Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам… немесе адамзат тарихы неге бұрмаланды?

  • 15.09.2016
  • 42 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Cовет‑Хан  Ғаббасов,          
жазушы‑дәрігер

Бүгінге дейін айтылып келген, Адамзат өркенниеті – Қытайдан – Индиядан – Парсыдан – Египеттен – Грекиядан – тарапты‑мыс дейтін, жаңылтпаш тәрізді жайдақ пікірлердің өтірік екені ашылып жатыр. Өйткені, қазіргі адамзаттың азып‑тозуын тоқтататын, тек «шындық» қана емес, енді, тіпті, нағыз «ақиқаттың» өзі ғана қажет екенін, уақыт тынысы талап етіп отыр. Халық даналығы айта­тын;‑ «Өтіріктің – құйрығы бір‑ақ тұтам» – дейтін тұ­жы­рымның ғұмыры – европацентризмнің кеудем­соқтығымен – сан ғасырға созылып,  бұдан ары жалғас­тырудың соңы – жер бетіндегі ‑ ақырзаман сипаттарын елестетуде. Кешегі – «сунами», бүгінгі – әр түкпірлерде қылаң берген «топан судың» басуы, емдеп алуға көн­бейтін – «спид» пен «құс тұмауы» – тәрізді лаңдардан, адамзат қауымы ой түймесе болмайды. Сонда, осыншама келеңсіздіктің пайда болуының себебі не? Адамзат тарихындағы қателіктің көзі қайсы? – дейтін заңды сауалдар туындайды. Міне, осы себептерді ашпай, болып жатқан сал­дарлардан құтылу қиын. Ендеше, «себептің көзі ‑ қателік» екен?!.  Ол – «кімнің қате­лігі» – дегенде, – «Адамзаттың өткен‑кеткені» – көз алдыңа келсе, «ненің қателігі» ‑ десек, сөзсіз – «Табиғат тыл­сымдары мен заңдылықтары» – еске оралады. Бірақ, жоғарыдағы айтылған ақырзаман сипаттары, тек жер бетінде ғана болып жатқандықтан, күллі табиғаттағы тұрақты заңдылықтардың қаз‑қалпында екенін байқасақ, онда «қателікті» – тек «адамзат қауымының өркенінен» – іздегеніміз жөн сияқты. Сондықтан да, адамзат тарихындағы «шындықты» – саралап, алдау мен арбауды қаламайтын «ақиқатты» – адақтауға тура келеді. 


Ендеше, біздің өркениетіміздегі орта ғасырлардан бастау алған – жалған ба­сым­­­дықты – күшпен иеленген «Евро­пацентризм методологиясын» – сын тезі­не салып, оның ақиқаттығын тексеруге талпынамыз. Осыған орай, кезінде  жазылған – Европацентризм методологиясы – апат! – атты мақаламды ғылыми негіз ретінде келтірмекпін. 
Енді ғана  басталып    жатқан,    мынау ХХІ‑ші ғасырдың күрделі де күңгірт сыр‑сыйпаттары мен бұрынғыдан да құй­тыр­қылы евро­пацентризмді – барынша нақтылап, тек ақи­қатқа сүйеніп  терең түсіну – әсіресе, хал­қының саны аз, экономикасы әлсіз шағын мемлекеттерге ауадай қажет?! Себебі, им­периялық мүдде мен  европацентризм методологиясы, бұрынғы қай‑кездегісінен де қабыса түсіп, өзара үндесудің  не бір айлалы тәсілдердің түрлерін (формаларын) ұсынуда…Бұл әдіс‑амалдарды көкірегі ояу жандар жақ­сы біледі. Бүгінгі таңдағы солардың ең жоталысы – Ғаламдану немесе Жаһандану – дейтін өркениетке көшуді жеделдетуде. Оның да сүйенетіні – Европацентризмнің қатпары қалың аярлықтары – екені белгілі болып отыр. Өйткені, «супердержавалар» – жаңылтпаш ғылым ретінде – европа­цен­тризм методологиясынан асқан – тәсіл­дің де, айланың да жоқ екенін терең түсінеді. Ендеше, «Европацентризм мето­дологиясы» – дегеніміз не? – дейтін заңды сұрақ  туындайды… 
