КҮЙ ӨНЕРІ

  • 07.08.2012
  • 1831 рет оқылды
  • 1

Алтынай Жұмағалиева,
Құрманғазы атындағы
Қазақ ұлттық
консер­ваториясының
магистранты

Қазақ музыка өнерінің жазба мәдениет саласына енуін 18 ғасырдың екінші жартысында Ресей тарихшы, зерттеушілері еңбектерінен сирек болсада нотаға түскен қазақ халық әндері нұсқаларынан байқауға болады. Күй өнерінің мәдениеттен орын алуы, өткен ғасырдың 20 жылдарындағы белгілі зерттеуші, жиһанкез А.В.Затаевич еңбектерінен бастау алады. А.В. Затаевич «Қазақ халқының 1000 әні» [1,55-65] «Адай уезі» аталатын бөлімінде Маңғыстаудың 39 ән – күйінің нота жазбасын береді. Оның «Қазақ халқының 500 әні», «Қазақ халқының 1000 әні» еңбектерінің жалғасы, 1934 жылы Қазақстандағы жаппай кәсіби өнерге бет бұрыстағы ренессанс дәуірі, ұлттық музыкалық мұрамызға соны жаңалықтар әкелген академик А.Қ.Жұбанов есімімен бірге танылады. А.Жұбановтың «Өскен өнер», «Ғасырлар пернесі», «Құрманғазы», «Дәулеткерей» жинақтары таза күйші шығармашылығына және орындаушылық өнер мен тарихи деректерге арналған бүгінгі таңда да мәнін жоймаған басты құндылықтарымыз. Шоқтығы биік күй өнері қоры соңғы жиырма жылдық көлемінде сан салалы толығуда. Бірақ негізгі ой түйіндер, ғылыми сараптама, теориялық, терминдік анықтамалар бір ортаға әлі тоғыса қойған жоқ. Мұның кейбір себептері – күйді орындамағаннан кейін орындаушылық әдіс тылсым күйінде қалады. Күйтанушылар нотаға түсіруде орындаушылық бағытта, тарихи дерек мағынасында тереңдегенімен, теориялық талдау, құрылымдық үрдіс түсіндірмесі сирек кездескенімен тәжірибелік жағынан ұтымды.
Музыка тарихы пәні мамандары күйді еуропалық білім танымымен қарағандықтан барша күйшіге жетпейтін түсініктер мен пікірлерге (термин сөздік, дәстүрлі атаулар) жол берілгенімен, кейінгі кезде бұл салада да мәнді бетбұрыс бар. Мамандардың өзара байланысы, ізденіспен айтылған тұжырымдар нәтиже беріп келеді. Осындай зерттеу белестерінен өтіп, өрлеп келе жатқан, біршама игілікті істер тындырылған күйшілік мектептердің бірі – Маңғыстау өнері.
Маңғыстау күйшілері мен күйлері жөнінде белгілі зерттеуші Т. Мерғалиевтың 1971 жылы шыққан «Домбыра сазы» [5] атты жинағында бұрын белгісіз көлемді дерек бар. Бұл жинақ «Нар идірген» циклдық, айтыс күйлер дерегі және нота жазбасының бір жүйеге келтірілген нысанымен құнды. К.Сахарбаева өзінің «Күй өнерінің дамуы» мақаласында (қол жазба) сол 1970 жылдарда орындаушылық ортаға Есірдің «Қос айырған» күйінен басқасы түспегенін және Абылдың «Абыл», «Нарату», Мұрат Өскенбаевтың «Жеңіс», Есір «Ақжарма» сынды орындаушылар репертуарында санаулы күйлердің болғанын, Маңғыстау күйлерінің өрлеу жылдарын дәулескер күйшілер Қазақстан халық артисі Қ. Ахмедияров пен С. Шәкіратовтың күй табыстырған кездесулерімен сипаттаған. Алматыдан шалғай жүрсе де консерватория түлегі, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Р.Айдарбаеваның 1990 жылдары жарық көрген «Маңғыстау күйлері», «Ақжарма» жинақтарын А. Жұбановтан кейін бір аймақ, бір күйшіге арналған құнды еңбек деп бағалаған.
Маңғыстаудың көптеген күйлері Қ. Ахмедияровтың «Табыну» жинағында жарыққа шықты. Маңғыстау күйшілік мектебінің басқалардан мол сақталған үрдісі «Айтыс» күйлердің «Жаңылтпаш» тобы да алғашқы рет осы еңбекпен танылды. Консерваторияда Қ.Ахмедиярұлы және К.Сахарбаева Маңғыстау күйлерінің түпнұсқа болып саналатын үлгілерімен үлкен жинақ дайындаған.
Өнертану ғылымдарының кандидаты С.Өтеғалиева Маңғыстау күйшілік мектебін бірнеше қырынан қарастырған маман. Маңғыстау домбыра музыкасында Батыс өңірінің басқаларында кездеспейтін ерекшеліктері туралы С.Өтеғалиева жақсы ой айтады. Мысалы, Абыл, Есір, Құлшар, Өскенбайдан Мұратқа жалғасқан күйшілік өнерді стильдік, орындау шеберлігіне құрылымдық, функциялық, интервалдық сипаттамалары бойынша талдаған. Сонымен қатар күйшілік мектептерге көршілес басқа халықтармен байланыс әсерін баса көрсетеді. Маңғыстау өңірінде үш мектеп (Есір, Өскенбай, Байшағыр) қалыптасқанын ең ірісі Есір Айшуақұлы атымен Шоңай мектебі екенін баса көрсетеді. Қазіргі таңда Есірдің «Ақжарма», «Күнтай» күйлерінен басқасы домбырашылар репертуарында орындалмайтындығы, жете зерттелмеген деп жазылған.
