ЕБЕЛЕК – ФИЛОСОФИЯ

  • 28.09.2016
  • 1650 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Ғарифолла ЕСІМ,
профессор

Бұл философияның негізі – қайшылық. Әу баста ойшылдардың талқысында болған қайшылық туралы философия ХІХ ғасырда саясатқа байланып, дертке душар болды. Оны мұндай халге жеткізген Карл Маркс. Ол ашықтан-ашық былай деп жазды: «Философия пролетариаттан өзінің материалдық қаруын табатыны сияқты, пролетариат та философиядан өзінің рухани қаруын табады» (Маркс К., Энгельс Ф. Таңдамалы шығармалары: 9 томдық. Алматы «Қазақстан», 1988. 1-том.  15-б.).


Философия пролетариаттың рухани қаруы. Бұл философия тарихындағы жаңалық. Философия қару ретінде тобырдың қолына түсіп, оның санасына, іліміне айналды. Адам адам болғалы философия сананың «төресі» атанып, зиялы қауымның үлесіндегі рухани қазына болатын, енді, ол тобырға қызмет етпек. Карл Маркстің осы тұжырымын дәлелдемек болып ғалымдар әуре-сарсаңға түсті. Кешегі социалистік елдердегі оқу орындарында, ғылыми-зерттеу орталықтарында, институттарында, академияларда осы қағиданы одан әрі жетілдіру мақсатында мыңдаған кітаптар жазылып, диссертациялар қорғалып, орасан мол қаражат жұмсалды, себебі, Карл Маркс ілімі коммунистік режимнің іргетасы болатын. Карл Маркс бұл идеяны «Фейербах туралы тезистерінде» одан әрі нақтылай түсті. Ол: «Философтар дүниені түрліше түсіндірумен ғана болып келді, бірақ, істің түйіні оны өзгертуде жатыр» (Маркс К., Энгельс Ф. Таңдамалы шығармалары: 9 томдық. Алматы «Қазақстан», 1988. 2-том. 3-б.). Жоғарыда философия пролетариаттың рухани құралы делінсе, мына тезисте, ол осы құралды қолданып, дүниені өзгертуді күн тәртібіне қойған.
Дүниені өзгерту үшін, алдымен оны қирату қажет болды. Бұл, шын мәнінде, бұзықтардың ісі, сондай істің зоры – революция. Карл Маркс серіктесі Фридрих Энгельс екеуі өздерін революционерлерміз деп атаған. Олай болса, революцияның әліппесі болуы керек, ондай құжат 1848 жылы дүниеге келді,  ол «Коммунистік партия манифесі», онда саяси мақсат нақтылы әрі айқын қойылды: «Коммунистер өздерінің  көзқарастары мен ниеттерін жасыруды жексұрын іс деп санайды. Олар өздерінің мақсаттарына бүкіл осы күнгі қоғамдық құрылысты күшпен құлату арқылы ғана жете алатындығын ашық айтады. Үстем таптар Коммунистік Революциядан үрейі ұша қорқып қалтырай берсін. Пролетарлар бұл революцияда өздерінің бұғауларынан басқа ештеңе де жоғалтпайды. Ал, олар бүкіл дүниеге ие болады» (К.Маркс пен Ф.Энгельс. Таңдамалы шығармаларының үш томдығы. 1-т. Коммунистік партияның манифесі. Алматы «Қазақстан», 1976. 624-б.). Осы мақсатты «Коммунисты могут выразить свою теорию одним положением: уничтожение частной собственности» (Маркс К., Энгельс Ф. Сочинения. 2-е изд. Т.4. М.: Государственное издательство политической литературы, 1955. С.438). Ал, ендеше бұған не айтпақпыз. Жеке меншік атаулыны жою, марксшілдердің мақсаты. Жамбыл жыраудың «қасқыр тісі қан қауып» дегеніндей, пролетариат қасқырға айналды, ол дүниені қиратуға кірісті, қолындағы қаруы – Карл Маркс ілімі.
Революция деген аспаннан түскен жоқ. Ол идея ретінде қарғысқа қалған шайтанның әрекетінен аңғарылған. Одан бертінгі тарихта Адам Атаның екі баласының арасындағы өшпенділік, ақыры Абылдың түбіне жетті. Неге Қабыл туысы Абылды өлтірді? Туыстар арасындағы осы өшпенділікті ХVIII-ХІХ ғасырларда тап және тап күресі деп анықтау қоғамдық санаға ене бастады. Бұл туыстықтан тыс «туыстық». Оны ғылым тіліне салып, интернационализм деп атау дәстүрге айналды. Адамдардың кедей және бай болып бөлінуін осы интернационализм ұғымы әйгіледі. Осы терминді кезінде Ахмет Байтұрсынов «би-бауырмалдық» деп түп мағынасын тура ашқан еді. Интернационалист болу деген бауырмал болу деген емес, адамдардың бір-біріне өш, жау болуын жария ететін түсінік. Бұл идея құр сөз боп қалмай,  интернационализмның бірлес­тіктері құрылып, олар қарқынды саяси үгіт және насихат қызметтер атқара бастады, өздерінің ән ұраны болды.
Вставай, проклятьем заклеймённый,
Голодный, угнетённый люд!
Наш разум – кратер раскалённый,
Потоки лавы мир зальют.
Сбивая прошлого оковы,
Рабы восстанут, а затем
Мир будет изменён в основе:
Теперь ничто – мы станем всем! 
Время битвы настало
Все сплотимся на бой.
В Интернационале
Сольётся род людской!
Біз әлемді қиратамыз, одан кейін жаңа әлем орнатамыз деп ұрандады, би-бауырмашылдар. Осы идеяны кейінірек Германияның национал-социалистері іс жүзіне асыру мақсатында, яғни, жаңа тәр­тіп орнату үшін екінші жаһандық соғыс ашты. Коммунистік және фашистік идеялар бір-бірінен алыс кетпеген, айырмашылықтарынан үндестіктері мол болатын. Пролетарлық революция және кеңестік замандағы коммунистер режимі қаншама миллиондаған жа­зықсыз жандарды құрбан етті. Өткен тарихқа амал бар ма, болмайтын істер болып өтті. Карл Маркс «Еуропаны елес кезіп жүр, ол коммунизм елесі» – деп еді, осы сандырақ идеяны Ресейде іс жүзінде іске асырған Владимир Ленин бастаған большевиктер (коммунистер). Большевиктер жеңіске жеткен соң, бұрын-соңды тарихта болып көрмеген мемлекеттік машинаның ең қаны сорғалаған түрі пролетариаттық диктатурасын орнатты.  
Міне, осы мемлекеттік машинаға қайшылық туралы философия ауадай қажет болды. Қайшылық тап күресінің күретамыры. Қайшылық болған соң, қарама-қарсы күштер бар, олар таптар, олар ымырасыз, бірін-бірі қырып жоймай тынбайды. Сөйтіп, алып Ресейде соғыстың ең ауыр түрі, азаматтық соғыстың оты тұтанды. Енді, ағайындылар (Абыл мен Қабыл дәстүрі) бір-біріне жау болып, қолдарына қару алып, ел бүлігі, азаматтық соғыс басталды. Большевиктер насихатында бұл қанаушылар мен қаналушылар арасындағы соғыс. Содан барып «тап жауы», «халық жауы» дегендер өсіп-өрбіп шыға бастады. Қоғамда, ел ішінде таптық мүдделері ешқашанда ымыраға келмейтін адамдар топтары бар, олар таптар, әлеуметтік топтар. Осындай жағдайды ілім, теория ретінде дәлелдеу үшін қайшылық философиясы – диалектиканың тарихи қажеттілігі туды. Өз мүддесіне сай істің білгірі Ленин «Диалектика марксизмнің жаны» – деп Маркс ілімін жақтаушылар, насихаттаушылар арасына ұран тастады. 
Диалектика тек марксизмнің жаны болып қоймай, кеңес өкіметінің 1991 жылғы Тәуелсіздікке дейін қоғамдық, гуманитарлық ғылымдардың жаны, бірден-бір әмбебап тәсілі әрі теориясы болып келді. Өкінішке орай, оның «Социализмнің туа біткен таңбасы» ретінде әлі де өмір сүріп келе жатқаны да шындық. Диалектика деген не? Оның философия тарихындағы орны дегенге келсек, ол ұзақ әңгіме. Мен сөзімізді қысқаша қайыру мақсатында, сөз етіп отырған Карл Маркстен ұзап шықпасақ деген ниет бар, ол «Капитал» деген еңбегінде екінші басылуына орай жазған алғы сөзінде былай деген: «Мой диалектический метод по своей основе не только отличен от гегелевского, но является его прямой противоположностью» (13.ХХІІІ.21) (Хрестоматия по истории философии. М., 1997. 428-б.). Рас, Гегельдің диалектикасы мистификация. Карл Маркстің өзі айтқан: «У Гегеля диалектика стоит на голове» (Сонда, 429-б.). Аяқтың орнына бас тұрса не болғаны, қате, теріс болғаны емес пе? Мистификация деген осы емес пе? Оның несі қызық, олай болса диалектикаға Маркс несіне құштар болған. Карл Маркске диалектиканың қажет болғаны, ол тәсіл ретінде тап күресі іліміне таптырмайтын құрал. Диалектика қанаушылар мен қаналушылардың бір-біріне тап жаулары екенін дәлелдеп беретін тәсіл. Карл Маркс өз диалектикалық тәсілін Гегельге қарама-қарсы дегенде айтпағы, материалистік, яғни атеистік көзқараста болғаны. Сонымен, диалектиканың екі түрі барын аңғардық. Біріншісі – Гегельдің идеалистік диалектикасы. Екіншісі – Карл Маркстің материалистік-атеистік диалектикасы. Алғашқы диалектика нысанасы – ойлау, кейінгінікі – болмыс. Гегель ойлаудан болмыс (дүниені) шығарса, оны Карл Маркс мистификация деп, ол болмыс ойлау мазмұнын анықтайды деген тұжырым жасаған. 
