Ұлт мықтылығы ұрпақ тәрбиесінде

  • 15.09.2016
  • 660 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Нурболат Семби,
Түркия Республикасы 
Сүлеймен Демирел университеті
Әлеуметтік ғылымдар институты 
Философия және Дін ғылымдары факультеті Дін Педагогикасы бөлімінің 
PhD докторанты

Қазақ мақал-мәтелдерінің бала тәрбиесіндегі алатын орны

Мақал-мәтелдер бір ұлттың өмір философиясын, қалай өмір сүргенін, адамға берген құндылығы, қоғамда жақсы және дұрыс болған нәрсенің іске асыруында принциптер мен ережелерді түсінуімізге жәрдемші болғандай, ол ұлттың ортақ мінез-құлықтарын, сенім идеясы, тәрбиеге көзқарастары мен іс-әрекеттерін көрсетеді. Әрбір мақал, әлеуметтік өмір тәжірибесі ішіндегі жеке адамның мойын ұсынуын күткен жалпы ереже болып табылады. Сондықтан да, мақалдар ұлттардың мінез-құлықтарын, өмірге деген көзқарастары мен менталитеттерін білдіретін қысқа сөздер.


Мақал-мәтел: бір ұлттың ой-сезім,сенім және мінез-құлықтарын көрсететін сөздер. Қоғамның мәдениет кодтары, оларда сақ­таулы, ұлттардың қиял әлемдерінің  бай­лығын, сезімдерінің нәзіктігі және көркемдік ойларының өткірлігі сияқты сөздердің барлығын көрсетеді. Мақал-мәтелдер: терең философия мен әдемі әдеби өнер табыс­тар. Сондықтан, бір ұлттың мүшесін немесе тұтас ұлтты тануды қалағандар, істі ма­қал-мәтелдерінен бастаса қателесулері мүмкін емес.
Мақал-мәтелдер мәдени мұра процесінде берілуінде маңызды бір функция рөлін атқарады. Бұл функцияның бірі де білім беру функциясы. Бұрынғы ұрпақтың білімін, әдеп пен түсінігін жаңа ұрпаққа жеткізу процесін атқаратын білім беру, көптеген мақал-мәтелдер ішінде oрналасқан. Бала өмір сүріп жатқан қоршаған ортаның өнімі; айналасынан нені көрсе соны сақтайды. Мектеп, достық тобы, отбасы мен туған-туыстары баланың жақын қоршаған ортасын құрайды. Бұл жағынан мақал-мәтелде жиі қоршаған орта мен әсіресе отбасы, оқыту функциясынан сөз айтылады. Баланың өсіп жетілуінде және тәрбиеленуінде отбасының үлкен әсері болады. Әсіресе алғашқы балалық шағында  жақын қоршаған ортасы мен өзара іс-қимыл тұлғасының қалыптасуында маңызды әсерін тигізеді. Бала тұлғасы кішкентай кезінде қалыптасады. Дәстүрлі түркі мәдениетінде ерте балалық шағына назар аударған, қазіргі заманғы педагогикалық тәсілді көрсететін, жоғары маңызды мақал-мәтелдер табылуда.
Балалар әдетте қоршаған ортасын­дағыларға қарайды және оларға еліктеу арқылы үйренеді. Бала айналасын­дағы­лардан көргенін жасайды. Баланың жақсы тәрбиеленуі үшін ересектердің балаға жақсы мінез-құлық көрсетулері және үлгі-өнеге болуларына кеңес берген көптеген мақал-мәтел бар.  Дәстүрлі түркі қоғамында бала және оған білім беруіне қатысты ойларын ең жақсы түрде қөрсетуін ойлаған мақал-мәтелдер, бұл қоғамның үлкен тә­жі­рибесі мен бақылауларының бір өнімі ретінде жарыққа шыққан.  Бұл тұрғыдан ата-бабалардың бала және баланың тәлім-тәрбиесі жайында педагогикалық білімдерінің болғаны байқалады. Дәстүрлі мәдениетімізде балаға білім беру туралы көптеген мақал-мәтелдер бар. Бұл да бізге түркі мәдениетінде балаға және оған білім беруде қатты назар аударғанын көрсетеді. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» Отбасында жақсы тәр­бие алып өскен бала ертең өскенде хал­қына пайдалы азамат болып өседі. Баланың тәлім-тәрбиесі отбасының тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты. Мысалы, күнәдан қорық­пайтын, жаман істерді күнделікті үйреншікті тірлік деп түсініп, оны өмір сүрудің заңдылығына айналдырған отбасыдан жақсы бала шығуы екіталай. Уақыт өткен сайын тегі әлсірей береді. Ұрыдан-қара туады демекші, жаманнан жақсы тумайды. Сөйтіп, ақырында бір ұрпақ, яғни, бір әулет азып-тозып жоғалады. Балалық шақ және жасөспірімдік кезең адам өміріндегі сенім, мінез-құлық, ахлақ сияқты басты ұстанымдарды қалыптастыратын мезгіл. Бұл мезгілде тәрбиенің бесігі-отбасы. Отбасының үлгі бола алуы-игі ұрпақты тәрбиелеп шы­ғаруда басты рөл ата-анаға жүктеледі. Өйткені, өмірінің алғашқы кезеңінде нәресте қоршаған ортадан бұрын, ең жақын жанашырлары ата-анасына еркелейді. Солардан үйренеді, еліктейді. Халқымызда «Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер» деген даналық сөздің түпкі байламы осы.
