Сот реформасының түпкі мақсаты – адалдық, кәсібилік және әділдік

  • 07.12.2016
  • 582 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Біз Тəуелсіздік жылдары мемлекет құра отырып, Қазақстанда жүргізілген іргелі реформаларға сай қазіргі заманғы сот жүйесін қалыптастыруға айрықша көңіл бөлдік. Мұнсыз алға қарай шынайы жылжу болмайды. Атап өткенімдей, аз нəрсе жасалған жоқ. Алайда, біз атқарған орасан жұмысты жұртшылықтың оң бағалауы, тұтастай алғанда, сот қаншалық жылдам жəне ең бастысы, əділ болатындығына байланысты, деп бастады өзінің сөзін Елбасы. 


Мемлекет басшысы айтып өткендей, адамдар өз мəселелерін шешу үшін айлап-жылдап билік дəліздерінде жүгіруге тиіс емес. Заң бұзылған жағдайда адам сотқа баруы тиіс жəне сол жерде өз құқықтары мен бостандықтары қорғалатынына сенімді болуы керек. Барлық өркениетті əлемде осылай. Демек, кез-келген нағыз сот реформасының түпкі мақсаты – судьялардың адалдығы мен кəсібилігі, əділдік жəне əділ сотқа қолжетімділік болып саналатын тəуелсіз жəне сатылмайтын сот билігі. 
Мен жариялаған, құқық қорғау органдары мен соттардың проблемаларының бүкіл қырын қамтитын Ұлт жоспары дəл осы міндеттер ауқымын шешуге бағытталған. Ұлт жоспарын жүзеге асыру үшін екі жылда аз шаруа атқарылған жоқ, соның ішінде мемлекеттің қылмыспен күрестегі мүмкіндіктері күшейтілді, азаматтар мен мемлекет мүдделерінің құқыққа қарсы əрекеттерден қорғалу деңгейі өсті. Былтыр Парламенттің белсенді жұмыс істеуінің нəтижесінде нормативтік-құқықтық база қалыптастырдық. Ұлт жоспарының орын- далуын қамтамасыз ететін ондаған заң қабылданды. Бұл заңдар 2016 жылғы 1 қаңтардан іске қосылды. Енді гі əңгіме не істелгені жөнінде, деп атап көрсеткен Мемлекет басшысы барлық 100 қадам мүлтіксіз орындалуы тиістігін қадап айтты. Құқық қорғау органдарында кадр жө­нін­дегі жұмыс жетілдіріліп жатыр. 
Құқық қорғау құрылымдары қыз- меткерлерін іріктеу жүйесі біліктілік негі­зінде жақсартылуда. Жергілікті поли­ция қызметі құрылып, жұмыс істеу де, ол жергілікті билік органы мен жер­гілікті қоғамдастыққа есепті. Полиция жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету үшін қоғамдық кеңестер құрылды, олар полицейлердің этикалық нормаларды бұзатын əрекеттеріне қатысты шағымдарды қарайды. Жұртшылыққа полиция жұмысының тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» интернетпорталы іске қосылды. Қылмыстық жазаны орындау жүйесі жаңғыртылуда. Бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан азаматтарды əлеуметтік сауықтырудың жаңа жүйесі түзілуде, деді Мемлекет бас­шысы. 
Елбасының айтуынша, осы жұ­мыс­тардың басты буыны сот билігі болып саналады, оны жаңғыртпайынша қалған шараның бəрі іске аспауы мүмкін. Сол себепті, «100 нақты қадам» – Ұлт жос­парын жүзеге асыру барысында сот жүйе­сі түбегейлі жаңаруы тиіс, деді Прези­дент. Басталған жаңғыртулар аясында қазір­дің өзінде біраз жұмыс атқарылған. Мə­селен, сот жүйесінің көпсатылығы жойыл­ды. Ол оңтайлы əрі азаматтар үшін мейлінше қолжетімді бола түсті, сот ісін­дегі əуре-сарсаң тудыратын жағдайлар түзетілді, сот төрелігі жедел əрі ашық бола бастады. Мемлекет басшысының айтуынша, сот төрелігінің сапасын арттыру үшін соттарды мамандандыру əрі қарай жалғастырылуда. Инвестициялық даулар жөніндегі сот өндірісі енгізілді. 