– Иә‑ә, бұл жайында, көптен айтылып келе жатқанымен, еш уақытта сараптай салалап талданып та, оның құпия сырларын ашып, жүйелі түрде жазылғанда емес. Міне, осы сауалдың төңірегінде аз‑кем ойлануды, ұлттық қажеттілікке балаймын?!?. Ең әуелі кез‑келген – методологияның негізі – ғылым екенін түсініп алғанымыз жөн. Ендеше, европацентризм методологиясы да – ғылым!  Бірақ, бұл қандай ғылым? – деп зерделей түсіп зерттесек, оның «тылсымы мол,  құпиясы көп саясат пен жалғандықтарға құрылғанын» анық байқауға болады.Тіпті, бұған Сіздер аса таңырқай да қоймауларыңыз  мүмкін?!.. Өйткені, бәрімізде осы – жымсыма саясатқа толы методологиямен құндақталып, неше ғасыр  ұйқылы‑ояу арбалып, сан­да­лумен күн кешіп келгеніміз де анық. Тек, ойда жоқта келген – тәуелсіздік – дейтін тәтті сөздің ырғағымен ғана, Европацентризм ерекшеліктеріне – енді‑енді ғана ой жі­беріп жатқандаймыз. Міне, осы арада сана­мызды оятып алды‑артымызға қарасақ, біздерді бүгінге дейін бодандықпен қымтап келген – европацентризм методологиясы – бұрынғыдай емес, – Жанымызды да, Тәнімізді де  –  қызған темірдей қарып бара жатқанын сезіне бастадық. Сонда, оның жалпы сипатынан, тайға таңба бас­қандай анық  байқалатыны – Империялық озбыр саясаттың, айлалы тәсілдерін жүйелейтін – ілім  екені анықталып отыр. Мінеки,  осы қағиданың бірнеше ‑ дәлелдерін – келтіріп көрелікші?!..  

Бірінші дәлел: 
Европацентризм методологиясында – ең әуелі әлем тарихының ақиқаты мен тағылымдық шындығы жоқ. Оның ең үлкен дәлелі ретінде – адамзат тарихының бұрмалануын (фальсификациялануын) айтуға болады. Мысал үшін:
– Шығысында – Қытайға, Батысында – Римге, түстігінде – Египет пен Үндіге  теңдессіз әсерін тигізген Туран елінің тарихы қайда ?..
– Немесе бүкіл Қытай  қорға­ны­нан Қаратеңіз бен Қап тауына дейін созылған Гун  империясының өркениеті неге жасырылады?
– Біраз мезгіл кейінірек өмір сүрген А. Македонский марапатталады да, одан бұрын он есе күшті қолбасшы болған Мөде‑хан жайында еш  тарихта айтылмауының себебі неде? 
– Тіпті, кеше ғана Европаға аса үлкен әсері болған Еділдің (Атилланың) тарихы неге жасырылады; 
– Европаның VІ‑ші ғасырға дейін  САҚ‑ тілінде сөйлегені неге айтылмайды? 
– Немесе Шығыс Европаның ІХ‑Х‑шы ғасырларда қыпшақ тілінде байланыс жасағанын (Кодекус куманикус) айтпау­дың себебі неде? 
– VІ‑VІІІ ғасырларда бүкіл әлемді дүр сілкіндірген Шығыс және Батыс Түрік қағанаттары жайында да айтылмауы қалай?..
– Кешегі өткен – Шыңғысхан – Жошы ‑ Батый – Алтын Орда – шындықтары неге  бұрмаланып отыр? Мінеки, айта берсе, бұл тәрізді тарихи әділетсіздік толып жатыр…
– Осының салдарынан, бүкіл адамзат тарихының  ғылыми жүйелері мен негіз­дері бұзылды. 
– Сақтар мен Гундар тарихының әдейі айтылмауынан, бүкіл Түрік халық­тарының көне тарихы бұрмаланды. Осынау, ар ұялар істердің бетін ашқан, тек Қазақ даласынан табылған бірнеше археологиялық ғажайыптар мен «Алтын адам» киімдеріндегі даналық өрнектер және Аркаим‑Сынтасты өркениеттері, Европацентризмнің әділетсіз де, жалған ғылым екенін дәлелдеді. 
– Мұндай фальсификациялардың сал­дарынан, адамзат қауымы бүгінге дейін,  әділетті  де қайырымды  қоғам  құралмай отыр. 
