«МӘҢГІЛІК ЕЛ – ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫН» МЕКТЕПТЕН БАСТАП ІСКЕ АСЫРУ ТЕТІГІ, «АҚБАСТАУ – РУХАНИ ТАЗАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ»

  • 01.08.2016
  • 4562 рет оқылды
  • 1

Мұхит ӘУЕЛБАЙ

«Адамға ең бірінші білім емес, 
тәрбие беру керек. 
Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың 
қас жауы, 
ол келешекте оның өміріне апат әкеледі». 
Әл-Фараби. 


КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың « Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы, 29-маусымындағы № 873 қаулысымен бекітілген «Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарының мақсат-міндеттеріне сай, МӘҢГІЛІК ЕЛ – ҰЛТТЫҚ (ДІЛ) ИДЕЯ­СЫН» іске асыру, әрбір отбасы, мектептен бастап, қоғамның барлық саласында: 


* Ұлттық идея деген не? 
* Діл деген не?
* Рух деген не?
* Адам деген не?
* Өмір мәні неде?
* Тәрбие деген не?
* Рухани-патриоттық тәрбие деген не?
* Бақыт деген не?
* Зияткерлік деген не?
*Зияткерлі ұлт қалыптастыруды, қа­лай іске асыруға болады? – деген дү­ниета­нымдық, адамның жаратылыстағы алатын орны мен өмір мәніне қатысты ұғымдар мен түсініктерге, саяси-филосо­фиялық, әлеуметтік-психологиялық, педаго­гикалық, тарихи шындық жағынан жаңаша көзқараспен қарау арқылы қалыптасатын  ойлау жүйемізге байланысты болып тұр. 
Ұстаздар мен ата – ана, көпшілік қауымға ұсынылып отырған «Ақбастау – рухани тазалық ұстанымдарына негізделген, жүйелі ой-сана қалыптастыруға бағытталған, кешен­ді тәрбие бағдарламасы», көк туымыз­дағы қырандай биікке самғаған рухымыз бен, сабырлы да, дана толеранттылық саясаттың арқасында, егеменді ел болып, оң – солымызды танып, жарқын болашаққа нық басқан, күшті де, қуатты, Мәңгілік Қазақ елінің жалпы тәрбие жүйесіне деген жаңа көзқарас. 
Өтпелі кезеңде, тіл мен дәстүрлі ділдік ұстанымдарымыз (ұстаным – адам дүниетанымы мен өмірге көзқарасы негі­зіндегі ойлау жүйесіне сай, жүріс -тұрысы мен іс-әректі).  Жетілмей жатқанын пайдаланып, жеріміз бен байлығымызға қызыққан түрлі секта, ағым­дар сырттан қаржыландырылып, ұр­пақ санасын улауға көшкенде, ұлттық мүддемізді, ел ертеңін, ұрпақ болашағын ойлаған, Қазақстан Рес­публикасының Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев, «Нұр­ Отан» партиясының ке­зектен тыс ХІІ -съезінде «Дағдарыс ашып көрсеткен ішкі проблемалардың үлкен бір бөлігі, қоғамның  рухани ахуалымен байланысты. «Нұр Отанның» идеологиялық жұмысы, қоғамда рухани-парасаттылық құндылықтардың жаңа жүйесін орнықтыруға бағытталуы тиіс» – деп, даму жолын нақтылап берді. 
Ұлттық идея – адам өмірінің мәнінен туындайтын, дүниетанымдық ұғым. 
Адам өмірінің мәні – өмір cынақтары (қиындықтары) арқылы рухани жетілу болса, адамдар қауымдастығы – мемлекеттің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел негізі,  рухы биік тұлға, бірлігі жарасқан халық, қуат­ты мемлекет қалыптастыру. 