IT-технологиялар негізінде барлық жерде сот барысының бейне және үн жазбасы жасалады. Бұл адамдардың сенімін ұлғайтады. 
Елбасы бұдан әрі «Астана» халықаралық қаржы орталығын құрып жатқанымызға, онда Англия құқығы, сондай-ақ әлемнің жетекші қаржы орталықтарының стандарттары қолданылатынына тоқталды. Орталықтың қатысушылары арасындағы дауларды шешу ісі мемлекеттік сот өндірісі жүйесіне кірмейтін тәуелсіз сот пен Халықаралық арбитраж орталығы арқылы жүзеге асырылады, деген Президент алқа билер сотын қолдану аясы кеңейгенін айтты. 
Судьяларды кадрлық іріктеу жүйесін жаңғырту аясында Жоғары Сот Кеңесі реформаланып, дербес мекемеге айналды, құрамы мен өкілеттігі кеңейді. Судьяларға қойылатын талаптар барынша қатайтылды. Дайындығы нашар тұлғалардың судьялар корпусына еніп кету ықтималдығын болдырмайтын жүйелі шаралар қабылданды. 2016 жылы судьялардың кәсіби деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін бағалау жүйесі қолданысқа енгізілді, деп атап өткен Елбасы съезде судьялардың мінез-құлқының жоғары стандарттары қарастырылған жаңа Этика кодексін қабылдау маңызды оқиға болатынын айтты. 
Заңды күшіне енген сот шешімінің тиісінше орындалуы өте маңызды. Сон­дықтан да, Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында жеке сот орындаушылары институты нығайтылуда. Осылайша, сот­тың негізгі құқық қорғау институты ретін­дегі мүмкіндіктері жүйелі түрде өсіп келеді. Біз Жоғарғы соттың құрамын айтарлықтай ұлғайттық, онда елдегі ең үздік сот кадрлары шоғырланды. Енді соттар өздерінің биік әрі жауапты миссиясын орындау үшін барлық құқықтық құралдар мен мүмкіндіктерге ие. Енді тек қоғам үмітін ақтау қалды, ал ол өте жоғары. Адамдардың бағасы сот жүйесінің жетістігін анықтайтын басты өлшем болып саналады, деді Президент. 
Дегенмен, Елбасының айтып өтке­ніндей, әсіресе, кейбір судьялар құқық бұзуға жол берген кездері.азаматтар тарапынан алаңдаушылыққа себеп те жоқ емес. Тек биылдың өзінде 32 судья тәртіптік жазаға тартылса, тағы екеуі келеңсіз себептерге байланысты лауазымынан босатылған. Мүмкін, бұл бұрынғыдан аз шығар, бірақ қалай болғанда да, бізді тыныштандыра алмайды. Сот жүйесінде мұндай болмауы тиіс, деп атап өтті Мемлекет басшысы. 
Өкінішке қарай, біздің азаматтарымыз іс жүзінде әділеттілік іздеп жоғары сот инстанциясына немесе прокуратураға шағымдануға мәжбүр. Үстіміздегі жылы тек прокуратураның наразылығы бой- ынша Жоғарғы сот тарапынан төменгі соттардың азаматтық істер жөніндегі 63 шешімі қайта қаралған. Ал бұл бастаған реформаларымыздың әлі де аяғына дейін жеткізілмегенін білдіреді. Сондықтан, соттар қызметінің беделін көтеру мен жақсарту бойынша жүйелі және күн сайынғы ыждағатты жұмыс қажет, деп атап көрсетті Нұрсұлтан Әбішұлы. 