– Бұның ең үлкен зауалы мен залалы, адамзат қауымының тәрбиесіне қабағат ауыр зардаптарын тигізуде…

 І‑ші дәлелдің – ғылымдағы көрінісі
Бұл жайында ғылымның айтары тым ерекше?! Тіпті, оқырманнан шүйінші сұра­ғалы отырмын. Ау‑у, әлеумет шүйінші бер, шүйінші ?!.. Күллі түрік тілдес халық­тардың ұрпақтары, тегіңнің тереңдігі мен қасиетіңнің молдығы ғылыми дәлелденді десе болады. Осы – жуық арада, менің қолыма ғажайып бір ғылыми кітап түсті. Авторы – Нарымбаева Амангелді Қасымқызы, кітаптың аты – АРКАИМ – (очаг мировой цивилизации, созданный Прототюрками А., 2007ж., көлемі 30,0  б. т.,) – деп аталады. Амангелді Қасымқызы кітабының эпиграмы етіп Мағжан Жұмабаевтың ;
– Тұранға жер жүзінде – Жер жеткен бе?
Түрікке адамзатта ‑ Ел жеткен бе ?
Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял,
Тұранның ерлеріне ‑ Ер жеткен бе ?!
Тұранда – Түрік ойнаған ұқсап отқа,
Түріктен басқа ‑ от боп – Жан туып па?
Көп Түрік енші алысып тарасқан да,
Қазақта – Қарашаңырақ қалған жоқ па? – деген, таңғажайып мүттағалаға ұқсас (озорения) көрегендікпен жазылған өлеңін келтіріпті. Бұл құдіретті дарын иелеріне ғана жаратушысының түсіретін аяны, міне осылай болып келеді. Мағжан ақынның айтқандарында еш көтерме де, артық айтқан ұғым да жоқ. Бүгінгі археология мен антрапология ғылымдарының тауып беріп отырған жаңалықтары, ақынның жобалап айтқандарынан мыңдаған есе асып түскенімен қоймай, бүкіл жер бетіндегі өркениеттің тал‑бесігі Ұлы Дала екенін тапжылтпай дәлелдеп  беріп отыр. Енді, қысқаша Амангелді Қасымқызының өзіне  сөз беріп көрелік;
« ‑ Кто мы? Откуда мы? Куда мы идем? Эти вопросы занимали человечество во все времена. Предположение о неких общих корнях народов Запада и Востока, общем пути, пройденном пращурами, прежде чем они сложились в самостоятельные государства и нации, уже давно признано теорией, имеющей право, на существование. Однако практических материалов до последнего времени было недостаточно. Недавнее открытие челябинских археологов как раз и является одним из вещественных подтверждений этих догадок.
– АРКАИМ… (самым важным открытием века, летом 1987 года).
– «Дикая степь», «дикая Сибирь», и вдруг – очаг мировой цивилизации! Уникальный  памятник высочайшей культуры, имеющей возраст 5000 лет! Это ли не чудо ?!..»    
Осынау таңдану мен қуанудың негізі, тек археология мен этнография және антропологияның  ғылыми деректерінен ғана тұратын еңбекте, бүгінге дейін үстемдік етіп, мізбақпай отырған «Европацентризм методологиясының» күл‑паршасын шыға­рып қана қоймай, ғасырдың емес, тіпті неше ықылым дәуірлердің жаңалығын ашып, адамзаттың өркениетіне мүлдем жаңа бағыт ұсынып отыр. Бұл еңбекпен танысып шыққаннан кейін, бүкіл әлемді жайлаған жалған тарихтың сырына қа­нып, осыншама өтірік пен аярлық күллі адамзаттың рухына қиянат жасап отыр­ғанын түсінуге болады. Кешегі Кеңес зама­нындағы Қазақ халқына – мәдениетің де, тарихың да, тәрбиең де – тек Октябрь төңкерісінен кейін басталды, – дейтін қаты­кездікті, мұның қасында  ойыншық десе болғандай. Егер адамзат өркениетінің бесігі болған Ұлы Дала мен Тұран мәдениетін жасырмақ болған, Европацентризмнің ала­яқ әрекетімен салыстырғанда, ол өтірік – мынау өтіріктің шалымына да келмейтіні анық. Сондықтан, Кеңес кезеңдеріндегі Түркология ғылымымен шұғылданған ғалымдардың еңбектеріне, тек сын көзімен ғана қарауды естен шығармаған жөн. Бұл – Ұлы Дала өркениетін зерттейтін келешек ұрпақтың есінде болуы қажет. Осы пікірдің мәні мен маңызын терең түсіну үшін, тағы да ‑ «Аркаим» ‑ атты еңбектен үзінді келтіріп көрелік;
«‑ Итак во всем: вся созданная кочевниками культура присваивалась другими народами или приписывалась другим народам. Предметы роскоши умели создавать предки сарматов – скифы – уже в ХІ в. до н. э., на 1000 лет раньше сарматов, что очагом ранней скифской культуры является регион Алтая, Семиречья, что именно оттуда технология изготовления этих предметов роскоши распространялась потом на Ближний Восток, Рим и Грецию, а не набород, как утверждала до сих пор традиционная (Евроцентристік) история.