Жалпы, отбасында тұлға шынығып, шың­далып, қалыптасатын  орын. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі». Міне, отбасы жағдайында баланың тұлғалық қасиеттері бірте-бірте қаланады. Содан кейін осы қаланған қасиеттер әдетте ешқандай өзгерістерге ұшырамайды да мызғымас тұлғалық тұтас­тыққа айналады.  «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер». Қазақ қоғамында жеке адамның аза­мат ретінде қалыптасуында, қоғамның сүттей ұйып, берекелі ғұмыр кешуінде және сол қоғамның адами қағидаларды берік ұстана отырып дамуында елдің қариялары мен ақ жаулықты әжелердің рөлі зор болған. Ауыл аймақтың ірілі-ұсақты мәселелері қашанда ушық­пай тұрып ауыл ақсақалдарының айт­қанымен шешілетін. Ақ жаулықты әже­леріміз абысын-ажын, келін-кепшек, қала берді бойжеткен қыздардың барлығының қысылғанда жүгінетін ақылшысы, билік айтар төрешісі болып қоғамның дұрыс дамуына жағдай жасайтын. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер білімі ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: «Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой», – деп мадақтайды. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» – дегендей, отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен. Шығармашылықта, ақындықта танылған жас баланың тәрбиесіне аса назар аударылған. Ата өнерін ұрпағының қууы, оны мирас етуі қазақ отбасыларында жиі кездесетін дәстүр. Билік, батырлық, әншілік, серілік, мергендік, аңшылық, зергерлік сияқты ата-баба өнерін жеті атасына дейін жалғастырған әулеттер қазір де баршылық.
«Қызға қырық үйден тыю». Бір отба­сының ғана емес, бір рулы елдің, қала берді, бүтін бір ұлттың ұлт болып қалыптасуына әсер ететін тұлғаның ана екені даусыз. Ол-қай қоғамның болсын, басты күретамыры. Ананың аялы алақанының жылуы арқылы біз мейірім мен шапағатқа бөленеміз. Ол-аналық махаббаты мен ана сүті арқылы ұлттың асыл қасиетін де, ата-баба өсиетін де, асыл діні мен ана тілін де, салты мен ділін де ұрпақ бойына дарытатын жан. Ал, бүгінгі ана-кешегі бойжеткен қыз-ертеңгі асыл әже. Демек, бүгінгі қыздардың қолында бүкіл бір ұлттың тағдыры мен болашағы тұр. Біз ибалы да инабатты, тәлім-тәрбиелі қыз өсіру арқылы қазақтың ұрпағын тәрбиелеп отырмыз.
Атам қазақ ұрпақ тәрбиесіне ерекше ден қойған. Шарананы құрсақтан тәрбиелеп, ата салтын бойына дарытқан. Әсіресе, қыз баланың тәрбиесіне баса көңіл бөлген. Себебі,  бүгінгі бүлдіршін қыз «ертең ибалы келін, одан соң абзал ана атанады» – деп, тәрбиелеген. Демек, ертең елдің батыры мен ақынын, көреген көсемін, сөзуар шешенін, топ жарар дүлдүлін де өмірге әкелетін-ана. Сол себепті, қыз баланы қонақ деп санап, бетінен қақпай, «қызға қырық үйден тыю» дей отырып, еркелетіп, ибалы, инабатты, тәрбиелі, ар-намысын алдыңғы орынға қоятын ару етіп өсірген. Құлағында шолпысы, шашында шашбауы бар жан сұлулығы мен тән сұлулығы тең қазақ қызының басты тәрбиешісі ана болған. «Атаңа не қылсаң алдыңа сол келеді». Берік отбасының негізі ата-ана болып табылады. Сол секілді, әрбір ата-ана өзінің көзі тірі әке-шешесіне жақсы қарап та өз ұрпағына үлкен үлгі көрсетеді. Қазақтың: «Атаңа не істесең алдыңа сол келеді» дейтұғыны болушы еді. Ал, қазір кейбір ата-ана балаларының көзінше өзінің қартайған әкесін немесе анасын қарттар үйіне өткізіп не болмаса олардан бөлек шығып, әке-шешесінің көңілін қалдырып жатады. Ертең өзінің де басына сондай күн туарын білмейді-ау, сірә?!
«Жанған от тәнді жылытады, жақсы сөз жанды жылытады». Адамдардың бір-бірлеріне қарсы сөйлеген жұмсақ, жақсы сөздері оларды бір-біріне жақындастырады және қарым-қатынастарын нығайтады. Жанған от­тың тәнді жылытатыны сияқты, жақсы сөз сөйлеу де адамның жүрегін жұмсартады.  Бұл мақалдың меңзегені, адамдармен жақ­сы сөз сөйлесудің тас жүректі адамның да жүрегін жұмсартатыны және тәтті тілдің ашпайтын есігі болмайтынын көрсетеді. Әр бір ата-ана баласына тәрбие берген кезде мұны ескере отырып баласына жақсы тәрбие беруі керектігін меңзейді. 


