Жайсаң жан

  • 15.09.2016
  • 331 рет оқылды
  • Пікір жоқ

«Үш жұрттың ұлығы деп,                 ұлысы деп,
Сөзінің бұрынғының 
            дұрысы көп.
Мен сені жақсы көрем,                     нағашыжан,
Ардақты анашымның туысы деп», – Клара Төленбаева айтатын әдемі ән осылай басталады. Бәрі­міз­де де нағашы бар. Менде де нағашы болған . Кеңестік дәуірдің салқынымен қазан айында туған нағашымның атын әке-шешесі Октябрь қойыпты. Анам екеуі тете болатын – аралары екі жас. Жиендері – біздер, бәріміз ол кісіні «Өктәбр аға» дейтінбіз. Ерінін бір жағына қарай қисайта күле сөйлеп тұрған кезі көз алдымда. 


Жазғы каникулға шыға салысымен ауылға – нағашымыздың үйіне барушы ек. Анамның ше­шесі Кермеқас апамыз  Өктәбр баласының қолында тұратын. Нағашымның балалары: Айгүл, Ермек, Еркін, Ербол, Ғазиздермен асыр сап ойнайтынбыз. Қаланың асфальтта өскен баласы үшін ауылдың май-топырағын борпылдатып жүру қызық еді.
Жалпы, нағашы жиенге ұрыс­пайды ғой.  Ал, біздің Өктәбр наға­шымыз тіпті жайлы, жайсаң жан болатын. Балаларына зекіп жатса да, бізге – жиендерге еш ренжімейтін.
1936 жылы Алматы облысы Жам­был ауданының Аққайнар ауылында дүниеге келген нағашым, 1954 жылы Т.Бокин атындағы мектепті бітіріп, еңбекке араласады. 1956 жылы Алматыдағы зоотехникалық малдәрігерлік институтты ойдағыдай бітірген соң, Дегерес совхозына мамандығы  бойынша жұмысқа орналасты: ферма меңгерушісі, зоотехник,  жұмысшылар комитетінің басшысы, партия ұйымының хатшысы, шаруашылық директоры сияқты қызметтер атқарды.
Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, өмірге өзіндік көз­қарасы бар, ұсыныс-пікірін айта жүретін жан еді. Мінезі жі­бек­тей жұмсақ, күн қаққан қара­торы жүзінде үнемі күлкінің ізі жататын. Бауырларымның ішін­дегі мінезі жайлысын осы наға­шымызға ұқсатып, сол кісінің есі­мімен атайтынбыз. Асылайымдай жармен тату-тәтті ғұмыр кешті. Жоғарыдағы аты аталған балалары әке атына дақ түсірмей өмір сүруде. Өктәбр атасының жал­ғастары – немерелері  мен шөберелері де өсіп келеді.
Нағашымыз тірі болғанда биыл 80 жылдығын тойлап дуылдап жатар ек. Осы бір шағын естелік нағашым Октябрь  Мақатайұлының аруағына арналады.  «Жиенім мен туралы жақсы жазыпты» деп, орнынан бір аунап түскен болар.   
                    Дариға КӘДІРҚОЖАҚЫЗЫ

Алдыңғы «
Келесі »