Вот что скажет в 2002 году археолог, исследователь кургана Аржан‑ІІ, Андрей Иконников‑Галицкий о скифской культуре: «…Напомню, что древнегреческая культура в это время еще только зарождалась, о Риме не было и помину, и даже Китай едва‑едва осваивал письменность. А скифские цари, вожди кочевнических племенных союзов, сооружали погребальные памятники, сопоставимые по масштабам с египетскими пирамидами, и наполняли их богатствами, которые можно сравнить с сокровищами Тутанхамона. Все это говорит о том, что в VІІІ – VІІ вв. до н.э. в Центральной Азии существовала мощная держава и расцветала замечательная культура…» (А. Иконников‑Галицкий. В лучах аржанского кургана. Центральная Азия. № 35 – 2002. Кызыл. Республика Тува).
Новые данные науки наносят ощутимый удар по устоявшимся положениям и заставляют иначе взглянуть на историю  и культуру кочевников, в том числе и на историю казахского народа.
Какие же это научные открытия?
Это, во-первых, рунические письмена, которых находят по всей Великой Степи, некоторые из которых ученные относят ко ІІ-І тыс до н.э.
Во-вторых, это открытие в 1960 г. «Золотого кургана» №5 в долине Шиликти в Жетису, одного из древнейших сакских захоронений, относящягося к VIII-VII вв до н.э.
В-третьих, это «І Золотой человек» – сакский воин и серебряная чаша с надписью на дне из кургана Иссык, обнаруженные в 1970 году.
В-четвертых, это второй «Золотой человек» – сарматский воин с булатным мечом в руках, обнаруженный на западе Казахстана, в Атырауской области в 1999 году.
В-пятых, это царское захоронение, открытое в 1998 году в Береле в Восточно-Казахстанской области, где в искусственно созданной вечной мерзлоте найдены колесница и останки 13 лошадей в полном золотом убранстве от макушки до хвоста. Эти захоронения ученые сравнивают с гробницей Тутанхамона.
В-шестых, это находка Аржан-І и Аржан-ІІ, богатейшего погребения сакского царя и его супруги, открытого в 1999 году в Туве, относящегося к ХІ-ІХ вв до н.э. и неопровержимо доказывающего направление движения культур: с востока на запад, а не наоборот.
В-седьмых, это находка ІІІ «Золотого человека», обнаруженного в 2002 году в долине Шиликти у подножья Тарбагатая в Зайсанском районе Восточно-Казахстанской области, относящегося к VIII в. до н.э. и д.р.
В-восьмых, это открытие сотен древних богатейших медных рудников эпохи энеолита и бронзы на территории Сары-Арки и в Каргалах, неподалеку от Оренбурга, которые показали, что именно в Древнем Туране впервые на земле человек освоил металлургию, металлобработку, производство бронзы, железа и булата.
Этим сказанно все. Скифы, саки, сарматы – потомки аркаимцев и андроновцев. Именно восточний регион Евразийских степей является колыбелью и скифской, и гуннской, и тюркской культур. Шиликтинский золотой курган №5 в Казахстане и курганы Аржан-І и Аржан-ІІ в Туве – древнейшие из всех скифских курганов на всем пространстве Евразий. Датировка этих курганов ХІ-VII вв до н.э…»