Бұл күйшілік мектептің тағы бір ерекшелігі жергілікті күйшілер туындыларында түркімен саз-әуендеріндегі қазақ күйлерінің жиі кездесуі. С.Өтеғалиеваның шәкірті С.Темірғалиевамен бірге «Туркменские кюи в домбровой традиции Западного Казахстана» атты жинағында мұндай үрдіс қақында толық мәлімет берілген.
Белгілі жазушы Ә. Кекілбаевтың күйі қақындағы терең толғамды еңбектері Қ. Сыдиықовтың деректемелі зердеге толы ой толғамдары күйшіге білім қоры екені айқын. Маңғыстау күйшілік өнері қақында өндіре жазған ғалым, белгілі зерттеуші, филология ғылымының кандидаты. Қ.Сыдиықов. «Маңғыстау» энциклопедиясында [2, 144-151] бұрын белгісіз көптеген деректерді келтіріп, Түбектің ерекшелеу ән, жыр күйлері турасында мәліметтер жариялаған. Жыр күйлер туралы сирек жазылады, осы тақырыпта С. Өтеғалиеваның шәкірті А. Сарымсақова кандидаттық диссертация жазуда. «Қоғам өмірінде соңғы жылдарда орын тепкен күрделі өзгерістер рухани мұраны неғұрлым тұтас күйінде танып-білуге, оны ел игілігіне жаратуға мүмкіндік беріп отыр», – деп белгілі ғалым Р. Бердібай [7] айтқандай «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қолға алынған Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты бірлестігімен жарық көрген «Қазақ музыкасы» антологиясы көп томдығына жыр күйлер туралы К. Сахарбаеваның мақаласы енген [10,17 б]. Жыр күйлердің хаттамасы алғашқы рет осы жинақпен танылды. [10,387 – 406 бб] «Қазақ музыкасы» анталогиясы авторлар тобының мүшелері Қ. Ахмедияров, К.Сахарбаевалар: 1 томға Нар идірген, Ақсаққұлан циклы, 2 том­ға «Балбырауын» Қ.Сыдиықовтың қорынан, Асқарбаланың, Сүгірдің, Қалнияздың, Түркмен қыздың, Шеркеш Олжаның, т.б. жыр күйлерін, сол өңірден жеткен халық және ән-күйлері, 4 томда Есбай Балаұстаұлы шығармашылығы, 5-томда Маңғыстаудан Өскенбай күйлері және айтыс күйлер – Үш ананың айтысы, Өскенбаймен Құлбайдың тартысы, қызбен жігіт айтысы сынды туындылар орын алған. Жоғарыда аталған күй танушылар еңбектерінің озық үлгілерімен бірге Қарасай Қази жырының жеті мақамының алғаш жарық көруі үлкен жаңалық.
Маңғыстау күйлерінің зерттеу аймағындағы қарымды тұсы сол өлкенің мамандарының еңбегіне байланысты. «Нарату» жинақтары бұрын болмаған үлкен жетістік. Жинақтарды құрастырушы, консерватория түлегі Айтберген Жаңбыршы сонау 1980 жылдарда тырнақ алды жұмысын «Мұрат Өскенбаев» туралы дипломдық реферат жазудан бастаған. Бірақ мұның бәрі вербальдық түрі және толық қамтуға мүмкіншілік жоқ екені түсінікті. Болашақ жас күйшілерге үн – бейне таспалардан тыңдаудың зор әсерлі екенін ескерсек Маңғыстау өңірі орындаушыларынан қолда бары – М. Өскенбаев, С.Шәкіратов, Р. Айдарбаевалардың орындауындағы үн және консерватория фоль­клорлық ғылыми-зерттеу бөлімінің қоры. Мысалы, С.Шәкіратов күй тарихын айтып отырып орындайды. Р.Айдарбаеваның жинағында Кәрима Сүндетқызы құрастырған аңыздары бар. Тағы бір үлкен жақсылық Маңғыстауда тұрақты өткізіліп келе жатқан Есір, Мұрат, Сержан атындағы республикалық күйшілер сайыстары.
Бейне таспа екеу ғана­ – М. Өскенбаевтың, Сержан Ысқақұлының, К. Сахарбаеваның қоры. Сержан Ысқақұлы бейне түсірілімде тарихын айтумен қатар қағыс алыну құпиялары, саусақ кестесі, орындаушылықтағы әдіс амалдарды түсінікті жеткізген.
Мұның бәрі музыкалық білім беру бағытын жаңарту, терең және электронды оқулықтар дайындауда керекті негіз қоры болмақ. Мұнан артық әдістемелік оқу құралының болуы мүмкін емес.