Ислам ойшылдарының бала тәрбиесіне қатысты көзқарастары

Қазақ тарихы зерттелгенде, әр дәуірде балаға құрмет көрсетілгені және баланың отбасы ішінде белгілі бір құрметке ие болғанын көреміз. Ислам ойшылдары және педагогтары, ежелгі дәуірден бері, бала және жастардың біліміне байланысты әр түрлі ұсыныстар жасаған. Атақты түркі ойшылы Махмұд Қаш­қаридың бала тәрбиесіне байланысты ой-пікірі Махмұд Қашқаридың шығармаларында көрсетілген «ол оғлунташлатты» балалар­дың жұмысқа үйренуі үшін ол дәуірде әкелерінің оларды алысқа жібергенін; балаларының жұмысты жақсы меңгеруін, шебер болуына байланысты «оғлун ышка тыгратты» «ер оғлун ыште шығрылтты» сөйлемінен де ер  бала­лардың кәсіби мамандықтарын әкелерінен үйренгендерін көреміз. 
Қашқари «оғлу икдилди» дегенде «бала­ның тәрбиеленгенін, білім алғанын» айтуда. Шығармада қыздардың және ер балалардың ата-аналарыннан үлгі алғанын, гендеріне және болашақта қоғамда алатын рөлдеріне ыңғайлы нәрселерді үйренгендерін әңгімелеген.  Мысалы: қыз баланың анасымен бірге жіп иіргені «қыз анасымен жіп иіруде жарысты» сөй­лемінен түсінеміз».
Атақты ойшыл Ғазали (1058-1111) білім беруді, «Жабайы шақпа шөптерді сұ­рып­­таған бахшыбанның қызметшісіне» ұқсатады. Ғазалидің бұл ұқсатуын ғасырлар өткен соң Песталоззи’де көріп отырмыз. Баланың дамуы және тәрбие мәселесі аясында ата-аналары басшылық болатын шығармалар арасында, Кейкабустің Кабуснамесі; Ерзурумлу Ибраһим Хаккінің Марифетнамесі мен Ғазалидің «Ей ұл» атты шығармаларын санауға болады. Бұл шығармаларда, жеке тұлғаның туылуынан кемелдену кезеңіне дейінгі өмірі бойынша кездесетін мәселелер жайын­да насихаттарға орын берілген. Әсіресе, Кабуснаме, баланың тамақтануы, аурулары, ойын және тынығуына қатысты анықтамалық бір кітап.
Ұлы түркі дәрігері Ибн Сина (М 980-1037), Бала Психологиясы және Педагогикасы арқылы, баланың жаны мен дене арасында парал­лель дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Ибн Синаның айтуы бойынша органикалық қызметін тұрақты бағытта жалғастырған бір баланың болашақта жақсы әдепті, яғни, психикалық денсаулығы орынында бір адам болуы, табиғи өсуі күтілуде. Тағы да, Ибн Синаның айтуынша, баланың құрылымын нығайту тұрғысынан пайдалы екі нәрсе бар. Бұлардан біріншісі, баланың жұмсақ бір тәртіппен әрекет етілуі, екіншісінде баланы ұйықтатқан кезде «музыка» (бесік жыры) айтылуы. Баланың бұл екі нәрсеге үйретілуі, оның бір дене және рух үшін «гимнастика» мен «музыка»-ға дайындалуына мүмкіндік береді.
Барлық бұл кеңестерге, сондай-ақ, бір баланың рух және дене тұрғысынан қалыпты болу үшін барлық тағамдар, әсіресе, баланың рухани үрдісіне сай болу керек. Сондықтан, баланың шамадан тыс ашулануына, қатты қорқуына, ренжуіне және ұйқысыз қалуын тудыратын іс-әрекеттерден әрқашан  аулақ болуын үндеген, Ибн Сина баланың қай кезде, нені қалағанын ескеру және бұл жолмен де  оған жақындау, яғни, оның көңілін алу керек екенін айтқан. Бұл жақындаудың  бір басқа жолы