Мінеки – Бірінші дәлелдің – ғылыми көріністерін түсінген сайын, таңғажайып сипаттарыменен тәнті еткен деректері рухыңды өсіріп, ата‑бабаң адамзат өркениетін жасаушы және жер бетіне таратушы екеніне көзіңді жеткізеді. Евроцентризмнің жал­ғандығы мен аярлығынан жаның шошынып, жағаңды ұстауға мәжбүр етеді. Күллі адамзат тарихына еріксіз көз жіберіп ойлана қарасаң, ең ауыр да аппатты жағдай, адам тәрбиесінің азғындауын байқауға болады. Әсіресе, өтірік пен өсекке құрылған  жасанды тарихтан адам баласы рухани әлсіреп, тәрбиенің қабағат ауыр қателіктерге ұшырап отырғанын аң­ғарамыз. Сондықтан да, ақиқатқа құрылған адам тәрбиесінің жаңа іліміне бой алдырған жөн…

Екінші дәлел:
Европацентризм методологиясының әсерімен, бүгінгі таңдағы қолданылып отырған бүкіл Педагогика мен Психология ғылымдарының Негіздері мен Жүйелері жалған бағыттарды басшылыққа алды. Мұнда да Империялық саясаттың ықпалымен, адамзат тарихының даму жолдарын дәл сипаттайтын «Морган жүйесін» және генетикадағы «Мендаль ілімін» әдейі терістеу арқылы адам тәрбиесіне жалған тәсілдер ұсынды. Мысал үшін:
Мәселен, классикалық педагогика­ның негізін – философиядан – шығаруы; бұл, тіпті, ақылға сыймайтын қателік?! Өйткені, Морганның классификациясы бойынша, адамзат қауымының дамуын үш кезеңге – Тағылық (төменгі, орта, жоғары сатылары бар, 180 мың жылға созылады) – Жабайылық (мұнда да – төменгі‑орта‑жоғары сатылы, 15  мың жыл) – Мәдениеттілік (5 мың жыл, бүгінге дейін) – деп бөлінеді. Тек, Жабайылық кезеңнің төменгі сатысында ғана, фи­лософиялық ой түгіл, енді‑енді шешен сөйлеудің белгілері (К. Маркс) білінеді, олай болса, классикалық педагогиканың негізі философия деу, шындық түгіл…қисынды өтірікке де ұқсамайды.
– Ғылыми педагогиканың негізі – білім беру, оқыту, тәрбиелеу – деуі, оның үстіне бүкіл Европалық ғалым­дардың (Песталоцци, Дж. ЛОК, Макаренко) ба­ланы туғаннан бастап қана тәрбиеленеді дейтін түсініктері де қате екені дәлелденіп отыр. Бала ана құрсағындағы 4-ші айынан бастап тәрбие күтетіні, ғылыми жаңалық ретінде мойындалған құбылыс. Олай болса, іште жатқан баланы – оқыту – білім беру – дегеннің көкейге қон­байтыны, ешқандай дәлелді қажет етпейтіні түсінікті.
– Ежелден белгілі – Аристотель мен әл‑Фарабидің – ғылыми класси­фика­циясы бойынша, кез‑келген Пәннің негіздері – өзінің ішінен шыққанда ғана – ол нағыз ғылыми пән бола алады, – дейтін тұжырымын еске түсірсек, ғылыми педагогиканың негіз деп отыр­ғандары – білім де, оқыту да – сырт­тан келіп тұрғанын ажырату қиын емес. Ендеше, бүгінгі Педагогика мен Психологияның осындай империялық саясатқа бағынған методологиясынан, бүкіл адамзат қауымының тәрбиесінде қабағат үлкен қателіктер бар. Осының салдарынан, бүкіл біздің өркениетіміз бойынша, адам баласының бойындағы үш жүйесі – ТӘН – ЖАН – РУХ – тәрбие­лері үндестіктерін тапқан жоқ. Бүгінгі таңда, Тән тәрбиесінен басқа, Жан мен Рухтың тәрбиесі түгіл, бұл екеуінің өзі ‑ не екенін түсінбейтініміз шындық. Міне, Европацентризм методологиясының – кер­ағар әсерлерінің бір саласы ғана, осын­дай жайсыздықтарға ие екен.