Діл – ата-баба тегінен, тіл мен дәстүр, әдет-ғұрып негізінде, генетикалық (шежірелік) деңгейдегі ғасырлар бойы қалыптасып, ішкі жан дүниеміз қабылдайтын, Ұлттық рухани болмысымыз. (Болмыс дегеніміз – дәстүрлі, генетикалық деңгейдегі, ата-тегімізден бері (шежірелік) қалыптасқан, ұлттық тіл, өнер, киім, тағам, мінез, т.б. мәдени, ішкі жан дүниемізге рухани күш-қуат, жігер беретін қажеттіліктер жиынтығы ). Күшті де, қуатты Мәңгілік Қазақ елінің негізін құраушы, білімді де, білікті, жан-жақты жетілген ақыл-парасат иесі – тұлға болғандықтан, «Нұр Отан» партиясы қолдауымен, қазақ хал­қының тіл, дәстүр, діліне заман талабына сай, ғылыми көзқараспен қарау нәтижесінде іске асқан, зияткерлі ұлт қалыптастырудың қазақстандық бренд – үлгісі мен іске асы­ру тетігі (Сана формуласы немесе ру­хани заңдылықтарға негізделген, адам ой-санасы логикалық жұмыс (Тұмар) жүйесінің пирамидалық құрылымының голо­граммасы), «Толеранттылыққа негізделген – алтын ғасыр ойлау жүйе­сі, зияткерлі ұлт қалыптастыру тетігі «Ақбастау – рухани тазалық ұста­ным­дарына негізделген, жүйелі ой-сана қалып­­тастыруға бағытталған, кешенді тәрбие бағдарламасын» (ары қарай: Ақ­бастау – рухани тазалық бағдарламасы) іске асыру қолға алынды. 
І. «Ақбастау – рухани тазалық ұста­нымдарына негізделген, жүйелі ой-сана қалып­тастыруға бағытталған, кешенді тәрбие бағдарламасының» мақсаты мен міндеттері: 
Мақсаты
Дәстүрлі, рухани заңдылықтарға ғылы­ми көзқараспен қарау нәтижесінде, жас ұрпақтың ұлттық сана-сезім, тіл мен діл­дік, дүниетанымдық ұстанымдарына сай, отан­сүйгіштік, намыс, жігер, қайрат, тарих пен мәдени, ізгі рухани мұра, құнды­лықтарымызға деген сүйіспеншілік, заман тала­бына сай ел-жерін сүйетін, функционалды сауатты зияткерлі тұлға – ұлт қалыптастыру. 
Толеранттылыққа негізделген – алтын ғасыр ойлау жүйесін отбасы, бала бақша, мектеп, орта арнаулы, жоғарғы оқу орындары мен ұлттық, қоғамдық деңгейде, ақ пен қараны ажыратып, ізгі – дұрыс шешім қабылдай білуді, күнделікті өмір дағдысына айналдыру арқылы (мысалы: сабаққа, жұмысқа кешігу не кешікпеу, өзіңнен кейін орныңды жинау, не жинамау, ашулану, не сабырлы болу, т.б.), әлемдегі дамыған алдыңғы қатарлы 30-ел қатарына кіру, зияткерлі ұлт, ақыл-парасат иесі – тұлғаны қалыптастырудың қазақстандық тәлім-тәрбие үлгісін, «Мәңгілік ел – ұлттық идеясын» іске асыру тетігі ретінде, ұлттық брендке айналдыру. 
Ұлттық мақсат-мүддемізге сай, әрбір отбасы, балабақша, мектептен бастап, қоғамның барлық саласында жаңашылдыққа негізделген ой – сана мен іс-әрекет дең­гейінде, әрбіріміздің өз  орнымызда өніп, өсіп, өркендеуімізге қосар үлесімізді күшейту. 