Құрметті судьялар және съезд қонақ­тары, деп жалғады сөзін Президент, Ұлт жоспарын жүзеге асырудың Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келуінің нышандық мәні бар. Біз 2050 Стратегиясының басты мақсаты – Қазақстанның әлемдегі аса дамыған отыз елдің қатарына енуіне ұмтылып отыр­мыз. Сондықтан, біз қандай жағдайда да «тежегішті басып», Ұлт жоспарын жүзеге асыруды «шайқалтуға» жол бермеуіміз керек. Оның үстіне, басқа реформалардың барлығындағы табысымыз тікелей «заң үстемдігі» секілді шешуші бағытқа байланысты болып отырған жағдайда. Бұл туралы мен ылғи да айтып келемін. 
Елбасы келесі кезекте соттар мен құқық қорғау органдарының алдына қойылған Ұлт жоспарының екінші бағытындағы 19 қадамнан тұратын міндеттердің әзірше тек 13 қадамы ғана орындалғанын, қалғандары аяғына дейін жеткізілмегенін атап көр­сетті. Мен ескерткенмін: алға қойған мін­дет­тердің жарым-жартылай орындалуы деген мүлдем болмауы тиіс, өйткені, бұл жерде әңгіме еліміздің болашағы туралы болып отыр, деді Нұрсұлтан Назарбаев. 
Ұлт жоспарын нақты жүзеге асыру ел азаматтары тарапынан соттар мен құқық қорғау органдарының қызметін бағалауда түбегейлі жақсару жағына қарай бет бұруы керек. Бұл бағалау жұртшылықтың соттарға қаншалықты сенетіндігі мен олардың жауапкершілік өлшемін айқындайтын болады. Заң үстемдігін қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда, әзірше Ұлт жоспа-ры талап ететіндей деңгейде жұмыс жа­салған жоқ. Және ұлттық сот жүйесінде белгіленген міндеттерді шешуге ерекше рөл беріліп отыр, деді Мемлекет басшысы. 
Нұрсұлтан Әбішұлы, сондай-ақ, қо­ғамның Қазақстан заңнамаларының бұл­жымай орындалатынын, ал соттардың заңдылық пен әділеттіліктің күзетінде тұра­тынын білулері тиіс екенін көлденең тартты. Сондықтан, қазақстандық сот төрелігі дамуының негізгі, перспективалы бағыттары қандай екенін нақты елестету маңызды. 
Сонымен, Президент қазіргі жағдайда Қазақстан соттарының алдында мынадай негізгі міндеттер тұрғанын атап айтты: 
Бірінші. Заң үстемдігін қамтамасыз ету негізгі міндет болып қала береді. Ал оны шешуде сот маңызды рөл атқарады. 
Судья, сот төрелігін жүзеге асырарда, Конституцияда белгіленген қағидаттарды қатаң басшылыққа алуы тиіс. 
Бірақ бұл жерде судья көрсеткіштер мен статистикаға байланып қалмауы керек. 
Судьяның шынайы тәуелсіздігі заңды қатаң сақтауы мен өзі қабылдаған ше­шім­нің дұрыстығы мен әділеттілігіне сенім­ділігіне негізделеді. Сот заңды және әділетті болуы керек. 
Өз кезегінде, заң алдында және сот алдында барлығы тең болуы тиіс. 
Көріп отырсыздар, «судья» деген мәр­тебелі сөзді қанша рет пайдалануға тура келіп отырғанын, деді осы арада Елбасы. 
Ол – заң процесінің басты фигу- расы. 
Ол адаммен бетпе-бет келеді және оның проблемаларын шешеді. Нақ сол заң үстем­дігін қамтамасыз етеді. 
Мен баршаның заң және сот алдында тең екендігі туралы текке айтып отырған жоқпын. 
Жемқорлықпен күрес шеңберінде министрлердің, әкімдердің, ЭКСПО-2017 басшыларының жауапкершілікке тартылып, жазаланғаны белгілі. Бұл заң алдында баршаның тең екендігі қағидаты сақталып отырғанын айғақтайды. 