да, қаламаған нәрселерден алыстатып, оның мейіріміне және сеніміне ие болу. Ибн Синаның айтуы бойынша бұлай тәрбиелеу әдістемесі, рух және денсаулығы үшін де екі жақтан да пайда келтіреді. Әдеттерді «теңгерімді және үйлесімді» ұстау бойынша әр рух әрі денсаулығының қорғалуы мүмкін болуда. Ғазалидің айтуы бойынша, баланың жүрегі гаухар сияқты. Берілген әр бір нәрсені қабылдауға дайын, жақсы бір адам болуы үшін жақсы тәрбиеленуі керек. Баланы қорғау, тәрбиелеу және ахлақи құндылықтар қалыптастыру отба­сының міндеті. Ол үшін «алғашқы күн­нен бастап баланың тәрбиесіне назар аударылған жөн». Осылайша тәрбиеде алғашқы жылдарының маңыздылығын атап айтқан  Ғазали, білімдіні «тастың үстіне оюлар салуға» ұқсатады. Бұл тақырыпта Ғазали былай дейді «Бала ата-ананың қолында бір аманат. Жүрегі бағалы гаухар тас сияқты таза. Шам сияқты кез келген пішінге ене алады. Барлық жазу және формалардан ұзақ. Таза  топырақ сияқты   қандай тұқым себілсе, жақсылық тұқымы себілсе дін және дүние бақытына кенеледі».  Ғазали, бала тәрбиелеуде ата-ананың жауапкер­шілігі мен ұстаздық жауапкершілігін бірдей деңгейде көруде.
Ғазали, алғашқы тәрбиелеу қезеңінде баланы, мақтау және жамандау арқылы жақсылыққа ынталандыру, ауызша іс-шаралар орнына басында жаман мысалдардан қорғау арқылы тәрбиелеуді ұсынған. Бала жақсы адамгершілік  мінез-құлық көрсеткен кезде әрқашан бағалау керек және қуандыру үшін сыйлық жасау керек. Жиі-жиі сын айтудан аулақ  болған дұрыс. Себебі, мұндай көзқарастар, баланы бұл сөздерді тыңдамауға және жаман іс-әрекет етуге, айыптаушыларды тыңдамауға және өзін айыптағандарды мән бермеуге жол ашады.  Балаға қарсы сабырлы әрекет ету және оны сирек айыптау керек. Ғазалидің айтуынша, бала ойын түрлерінен рахаттанатын болса оған ойнау үшін мүмкіндік берілгені жөн. Балада тек ғана ойын қалауы бар. Егер, бала, ойыннан толық тыйым салынса және тек қана сабақ үйренуге баулыса жүрегі өледі, ақылы жойылады, әрқашан уайым-қайғы ішінде болады. Тіпті, бұл жағдайдан құтылу үшін қулық-сұмдыққа да баруы мүмкін. Әл-Фараби (М 870-950) ақыл білімін, жанның тәрбиесіндегі білім ретінде қабыл еткен. Осылайша, білім  беру және оқу-әдістемесін адам жаратылысына байланыстырды. Қазіргі заманғы психологиядағы «жекеше айырмашылықтар» тақырыбының, әл-Фарабидің білім беру философиясында да болғанын көреміз. Педагогикалық пси­хологияның тақырыбы болған «тұқым қуа­лаушылық қоршаған орта ма?»- деген, пікір­талас барысында, әл-Фарабидің білім  беру жүйесінің келісімді бағыт ұстанғанын айтуға болады. Тұқым қуалаушылық және қоршаған орта тақырыбы Фарабиде, «жаратылыс» және «білім беру» ұғымдары ішінде шынайы бір қөзқараспен сыйпатталған. Әл-Фарабидің әдістемелері бағалағанда, оның не шектен тыс тәртіпті немесе төтенше еркіндік (либерал) болғаны байқалады. Оқыту әдістемесі ретінде «рахат» пен  «уайым»ды  қолдануды ойлағандар арасында әл-Фарбиден бұрын ислам әлемінде өмір сүрген бір философ болып болмағанын білмейміз.


Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Хусейн Жертел, Түрік мақал-мәтелдерінде қажеттіліктер мен факторлер,Сүлейман Демірел университеті, Исламтану факультеті журналы, 1997, нөмер,4, б,45.
2. Метин Иуртбашы, Түрік алфавиті тәртібі бойынша мақал-мәтелдер сөздігі,  Доған Офсет баспасы, Станбул, 2003. 
3. Өмер Асым Ақсой, Мақал-мәтелдер және сөз тіркестері сөздігі, Түрік  тілі құрымы баспасы, Анкара, том. I, 1978.
4. Нуреттин Албайрак, Халық әдебиеті энциклопедиясының түсініктері, Станбул,  2004.
5. Режеф Ержан, «Күнделікті өмірде функционалдық ретіндеқолданылатын түрік мақал-мәтелдерінде бала елестері»;  Мұстафа Кемал Университеті, Әлеуметтік ғылымдар институты журналы, 2014, жыл,  том. 11, нөмер, 27,  б , 27, 28.
6. М. Сабитова, Р.Латыпова, Немісше-Қазақша мақал-мәтелдер, Алматы, Рауан, 1991.
7. Бейсенғазы Ұлықбек, Ұяда не көрсе…, Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасы, Иман журналы No:4(93)  Алматы, 2012, б. 30.
8. Бала Тәрбиесі Бесіктен, Ислам Мәдениеті мен Білімін Қолдау Қоры, Алматы, 2011.
9. Т. Әкімова, А. Оралбеков, Қ. Орынғали, Бабалар сөзі Қазақ мақал-мәтелдері, 68 том  баспа Фолиант, Астана, 2011.
10. Роман Бұрханаддин, Ата-Әже Институты, Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасы, Иман журналы No:7(20)  Алматы, 2014, б. 28.
***

1. Қашқари Махмұд, Диуан Лұғат-ит-түрік аудармасы, Аударған. Бесим Аталай,Түрік тілі құрымы баспасы, Анкара, 2006.
2. Қалук Иабузер, Бала психологиясы, Ремзи баспасы, Станбул, 2001.
3. Абдурраһман Додургалы, Ибн Сина философиясында білім, Мармара университеті, Исламтану факультет қоры баспасы, Станбул, 1995.
4. Хасан Мақмұт Шамдибі, Ғазали’де тұлғалық тәрбиесі, Мармара университеті, Исламтану факультет қоры баспасы, Станбул, 1994.
5. Байрактар Байраклы, Фараби’де мемлекет философиясы, Доғуш баспасы және тарату, Станбул, 1983.

 

Алдыңғы «
Келесі »