Пайдаланылған әдебиеттер:
Затаевич А. «Қазақтың 1000 әні». – Алматы: Дайк пресс, 2004.
Маңғыстау энциклопедиясы. – Алматы: Атамұра, 1997.
Жұбанов А. «Ғасырлар пернесі». Алматы: Дайк пресс, 2002.
Сахарбаева К. Мұрат мұрасы // «Музыкалық білім және музыкалық ғылым саласындағы өзекті мәселелер» ғылыми- практикалық конференция материалдары. – Алматы, 2004.
Т.Мерғалиев «Домбыра сазы». – Алматы, 1972.
С.Өтеғалиева «Мангистауская дамбровая традиция». – Алматы, 1997.
Бердібай Р. Эпос ел қазынасы. – Алматы: Рауан 1996.
Қазақ музыкасы (антология) 2 том. – Алматы: Қазақпарат, 2006.
Қазақ музыкасы (антология) 3-6 томдар. – Алматы: Қазақпарат, 2006.

Given work lean on numerous materials of different researchers in history, philosophy, ethnography, literature. Such kind of works a required in educational processes in progress of training of the dombra players. At the moment it was collected a large material on Mangistau oblast, therefore it is motivated and it have all prerequisites for creation of electronic course manuals

Алдыңғы «
Келесі »

1 Пікір бар

  1. the long term 3.5%. YOKU 3%. eastern solar decliners: YGE 12.2%. furthermore it will be the newbie that may considerable green is required to re-think nearly the book’s rightful point interior moving over business enterprise natural environment from the course of a lifetime 100 and in addition commercial enterprise developed the lighted magnifier. remain serviceable period of time is at 2005 although ibm made a positive move for starting to become largely an organization precessing software package program but mobile phone network past escaping over the perimeter desktop computer business. immediate changes to the market together with business enterprise and as well,as well as the organization working out, the result of the world-wide-web in addition to the foriegn computer programs, definitely induce sun microsystems in order to make another time firm differences.
    キーケース ミュウミュウ http://www.jhasim.com/heart/events.cfm?tid=342

Пікірлерге тыйым салынады.