Гегель философиясына сүйеніп, диалектика қайшылық туралы тәсіл әрі теория деп кеңестік заманда студенттерге дәріс оқыдық, оны философиямен пара-пар қойдық. Гегельдің идеалистік диалектикасы, Маркстің материалистік диалектикасы жалпы философиядағы бір бағыт, ағым ретінде айтылса, әңгіме басқаша болар еді. Философия тарихында ағымдар мен бағыттар жеткілікті, бұл да солардың бірі десек қате болмас еді, бірақ, бұдан өзге философия болмайды дегеніміз әбестік болды. 
Фридрих Энгельс «Анти-Дюринг» деген кітабында маркстік философияның жүйесін жасауға кірісті, сөзімізге айғақ үшін үзінді келтірейін: «…История природы и человеческого общества – вот откуда абстрагируются законы диалектики. Они как раз не что иное, как наиболее общие законы обеих этих фаз исторического развития, а также самого мышления. По сути дела они сводятся к следующим трем законам: 
Закон перехода количества в качество и обратно. 
Закон взаимного проникновения противоположностей. 
Закон отрицания отрицания. 
Все эти три закона были развиты Гегелем на его идеалистический манер лишь как законы мышления: первый – в первой части «Логики» – в учении о бытии; второй занимает всю вторую и наиболее значительную часть его «Логики» – учение о сущности; наконец, третий фигурирует в качестве основного закона при построении всей системы. Ошибка заключается в том, что законы эти он не выводит из природы и истории, а навязывает последним свыше как законы мышления. Отсюда и вытекает вся вымученная и часто ужасная конструкция: мир – хочет ли он того или нет – должен сообразоваться с логической системой, которая сама является лишь продуктом определенной ступени развития человеческого мышления. Если мы перевернем это отношение, то все принимает очень простой вид, и диалектические законы, кажущиеся в идеалистической философии крайне таинственными, немедленно становятся простыми и ясными как день» (13.ХХ.384) (Хрестоматия по истории философии. М., 1997. 434-б.).
Фридрих Энгельсте аяғы-басы боп тұрған Гегельдік ойлаудың заңдарын, материалистік-атеистік түсінікке салып, табиғаттың, қоғамның және ойлаудың не­ғұрлым жалпы заңдары деп жоғарыда аталған үш заңды ұсынды. Кейінірек, бұлар диа­лектиканың  үш  заңы болып, оқулықтарға еніп, әлі де олардан арыла алмай келеміз. Философияны көбейту табли­цасы тәріздес көпшілікке ұғынықты қылудағы мақсат, оны тікелей саясатқа қыз­метші еткізу ниетінен туған. Философия пролетариаттың рухани және ескі дүниені қиратудың құралы болғандықтан, оның заңдары және жаңа ұғымдары коммунистік режимдерге қызмет еткен және де сол дәстүрін сақтаған.

***
Философияны коммунистер өз ілі­мін насихаттауда пайдаланғанын өз тә­жірибемнен өткіздім. Ұзақ жылдар мар­кс­­тік-лениндік философиядан жоғары мек­­­теп шәкірттеріне дәріс оқыдым. Карл Маркс, Фридрих Энгельс, Владимир Ленин еңбектерін жатқа білетін халге жеттім. Айт­пағым, философия социалистік қоғамда схоластикалық мағынада қызмет атқарды, оны ғылыми тілде апологетика деуге де болады. Маркстік-лениндік философия өзінің саясатқа жалдамалық қызметін мейлінше атқарды. Миллиондаған адамдардың санасын түбегейлі сапалық өзгеріске салды. Бұл істің салдары әлі де сақталуда. 
Маркстік-лениндік философияның негі­зін салу­шылар өз істерінің шеберлері еді. Карл Маркстің «Фейербах туралы те­зистері», Фридрих Энгельстің «Табиғат диа­лектикасы», «Анти-Дюринг», «Людвиг Фейербах және неміс классикалық фило­софиясының ақыры», Владимир Лениннің «Марксизмнің үш негізгі және үш құрамдас бөлігі», «Материализм эмпириокритицизм», «Философиялық дәптерлер» деген еңбектерін басшылыққа ала отырып, большевизм идеологтары білім саласына диалектикалық материализм және тарихи материализм деген екі пән енгізді. Осы пәндерді оқыту кезінде Ленин атап айтқан марксизмнің үш жаңалығы студенттер қауымына «білім» ретінде жеткізілді. Ол қандай жаңалықтар еді дегенге келсек: 1. Карл Маркстің «Капитал» деген еңбегінде ашқан «қосымша күн» теориясы. Ол қанаудың экономикалық негізі. Содан тап күресі шықпақ; 2. Тап күресінің пролетариат диктатурасына дейін жетуі туралы ақиқат; 3. Тарихты материалистік тұрғыда түсіну немесе «тарихты жасаушы тұлғалар емес, бұқара халық» деген теория. Маркстік философия осы теорияларды дәлелдеп, насихаттауды өз міндетіне алды. Сөйтіп, ол схоластикалық мазмұнын айқын аңғартты. Мұны қабылдамағандар Сталин заманында «халық жаулары» атанды, кейінгі жылдарда еркін ойлаушылар  партиялық жазаларға тартылып отырды.
Ленин философияны саясатқа түбе­гейлі бағындырды. Осы мақсатта жо­ғарыда айтылған «Диалектика – марк­сизмнің жаны» деген қағида қоғам тануда нық орнықты. Бұл саяси күрес, саяси мақсат үшін таптырмайтын тезис. Диалектикасыз марксизмнің саяси құны жоқ екенін ол нақты түсінді. Пролетариат көсемі осы мақсатқа орай атап өтілген «Марксизмнің үш негізгі және үш құрамдас бөлігі» деген мақаласында маркстік философияға теориялық алғы шарт болған неміс классикалық философиясы деген түйін жасады. Неміс классикалық философиясы дегенде, әсіресе, Гегельдің идеалистік диалектикасы ерекше бағаланды. Біз студенттерге дәрістерімізде осы бағытты ұстандық. Өзгеше айтуға «рұқсат» болмады. Диалектика және оның мәселелерін зерттеу модаға айналып, немістің классикалық философиясына ашықтан-ашық табыну басталып кетті. Бұл істі коммунистік партияның атқарушы органдары қолдап, әрі бақылап отырды. Материализм, атеизмге негізделгендіктен, «Ғылыми атеизм негіздері» деген пәнді жоғарғы курс студенттері жаппай оқыды. Бұл пәнді меңгермеген студентке жоғары білімі бар деген диплом берілмейтін, тәртіп орнады.
Фридрих Энгельс «Людвиг Фейербах және неміс классикалық фило­со­фиясының ақыры» деген еңбегінде «неміс классикалық философиясы» деген ұғымды енгізіп еді, сол әлі қол­да­ныстан шықпай келеді. Неге, неміс философтары ғана классик болуы керек, грек, француз, ағылшын, араб философтары қайда қалмақ? Оған жауап, неміс философиясы әлем философиясының шыңы. Кеңес заманында Гегель философиясына сын айтпақ түгіл, оған күдік келтіру қауіпті іске айналды, себебі, бұл философия коммунистік режимнің қызметінде болды. Коммунистік партия диалектика мәселесімен шұғыл­данғандарға ризашылық білдіріп, оларды қаражаттандырып, марапаттап отырды. Мәселенің асқынғаны сондай, философия біліміне жат қағида өмірге ене бастады. Ол диалектикалық логикадан басқа философия болуы мүмкін емес деген дерт. Осындай теріс түсінік нәтижесінде антикалық заманнан келе жатқан философиялық плюрализмге тоқтау салынды. Бұл социалистік қоғамның рухани дағдарысының басы болатын. Таңқаларлық жағдай, диалектикалық логика Мәскеу, Ленинград, Киевтен кейін Алматыда ұя тепті. Оның қалай қалыптасқанын, кімдер дән сепкенін кейінірек зерттеушілер анықтай жатар, менің айтпағым, бұл үрдіс, бір жағынан, қазақ жастарының философияға құмарлығының оянуына себепші болды. «Бақыт болмағанда бақытсыздық болысты» деген орыс мақалындағыдай, табиғатынан даналыққа құштар халық ұрпақтарының бір парасы философия үрдісіне мықтап түсті. 
Кеңес заманында диалектикаға, диалек­тикалық логикаға, лениндік бейнелеу теориясына, Карл Маркстің «Капиталына», Лениннің «Философиялық дәптеріне», «Ма­териализм және эмпириокритицизм» деген еңбектеріне (мен басты-бастыларын ғана айтып отырмын) жүздеген том-том зерттеулер жасалды, диссертациялар қор­ғалды, толып жатқан конференция, симпозиум, конгрестер ұйымдастырылды, шешімдер қабылданды. Осындай істердің біршамасына қатысқан адамның бірі – менмін. Бұл істерге, шараларға коммунистік партия басшылары дем беріп, желеп-жебеумен болды. Бұл философияның мазмұны жағынан схоластика, тәсілі жағынан софистика (софистика туралы кейінірек айтамын) екендігінің дәлелі. 
