РУХАНИ ИММУНИТЕТ

  • 07.11.2016
  • 178 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Аманхан ӘЛІМҰЛЫ,
«Ақиқат» журналының  Бас редакторы

Неге кезінде үш миллион литвалық музыкатанушы Ландс­бер­гис­тің сөзіне сеніп, неге Грузия халқы филолог Гам­са­хур­ди­дің соңынан ерді? Неге азғана шешен жұрты Дудаевтың бас­тауымен өре көтеріліп, күні қазірге дейін өлім мен өмір арасында тұрса да дегенінен қайтпай отыр? Неге Беларусь елінің бү­кіл­ге дерлігі Ресейге қайта қосылудан бас тартып, Президенті, айта берді Үкіметімен текетіресе алаңға шықты?

Немене, бұлардың ел-жұртын, мекенжайын сол әлеуметтік-экономикалық дағдарыс айналып өтіп, аяқ-қолдарын жылы суға малып отыр ма? Әйтпесе, оларды мынау жерден шық­қан­дай бол­­­ған заман қыспағының лебі шарпымады ма? Әлде, оларды әлем­­­ді құрсаулап, либерализм мен демократия терісін жа­­мыл­­­ған бел­гі­лі бір «аз ұлт» өкілдерінің идеясы мен идеологиясы шал­ға­йы­­на орап, ұлттық сана-сезімдеріне ықпал етпей жатыр ма?
Қалай болғанда да, қазіргі қазақ жағдайында мұның бәрі сұ­рақ. Осы тұста, ел аралап, жер көре жүріп жұртпен тіл­дес­кен­де­гі ұққаным, жоғарыдағы келтірілген дағдарыстардан да қа­уіп­ті­сі ҰЛТТЫҚ САНА-СЕЗІМ ДАҒДАРЫСЫ екен. Әлеу­мет­тік-экономикалық дағдарысты көріп-біліп, бастан кешіп жатырмыз. Ал, ұлттық сана-сезім дағдарысы болса қазақты бір­тін­деп меңдеп, оның НАМЫС атты ең құдіретті қасиетін аяқ­қа таптатып, ұлттық немқұрайлылыққа бой алдыруына ық­пал етіп жатыр. Алып Алматыдан бастап, Қазақстанның қай түк­пі­рін­де­гі үл­кен­ді-кішілі қаладағы қазақ, не істесең оны істе, қандай, қанша идея, идеология, дінің болмасын сіңіре бер, тек аштан өл­тір­ме­сең болғаны деген принципті малдана бас­та­ған сы­ңай­лы. Ауыл болса «өлімші» күйде, оның оқыған зиялылары ор­та­лық­тан шығатын ақпарат құралдарындағы бі­рін-бірі жоққа шы­ғар­ған қайшы пікірлерден туған хаостан ба­ғыт-бағ­дар­ла­ры­нан жа­ңыл­ған жолаушыдай күй кешкен. Болмаған жағдайда, бұ­ның бәрін көріп-біліп отырған, сәтін тауып оны қалың елі қа­за­ғы­на жеткізіп жүрген патриот-«реакционер» Шерхан Мұр­та­за ұлттық мәселелер қозғаса, Қалтай Мұхамеджан дін та­за­лы­ғы жолға қойылып, дін басындағылар Иманды болсын, мемлекет пен дін арасында бұрын жік болмаған, ұлт тәр­бие­леу­де олардың тұтастығы қажет, оған Иман негіз болуы керек десе, Сәбетқазы Ақатай ұлт басына төнген қатердің алдын алу жайлы дабыл қақса, Сапабек Әсіп қазақ жерінің сатылмай, оның ең құнарлы мекендеріне қазақтарды қайта қо­ныс­тан­ды­ру­ға тиіспіз деп шырылдаса, солар секілді үлкенді-кішілі ұлт жанашырлары ұлттық сөз бен ұлттық іс-әрекетке барса, неге жабыла қол­да­май­мыз? «казахская правда» газетін жалғыз-жарым шы­ға­рып, «мың­мен жал­ғыз алысқан» Алдан Айымбетовті «басмаш» деп ба­сы­ну­шы­лар­ға неге жол бердік? Оны айтасыз, тіпті, өзінің қазақ екенін өзінің Ана тілінде айтуға да ұялатындар бар. Олар ұлт тағ­ды­ры туралы айтып, жаза бастасаң-ақ, оның бізге қатысы жоқ деп шыр-пыр болады.