– Осыдан келіп, бұл кешегі импе­рияларға немесе бүгінгі Жаһандану саясатына не үшін қажет болды ? – дей­тін заңды сұрақ туындайды. Қысқа қайырып айтсақ, Бір халық – өзінің ота­рындағы ондаған халықтарды еркін төстеп билеу үшін, қол астындағы халықтардың ұлттық және азаматтық санасын оятпауға тырысады екен. Сон­дықтан, империя атаулы бодан халықтың – ұлттық тарихын – халық­тық педагогикасын – жойып жіберуге тырысса, – тілін – жер аттарын – дәстүрі мен салттарын – өшіруді өзекті мәсе­лесі ретінде таниды. Мінеки, осынау санамалаған ұғымдардың теріс жүргі­­зі­луінен, ұлттық және азамат­тық саналардың ашылмауынан, бүгінгі маңдайымызға күйелі көсеудей ұр­ғылап жатқан шалақазақтар мен кос­мополиттердің қасіретін түсінуімізге болады. Ал енді, осыншама ауыр кер­ағар­лықты түзетудің жолы бар ма?..  ‑  Әрине, бар!?!  Оны, «Халық педагогикасы мен психологиясының негіздері» атты ұрпақ тәрбиесінің – жаңа ілімінен  ‑ оқып таны­суларыңызды сұраймыз…

  ІІ‑ші дәлелдің – ғылымдағы көрінісі
Алғаш рет жазылған Совет‑Хан Ғаб­басовтың «Халық педагогикасы мен психологиясының негіздері» (А, 2005ж, көлемі 41 б. т.,) атты тұңғыш ұсынылып отырған осы пәннің – екі сатылы  Мето­дологиясы – жеті түрлі  Негіздері – екі  Жүйесі – бар екені дәлелденеді. Бұл адам тәрбиесінің бұрын‑соңды айтылмаған жаңа көзқарасы. Мәселен, адам тәрбиесінің Методологиясы – әуелі Биологиялық инди­вид – сонан кейін Сананы жетілдіру – саты­ларынан  тұратыны анықталып отыр.. Ал, Биологиялық индивид сатысынан – Жүрек тәрбиесі жүйесі ‑ қалыптасса, екінші сатысы  Сананы жетілдіруден – Ақыл тәрбиесі ‑ кемелденіп, осы екі Жүйеден – Жеті Негіздері өркендерін алады. Ұрпақ тәрбиесінің бұ­лайша жіктелінуі Европацентристік мето­дологияда жоқ. Міне, бұл, бүгінге дейін қолданылып келген адам тәрбиесінің аса ауыр қателігі болатын. Осы еңбекте  тұңғыш рет  ‑ Тән тәрбиесінің – біржақтылығын ашып қана қоймай, адамдағы ‑ Жан тәрбиесі ‑ жайында мүлдем сөз болмайтындығын ең ағат та ауыр кемшілікке балайды. Тіпті, Жан дегеннің өзіне мән бермейтіндіктен, оның нақты не екендігін білмейтіндер көп. Адамда Жан тәрбиесі жүргізілмейтіндіктен, Тәннің он екі мүшесі тәрізді, біз дәлелдеп берген Жанның он екі арналары (түйсік, ұят, сүю, мінез, зерде, қабылет, жігер және ішкі бес сезім) түгелдей жабылуға жақын. Қазіргі адамзаттың азып отырған басты себебі де осы ?! 
Осылайша, Жан мен Тән тәрбиелерінің үндессіздігінен, тіпті, анығырақ айтқанда, олардың әрқайсысының ‑ тәрбие тәсілдері ‑ дұрыс жүргізілмеуінен, оның  бойындағы  Рухы  да  дұрыс жетіле алмай отырғанының мысалы көп. Адамзат қауымының құрамын­дағы ұлт пен ұлыстардың ғасырлар бойы қалыптастырған  ‑ Тәрбие тағылымдары (педагогикасы) – көнеден келе жатқан ‑ адамзат тарихын ‑  әдебін (этикасы ‑ талғамын (эстетикасы) ‑ өнерін ‑ өрке­нін ‑ мәдениетін – этнографиясын ‑ әдебиетін ‑ ділі мен дінін ‑ болмысы мен дүние­танымдарын – барынша түсінікті де тартымды етіп беруге тырысады.
Жүрек тәрбиесі  жүйесі  ‑ түйсік пен ішкі сезімдердің әсері арқылы, ана құрсағындағы тәрбие негіздерін қалыптастырып, жоғары­дағы айтылған ‑ жанның он екі арнасын ‑ ашуды қамтамасыз етеді. Осылайша, баланы туғаннан бастап тәрбиелеудің қателігін дәлелдей отырып, ана құрсағындағы тәрбие­нің теңдессіз тереңдігін дәлелдейді. Осының арқасында адамдағы ғайыпты аңғаратын – парапсихологиялық  құбылыс­тардың да ерекше жетілетінін ескертеді.
Ал, адам тәрбиесінің екінші жүйесі – Ақыл тәрбиесі ‑ нәрестенің қарашығын ұстап, Ақ  пен  Қараны  ажыратып қана қоймай, оның ең алғашқы  таңырқауы мен таңдануынан оянатын сәби санасынан  бастау алатынын түсіну қажет. Осы екі Жүйеден жіктелетін ‑ жеті түрлі негіз­дердің сипаттарын, жаңа ілімге балап ұсынылып отырған ғылыми еңбектен оқып білуле­ріңізге болады. Мұндағы телегей теңіз  ұғымдар мен түсініктерді  бір мақалаға сыйдыру мүмкін емес.