Егеменді ел ісіне араласа бастаған жас ұрпақ мұны білулері керек. Сонда мәселе төркіні неде? Мәселені қысқаша түрде баяндасам, іс – диалектика дегенге тіреледі. Диалектика дегеніміз не? Жоғарыда айттық, ол қайшылықтар туралы ілім және тәсіл. Диалектиканың бастауы Гегель философиясында. 
Ол жөнінде Артур Шопенгауэр сөзіне ден қоялық.
«Итак, я буду прав, если с этой целью скажу, что так называемая философия этого Гегеля – колоссальная мистификация, которая и у наших потомков будет служить неисчерпаемым материалом для насмешек над нашим временем: что это – псевдофилософия, расслабляющая все умственные способности, заглушающая всякое подлинное мышление и ставящая на его место помощью беззаконнейшего злоупотребления словами пустейшую, бессмысленнейшую и потому, как показывают результаты, умопомрачительнейшую словесную чепуху; что она. имея своим ядром неведомо откуда взятую и вздорную выдумку, не знает ни снований, ни следствий, т. е. ничем не доказывается и сама ничего не доказывает и ничего не объясняет и к тому же, лишенная оригинальности, является простой пародией на схоластический реализм и одновременно на спинозизм, — чудовище, долженствующее притом же еще, с оборотной своей стороны, представлять собою христианство:
Особенно Гегель быстрыми шагами идет навстречу презрению, ожидающему его у потомства.
В качестве героев этого периода блещут Фихте и Шеллинг, а наконец, даже и их совершенно недостойный и гораздо ниже этих талантливых господ стоящий, неуклюжий, бездарный шарлатан Гегель. Хор составляли всякого рода профессора философии, с серьезной миной повествовавшие перед своей публикой о бесконечном, об абсолютном и многих иных вещах, о которых они совершенно ничего не могли знать. 
Ибо, по моему убеждению, он не только не имеет никаких заслуг перед философией, но оказал на нее и через это вообще на всю немецкую литературу крайне пагубное, поистине отупляющее, можно сказать, тлетворное влияние: выступать при всяком удобном случае с самым энергичным противодействием этому есть долг каждого, кто способен самостоятельно судить (Артур Шопенгауэр. Две основные проблемы этики. Минск «Попурри», 1997. С.17, 18-19, 39, 205).
Артур Шопенгауэрдің Гегель туралы айтқандарынан нендей түйіндер жасауға болады: 
– Гегель философиясының ұланғайыр мистификация екендігі;
– Өз заманын келешекте ажуа күлкіге қалдырғандығы екендігі;
– Адамның ақыл жігерін әлсіретіп, ез­бе, көпірме, мағынасыз сөз орамдарына құрылған – псевдофилософия екендігі;
– Гегельдің келешекте қарғысқа қа­лып, шарлотандық қылықтары үшін келер ұрпақтың сотына түскендігі.
Гегель философиясы туралы Артур Шопенгауэрден бұрынырақ орыс ойшылы П. Я. Чаадаевтың (1794-1856) мынандай пікірін келтіргенді де жөн демекпін. «Гегель философиясы «болмыс» және «рух» деген екі түсінікке негізделген. Әрине, бұл оның кемшілігі емес. Өкініштісі сол, осы екі түсініктің арасы сірескен, тіптен, тым сірескен сөздерге, сөз тіркесіне толы, бұл нағыз номинализм, тар мағынада логомахия (сөздерді құбылту мен әуестенушілік). Гегель диалектиканы тым әсірелеп, әуреге түскен. Ол өзі өмір сүріп отырған, мына темір жолдарда жүйткіген жылдамдық заманына ортағасырлық схоластиканы тықпалау нағыз әурешілік емес пе? (П.Я. Чаадаев. Сочинения. Москва, 1989. С.212-213).
Петр Чаадаев Гегель философиясынан пайдалы   ешнәрсе таппаған. Сөздермен ойнау, яғни, логомахияның прагматизм, өрке­ниет қарқын алған заманда не қажеті бар. Орыс ойшылы Гегельдің диалектикаға соншама мән беріп, ортағасырлық схоластикаға салынуын мүлдем қабылдамаған. Схоластика ортағасырларда өз қызметін атқарған, енді оған жол жоқ, жаңа дәуірге жаңа ой қажет.
Біздің заманда Гегель философиясына ауыр соққы берген Карл Поппер (1902-1994) «Для того, чтобы предостеречь читателя от серьезного восприятия напыщенного и мистифицирующего жаргона Гегеля, я процитирую некоторые поразительные отрывки из его сочинений, где речь идет о звуке и в особенности об отношениях между звуком и теплотой. 
Я изо всех сил старался, насколько это возможно, адекватно перевести эту тарабарщину из гегелевской «Философии природы». Гегель пишет: «§ 302. Звук есть смена специфической внеположности материальных частей и ее отрицания, – он есть только абстрактная или, так сказать, только идеальная идеальность этой специфичности. Но тем самым эта смена сама непосредственно является отрицанием материального специфического устойчивого существования; это отрицание есть, таким образом, реальная идеальность удельного веса и сцепления, т. е. теплота… Нагревание звучащих тел – звучащих как от удара, так и от трения друг о друга – есть проявление теплоты, возникающей согласно понятию вместе со звуком» 12.4. Действительно, есть люди, которые все еще верят в искренность Гегеля или все еще сомневаются, а вдруг его секрет все же заключается в глубине и богатстве мысли, а не в ее пус­тоте» (Поппер К. Открытое общество и его враги. Москва, 1992. С.38). 
Әңгіме дыбыс пен жылулықтың ара­қатынасы туралы. Осы физикалық процесті Гегельдің түсіндіргені түсінбеудің тамаша тәсілі. Гегельдің философиясының өне бойы осындай түсініктемелерге толы. «Дыбыс материалды денелердің ерекше түрде ауысуы және теріске шығуы немесе бұл терістеу абстрактылық (дерексіз) идея ғана емес, былайша айтқанда, идеалдылықтың идеалдылығының ерек­шелігі. Бұдан не түсінуге болады? Карл Поппер сөзіне қосыламын, бұл жерде терең ой емес, кәдімгі тарабар (бос көпірме, мәнсіз сөз). Осы орайда, XV ғасырда өмір кешкен католик Эразм Роттердамскийдің «түсінікті нәрсені түсініксіздікке айналдыру үшін философия қажет пе», – деген ескертпесі есіме түсіп отыр. 
«Гегель философиясына мағыналы талдауды Бертран Рассел «Батыс филосо­фиясының тарихы» деген еңбегінде берген. «Марксте таптар қалай орын алса, Гегель де ұлттарға сондай мағына берген. Ол ұлттық рух тарихи дамудың – принципі деген. Әрбір ғасырда әлемді диалектика кезеңдерінен өткеріп отыратын белгілі бір ұлт болады. Осы ғасырда ондай ұлт – Германия.  Осы неміс фашизмінің идеологтарына таптырмайтын қағидаға айналды. Аристік нәсіл әлемді билеп, оған үстемдігін жүргізу керек деген аспаннан түскен идея емес, ол Гегель философиясында әбден қайнап-пісіп жетілген болатын» (Бертран Рассел. История Западной философии. Ростов-на-Дону «Феникс», 1998. С.832).
Мен пацифиспін. Соғысты насихаттау ізгілік жолы дегенге қарсымын. Өзін ойшылға балайтын адамның ойы ізгілік болмаушы ма еді!? Гегель болса, «Соғыс дегеннің жатымды адамгершілік мәні бар» – дей келе, ол бейбітшілік ізгілік емес, керісінше соғыс ізгілік. Бейбітшілік қатып қалған дүние. Бейбітшілік Лигасы қателік. Мемлекеттер достастығына жау керек. Мемлекеттер арасындағы конфликтер тек қана соғыс арқылы шешілуі керек (Сонда, С.835).
Конфликтілер шешімі тек – соғыс бұл фашизм. Осы тезис Карл Маркске де, оның ізбасары Владимир Ленинге де, оның жолына түсіп, социализм құрған Сталинге де ұнаған. Соғыс, қантөгіс бұл пролетариат диктатурасының мән-мағынасы. Отандық ғалымдардың айтуынша, 1941-1945 жылы жаһандық соғысқа 500 мың қазақ азаматтары қатысып, оның 350 мыңы, яғни, 70 пайызы қайтпады, ал, елге оралғандарының дені мүгедектер. Кейінгі кезде анықтала бастаған дерек бойынша, Ржев бағы­тында болған майданға қатысқан 100 қазақ жауынгерлерінен құрылған бри­гаданың 4889 адамынан тірі қалғаны 430 ғана адам. Бұл жан түршігерлік деректер. Сонда, фашизм мен большевизм арасындағы идеологиялық соғыстың да түп-тамыры Гегель айтқан конфликтілер шешімі тек соғыс және Карл Маркстің қайшылық философиясында. Өткен тарих, бірақ айтпасқа болмайды, екінші жаһандық соғысқа қазақтың мыңдаған қыздары қатысқан, неге, не үшін? Идеологияның буынан болған жай. Қазақтан қаншама қыздар соғыс майданында болып, қайтпағаны туралы деректер жоқтың қасы. Ол да әдейі жасалған іс. Айталық, бұл соғысқа өзбек, түрікмен, тәжік қыздары неге қатыспады? Неге қазақ қыздарын соғыстың от-жалынына салды. Соғыс қашан да соғыс. Бұл жөнінде орыс жазушысы Лев Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» деген тамаша шығармасы бар. Роман толығымен соғысты әшкерелеуге құрылған. Француздардың Ресейге соғыс ашуының қандай мағынасы бар еді. Есіме түскені, Ватерлоо майданында бір француз солдатының бірін-бірі қырып жатқандар арасында:
– Тоқтатыңдар, сендер, тіптен, бір-біріңді танымайсыңдар, бір-біріңді өлтіруді тоқтатыңдар, – деп жар салып жүріп, байғұс оққа ұшты.