Ондайлар намыстанатын жерде намыстанбай, намыстанбайтын жерде намыстанады. Ал, республикамыздағы бірде-бір партия (Алаштан басқа) жергілікті кіндік ұлттың мұң-мұқ­та­жын, ділі мен тілінің азып-тозып бара жатқанын, оның салт-дәс­түр, әдет-ғұрпына ши жүгіртер бейұлт телерадио, газет-жур­нал­дар­дың, шетел басылымдарының елімізде қаптап кеткені туралы жақ ашпайды.
Иә, қазір қоғам, әсіресе, еліміздегі әлеуметтік-эко­но­ми­ка­лық жағдай, идео­логиялық хал-ахуал дағдарысы еш­кімді де бейтарап қалдырмауы тиіс. Бірақ, ол бір бағытта, жал­пы­ха­лық­тық қана деңгейде сөз болып қалмай, сол халық өмір сү­ріп, сол халықтың мекенжайы, сол халыққа атын беріп, мемлекет атандырып отырған жер, ұлттың мақсат-мүд­де­сі, жай-күйі алдымен тілге тиек етілуі керек. Әрбір қо­лын­да билігі бар қазақ өзінің құлқынын ойлағаннан гөрі, алдымен соны ойласа етті. Елмен тойып, елмен аш болғанға не жетсін, шіркін-ай! Бұл да арман, білгенге.
«Қазақ әдебиеті» газеті жазғандай, «қазақы ділдің Алтын ордасынан көшіп кеткен» Олжас та, Әкежан да, Нұрболат масанов та, З.Кәкімжанов та, М.Әбіләзов та, О.Жандосов та, Нора Бекмаханова да, «Хабар» телеагенттігіндегі Абдуллов та, кезіндегі «Караван», қазіргі «Время» газетіндегі Қазақстанға «азиопия» деп ат қойып, «данышпандық» танытып жүрген Сапа мекебаев та, солар секілді Ана тілінен, ұлтының салт-дәстүр, әдет-ғұрпынан жерінгендермен қоса «Миллиондаған адам­дар… Өз­ге­нің ойымен ойлап, өзгенің сөзі мен үлгісіне малданады да, дайын асқа тік қасық болады. Олар өздерімен келіспей, ой малайларын жек көрушілер мен өзінің әрі өз халқына сенгендерді жүре тыңдайды» (Ф.М. Достоевский) деген принципте ғұ­мыр кешіп, өмір сүріп жатыр. Мұның бәрі сол ҰЛТТЫҚ САНА-СЕЗІМ дағдарысының жемісі, бүкіләлемдік коммунизм мен космополитизм идеалдары және принциптерімен көзқарас қа­лып­тас­ты­рып, өз­дерінің  дүниетанымдарын «кеңейтулерінің» кө­рі­ні­сі. Бұлар ұлт мәселесіне келгенде әлеу­меттік космополитизм мен сепаратизмге бой алдырғандардан да қауіпті. Алдыңғылар ұлт­қа қазақ атын жамылып қысастық жасаса, соңғылар оны ашық жасайды.