Өз кезегінде, судьялар да өз қатар­ларының тазалығы үшін әркез алаң­дау­шылық білдіріп отырулары керек. 
Заң күзетінде тұрған судьяның заң бұзушы болуға, оның үстіне, қылмыскер болуға хақы жоқ, олай болған жағдайда ол қатаң жауапкершілікке тартылады. 
Бұл – нонсенс. Бұл бүкіл сот билігінің беделін бірден түсіреді. 
Судьялар қоғам­дастығында, қай жер­дегіден де, құқық бұзушылықтың, әсіресе, жемқорлық құқық бұзушылықтың профилактикасы бойынша жүйелі шаралар қабылданып тұруы тиіс. 
Адамзат қоғамының өмірі талас-тар­тыс­сыз және дау-дамайсыз болуы мүм­кін емес екені белгілі. Жанжалдасушы та­раптың бір жағының қашанда көңілі толмай тұрады.
Және құқықтық таластар мен коллизияларды шешуде соттың рөлі қаншалықты зор екені айқын көрінеді. 
Судья тек заңды жүзеге асырушы ре­тінде ғана көрінбейді, ол – қоғамдағы қара­ма-қайшылықтардың алдын алып, адами қарым- қатынастарды үйлестіретін, азаматтардың өмірін болжамды және тұрақты ететін тұлға. 
Осылайша, Қазақстанда, тұтастай алғанда, отандас­тарымыздың, сондай-ақ, шетелдіктердің, түгелдей қоғамның, сонымен бірге, шыққан тегіне, азаматтығына, әлеуметтік жағдайына, сенімі мен діни көзқарасына қарамастан, жеке адамның құқықтары мен заңды мүдделері қорғалуы тиіс. 
Бұл – біздің барлық судьяларымыздың басым міндеті, деді Президент. 
Кәсіп­керлердің, жекеменшіктің құқын қорғау – нарықтық экономиканың өте маңызды элементі. Шағын және орта бизнес – экономика өмір сүруінің негізі. Шағын және орта кәсіпкерліктің құқығын заң аясында қорғау қамтамасыз етілуі тиіс. 
Сот төре­лігінің сапасы мен жеделдігін арттыру үшін Ұлт жоспарына сәйкес біз бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот жүйесіне көштік. 
Үш сатылы жүйе жағдайында бірінші және апелляциялық инстан­ция­лардың рөлі мен маңызы артады. Төменгі соттардың шешімдеріне Жоғарғы Сотқа түсетін арыз-шағымдардың саны олардың жұмыс сапа­сына байланысты. 
Алдын ала талдау үміт артатын қоры­тындыларға алып келді – үш сатылы жүйе, тұтастай алғанда, өзінің тиімділігін көрсетіп отыр. 
Соны­мен бірге, іс жүзінде мәселелер туындауы мүмкін және сондай кездері сот төрелігінің үш сатылы жүйесін жетілдіру бойынша жедел шаралар қабылдаған жөн, деді Нұрсұлтан Назарбаев. 
Екінші. Әлемдегі жетекші отыз елдің қатарына ену міндеті бізден қазіргіден де үлкен күш-жігер жұмсауды талап етеді. 
Ал бұл біздің сот жүйеміз бен сот төре­лігін айту үдерісі сенімге ие болып, озық әлемдік стандарттарға сәйкес келуі тиіс дегенді білдіреді. 
Қызметі белсенді ете түсуді қа­жет­сі­нетін Жоғарғы сот жанын­дағы Ха­лық­аралық кеңестің жұмы­сы да осыған бағытталатын болуы тиіс. 
Оң халықаралық рейтингтерге және сот төрелігін жүзеге асырудың сыртқы жақсы көрсеткіштеріне қарамастан, бір шешетін мәселе қалып отыр – ол соттар мен құқық қорғау органдарына жұртшылық сенімі деңгейінің жетімсіздігі. 