Менің әкем екінші жаһандық соғысқа қатысты. Ол айтушы еді:
– Біздің немістерге деген ешқандай өштігіміз, кеткен кегіміз жоқ, алға деген соң жау жаққа жанталаса ұмтылатынбыз, – деп тұнжырап, әрі қарай еш нәрсе айтпай отырып қалушы еді. 
Мен бала кезімде:
– Әке, неше неміс өлтірдің, – десем, әкем:
– Балам, олай деме, олар да адамның баласы, – дейтін.
Ол кезде әкемнің сөзі мағынасыз әрі түсініксіз еді, іс мәнісін енді ұғынып отырмын. Соғыстан өсіп-өнетін тек қасірет, ол мақтаныш майданы емес, қасірет майданы. Сондықтан, соғыс туралы Гегель философиясымен еш­қашанда келісуге болмайды. Жүз­деген, мыңдаған, миллиондардың қай­ғы­сынан, құрбандығынан қуаныш қалай шықпақ, мадақ қалай болмақ? Ойла­натын мәселе.  
Бертран Рассел нақтылы аналитикалық талдаулар нәтижесінде Гегель филосо­фиялық жүйесінің қате екенін ашып айтқан. Ол былай деген: «Гегель тұжырымы бойынша, нәрсе туралы қажетті білім, оны өзге нәрселерден ажырату үшін, олардың (нәрселердің) қасиеттерін логика арқылы анықтаса жеткілікті. Бұл қателік болатын, осы қателіктен оның күллі жүйесінің құрылыс архитектурасы өніп шыққан» (Сонда, С.839-840). 
Логикамен әлемді түсіндіру ғылым тәсілі, бірақ, әлем логикаға сыя ма, ол жағын Гегель есепке алмаған. Бертран Рассел мұндай тәсілдің философиялық жүйеге айналуының қате екенін дөп басқан.
Гегельшілермен таласқа түсу оңай іс емес, есте болатын тарихи тағылым бар, ол ібілістің ғалымдығы, оны естен шығармау керек. Жаратушы ісіне, яғни, адамды жарат­қанына күдік келтірген (бұрынғы періште), сөйтіп қарғыс алған ібіліс – шайтан емес пе?
Осы жайды Карл Маркстің әйелі Жен­нидің фабрикант ағасының Карл өлгелі жатқанда айтқаны бар.
– Ол қарғыс атқан, ібіліс, – деп.
Шайтанмен күресті осал деп кім айтқан!! Мәселенің ауырлығы да сонда емес пе!!
Бертран Рассел өз сөзінде Карл Маркс пен Гегельді орынды салыстырған. Ал­ғашқы таптар туралы жаңа ілім жасап, адамзатты қаққа жарса, соңғысы ұлт деген ұғыммен Германияның келешекте болатын ауыр қасіретіне іргетас қалаған. Бұл ұлтты диалектикалық кезеңдерден өткізіп, оның өзге халықтарға үстемдігін ашықтан-ашық жария етумен фашизмнің Германияда өсіп-өнуіне дән сепкен. Гегельден кейін Германия екі жиһандық соғыс бастады, әсіресе, соңғысы неміс халқының қасіретіне айналды, рухани дүниесіне жазылмас жара салды.
Маркстік философияда аты шулы Фихте де осы бағытта болған. «Я был немцем, отсюда следовало, что немцы превосходили все другие нации. «Иметь характер и быть немцем, – говорит Фихте, – несомненно, означает одно и то же». На этой основе он разработал целую философию националистического тоталитаризма, которая имела очень большое влияние в Германии» (Там же, С.810). Анығырақ айтсақ, неміс фашизмінің «теориялық қаруына» айналды.

***
Революция дегеніміз күш қолдану, билікке жету мақсатында неден болсын тайынбау, зорлық, зомбылық, қырып-жою – бәрі революция үшін, оның жеңісі үшін іске асатын қалыпты жағдайларға айналған. Большевик-революционерлердің адамзатқа жасаған қастандығы есепсіз, соның бірі туралы Ленин пензалық коммунистерге жіберген жеделхатында ашықтан ашық былай деген: 
«Жолдастар! Бес Уәлаяттағы ку­лак­тар көтерілісі аяусыз басып-жа­нышталуы тиіс. Мұны бүкіл революция мүддесі талап етеді. Үлгі көрсету қажет. Бұл үшін: 
– кем дегенде 100 бай-кулак пен қанішерді дарға асу керек (халық көру үшін міндетті түрде дарға асу керек);
– аты-жөндерін жариялау;
– олардан бар нанды тартып алу;
– халық 100 шақырым жерден айқын естіп, дарға асылғанын көріп зәрелері ұшатын болсын.
Жеделхаттың алынғанын және орындалғанын хабарлаңдар.
P.S. Ең мықты деген адамдарды табыңыздар».
Қайшылық не үшін қажет болды? Адам баласын бір-біріне жау, дұшпан етіп, оларды өштестіріп, билікке келгендер жауларын міндетті түрде жоюлары үшін, яғни, революция логикасы үшін қажет. Қайшылық болмаса революция жоқ. 
Қазақ тұрмысында, диалектика «заңы» бойынша, бай мен кедей бір-біріне ымырасыз жау боп шықты. Сөйтіп, байлар тап ретінде жойылды, мүліктері конфискацияға түсті, өздері атылды, жер аударылды. Әулие Адам Жүсіп (Мәшһүр Жүсіп) алдағы зобалаңды сезіп, өзінің көзі тірісінде қырқын, жылын өткізеді. Бұл қалай дегендерге:
– Келесі жылы мұндай істерге, мүмкіндіктер болмайды, – деген. Ол 1930 жыл болатын. 
Мүмкіндігі  болғандар шет елдерге қа­шып үлгерді, енді солардың ұрпақтары егемен ел болған соң оралуда, ата-жұрттарына қоныс аударуда. 
Осы қасіреттің түп-тамыры маркстік қайшылық философиясында, оның дүниені революциялық жолмен өзгертпек болған шайтандық әрекетінде, тобырлық сананың үстемдік құруында болғанын бүгінгі шын­дық әйгілеп отыр. Міне, диалектиканың Қазақ елі тарихындағы іс жүзіндегі көрінісі. Орыс, украин, белорус, өзбек, т.б. халықтар осындай ауыр тағдырға тап болды.
Студенттерге философиядан дәріс оқығанда диалектиканың «Қарама-қар­сылықтардың бірлігі және күресі» деген заңы бар дейтінбіз. Жалпы, коммунистік дүниетаным лексикасында «күрес» деген сөз жиі қолданылатын. Осы заңды мысалдармен толықтырып екі сағат дәріс оқып, тағы екі сағат семинар өткізетінбіз. Әңгіме төркіні – қайшылықта. Таби­ғаттан, қоғамнан, ойлаудан қай­шылық іздейтінбіз. Қайшылық болуы үшін қарама-қарсы күштер болуы керек емес пе? Қарама-қарсылықтар антагонистік және антагонистік емес деп айтатынбыз. Біріншісі, мүдделері ешқашан ымыраға келмейтін қарама-қарсы күштер, яғни, таптар: буржуазия және пролетариат. Олар ымыраға келмей, бірін-бірі жоюға бағытталған қарама-қарсы күштер. Бұл тап күресінің философиялық дәлелдемесі болатын. Дәріс оқу үстінде табиғаттан қарама-қарсы күштер таба алмай қиналушы ем, бірақ, оқулықта + және – деген магниттік өрістерді қарама-қарсы күштерге мысал етіп жазып қойғаны, маған үнемі күдік туғызатын. Қалайша бір құбылыстың екі жағы қарама-қарсы күштер болуы керек? Олар бірінсіз бірі болмайтын, бірін бірі қажет етіп тұрған құбылыстар болса, қайдағы қайшылық. Ойлауға келсек, мұнда қайшылық бар, оны зерттейтін логика деп аталатын білім саласы. Ойға қайшылық қайдан келеді, ол ізденістен, танымнан, бірақ, оны табиғатқа, қоғамға таңуға бола ма?
Мен, қайшылық орнына түсіну (понимание) дегенді ұсынамын. Мәселе түсінікте. Әркімнің өмірден түйгені әрі мүддесі бар, сондықтан, адамдар бірін-бірі түсінбей жатады. Ортақ түсінік болуы үшін ортақ білім және ортақ құндылықтар негізінде халық білім алып тәрбиеленуі қажеттілік. Бірақ, мұндай шарамен де мәселе толық шешілмейді. Адамдар ортақ шешімге келуі үшін білім мен құндылықтар мәдениетке, мәдени санаға тоғысуы керек. Тек, мәдениетті адам ғана өз түсінігі арқылы өзгенің түсінігін түсіне алатын халге көтеріледі. «Өзің жақсы болсаң, адамның жаманы жоқ» деген халық арасында аталы сөз бар. Бұл адамның кісілігінің, парасаттылығының өлшемі болмақ. Парасатты адам әркімді түсінуге талпынады. Ол өзін түсінбегенге түсінікпен қарайды. Себебі, әр адамның түсінігінің шегі бар, демек одан өзге түсінікті талап етудің қажеті жоқ. Адам болмысындағы жоқ қасиетті, одан қалай талап етпексің. Осы жағдайды түсіну – ауыр мәселе. 
