Әбу Ханифаның ақидаға қатысты ұлағаттары

  • 07.08.2012
  • 690 рет оқылды
  • 1

Мәди Тәттібаев,
Нұр-Мүбарак Египет Ислам
университеті «Дінтану»
факуль­тетінің
2 курс магистранты

«Әл-Фиқһул-Акбар» – Әбу Ханифаның сенімге қатысты мәселелердегі көзқарасын білдіретін қысқа да нұсқа еңбегі. Әрі имамнан әртүрлі риуаяттармен жеткен. Осылардың ішінде ұлы Хаммад пен шәкірті Әбу Мутиъ әл-Хәкам б. Абдуллаһ әл-Бәлхи тізбектерімен жеткен риуаяттар атақтысы болып келеді [4.106]. Хаммадтың риуаяты «әл-Фиқһул-Акбар» деген атпен, ал, Бәлхидің риуаяты болса, «әл-Фиқһул-Абсат» деген атпен мәшһүр. Баязизада осы екі риуаят тізбегін былайша береді: Садрул-ислам әл-Пәздәуи Әбу Яқуб әс-Сәйяриден; ол Әбу Жәғфар әл-Һиндуаниден; ол Әбул-Қасым әл-Бәлхиден; ал ол Нусайр б. Яхя әл-Бәлхи, Әбу Мутиъ әл-Бәлхи және Мұхаммед әр-Рази, Хаммад б. Әбу Ханифа болып, екі бөлек жолмен риуаят еткен [5.100].
Заһид әл-Кәусари (?-1371//1952) әл-Фиқһул-Акбардың, Медине Ариф Хикмет кітапханасындағы 226 нөмірде тұрған нұсқасының бас жағында Ибраһим әл-Ғураниге тиесілі мына тізбекпен риуаят етілгендігін жазады: Әли б. Ахмед әл-Фариси, Нусайр б. Яхия, Ибн Муқатил (Мұхаммед б. Мұқатил әр-Рази), Исам б. Юсуф, Хаммад б. Әбу Ханифа, Әбу Ханифа [6.6].
Ислам ғұламаларының көпшілігі бұл еңбектің Әбу Ханифаға тән екенін мойындаумен қатар, еңбекте ол дәуірде әлі тартыс тақырыбына айналмаған кейбір мәселелердің орын алғандығын айтады. Осы пікірде болған ғұламалардың бірі Ахмед Әмин (?-1372//1954 ж) әл-Фиқһул-Акбардың Әбу Ханифаға тән екендігін мойындаумен қатар, қолымыздағы нұсқалардың ішінде кейбір кейіннен қосылған мәселелердің болғандығын айтқанымен, алайда, бұлар жайлы мағлұмат бермеген [8.198]. Шибли Нуғмани (?-1332//1914) мен Мұхаммед Әбу Захра осы қосылған мәселелерді кеңірек түсіндіреді. Шибли осы қосылғандарға мысал ретінде, әл-Фиқһул-Акбардың жазылған дәуірі үшін ерте саналатын жауһар, араз секілді философиялық терминдердің қолданылуын, халқул-Қуран мәселесіне қарағанда, олардың көбірек қолданылғандығын алға тартады [9.94-95]. Ал, Мұхаммед Әбу Захра болса, бұл мәселе жайында былай дейді: әл-Фиқһул-әкбарда кейбір мәселелер бар, бұлар Әбу Ханифаның ғасырында, тіпті, одан бұрынғы ғасырларда да қозғалмаған. Қолдағы бар еңбектердің ешқайсысында оның замандастарынан, яки, одан бұрынғылардың ешбірі мұғжиза, керемет және истидраж арасындағы айырмашылықты түсіндіргендігін көрмейміз. Алайда, әл-Фиқһул-Акбарда былай айтылады: Пайғамбардың мұғжизалары және әулиенің кереметі ақи­қат. Бірақ, хабарларда айтылғандай, Ібі­ліс, Перғауын, Дәжжал сияқты Алла дұш­пандарының қазірге дейінгі жүзеге асырған және асыратын халдерін мұғжиза, яки, керемет деп атамаймыз. Бұл