Оған қазақ­стандықтардың жоғары мемлекеттік инстан­цияларға, Президенттің өзіне дейін шағымдануы дәлел, оларда соттар мен құқық қорғау органдарының шешімдеріне арыз-шағымдар бар, кейде тіпті, судьялар корпусы өкілдері мен құқық қорғаушылардың адалдығы мен сатылмайтындығына күмән да келтіріледі, деп атап көрсетті Елбасы. 
Осылайша, тек Президент Әкімшілігіне ғана 2015 жылы азаматтар мен ұйымдардан заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері бойынша 10 мыңдай арыз-шағым түсті. Ал үстіміздегі жылдың 10 айында осындай арыз-шағымдар саны 7 мыңға жуықтады. Сондықтан бір жағынан, сот қателіктері мен әділ емес сот шешім­деріне жол бермеу, сот төрелігін жүзеге асыруға кез келген лауазымды тұлғаның араласуын болдырмау қағидатты түрде маңызды. Жекелеген лоббистік топтардың мүдделері үшін сотқа қысым жасау мақсатында қоғамдық пікірдің өңін айналдыру фактілерінің жолын кесу қажет. Егер ондай талпыныстар орын алса, оларды ашық жариялап, мұндай тәжірибеге қарсы тұру керек. 
Бірақ, сонымен бірге, судьялар қауым­дастығы жабық корпорацияға айналып, қоғамдық сын аймағынан тыс болмауы тиіс, деп жалғады сөзін Мемлекет басшысы. Демократиялық мемлекетте қоғам барлық мемлекеттік институттардың, соның ішін­де сот органдарының да жұмысына баға беруге құқылы. Сондықтан да, Ұлт жоспарында судьялардың есеп­тілігін күшейту міндеті қойылған, ол, әрине, олардың тәуел­сіздігіне қол сұғу дегенді білдірмейді. Әңгіме пікірлері ескерілуі тиіс азаматтық қоғам жөнінде болып отыр. 
Үшіншіден, деп атап өтті одан әрі Елбасы, әдеттегідей лайықты судьялар корпусын қалыптастыру ең қағидатты мәселе болып табылады. Сот төрелігін тек үлкен өмірлік тәжірибесі мен жоғары моральдық принциптерге ие кәсіпқойлар ғана жүзеге асыруы тиіс. Қазірдің өзінде судьялар корпусын анағұрлым даярлықтан өткен және тәжірибелі мамандар толық­тыруда. Осылайша, алғаш тағайын­далған судьялардың орта жасы 35-ті құрайды. 
Өз ісіне берілген кадрларды іріктеу мен тәрбиелеу ең басты міндет болып қала береді. Бәрін де адамдар мен кадрлар шешеді. Біздің реформала­рымыздың негізгі мәні де осында. Егер қажетті адам­дарды дайындап, тағайын­дамасақ, мемлекеттің маңызды міндеттері орындалмайтын болады, деп атап көрсетті Президент. 
Біздің жағдайымызда реформа азамат­тардың сеніміне күмәнсіз лайық болып табылатын, беделі мінсіз судьялар корпусын қалыптастыруға алып келуі тиіс. Сонымен бірге, сот жүйесіне күшті және перспективалы заңгерлердің келуі үшін жол жабылмауы тиіс. 
Жоғары Сот Кеңесі осынау маңызды міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуді көздейді. Жоғары Сот Кеңесі қазіргі кезде судья кадрларын сапалы іріктеуге толық жауапкершілікті, дербес орган болғанына қарамастан, әлі де өз әлеуетін соңы­на дейін аша алған жоқ, деп атап өтті осы орайда Мемлекет басшысы. Кеңес өз жұмысында көбірек принциптілік танытуы тиіс. 
Судья кадрлардың даярлық сапасын арттыру үшін биылғы жылы Жоғарғы сот жанынан Сот төрелігі академиясы құрылды. Ол бюрократиялық ұйымға айналмауы керек. Академияның басты міндеті – Тәуелсіз Қазақстан үшін судьялардың жаңа буынын дайындау. Судьяларды дайындау бағдарламалары тәжірибеге барынша бағдарланған болуы тиіс. 