Үшінші дәлел:        
Европацентризм методологиясы – отарланған халықтардың ‑ мәдениеттерін де жоққа шығаруға тырысқандығы, бүгінгі таңда айпарадай болып ашылып жатқанын өздеріңіз жақсы білесіздер.  Мысал үшін:
– Қазақ халқында «тарих та, мәдениет те жоқ» ‑ дейтін, кешегі европацентризм методологиясына сүйенген Кеңестік идео­логияның қарабеттігін, даламыздан табылып жатқан археологиялық жаңа­лықтар тапжылтпай дәлелдеумен қоса, бүкіл дүниені таңқалдырып көздерін шырадай ашуда ?! 
– Байтақ даламыздың төрт құбыла­сынан да, Шығысында – Алтайдың мұзды тоңының астынан, әуелгі қалпында бұзылмай табылған – Берелдегі Алтын Адам мен ер‑тұрмандары алтынданған, мүйізді Аттардың бүтін күйінде сақталуы, европацентризмнің көмекейіне құм құйғандай болды. 
– Тағы да сол Шығыстағы – Сауыр тауының етегіндегі Шіліктіде табылған – даналық өрнектерге толы зергерлік бұйымдардың мәні мен мазмұны, тіпті ерекше екенін айтсақ та жетеді. 
– Ал, Алатау аңғарында табылған Алтын Адам – дүниені дүр сілкіндіріп, қазір  АҚШ‑та және БҰҰ‑ның ғима­ратында жанынан өткен жандарды тәнті етіп тұр. Жеріміздің Батысы мен Терістігіндегі енді‑енді ашылып жатқан көне қалалардың берері бұлардан да қызық болуы мүмкін.
– «Мәдениеттен жұрдай, тағылықтан басқа тәлімі жоқ» ‑ деп  оқытатын Түркілердің Руна әліпбиімен жазылған Үлкен және Кіші Күлтегін, Тоныкөк, Білгі‑қаған жазуларының ашылуы, евро­пацентризм методологиясының күл‑паршасын баяғыда‑ақ шығарған еді. Бірақ, бетсіздіктің «беделі» әлі дағы күшпен жүріп жатқаны белгілі. Оның үстіне, бүгінгі таңдағы сол методологиямен ғалым атанған «кө­шірме сауаттылар» ұйқысынан оянып дұрыс бағытты табуға талаптары мен дәттері жетер емес. Әйтседағы, бұрынғыдай емес, Империялардың жам­бас астына салып  тастаған шындық көздері – қасиетті көне ілімдермен көріне бастағанын қуанышпен хабар­лауға болады. Бірте‑бірте жоғарыда келтірілген деректердің бәрі де өзінің тарихи орындарын алатынына сенгіміз келеді. Әйтпеген жағдайда, адамзат қауымының  тәрбиесі тәркіленіп, қоғам­дағы тәртіпсіздік пен әділетсіздік апатты жағдайларға жеткізері қақ. Бұдан құт­қаратын, тек халықтық тағылымға негіз­­делген адамзаттық парасат пен сана ғана болмақ…           

 ІІІ – ші дәлелдің – ғылымдағы көрінісі
Адамзат мәдениетінің негіздерін ізде­генде де, еріксіз Аркаим‑Сынтасты өрке­ниетіне  оралмай болмайды. Өйткені, жер бетінде пайда болған адам баласының өркениеті, тікелей Ұлы Даладан бастау алатындығы рухани да, заттық деректермен дәлелденіп отыр. Сондықтан, А. Нарым­баеваның – Аркаим  атты еңбегінде айты­латын, адамзат мәдениетінің дамуы жайындағы ғылыми тұжырымдарға көңіл аударып көрелік;
«…Как видим, научные данные нео­провержимо доказывают ошибочность при­нятой в науке концепции по которой куро–аракская и майкопская северокавказские культуры созданны продвигавшимися с юга из Мало Азии и Северной Месопатамии в Восточную Европу древневосточными народами. Как раз наоборот. Куро-аракская и майкопская северокавказские культуры созданы при взаимодействии местного и продвигавшегося через Кавказ на Север Месопатамии степного населения.
Куро-аракская, майкопская и алазано–беденская культуры – это результат распрос­транения степной культуры в юго-западном направлении, и они четко прочерчивают путь продвижения степняков с урало-казах­станского региона через Кавказ.
Если и созданы куро-аракская и май­копская культуры хурритами, то они являлись степняками, выходцами из казахстанских степей, продвигавшимися через Кавказ в северную Месопатамию, как шумеры-прототюрки, расселявшиеся в Двуречье через Среднюю Азию.