Мен кеңес заманында атағы шыққан бір қаламгерге:
– Неліктен сіздің шығармаларыңызда кейіпкерлер жағымды және жағымсыз болып бөлінеді, – дегеніме ол таң болған сыңайда:
– Олай болмаса, қалайша образ сомдалмақ, – деді.
«Таңсұлу» деген шығармамда жағымсыз кейіпкер атымен жоқ, себебі, шығармада қайшылық жоқ, мәселе Тағдырда. Әдетте, жау саналатын қалмақ елінің бегі де жағымсыз кейіпкер емес. Тағдыр жазуы солай болса, оған кім кінәлі болмақ?  
Кеңес заманында шығармаларын қай­шылыққа құрған жазушылар жа­ғымды, жағымсыз кейіпкерлер галереясын жасады. Мұны социалистік реализм тәсілі деп насихаттады. Ленин әдебиетке партиялық принципті енгізбек ниетте «Партиялық ұйым және партиялық әдебиет» деген мақала жазып, оны ілім таратушылар көркем әдебиеттің бас­ты принципіне айналдыруға барынша күш жұмсады, ол нәтижелер де берді. Социалистік рухты баяндайтын көркем шығармалар дүниеге келді. Көп қаламгерлер бұл дертке бой алдырды. Осы тәсіл халқымыздың мәдени мұрасы болған шығармаларға қолданылды, мысалы, «Қозы көрпеш – Баян сұлу» эпосындағы Қарабай мен Қодар жа­ғымсыз кейіпкерлер болып шықты. Эпостағы шындық солай ма еді. 
Трагедия себебі – оқиға, яғни Тағдыр емес пе? Неге Қарабай мен Қодар батыр жағымсыз кейіпкерлер? Менің версиям бойынша, «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жырында жағымсыз кейіпкер болмауы керек. Әркім өз мақсатына орай әрекет етуде. Әркімнің мақсаты қажеттілікке бағынған. Қарабай болса, «қыздың әкесі», баласына бақыт тілейді. Қыз баланы құтты орынға қондыру Қарабайдың мақсаты, қажет десеңіз, арманы. Мұндай жағдайда Баянның Қозымен қосылуы бақытқа бастайтын жол еместігін ол түсінген.
Қодар ел қорғаны – батыр. Намысты батырдың сұлу Баяннан дәмесі бар. Оның несі мін. Мәселені күрделендіріп отырған – Қозы, оның өзі көрмеген Баянға ғашықтығы. Бірақ, Қозы да ол үшін кінәлі емес. Тумай жатып айттырылып қойған қалыңдығын қырық бір күндік жерден іздеп келді. Қозы хан баласы, ханзада. Оның мақсаты бір кезде бірге тұрған, одан кейін алысқа көшіп кеткен Қарабайдың сұлу қызы Баянға қалай болғанда да жету. 
Бұл жерде Баян сұлудың да кінәсі шамалы, ол өзіне ынтық екі батырдың бірін қалады. Қалауы Қозыға ауғаны Тағдыр жазуы еді. Керісінше, қалауы Қодарға ауса да оқиға қанға тартып тұр. Бұл тағдыр! Сонда кім жазықты! Трагедия себебі – оқиға. Мәселе, қайшылықта емес, тағдырда!

***
Шығармаларым туралы баяндама жасаған бір әріптесімнің «Ғарифолла Есім тоқсаныншы жылдары философиға мазасыздық әкелді» дегені бар. Басында бұл тосын ойға таңданыс білдіріп ем, мәселе байыбына барсам, шынында да жағдай сол болғанға ұқсайды. 
1980 жылдардың аяғынан басылым беттерінде қазақ философиясының мәселелерін көтере бастадым. Маркстік, гегельдік бағыттағы философтар «қазақ философиясы» дегенде өре түрегеліп, қарсы болды. Олардың айтуынша, қазақ, қырғыз, әзірбайжан философиялары болуы мүмкін емес. Философиясы бар халықтар: Гректер, Үнділер, Қытайлар, Ағылшындар, Француздар, әсіресе, Немістер болды. Мен оларға қазақ философиясы дегеніміз бар болғаны қазақ тілінде жазылған дүниетанымдық болмыс деп уәж айттым. Мәселе тілде ғана. Қазақ тілі – қазақ халқының тілі болған соң, ол тілде, сол елдің тарихы, дүниетанымы, мәдениеті семантикалық,  лексикалық қорымен айқындалады. Ағылшын, француз философиясы дәп солай. 
Қазақ философиясы дегеніміз ерек­шелік емес, сол халықтың дүние­танымдық субстанциясы туралы сөз. Анығында, қазақ философиясы да әлемдік күллі адамзатқа тән философия, бірақ, қазақ тілінде жазған философия. Айталық, 2002 жылы «Фолиант» баспасынан «Адам-зат» деген еңбегім жарық көрді. Жұртшылық жылы қабылдады, тез таралды. 2008 жылы «Адам-зат» «Ақарман» баспасынан екінші басылыммен шықты. Тағы тез тарап кетті. Бұл еңбекте қазақ халқының ғана дүниетанымы емес, күллі адам-затқа ортақ мәселелер өрбіген, бірақ, қазақ тілінде, оның лексикалық қорының мүмкіндігі негізінде жазылған дүние. Кітапта адамның сегіз жүйесі туралы сөз болған, олар: тән, нәпсі, жан, көңіл, ақыл, рух, ар және тылсым жүйелері. Адам-затты дефиспен бөліп жаздым. Неліктен? Адам деген адам-затқа дейін болған шындық-идея. Адам Ата пайда болуымен, ол заттық мазмұнға ие болды. 
Қазақ ойды көркемдеп отырған, жалаң ойға салынбаған, демек, оның көркем сөзіне мән берген жөн. Ой көркем сөзде, оның мағынасы метафоралық астарда. Сондықтан, қазақша ойлау мәдениетінде аңыз, діни сана, дәстүр синкреттік образдық жүйеге құрылған. Халық ойды элитарлық мәнде қабылдаған, айтпағын астарлап білдіріп отырған, оны ұғынатындар да, ұқпайтындар да болған. Мағыналы ой алғашқыларға ғана арналған. Абай айт­қандай «итке маржан не қажет» дегені осындай жағдайға арнайы айтылған сөз. Әр халықтың ойлау мәдениетінен барып сұрыпталып әлемдік құндылық жинақталмақ. Бұл жерде ескеретін бір жай бар. Ол халық философиясының онтологиясы мен гносеологиясына қа­тысты мәселе. Халық даналығы ол онтология, бірақ, ол білім жүйесіне ай­налып, арнайы пәнге айналмаған. Қазақ даналығы кеңестік кезде білім деп танылмаған, бұл мәселемен шұғыл­данғандарды «ұлтшылдар» деп, оларға тыйым салынып отырды. Қазақ философиясы білім жүйесі ретінде егемен ел болған соң ғана  арна тапты. 
Маркстік лексиканы пайдалансақ, бір формациядан екінші формацияға өткен кезде қоғамдық санада терең дағдарыс болды. Коммунистер ілімі бойынша, социализм коммунистік формацияның төменгі сатысы, коммунизм оның жоғарғы фазасы. Ал, социализмнен кері кетіп, капитализмге өтуді марксистер «қарастырмаған». Тәжірибеде дәл солай болды, социалистік елдер капиталистік елдерге айнала бастады. Бұл маркстік философия дағдарысы болатын. Осы дағдарыс менің шығармашылығыма кең өріс ашты. Шын мәніндегі рухани тыныс ашылды. Мен екі философиялық ұғым төңірегінде тұжырымдамалар жасай бастадым. Олар: игілік және ізгілік. Қазақ даналығында: игіліктен қуат, береке, ырыс, несібе сияқты ұғымдар, ал, ізгіліктен әділеттілік, адамшылдық қасиеттері өсіп-өнген. Оларды халық даналығы дейді, ондай ой айтушыларды дана адамдар деп халық ерекше құрметтеген. Олар кімдер десек, Қорқыттан бастап, Қожа Ахмет Иассауи, Жүсіп Баласағұн, Асан-қайғы т.т. деп тізімдей беруге болады. Халық даналығы метафоралық мазмұнда болатыны да түсінікті. Бұл қазақ философиясының онто­ло­гиясына қатысты әңгіме. Дана­лықты онтология десе, ол тұнып тұр, мәселе соны танымға (гносеологияға), білімге айналдыру, ол мәселе болатын. Мен осы мәселемен айналыса бастадым. Осы істе маркстік-лениндік көзқарастың дағдарысы маған нағыз ізденіс алаңы болды.
Ендеше, мәселені неден бастауым керек еді? ІХ ғасырда өмір сүрген Қорқыттың «қайда барсаң Қорқыттың көрі» деген аталы сөзі (дүниетанымдық формула) ұрпақтан-ұрпаққа өтіп, біз­дің заманға жеткен. Әдеби санада дана Қорқыт ажалмен күрескен – Ер. Ал, философиялық мағынада «қайда барсаң Қорқыттың көрі» деген өмір сүру философиясының негізгі принципі. Мұнда өмір, өлім және мәңгілік ғұмыр мәсе­лелері аңыздық тәсілмен көм­керілген. Аңыз – философиялық мәтінді жеткізуші тәсіл. Осы тәсілді халық тиімді қолдана білген. Бұл мәтін әр ұр­пақ санасына салмақ салып, ойландырып, ойды өшірмей сақтаған. Соның нәтижесінде он бір ғасыр бұрынғы ай­тылған «қайда барсаң Қорқыттың көрі» деген философиялық архетип ел есінде қалған.