тілек-қалауларын жүзеге асыратын «истидраж» деп аталады. Өйткені, Алла дұшпандарының тілек-қалауларын оларды бірте-бірте азаптап, соңында жазаға тарту үшін жүзеге асырады. Олар бұған алданып, адасқан үстіне адасады. Бұлар, рұхсат әрі мүмкін. Әулиелердің кереметі, кәпірлерде жүзеге асқан таңғажайып халдер, әдеттен тыс нәрселер арасындағы айырмашылыққа байланысты бірде-бір сөзге сол ғасырда болған тартыстарды кездестірмейміз. Бұлар Исламда сопылық пайда болған соң, кәлам ғалымдары арасында қозғала бастады. Ғұламалар Алланың әулие кісіге сыйлаған қасиеттері жайлы сөз қозғап, олардың таңғажайып халдері төңірегінде пікір білдіре бастады. Осы бір тұс, бізді бұл мәселенің еңбекке кейіннен қосылғаны жайлы күдікті ойға итермелейді. Яки, бұл еңбек сол ғасырда Матуриди және Әшғари көзқарастарына ыңғайластырылып қайта жазылған [10.168-169]. Ардақты Елшіден (с.ғ.с) кейін, адамдардың ең ардақтылары аталғанда, Әбу Бакр, Омар, Осман және Әли деп рет-ретімен аталады [11.168]. Пайғамбардың әке-шешесінің ақыреттегі жағдайы мәселесі турасында нұсқалардағы әртүрлі мәліметтер [12.130] және кейінгі кезеңдерде туындағандығы жорамалданған «кәсб» жайлы тартыстарға сілтеме жасауы осы еңбектегі мәселелердің толықтай Әбу Ханифаға тән екендігіне күмән туғызады. Мәудуди, Әбу Ханифа мен Әбу Юсуф жайлы жазған бір мақаласында «әл-Фиқһул-Акбар»-дың кейбір бөлімдеріне қатысты күмәндер бар екенін айтумен қатар, төрт Халифаның жағдайы, сахабалардың орны мен иман анықтамасы бөлімдерінің сенімділігінде ешқандай күмән жоқ екенін, өйткені, тура сол көзқарастарды «әл-Уәсия» мен «әл-Фиқһул-Абсат» секілді шығармалары мен Әбу Ханифаның шәкірттері Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммедтен жеткен көзқарастарын жинаған Тахауидің (?-231//933) «Ақида» атты кітабынан кездестіруге болатынын айтқан [13.305]. Әл-Фиқһул-Акбар бірнеше тілге аударылып, жарияланған. Үрді тіліндегі аудармасы 1289 жылы Делиде, пенжапша аудармасы 1890 жылы Лахорда, немісше аудармасы 1915 жылы Женада басылды. Түрік тіліндегі аудармасы әрқилы уақытта әртүрлі кісі тарапынан жарияланды. Он беске жуық түсіндірмесі (шарх) жазылған.
«Әл-Ғәлим уәл-Мутағәллим» – шәкірті Әбу Муқатил Хафс ибн Сәлм ас-Самарқандидің (208/823) сұрақтары мен берген жауаптарынан тұратын еңбек. 43 сұрақ пен жауаптан құралған. Заһид әл-Кәусәри Әл-Ғәлим уәл-Мутағәллимнің рауилерін былайша тізбектеуде: Әбул-Хасан Әли ибн Хәлил әд-Димашқи (Ибн Қадил-Әскар) Әбул-Хасан Бурхануддин Әли ибн әл-Балхиден: ол Әбул-Муғин Мәймун ибн Мухаммед әл-Макхули ән-Насафиден, ол әкесінен, ол Абдулкәрим ибн Муса әл-Пәздауиден, ол Әбул-Мансур әл Матуридиден, ол Әбу Бәкір Ахмед әл-Журжаниден, ол Мухаммед ибн Мутақил әр-Разиден, соңғы