Міндеті
«Мәңгілік ел – ұлттық идеясы» мен «Қазақстан -2050 стратегиясы» аясында, дамыған, алдыңғы қатарлы 30-ел қатарына кіру кепілі, зияткерлі ұлт қалыптастыру тетігін іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының әрбір отбасы, мектеп, арнайы орта және жоғарғы оқу орындары, қоғамның барлық саласында, Толеранттылыққа негізделген – алтын ғасыр ойлау жүйесін «Ақбастау – рухани тазалық бағдарламасы» негізінде, қоғамда қордаланған, әсіресе, жеткіншек ұрпақ, балалар мен жастар арасындағы өмірге тек материалдық көзқараспен қарау нәтижесінде туындаған, суицид, нашақорлыққа соқтыратын арсыздық, ұятсыздық, қатыгездік, мейірімсіздік, надандық, намыссыздық, көрсеқызарлық т.б. рухани дерттердің құрсауына түскен, дүниетанымдық проблемалардың алдын алуды, жергілікті өзін-өзі басқару жүйелерімен тікелей байланыста, мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару жүйесі деңгейінде, рухани-парасатты мектеп ортасын қалыптастыру негізінде шешу көзделген. 
ІІ. Зияткерлі ұлт, ақыл-парасат иесі – тұлғаны қалыптастырудың әдіснамасы мен әдістемесі: 
«Ақбастау – рухани тазалық бағдарлама­сының» негізгі әдіснамасы мен әдістемесі, ізгі, ата-дәстүрімізге заман талабына сай, ғы­лыми көзқараспен қарау нәтижесінде, жан-жақты рухани тазалық ұстанымдарын меңгеру арқылы ақ пен қараны ажыратып, ізгі – дұрыс шешім қабылдай білуді, рухани парасатты орта деңгейінде (отбасы, балабақша, мектептен бас­тап, қоғамның барлық салаларында) күнделікті  өмір дағдысына айналдыру арқылы, дамыған 30-ел қатарына кіру кепілі, зияткерлі ұлт, даналық негіздерін меңгерген ақыл-парасат иесі – тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.
Қазақстан Республикасы мемлекетінің, ұстаздар мен ата-аналардың басты мүддесі, егеменді ел болашағы, жан-жақты жетілген ұрпақ тәрбиелеп, заман талабына сай, білім­ді де, білікті, парасатты азамат, зият­керлі ұлт қалыптастыру болғандықтан, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі, басқа да мүдделі мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер тарапынан, ғылыми-ақпараттық, әдіснамалық және әдістемелік деңгейде, салалық білім жетілдіру мекемелері арқылы, «Мәңгілік ел – ұлттық идеясын» іске асыру тетігі,   толеранттылыққа негізделген – алтын ғасыр ойлау жүйесін меңгеріп, жүйелі де, сапалы, ізгі – дұрыс шешім қабылдай білуді, әрбіріміздің күнделікті өмір дағдымызға айналдыру мақсатымен, мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару жүйесі негізінде, «мектеп – рухани-парасатты орта» (Мысалы: Жоғарғы оқу орнында: «Университет – рухани-парасатты орта» т.б.») бұрыштарына, «ұсыныс жасап, ізгі – дұрыс шешім қабылдаған тәжірибеңмен бөліс» қорапшалары ілінеді. 