Дана Қорқыттың философиялық мұ­расы барлық түркітілдес халықтар дүние­танымына өзек, азық болған. Осы бағытта түркітілдес халықтарға ортақ құндылық ретінде «Білге Қорқыт» бағдарламасын жүзеге асыру ісі қолға алынуда.
Қазақ халқына қатысты айтсақ, дана­лықты жыраулар, шешендер, билер, ақындар шығармасынан және халықтың мақал-мәтелдерінен теріп алуға болады. Алайда, халқымыздың ойлау жүйесі, мәдениеті, деңгейінің бір түйінделген, сұрап­талып жинақталған кезі болған, оны рухани мәдениетіміздің синтездік кезеңі десек те болғандай. Ол ХІХ ғасырдың екінші жартысына келді. Осы заманда бұл қызметті атқарған – Абай. Ол өзіне дейінгі інжу-маржан ой тамшыларын өзінің ой сүзбесіне салып өткізді. Ендігі жерде Абайды түсіну және түсіндіру мәселесі күн тәртібіне шықты. Абайды түсінудің тарихи-мәдени қажеттілік екенін алғашқы боп, мәселе көтергендер: Әлихан Бөкейханов, ол Петерборда ақынның тұңғыш жинағының шығуына ықпал жасаған адам; Мағжан Жұмабаев «Алтын хакім Абайға» деп, оны хакім, яғни, ойшыл деп мойындаған; Ахмет Байтұрсынұлы болса Абайды «қазақтың бас ақыны» деген; Абайды аса қадірлеушілердің бірі Құдайберген Жұбанов. Алайда, Абайды тану кеңестік заманда дертті мәселеге айнала бастады. Абай байшыл ақын дегендер қарсылығын жеңіп, оның қазақ үшін дара тұлға екендігін дәлелдеу үшін Мұхтар Әуезов оған бар ғұмырын арнады. Сондай ерліктің нәтижесінде дүниеге «Абай жолы» – деген тамаша туынды келді.   
Алайда, ақынның хакімдігі өз мағы­насында өріс ала алмады. Бар болғаны Абайды ағартушы ретінде көрсету талпынысы ғана болғанын айтпасқа болмайды. Сондықтан, мен Қазақ елі егемендікке қолы жеткен жылдардан бастап Абайдың дүниетанымын зерттеуге арнайы кірістім. Осы тұстан бастап, сол кездегі үстем болып келген философиялық тәсіл диалектикамен ажырасуыма тура келді. Диалектика қайшылықтар туралы философиялық білім әрі тәсіл (метод). Абай мұрасын зерттеуде қажет болмай қалды, себебі,  ақын­ның ойлау жүйесі  әлемнің,  қоғамның қайшы­лықтарына негізделмеген, ол өзгер­мелі өзгерісті, оның бастауы мен себептеріне үңілген. Ол – хакім. Бұл, философиялық лексикаға салсақ, дүниені метафизикалық тұрғыда меңгеруге талпыныс. Себеп, себептілік дегендер өзгерісті түсіндіруге ыңғайланған тәсіл. Абай осы бағыттағы – ойшыл. Ендеше, оның мұрасын зерттеуде өзге тәсіл қолдану керек болды. Ол мәтінмен жұмыс істеу тәсілі. Ол тәсіл діни әдебиет мәтіндеріне қатысты тәпсір деп аталады. Батыс Еуропада оның бір түрін герменевтика деп атаған. 
Осы тәсіл негізінде 1994 жылы «Абайдың дүниетанымындағы Алла мен адам мәселесі» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғадым. Содан барып қазақ философиясы деген мәселе білім саласы ретінде бастау алды. Қазақ философиясын кешенді зерттеу қашан, қайдан басталды десеңіз, оған «Абайдың дүниетанымындағы Алла мен адам болмысы» деген менің докторлық диссертациям негіз  болды  демекпін. Осы докторлық диссертацияны қорғауға арналған ғылыми кеңестің мәжілісіне қатысты сөз сөйлеген академик Зейнолла Қабдолов: «Абай мұрасын философиялық кеңесте, дәп осылай қорғау арқылы ізденуші Ғари­фолла Есім философияны ұлттық рельске қойды», – деген еді. Мұнда тұңғыш рет қазақ тілінде философиялық ұғымдар мен түсініктер ғылымға енді. Содан, қазақ философиясы білім жүйесіне айнала бастады. «Қазақ философиясы деген жоқ, оны ойлап тауып жүрген Ғарифолла Есім» дегендер болған, әлі де бар. Мәселе байыбына барсақ, менің оппоненттерімнің сөздерінде шындық та бар. Қазақ халқының даналығы онтологиялық мағынада бар да, жоғарыда айтқандай, бірақ, сол білім жүйесіне, пәнге айналмаған. Философиялық білім жүйесі Абайдан басталған соң, бұл үрдіс өз ағысын тапты. Егемендік жылдары қазақ философиясы мәселелеріне арналған докторлық, кандидаттық диссертациялар қорғалды. Сөйтіп, бұл салада ізденіс басталып кетті. Қазақша ойлау мәдениетіне қатысты жаңа философиялық бағыт қалыптасты. 
Қазақ философиясының генезисіне келсек, ол тым әріден басталады. 1998 жылы «Алматы ақшамы» газетінде «Жеті ғұлама және Анахарсис» деген мақалам жарық көрді. Жұрт жерден жеті қоян тапқандай бұл тақырыпты әрі қарай «дамытып» алып кетті. Тіптен, кейбіреулері Анахарсисті өздерінің бабасы етіп те жазды. Оның бәрі жел сөз. Шындығы, Анахарсис Скифский 25 ғасыр бұрын өмір сүрген сақ елінің ойшылы, грек философы Фалестің замандасы, Солон Афинскиймен дос болған, белгілі «жеті ғұламалар» кеңесіне қосылып жүрген, грек жұртына белгілі болған тұлға. Ол кезде қазақ та, қырғыз да, өзбек те, түрікмен де жоқ, сақ тайпалары бар. Менің назарымда оның төл шығармалары бар, уақыт болғанда түсініктемемен жарияламақпын. Анахарсис мемлекет қайраткері, әрі ақын болған адам. Оның жазған өлеңдері біздің заманға жеткен. Мен, сондықтан, 1994 жылы «Хакім Абай» кітабымның алғы сөзін Анахарсис есімімен бастадым. Одан бергі де Түркі халықтарының философиясының тарихын зерттеу үстіндемін. Олар: Анахарсис­тен бастап, дана Қорқыт, Қожа-Ахмет Иассауи, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Низами, Генджави, Жалаладдин Руми, Имареддин Несими, Мұхаммед Физули, Әлішер Науаи, Юнус Эмре, Мақтумқули, Абай, Шәкәрім, т.б. Осы тұлғаларға арналған «Түрік халықтарының философия тарихы» – деген менің жетекшелігіммен кітап жарыққа шықпақ. Бұл аты аталған ойшылдарды Шығыстық мұсылмандық дәстүрге сай хакімдер десек, жоғарыда атап өтілгендей, мұсылман әлемінде орныққан фалсафа деген бар, осы мақсатқа орай «Фалсафа тарихы» деген атпен оқулық-хрестоматия жаздым, онда әл-Кинди, Ибн Сина, Омар Хаям, Аттар, әл-Ғазали, Ибн Бадж, Ибн Туфейл, Ибн Араби, Ибн Рушд шығармалары ықшамдалған түрде беріліп, қысқаша түсіндірмелер жасалды. 
Тәуелсіз елдің өзіне тән саясатын, оның келешегін саралап, талқыға салуда философияны мейлінше пайдаланғанды жөн деп санаймын. Әрине, пенде болған соң, бұл істе де алдыңғы замандардағыдай, схолас­тика, софизмге түсіп кету қауіптері де бар. Осы тұста хакім Шәкәрімнің мына өлең жолдары есіме түсіп отыр:
Мал іздеп, мансап іздеп, сауық жиын,
Дүниенің көрмек үшін әрбір сыйын.
Адамзат алаңдықтан босамайды,
Сол себепті қатесіз сөйлеу қиын.
(Шәкәрім Құдайбердіұлы. 
Шығармалары.)
Иә, қатесіз сөйлеу қиын. Мінсіз бір Алла  тағала, адам мінді. Мінді болған соң, қателіксіз бола ма? Философия (бүгінде халықаралық термин болған соң, қолданып отырмыз) шын мәнісінде, ол Батыс Еуропада христиандық дүниетанымға негіз­делген білім саласы. Сонымен бірге, философияның атеистік-материалистік ағымдары да бар. Фалсафа болса мұсыл­мандық дүниетанымға негізделген білім саласы (өзге аймақтардағы буддизм, конфуцизм секілді дүниетанымдық жүйе­лерге бармай-ақ қоялық). Сонда, таза философия деген бар ма? Философия да діндер тәрізді арна-арнаға бөлініп кетті. Маркстік философия атеистік-материалистік бағытта болғаны белгілі. Біз бұны ғылыми философия дедік, онымыз дұрыс болып шықты ма? Олай болса, қазақ философиясының мазмұны қалай анықталмақ? Ол ғылыми философия ретінде білім саласы аталып, пән болып, Тәуелсіз еліміздегі жоғарғы оқу орындарында оқытылуы керек пе? Айтпағым, христиандық дүниетанымға негізделген философия да, мұсылмандық дүниетанымға негізделген фалсафа да, материалистік философия да, айтып отырған қазақ философиясы да ғылымның объектілері, оларды зерттеу ғалымдар ісі, ал оған талас жоқ, мәселе қазіргі заманға, Тәуелсіз егеменді ел келешегі үшін осылардың қайсысы құндылық ретінде, білім ретінде оқытылуы керек.