екеуі Әбу Мутиғ әл-Хакәм ибн Абдуллаһ әл-Балхи және Ғисам ибн Юсуф әл-Балхиден, бұл екеуі де Әбу Муқатил Хафс ибн Сәлм ас-Самарқандиден, ол болса, Әбу Ханифадан сұраған сұрақтарының жауабын жеткізген [33.5]. Әл-Ғәлим уәл-Мутағаллимнің Стамбулда Фатих (5392/1), Эсад эфенди (3522/2), Дамад Ибраһим (297/41) және Рашид эфенди (116/1) кітапханаларында жазба нұсқалары бар. Әл-Ғәлим уәл-Мутағаллим 1349/193 жылында Хайдарабадта, 1368/1949 да Каирда (Кәусәри тарапынан) және 1981-де Стамбулда (Мустафа Өз тарапынан) басып шығарылған. Ибн Фурак (406/1015) тарапынан шарх етілген [34.225]. Бұған қоса, Мұхаммед Раууас Калғажы мен Абдулуаххаб әл-Хинди ән-Нәдуи тахқиқ етілген күйде басып шығарған (Халаб, 1972). Әл-Ғәлим уәл-Мутағаллим Имам Матуриди [35.828]. Ибнун-Нәдим [36.256]. Фахрул-Ислам әл-Пәздауи [37.4] Әбул-Юср әл-Пәздауи [38.4] Абдулазиз әл-Бухари [39.8]. Бәззази [40.122] және Кәтиб Челебидің [41.1437] ішінде болған көпшілік ғалым тарапынан Әбу Ханифаға тиісті етілген. Зәһаби (748/1348) және бұл мәселеде оның пікірін мақұл көрген кей орионталистер болса, бұл қатынасты қате деуде. Зәһаби Мизанул-Иғтидалда Ахмед ибн Әли әс-Суләйманидің (412/1021), Әбу Муқатил Хафс ибн Сәлмнен әл-Ғәлим уәл-Мутағаллим есімді еңбектің иесі ретінде әңгіме еткенін баяндайды [42.558]. Орионталист Schacht Зәһабидің негіздемесін орынды деп бағалайды және алға тартқан жаңа кей дәләлдермен бұл негіздемені қолдайды [43.96-102] W. Madelung та бұл пікірге қосылады [44.461-466].
«Әр-Рисала» – Әбу Ханифаның Басралық ғалым Осман ибн Муслим әл-Бәттиге (143/760) өзін Мұржиядан болды деген айыптауына қарсы жазған шағын кітапшасы [45.176-177]. Бұл рисалада Осман әл-Баттидің өзіне жазған хатында «Адасушылықта қалып қойған момын» сөзін қолдануының қате екенін айтуына қарсы Әбу Ханифаның берген жауабы: «Мен үшін басты негіз Құран мен Хазіреті Пайғамбардың істері. Бұлардың тысындағы нәрселермен амал етушілер Бидғатшы адамдар», – деуде, пікірлерінің тура екенін аят, хадис және сахаба істерімен дәлелдеуге тырысады. Әбу Ханифа өзінің Мұржияға тиісті етіліп айыпталуын былайша сараптауда: Әһлул-Бидға ақиқат пен туралық айтқан адамдарды бұл есіммен атайтын болса, ақиқатты айтушылардың мұнда не күнәсі бар. Бізге Мұржия есімін дұшпандарымыз таққан. Рисаланың Фатих 5392/6 (116 – 124) және Сәлим аға 587/10 (170 – 184) кітапханаларында жазба нұсқалары бар. Заһид әл-Кәусәри тарапынан 1368/1949-да Каирда басылып шыққан. Бұған қоса, Мустафа Өз тарапынан 1981 де түрікше аудармасымен бірге басылып шыққан. Әбу Ханифаның Осман әл-Баттиге жазған басқа бір Рисаласы да Сәлим аға 581/11 (174 – 176) санымен тұр. Әбу Ханифаның еңбектерінің ішінде шығарма түрінде жазылған бір ғана еңбегі осы [46.129] қалғандарының барлығының Имла түрінде (жаздыруымен) жазылғандығы болжануда.