Міне, айырмашылық қайда. Сондықтан да, ұлт соңғылардан емес, алдыңғылардан қорқуы тиіс. Тағы бір ең қатерлі жау – нем­құ­рай­лы­лық. Ол біздің өзін оқыған санайтын ақын, жазушы, өнер, техника, экономика, заң қызметкерлері адам­да­ры­ның бойында жатыр. Олар өздерінің біліп-сезінгендерін қара орман халқына айтып, жеткізбейді. Бір әріптесім «классик» са­на­ған жазушы басқарған ПЕН-клуб ұлттық Сөз айтып, ұлттық іс-әрекет көрсетудің орнына қарақан бастың қамы үшін соттасып жатса не жорық. Сол «классик» соңғы жылдары ұлт мұ­ңын мұң­дар бір мақала жазды ма екен, өзі? Сондай мысалдың бірі – «мен ақынмын, не жазушымын, өзіме тиесілі нәрсені жазуым керек» деген ұғым деңгейінде ғана қалып қою. Ал, басқа іргелі ел­дің бірде-бір зиялысы ұлт мәселесіне келгенде өзін шектемейді. Бұл да сабақ, түсінгенге.
Ал, қазақ сән-салтанатын, мәдениеті мен өнерін, жал­пы­ұлт­тық болмыс-бітімімізді Интернетке шығарсақ, ол да ҰЛТТЫҚ САНА-СЕЗІМ қалыптастыруда, оны өзге ұлттар мен ұлыстарға таныстыруда игі де үлкен іс болған болар еді. Мұны мемлекеттік деңгейге көтерсек нұр үстіне нұр.
Жалпы, сол ҰЛТТЫҚ САНА-СЕЗІМ қа­лып­тас­тыратын басты құрал барлық телерадиоарналарды  ұлттандырмай   ұлттық Сөзді де, ұлттық ІС-ӘРЕКЕТТІ де жөнге қоя алмаймыз. Бұл да әзірше арман!
Сіз бұған сенбесеңіз, үйіңіздегі теле­ди­дарыңызды кешкілік қалың қазақстандық көруге отырған кезде қосыңызшы, Ұлт­тық банк, Ұлттық әуе жолында сапарға шығып, Ұлттық атан­ған мекемелерге барып көріңізші, олар сол ұлттық атын ақтайды ма екен? Бұл – қазақ үшін осы ғана жетеді деген принцип. Осы тұс­та айтпай кетпеуге болмайтын бір жай, қазіргі «жаңа қа­зақ», өзін реформаторлар санайтын белгілі бір топтың психологиясы кезіндегі революционерлердің психологиясы секілді. Ар­тық-кемі жоқ. Екеуінің де мақсаты бас-көз жоқ барды күй­ре­тіп, орнына өздерінің бейұлттық, одан да берісі бей­ха­лық­тық батысқа тән іс-әрекетті, сөзді қоғамға сіңіру.
Бүгінгі ҰЛТТЫҚ САНА-СЕЗІМ дағдарысы да соның кө­рі­ні­сі. Мұндай жағдайда кім өзін ыңғайсыз сезінуі керек. Әрине, қа­зақ. Бұған тосқауыл болатын бірден-бір күш Рухани иммунитет, ру мен жүзге, жік пен топқа бөлінбейтін ұлттық тұ­тас­тық.
Рас, «Біз құл емеспіз, құл біз емес». Бірақ, өз жерінде, өз елінде ҰЛТТЫҚ САНА-СЕ­ЗІМІҢДІ жөнге салар құн­ды­лық­та­рың санау­лы-ақ болса сол азап. Өзін ұлт сезінген халық еш уа­қыт­та космополиттік, нигилистік әртүрлі, сан салалы ағым­дар мен идея, идеологияларға бой алдырмайды. Мұндайда жа­ның­ды қинайтыны, жеке тұлға еврейдің пікіріне қосылмай, ұлт­тық ой тол­ға­саң – антисемитсің, орыс туралы жазып, ұлттық бол­мы­сың­ды жоқ­қа шығарғандарға жауап берсең –ұлтшылсың (қа­зақ­тың ұлт­шыл бола алмай қор болып жүргенін қайдан білсін), тә­уел­сіз­дік терісін жамылған тәуелді басылымдар «время» секілді космополиттік – «көгіс» газеттердің бетіне қарасаң «жылап» қоя береді де, әлемдік, жергілікті жанашырларына жар салып шыға келеді. Қойшы әйтеуір, Қазақстанда қазақ болып туып, қазақ болып өмір сүргеннен азабы жоқ. Ал, олар­­ға қал­­мақ­­ты жеңген қазақ емес қытай, қазақ жеке мемлекет бола алмайды деген секілді небір нәрселерді жазып, айтуға болады. сондай алыпқашпа пікірлерді Грузия, Армения, Әзер­бай­жан, прибалтикада, ең арысы Украинада айтып көрсінші, оның арты не болатынын бір Құдайдың өзі біледі. Бізде болса, «ит үре­ді, керуен көшедіні» малданып, әйтеуір үндемей қалу. Тіп­ті, болмаса «бәледен машайық қашыпты» деп құтыламыз. намыс өл­­ген, оны өлтірген сол  ҰЛТТЫҚ  САНА-СЕЗІМ дағ­да­ры­сы.