Төртіншіден, деп жалғады сөзін одан әрі Мемлекет басшысы, құқықтық және унитарлық мемлекет жағдайында елдің бүкіл аумағында заңдылықтың бірегей режімі мен бірегей сот тәжірибесі болуы керек. Құқықтық айқындық деңгейін көтеріп, тұрақты және болжамды сот тәжірибесін қалыптастыру қажет. 
Сот ісін жүргізудің жаңа схемасы Жоғарғы сотқа назарды тек неғұрлым маңызды істерге ғана аударып қоймай, сонымен бірге, сот тәжірибесі мәселелері бойынша талдаумен және түсініктемелер қалыптастырумен айналысуға да мүм­кіндік береді. Сот істерін қарау тәжі­рибесінің бірегейлігін қамтамасыз ету – біздің Жоғарғы соттың басымдыққа ие міндеттерінің бірі. 
Бесіншіден, деп жалғады ойын Елбасы, судьяларға қатысты жүктемелердің жоғары болу проблемасы әлі де сақталып отыр. Соңғы жылдары сот істерінің саны жыл сайын 200 мыңға өсіп отырды, ал ол істерді қараудың сапасы мен мерзімдеріне тікелей ықпал етеді. 
Жүктемені төмендету үшін 2014 жыл­дың өзінде-ақ менің шешіміммен аудан­дық соттар судьяларының штаттық саны 450 бірлікке және соттар аппаратының саны 540 бірлікке ұлғайтылған болатын. Біз соттар аппаратының санын үнемі ұлғайта бере алмаймыз. Сондықтан бітістіру процедуралары мен дауларды соттан тыс реттеу тетіктерінің іс-қимылын ұлғайту жөніндегі шаралардың неліктен күткендегідей нәтиже бермей отырғандығына мұқият талдау жасау қажет. Бұл жерде елеулі кемшіліктер бар. 
Халықпен жүйелі негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет, деп атап өтті Мемлекет басшысы. Азаматтарға істі сот процесіне жеткізгеннен гөрі, өзара бітісудің әлдеқайда тиімдірек екенін түсіндіру қажет. Өйткені, қазір, егер тараптар татуласар болса, тіпті, төленген баж салығының өзі кері қайтарылады емес пе. 
Сонымен, құқықтық ағарту мәселесі өте маңызды болып табылады. Азаматтардың құқықтық сауаттылығының арқасында сот дауларының санын бірнеше есеге дейін қысқартуға болады. Әділет минис­трлігі тиісті қызметтерінің бұл орайдағы күш-жігерінің жеткіліксіз екені байқалып тұр. Бюджеттен құқықтық мәдениетті арттыруға бөлінген қаржыны тиімді пайдаланған жөн. 
Азаматтарды құқықтық ағарту саласында мемлекеттің барлық заңгерлік қызметтерінің қосымша күш-жігерлері қажет. Бұл – жергілікті жерлердегі судьялардың да ең басты міндеттерінің бірі. Халықпен жиірек кездесіп, оларға құқықтар мен қазіргі күшінде тұрған заңдарды түсіндіру қажет. Бұған айрықша көңіл бөлу керек. 
Бүгін, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында – сот билігі азаматтардың құқықтарын, қоғам мен мемлекет мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін елдігіміздің берік тұғырларының бірі болып табылады деп айрықша атап айтқым келеді. Енді алдымызда сот жүйесінің бәсекеге қабілеттілік деңгейін және оған қоғамның сенімін арттыру міндеті тұр. Олай болса, алда судьялар корпусын үлкен жұмыс күтіп тұр. 
Мен сіздердің баршаңызға Қазақстан судьяларының алдында тұрған жоғары мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуде табыс тілеймін, деп түйіндеді сөзін Мемлекет басшысы.

Алдыңғы «
Келесі »