Археологические свидетельства пол­ностью опровергают концепцию о прод­ви­жении индоевропейцев на территорию Древнего Казахстана не только с запада, со стороны Восточной Европы и Кавказа, но и юга, со стороны Средней Азии.
Итак, главным очагом зарождения и формирования этой великой туранской культуры, включая в себя не только открытия в области материальной (доместикация всех видов домашних животных, открытие секрета металлообработки, секрета получения бронзы, изобретение керамики, колеса, боевых колесниц, монументальной архитектуры, градостроительства и т.д.), но и духовной (формирование религии, мифологии, создание письменности и т.д.), является Сары-Арка и «Страна городов».
Туранский народ, обладая уникальной металлургической базой, владея прочными металлообработки, мобильной экономической стратегией и властной структурами, способен был не только сдерживать экспансию других народов, а сам совершать активные экспансионные движения и подчинять себе различные этноязыковые группы.
Таковой возможностью в это время не обладал ни один другой народ! Поэтому откуда было взятся индоевропейцам в урало – казахстанских степях в энеоолите, тем более в эпоху ранней бронзы?! Нельзя смотреть на историю только через призму сегодняшних реалий.
Степная культура, в науке ошибочное принимаемая из индоевропейской или индоиранскую культуру, зародилась в Туране, и создавали ее тысячелетиями только степняки – прототурки.
А распростронялась эта степная культура во все остальные регионы Евразийского континента не из Европы, не из Ирана и не из Индий, чтобы называться индоевропейской.
Нельзя, то что созданно одним народом, приписывать другому народу, лишая этим народ своей культуры и историй!
Ни в коем случае нельзя недоооценивать место Древнего Турана во всемирной истории, ибо именно здесь впервые произошла дифференциация общества, разложение первобытнообщинного строя и появились частная собственность, классы, и государства.
Несправедливо и в дальнейшем умалчивать о той великой роли тюркского народа во всемирной историй, которую он сыграл!
Прототюрки, тюрки, давшие важнейшие для человечества новшества и внесшие весомый вклад в мировую цивилизацию, вправе, наконец, занять свое достойное место во всемирной историй!
Подведем итог: новейшие, интереснейшие, порой сенсационные археологические открытия полностью опровергают продвижение индоевропейцев с запада на территорию Южного Урала и Древнего Казахстана и доказывают автохтонное происхождение степной курганной культуры эпохи энеолита и ранней бронзы.
Туранская культура и туранский язык берут свое начало, по крайней мере, с вернего палеолита. Неизгладимый след в языках древних и поздних народов оставил только туранский народ в процессе расселения по всей Евразий. Этот сложный процесс формирования языков древних и поздних молодых народов на основе туранского языка блестяще показали в своих трудах – на основе мифологии Серикбол Кондыбай (Гиперборея: түс көрген заман шежіресі. А.2003; Казахская мифология А. 2005) и на основе лингвистики Амантай Айзахметов (Рождение тюркского мира. Тараз. 2004).  

***
Адамзат тарихының дөңгелегін бүгінге дейін, теріс‑қағыс жүргізіп қойған Евро­центристік көзқарасты жөніне келтіріп, жоғарыдағы айтылған – үш түрлі дәлелді ‑ әлемдік деңгейде талқылайтын да уақыт келуге тиісті. Табиғаттың тұрақты заңдылықтары мен Тіршіліктің тұрақты заңдылықтары бір‑бірімен үндестікте бол­ғанда ғана, адам өміріне қатысты биологиялық және физиологиялық  заң­дылықтар да өзара сәйкестенбек. Осыдан келіп, бүкіл Табиғат пен Тіршіліктегі сыртқы және ішкі экология құбылыстары тепе‑теңдік күйге ауысып, тіпті қоғамдағы теріс қылықтар да қалыпты жағдайларға ауысуы қақ. Ендеше, адамзат қауымы мұны ескеруге тиісті. Шындықтың түрі – көп болғанмен, Ақиқаттың – арнасы біреу ғана екенін түсінбей болмайды. Қашан да, ағат жасалған әрекеттер, міндетті түрде ұрпағыңның алдынан шығары анық. Сондықтан да, Ұлы Дала перзенттері тектік қасиеттеріңді танып, ұрпағыңды еліктеу мен солықтаудан сақтайтын ‑ ІІ‑ші дәлелде – айтылған адам тәрбиесінің жаңа ілімі жайында, Ел болып ойланғанымыз жөн.

Алдыңғы «
Келесі »