халықаралық студенттер  ойындары (FISU) талабына, концепсиясына сәйкес жасалған.
Дайындаған Аман ӘЙТІМ

Алдыңғы «
Келесі »