Ауыспалы  «Ақыл-парасат  жолындағы сынып – тұмар пішінді ақ ту», күнделікті өмірде ақ пен қараны ажырата білу арқылы, кез – келген нәрсенің құрылымын түсініп, ізгі – дұрыс шешім қабылдауды өмір дағдысына айналдырған бастауыш, орта, жоғарғы сыныптар жеңімпаздарына, (мысалы: Қарасай батыр, Махамбет Өтемісұлы, Бауыржан Момышұлы, басқа да көптеген көрнекті тұлға, қайраткерлеріміздің аттарына сай, білімді де, білікті, жері мен елін сүйетін патриот, парасатты тұлға болу үшін, күрес жүргізіп келе жатқан сыныптарға), әрбір тоқсан, жылдық оқу-тәрбие мониторинг қорытындылары бойынша, ауыспалы түрде тапсырылып, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының «мектеп – рухани-парасатты орта» бұрышында ( 1-4 / 5-8 / 9-11) жеңімпаз сыныптап белгіленіп тұрады. Сонымен қатар, «Ақ тұмар – ізгі дұрыс шешім иегеріне» атты тұмаршалар, оқу жылының басында, жалпы мектеп оқушыларының өзін – өзі басқару жиындарында, әрбір 1-11-аралығындағы сыныптарға, Ант қабылданып, (мысалы: Біз, Ыбрай Алтынсарин атындағы 5 «Ә» сыныбы, Ыбрай Алтынсарин атына лайық болуға, күнделікті өмірде ізгі дұрыс шешім қабылдауға ант етеміз, біздің Ұранымыз: «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан») тапсырылады. 
Әр сыныпқа бір (1) тұмаршадан тапсырылып, сынып топтары арасында, әрбір сабақ, тәрбие сағаттары барысында қолданылады. рухани тазалық ұстанымдарына (ой-сана, ниет-пиғыл, гигиеналық, сөз, іс-әрекет, көркем мінезге сай, адамдар арасындағы қарым-қатынас, экологиялық сана мен жүректегі иман негізіндегі, қоршаған орта мен табиғатқа  деген тазалыққа) сай деген, күнделікті өмірде ақ пен қараны ажыратып, ізгі – дұрыс шешім қабылдауды өмірлік дағдыға айналдыру арқылы, оқу мен тәрбие, өзін-өзі жан-жақты жетілдіруде (түрлі үйірме, секция, олимпиадаларға қатысып, т.б.) жоғары жетістікке жеткен үлгілі де, үздік оқушыларға, күнделікті сабақтар қорытындылары бойынша, ал, үлгілі сынып тобына, апталық оқу-тәрбие мониторингі жетістіктеріне сай, тәрбие сағаттарында, ауыспалы түрде тапсырылып, тоқсан, жыл оқу-тәрбие қорытындыларына сай ескеріліп, мектеп, аудан, қала, республикалық деңгейде марапатталып тұрады. Қазақ халқының «Жақсы сөз, жарым ырыс», «Ақыл-оймен сарала, жақсылықпен дарала», «Екі елі ауызға, төрт елі қақпақ», т. б. көптеген философиялық өсиеттеріне сай, әрбір айтылған жақсы, не жаман сөз арқылы, адам санасы мен психикасында қалыптасатын ойдың, ақпаратты-психоэмоционалдық деңгейде, адамның КӨҢІЛІ арқылы денсаулығына әсер етіп, жақсы, не жаман уақиғалар құрайтыны белгілі. Жаратылыстағы ең жоғарғы ақпарат жиынтығы абсолютты рухтың ақпараттық, құрамдас бөлігі ретінде адам ой-санасы мен дүние танымының көрсеткіші – сөз, белгілі уақиғалар құрап, адам мінезінің ерекшелігінен туындайтын, өмірі мен тағдырына әсер етуші негіз болып табылады. Адамның жақсы, не жаман тағдырына әсер етуші, оның мінезі болғандықтан, мінездің қалыптасуына әсер ететін, ата-тегінен келе жатқан, генетикалық (шежірелік) ақпараттарды баптап, білім мен өмірлік тәжірибе негізінде тұлғалық қасиеттерді қалыптастырып, жетілдіріп-дамытушы, адамның тіл мен ділдік, тәлім-тәрбие ортасы. Осыған сай, ертеден, ата-баба тегінен ұрпақтарына аманат ретінде мұра болып қалған, түріктің түп қазығы, қазақ халқында: «Адамның мінезі – оның тағдыры, сүтпен келген – сүйекпен кетеді, т.