Қазіргі қазақ жағдайында Ұлттық идея Қазақстан­ның мемлекеттік концепциясына негіз болып, Ұлт пен Үкімет, айта берді, Мемлекет арасында алшақтық емес, тұтастық болмай ҰЛТТЫҚ САНА-СЕЗІМДІ қайта қалыптастыру мүм­кін емес. Ұлт мүддесіне қайшы кез келген іс-әрекет пен Сөз заң тұрғысынан да, азаматтық тұрғыдан да тыйым салынуы керек. Үкімет құрамында ұлтқа тән сұрақтарға жауап бере алатын ұлттық элита өкілдері басым болуы тиіс.
Әлеуметтік-экономикалық дағдарыс. Ол қайда да, қай ке­зең­де де түр-түсі, мән-мағы­насы, порым-пошымы, түп-тұяғы, төр­кін-төрі біркелкі, құлатар ор, шығарар биігі бір-біріне ұқсас құ­бы­лыс. Онда тіл, діл, дін, рух, айта берді, ұлт деген ұғым, түй­сік-түсінік болмайды. Сондықтан, оның ілгері-кейінді, тө­мен­ді-биікті, құлдырау мен шарықтау сияқты аумалы-төкпелі кез-кезеңі қандай ел, қандай қоғамда да болады. Бола береді де. Яғни, ол өтпелі екен. Бұған қарап халықтың, оның ішінде ұлт­тың Рухы өліп, ар-ожданы азса, онда ҰЛТТЫҚ САНА-СЕЗІМІМІЗГЕ сын.
Ал, идея, идеология, олардың мақсат-мүдде дағдарысы ше? Міне, қасірет-қайғы, сор-сора осында. Оған жол бермейтін сол, сан қайталаған ҰЛТТЫҚ САНА-СЕЗІМ. Майлықожа ақын айт­қан­дай, «әкеден сор боп тумасақ», ұлт ретінде жойылып кеткіміз келмесе басы ПРЕЗИДЕНТТЕН бастап, көзі ашық, кө­кі­ре­гі күмбірлеп тұрған әрбір қазақ сан айтылып, сан жазылып жатқан әлеуметтік-экономикалық қиындықты інде­тіп, қаузай бермей ҰЛТТЬІҚ САНА-СЕЗІМ үшін де кү­ре­се­йік. Ол мынау жарық дүниеден ұлт ретінде жойылып кетпеу­ге негіз болатын бірден-бір қозғаушы күш. Қазақ өзінің қазақ екенін сәби түйсік-сезіммен емес, ҰЛТТЫҚ САНА-СЕЗІМ­МЕН тү­сі­ніп, білгенде ғана алғы ғасырларға ел болып кіре аламыз. Ол үшін қалың қазақ әлдебір, әлдеқандай үмітіңнен күдер үздің бе, енді ел болып, бір-біріңе қол ұшын бере отырып, ұлттық тұ­тас­тық танытып қозғал, еңбектен. Ұлттық рухың мықты, сана-се­зі­мің таза болсын!

«Қазақ әдебиеті».
29 қазан, 1999 жыл

Алдыңғы «
Келесі »