«Әл-Уасия». Әбу Ханифаның ұлы Хаммад [47.3] шәкірттері Әбу Юсуф (182/798) [48.7] және Юсуф ибн Хәлид әс-Сәмти және достарына тиісті етіп жазған рисалары бар [49.4] қолымыздағы әл-Уасия достарына және шәкірттеріне өсиеті болып Әбу Муқатил Хафс ибн Сәлм ас-Самарқанди (182/798) тарапынан риуаят етілген [50.4]. Бұған қоса, Әбу Юсуф арқылы келген риуаяттары да бар. Өйткені, Каусәри басып шығарған еңбегінің кіріспесінде осы риуаятқа сүйенгенін айтуда [51.1]. Ұлы Хаммадқа өсиетіне Осман ибн Мустафа тарапынан Зубдатун-Нисайх есімімен бір шарх жазылған [52.1]. Әбу Ханифаның Ислами негіздермен байланысты кейбір достарына жазған өсиеттері түрлі кітапханаларда жазба нұсқалары бар болып, Әкмәлуддин әл-Баберти (786/1384), Молла Хусейн ибн Искендер әр-Руми (1084/1672) және шархта жазылған.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Әбул-хайр Мұхаммед Әйюб Али, Ақидәтул-Ислам уәл-Имам әл-Матуриди,Докка,1983 ж.
2.Әл-Усулул-Мунифа, лильимами Аби Ханифа Ахмад ибн Хусайн бин Синанид дин. Стамбул 2000 ж.
3.З.Кәусари,Нукатут-тарифа фит-тахаддус анрудуди,Ибн Әби Шәйба ала Әби Ханифа,Каир, 1945 ж.
4.Ташкөпризаде,Абулхаир Исмуддин, Мифтахус-cаада фи мисбаһус сияда фи маусуатил-улуум, Дарул-кутубил хадис,Каир 1968 ж.
5.А. Әмин, Духаул-Ислам, Каир, 1964 ж.
6.Шибли Нұғмани,mevlana,imam Abu hanifah life and work,New Delhi 1988 ж.
7.М. Әбу Захра, Әбу Ханифа,Хаятуһу уә асруһу,арауһу уә фиқһуһу,дарул-фикрил-араби,Каир,1997 ж.
8.Әбу Ханифа Нұғман ибн Сабит, әл-Фиқһул-Акбар,Станбул 1981 ж.
9.Абу Уалид Сулайман ибн халаф ибн сағд Әлбааджи, «Мунтәһә» Дарус-са-адат,1913 ж.
10. Мәудуди, «Әбу Ханифа ве Әбу Юсуф», Ислам дүшүнжеси тарихи, 2/305.
11. Фуад Сезгин,Geshichte des Arabischen Schrifttums,E.J Brill,Leiden 1967 ж.
12. Brockelmann,Carl,Geschichte der Arabischen literature,E,J Brill,Leiden 1943 ж.

Abu Hanifah belies
The present conference is for the first time held by the Religious Administration of Muslims in Kazakhstan inaugurates a new stage of Islamic thought in our country, i.e. transition to the scientific understanding of the basis of Islam – the greatest world religion – after its rebirth on the immense territory of our country. It became feasible in the result of gaining political in the beginning and religious later on sovereignty by Kazakhstan. A big list of the conference participants and variety of the topics, viewpoints, historical excursions and expositions proposed for the discussion indicate a huge interest in Hanafi Mazhab.

Алдыңғы «
Келесі »

1 Пікір бар

  1. … жақсы жазылған екен, керемет!!!

Пікірлерге тыйым салынады.