Ұлттық қауіпсіздік мәселесіне орай айтсақ, барлық жоғарғы оқу орындарында қазақ дүниетанымы және философиясы пән болып оқытылуы қажет деп санаймын, себебі, бүгінгі басты мәселенің бірі, қазақ болу, яғни, Қазақ елінің азаматы болып сезіну. Қазақ философиясы Қазақ елінің рухани субстанциясы. Әрбір мәдениетті елдердің халықтық философиясы бар, ол сол елдің атымен аталады. Мысалы, үнді, қытай, грек, ағылшын, француз, орыс, неміс, т.б. Қазақ философиясы аты аталған әлемдік философияның ағымдары сияқты қалыптасып келеді. Осы тұрғыдан алғанда, әлемдік философия дегеніміз не деген сауал туады. Таза, ешбір елге қатысы жоқ, әлемдік философия бар ма? 
Жалпы, философия деген не?

***
Философия және философтар туралы әңгіме көп. Философия дегеніміз не деген сауалға қайтарылған жауаптар да жеткілікті. Философия деп грек елінің дәстүріне сай айтамыз. Бізге жеткен аңыз бойынша, философия деп айтқан алғашқы ғалым Пифагор болса керек. Одан:
– Сен кімсің, – деп сұрағанда:
– Мен философпын, – депті. 
Бұл бөгде сөз мәнісін түсінбеген сұраушы сауалын нақтылап:
– Бұл сөздің мәнісі неде? – деген екен. 
Сонда Пифагор:
– «Филео» – сүйемін, «софия» – даналық, яғни, мен дана емеспін, бірақ, даналықты сүйемін, яғни, философпын, – депті.
Бәлкім,  осылай  да  болған шығар, бұл көне  заманнан    жеткен әңгіме. Мәселе төр­кіні даналықта болып отыр, олай болса даналық тек грек жұртының ғана еншісіне тиесілі емес, ол әлемдегі бар халықтарға тән феномен. Сондықтан, бұл феномен әр аймақта, әр тілдерде әрқалай айтылуы түсінікті. Бірақ, Батыс ғылымы және өркениеттің қар­қынды қадамы нәтижесінде философия деген термин күллі дүниежүзіне сауаттылық белгісі ретінде тарап үлгерді. Басқа үлгідегі мәдени аймақтарды айтпағанда, Шығыс мұсылман ғұламалары осы феноменге қатысты екі ұғымды қатар қолданған, олар: хакім және фалсафа, кейінгі гректің арабша бұрмаланған түрі, бірақ, оның мағынасы батысеуропалық философиядан өзгеше. Философия тарихынан белгілі жай, Фома Аквинский грек философиясын, әсіресе, Аристотельдің ілімін христиандық негізге салып үлгерсе, әл-Кинди, Ибн Рушд, әл-Фараби сияқты араб тілдегі ғұламалар фалсафаны мұсылмандық дүниетаным негізіне мейлінше жақындатты. Сөйтіп, гректер қалыптастырып үлгерген философия деген әмбебап ұғым Шығыста екі арнаға түсіп, бүгінге дейін сол дәстүрмен жалғасуда. Абай өзінің дүниетанымдық ізденістерінде философия дегенді қолдан­байды, ол оны христиандық дүние­таным деп түсінген, ал, Сократ, Платон, Аристотельдерді хакімдер деп атаған. Абай хакім мен ғалымның аражігін ашып, нақтылаған, ол «әрбір хакім ғалым, ал, әрбір ғалым хакім емес» деп түйін жасаған. Бұл философияны ғалымдардың патшасы делінген дәстүрге сай келеді. Бір сөзбен айтқанда, философ та, хакім де ғалымнан жоғары тұрған тұлға. Осы пікірді мойындаушылар да, қолдаушылар да көп, себебі, бұл түсінікте шындық бар. Сонау антикалық дәуірден ХХІ ғасырға дейін философия туралы не айтылмады, оған қандай анықтама берілмеді десеңші. Оның бәрі дерлік қазіргі жоғарғы оқу орындарына арналып жазылған оқулықтарда бар. Менің түсінігімде, философия білім саласы және де ол арнайы даярлықты қажет ететін білім саласы. Сондықтан болар, кеңес заманында ғылым жолына түскендер (физик, математик, биолог, бәрі-бәрі) философиядан қажетті білім (кандидаттық минимум) қабылдап, емтихан тапсырып барып қана, өз ғылымымен айналысуына мүмкіндік алатын. Бұл, негізінен, дұрыс еді, оның қателігі, философияны саясатқа, идеологияға қызметші етіп қоюында. Жалпы, философияның қандай ғылымға болмасын жақындығы бар. Ғылым толыса келе өзі философиялық өрісті қажетсінетіні де анық. Әдетте айтып жатады, әр сауатты, ойлы адам елу жастан асқан соң философ бола бастайды деп. Бұл сөзде де шындық  бар, өмір тәжірибесі жинақтала келе, адамды ойға салатыны бар. Осы тұста маған Ренан Эрнесттің (1823-1892) мына айтқаны ыңғайыма келіп тұр. «Философия – это приправа, без которой все блюда кажутся без вкусными, но которая сама по себе не годится для пищи». Рас. Философия таза философия үшін болса не болғаны, ал, егер, оның объектісі – өмір болса, онда түсінікті. Өмір десек, өмірдің көркі бар, ол адам, оның өмір сүру кеңістігі бар, ол қоғам, ендеше, осылар туралы ұғымдар, түсініктер жүйесі болмай ма, ол жүйе, әрине, философиядан басқа не болмақ. 
Философияның үш деңгейі бар: пәндік, ғылыми және ойшылдық. Пәндік дең­гейі дегенімізді философиялық про­­пе­девтика десек те болғандай, ал, ғы­лыми деңгейге сай бұл сана бойынша ғылыми дәрежелер  (кандидаттық және докторлық) қорғалып, мақала, кі­таптар жариялануда, яғни, философия өзі – ғылым объектісі. Ойшылдық деңгей Абай айтқан хакімдік өріс. Мұнда ғылыми дәлелдерден гөрі, ой тасқыны, идея көріністері мәселе болмақ. Философия саласында ғалымдар көп, хакімдер аз.
***
Философия тұйық жүйе емес. Ол ойлаудың ашық тәсілі. Ой толассыз – тасқын, оның ағымдары, сай салалары көп. Кешегі кеңестік қоғамда философиялық ағымдарды материализм және идеализм деп жүйелеп, философтарды негізінен екі топтамаға бастарын қосты. Бұл ынтаны ғылыми ізденіс деп те атауға болар еді, бірақ, Владимир Ленин бұл жіктеуді абсурдқа жеткізді. Ол философия тарихынан «жаңалық» ашып, «Демокрит бағыты» және «Платон бағыты» дегендер философияның партиялығы, яғни,  материализм мен идеализм күресі деп тұжырым жасады. Сөйтіп, ол философия тарихынан тап күресін тапты. Бұл бүгінде, әрине, күлкілі жағдай, алайда оның мәнісін түсіндіру үшін философия білімі тарихында схоластика және софизм дегендердің болғанына сәл тоқталған жөн. Схоластика философия ауқымында қалыптасқан білім саласы. Схоластика грек тілінде «мектеп» деген мағынада. Жалпы, схоластика туралы пікірлер әр алуан болуы да табиғи жағдай. Бірақ, біз білетін схоластика, ол философиялық білімнің белгілі бір көзқарастарға арнайы қызмет атқарып, өзінің әмбебап мәнінен айырылған түрін айтамыз. Ол көбінесе, ортағасырда таза шіркеулік догмаларды насихаттап, нақтылы өмірден философиялық ілімнің алыстаған кезінде болған, бірақ, схоластика білім саласы және кей кездерде жүйелік мән-мағынада болғанын да теріске шығаруға болмайды, алайда, ол тар көзқарастағы философиялық жүйе деуімізге әбден негіз бар. Сондықтан да, схоластика деген келе-келе, әсіресе, кеңестік заманда жатымсыз, мағынасыз ұғымға айнала бастады. Ең қызығы, марксшіл философтар схоластиканы сынай тұра, шын мәніндегі схоластиканың бел ортасында өздері болды. Олардың ойлап тапқан диалектикалық және тарихи материализмдері схоластиканың нағыз көкесі болатын. 
Софизм дегенге келсек, ол да гректің «бұрын сөйлеу, айлакерлік» деген мағы­надағы сөзі. Софизм антикалық дәуірде болғаны туралы философия тарихында мысалдар көп. Софизм, бір жа­ғынан, ойдың бұрылыстары, яғни, адам санасының өз табиғатына өзінің қарсы келуінің логикалық тәсілдері болса, екін­шіден, адамды шындық жолынан адас­тырудың бірден-бір тәсілі. Софист логикалық тәсілдер арқылы ақты қара, қараны ақ деп «дәлелдеп» бере алады, бұл біле тұра теріс сөйлеу тәсілі. Лениннің марксизмнің жаны деп жүрген диалектикасы, нағыз софизм болатын. Марк­сизмнің теріс болғанын бүгінгі күнгі тәжірибе анықтап отыр, ал, сол жалған нәрсені ақиқат деп «дәлелдеп» мил­лиондағандарды  бұрыс жолға салудағы ойлаудың тәсілі, әрине, софизм. Демек, маркстік-лениндік философия мазмұны жағынан схоластика, тәсілі жағынан софизм екені енді жұртшылыққа түсінікті болар деймін. Олай дейтінім, социалистік қоғам жойылды, оның орнына нарықтық қатынастарға, соған сай жеке меншікке негізделген өндірістік, қоғамдық, гума­нитарлық қатынастар орнығып, жаңа заман, жаңа дәуір бастау алды. Социализм қирағаннан кейін, оны өмірге әкелген сана маркстік-лениндік ілім және оның философиясы да сол қоғаммен бірге кетуі қажет еді, бірақ ол әлі күнге дейін сақталып отыр. Неге дейсіз ғой, оның да дәлелдемелері бар. Ең бастысы, бұл философияны кәсіп еткен мамандар, әлі де қоғам өмірінде ықпалдары бар. Кеңестік идеология бұл ескі философияны жұртшылықтың сана-сезіміне әбден сіңдіріп үлгерген. Айталық, кеңес заманында мен де әріптестерім сияқты жоғарғы оқу орындарының екінші курс студенттеріне, аспиранттарға, ізденушілерге ұзақ уақыт марксизм-ленинизмнің құрамдас бөліктері: диалектикалық және тарихи материализмнен дәрістер оқыдым. Мені, әсіресе философия тарихынан дәріс оқу қызықтыратын. Философия тарихы дегеніміз еркін ойлау алаңы. Адамзат тарихында нендей ғұламалар болмады десеңші. 
Философия дегеннің өзі шын мәнінде философия тарихы емес пе? 
Мен философия тарихы оқулығы ретінде Бертран Расселдің «Батыс Еуропалық философия тарихы» деген көлемді еңбегін ұсынар едім. Батыс Еуропа аймағына дейін философиялық ой-өрісінің аса шұрайлы болған Үнді, Қытай және араб тіліндегі ойшылдардың еңбектерімен мұқият танысу сана-азық. Грек философиясының адамзатқа ортақ құндылық екені дау туғызбайды, мәселе олардың мұраларын интерпретациялауда, айталық, ұмыт болған Фома Аквинский, Аристотель ашқан араб ойшылдары, бірақ одан Аристотель философиясы католиктік дүниетанымға лайықтап түсіндіре бастады, міне, осы мысалдар жеткілікті. Философия тарихы мүмкіндігінше таза өз қалпында біліп-тану ісі әлі де орындалмай отырған мұқтаж істің бірі. 
***
Ебелек тамыры тереңге кетпеген әлсіз шөптің бір түрі, ол тамырынан айырылған соң көшерін жел, қонарын сай білетін қаңбаққа айналады. Маркстік-лениндік философия дегеніміз, сондай ебелектің күйін кешуде. «Ебелек философиялар» адамзаттың рухани тарихында болған, әлі де бола бермек. Адам баласы адасып барып жөнін аңғармақ. Ебелек философиясы сол бір адасушылықтың көрінісі. 
Бүгінгі ақпараттық қоғам жағдайында адамзаттың аяқ алысы, өзгеше өлшемдегі философияны қажет етуде. Жаңа тұрпатты философияның өзегі – ізгілік болмақ. 
Ізгілікке негізделмеген философия ебелекке айналмақ. Желмен келіп, желмен кеткен ілімдер қаншама, алда да ондай жайлар бола бермек.
Ізгілік философиясы өміршең, оның тарихта тамаша үлгілері бар, соның бірнешеуінен ғана мысал келтірейік:
Біздің дәуірімізге дейінгі VI-V ғғ. өмір сүрген Қытай ойшылы, ел ұстазы атанған Кун Фу-цзы айтты деген ойлар:
«Айтқандарымыз орындалмаса, не болмақ деп қауіптенген бұрынғылар аңдап сөйлеген»  (2.І.149) (Хрестоматия по истории философии. М., 1997. 34-б.).
«Адамның  тәрбиесінен  гөрі таби­ғаты басым болса, ол надандық шырмауында. Егер, тәрбие табиғатынан асса, ол оқу соққан дертке душар болмақ. Егер де, тәрбие мен адам табиғаты үйлесімді болса, ол ізгі жан» (2.І.152) (Сонда, 34-б.).
«Ізгі адам өзімен-өзі, не өзгелермен дауға түсе бермесе де, бәрімен келісімге келе алады, бірақ, ешқайсысымен ауыз-жалаушылыққа бармайды»  (Сонда, 35-б.)
Немесе Мо-цзы (б.д.д. 479-400 жж.): 
«Жабайылар мен надандарды ізгі жандар басқарса, тәртіп салтанат құрмақ. Егер, жабайылар мен надандар ізгі жандарды басқарса, топалаң болмақ» (2.І.181-182) (Сонда, 39-б.).
Протагор (шамамен б.д.д. 480-400 жж.):
«Құдай қандай, түрі қандай, ол бар ма, әлде жоқ па, мен білмеймін, өйткені, оған бөгет: мәселенің көмескілігі және адам ғұмырының қысқалығы» (Сонда, 99-б.).  
Платон (шамамен 203-269 жж.):
«Тұтастық деген не? Ол әлемнің бар болу мүмкіндігі (потенциясы)» (Сонда, 147-б.).
Сірә, әлемнің тұтастығында ізгілік болса керек, біз оны адам табиғатынан іздейтініміз де содан болар, оны адамшылық деуіміз де осы мәнде айтылса керек. 
Аңғарып отырсыздар, аталған ойшылдар ізгілік туралы үнемі де айтумен келеді. Осы тұста Абайға қайта оралу қажет болып тұрғаны. Ол ғалым мен хакімнің аражігін ашып берген еді. «Әрбір хакім, ол ғалым, ал, әрбір ғалым хакім емес» деп. Ойлаймын, ғалым мен хакімнің айырмашылығы осы ізгілік философиясында болса керек. Ғалым дүниені, адамды, табиғатты логикалық тәсілдермен, құрандармен өнімді түрде танып-біліп, адам баласының қа­зы­насына айналдырмақ. Бұл керемет, бірақ іс мұнымен бітпейді, әлем сыры – тылсым, оған басатын қадам хакімдік, яғни, ізгілікке негізделген ойшылдықта.
Ойшылдық философияның кемелденген сатысы, оны шығыста хакімдік дейді. Абайдың «әрбір ғалым хакім емес» дегенінің мәнісі осы болмақ.
Сократ білім ізгі болмаса, ол бұзылған тағам сияқты адамға залалды деген. Ол білім тек ізгілікті дегенді айтумен өткен, ал, большевиктер құп алған Гегель болса, адам баласын төменгі, жоғарғы деп бөліп, ізгілік дегеннің адамзатқа ортақ мәнін жойып, философияны тек логикаға сайған, ол:
«Африкандық және азиаттық ха­лықтармен грек, рим, қазіргі халықтар (еуропалықтар деп түсіне беріңіз – Ғ.Е.) арасындағы басты табиғи айыр­машылық мәнісі, кейінгілер өздерін ерікті, өздері үшін ерікті екендерін біледі, ал алғашқылар болса, олар өздерінің ерікті екендігінен мақұрым, олар еріктіліктің көлеңкесінде ғана ғұмыр кешуде. Жағдайдың ауқымы да, өлшемі де осыған қатысты» (Сонда, 408-б.).
Бір-ақ түсінікпен жүздеген халық­тарға «үкім» шығара салу. Гегельге тән өркөкіректік, бұл жерде ізгіліктің иісі де жоқ, оның табиғи ерекшелік деп отырғанының арғы жағында не жатқанын әрбір сауатты адамның өзі-ақ түсінбек. Иммануил Кант та адам баласын төртке бөліп жіктеген, бірінші орында еуропалықтар, одан кейін азиаттар, африкандықтар, т.б.
Батыс Еуропалық ағартушылыққа зер салсақ, онда еуропалық халықтардың тарих локомотиві екені туралы ұғым аласыз. Әрине, Еуропаның ғылым, білім, өнерде, әсіресе, технология саласында жетістіктері орасан, бірақ, осы негізде халықтардың табиғи қабілеттері туралы нәсілшілдік  мағынада ой қозғауды ізгі­лікке қалай жатқызбақпыз. Альберт Швейцер сияқты жер шарының өзге халықтарының артта қалуына европалықтардың кінәлі екенін мойындайтын, аз да болса, шағын тұлғалардың болғанына да тәуба!
Қазіргі заманда евроцентристік көз­қарас қирауда, мәдени-өркениет ор­та­­лықтары ақпараттық қоғам жағ­дайында кез-келген, тіптен күтпеген аймақтарда пайда болуы әбден мүмкін. Чаадаевтің «артта қалушылық, ол мүмкіндік», – дегені іске асуы өте ықтимал ой. Шәкәрім кезінде «Еуропада үлгі алатын бір ел таппадым» – деп еді. Рас. Өркениетті Еуропа екі алапат жаһандық соғыс өртін тудырды, миллиондар жапа шекті. Сол қасіретке себепші болғандардың бірі неміс философиясы. 
Тамыры   халық тарихымен,   дәстүрі­мен, дінімен және тілімен ғасырлар бойы біте қайнасып шыққан дүниелердің тамыры тереңде, оларға тосын соққан жел қауіп емес, олар ебелектер емес, терең тамырлы бәйтеректер.   
 
***
Ебелек философия біздің санамызға кесел болып жабысты. Кесел адамға адамнан енетін дерт. Кеселдің ең ауыры ойдан болатын – кесел, оны хакім Абай бір сөзбен «қайғы шығар ілімнен», – деген. 
Кеселдің емі – ізгілік. Ойшылдың мазмұны ізгілік болса, ол дінмен тоғы­сып, дүниенің көркі туралы санаға айналмақ.

Алдыңғы «
Келесі »