б.», өте терең философиялық түсініктер мен тәрбиелік мәні жоғары, астарлы ұғым, мақал-мәтелдер көп кездеседі. Адамның жақсы, не жаман, сабырлы, не қызба, мінездік қасиеттеріне сай, жандық өріс қуаты, дүниетанымдық ойлау жүйесі, имундық сана өрісінің қуатын сақтаушы, жан тазалығына тәуелді болып, психо-эмоционалдық өрістік тербеліс жағдайы, денедегі түрлі жүйке, жүрек, т.б. аурулар ретінде көрініс беріп, ниет- пиғылының ақ, не қаралығына тәуелді екенін әлем ғылымы, торсиондық – нано-био – өрістік деңгейдегі зерттеулер дәлелдеп отыр. Қазақ халқының көнеден мұра болып, ұрпақтан-ұрпаққа аманат ретінде келе жатқан, жыр-дастан, аңыз-әңгіме, ертегі, басқа да дүниетанымдық өнер-кино туындылары арқылы, әділет пен зұлымдық, даму мен тоқырау арасындағы күресті көріп, жеткіншек ұрпақ, ақиқат пен жалған, шындық пен өтіріктің ара жігін ажыратуға бейімделіп, рухани білім мен өмірлік тәжірибе негізінде, ар-намыс, сана-көзі оянып, зияткерлік тегі естілік пен тектілікке жетелейтін, көркем мінезді, ақыл-парасат иесіне айналады. Ақ пен қараны ажыратушы «сана-қуаты – ес» болғандықтан, «Есі бар, есі жоқ» яғни, санасы оянған, көзі ашық, не қарап тұрып көрмейтін, тыңдап тұрып естімейтін, санасы жабық, деген ұғым қалыптасқан. Адам санасы оянып, иман көзінің ашылу көрсеткіші, оң мен теріс, ақ пен қараны ажыратып, кез-келген жүйенің құрылымын дұрыс түсіну арқылы, нақты да, ізгі-дұрыс шешім қабылдай білуімен анықталады. 
Өзге ұлт, ұлыстардың тіл-дәстүр, заманауи білім мен технологиялық жетістіктерінің жақсы жақтарын меңгеріп-үйрену, өз мәдениетімізді жетілдіру арқылы, жалпы адамзат дамуына  үлес қосу екенін түсінумен қатар, қай тілде ойланып – сөйлесең, сол ұлттың рухын көтеретініңді ұмытпау қажет. Ұрпақ екіжүзді, мәңгүрт болмау үшін, қазақ тіл, дәстүрін біліп, рухани дүниетанымда тәрбиеленуі дәуір талабы, ұрпақ болашағы үшін кешегі қан майданда жеріміз үшін жандарын қиған, ата-баба аманаты, арманы. Дамыған 30 – ел қатарына кіру кепілі, адам капиталының, басты сапалық көрсеткіші, логикалық ойлау жүйесін  мемлекеттік деңгейде бірінші орынға қоюға қатысты, Жолдауда: «Мектептегі оқыту нәтижесі, оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» – деп нақтыланды. Адамның жаратылыстағы алатын орны мен өмір мәнін түсінбей, дүниетаным мен ойлау жүйесі дұрыс қалыптаса қоймаған кейбір жасөспірімдер мен жастар, сырттан келген, теріс пиғылды, адам ой-санасын улап, адастырушы ағым-секталар мен ақпараттық интернет ресурстар ықпалымен, ақ-қарасын ажырата алмай, нарық пен дағдарыс қиындықтарына шыдамай, күйзеліске (күйзеліс – кез келген күшті әсерден, адамда пайда болатын, психо – эмоционалдық күй) түсіп, шешу жолын тек өзіне-өзі қол жұмсап, суицид, нашақорлық, маскүнемдік сияқты рухани ауруларға шалдығуда. 
Абай атамыз: «Бес нәрседен қашық бол: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ – бес дұшпаның білсеңіз. Бес нәрсеге асық бол: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым, ойлап қой – бес асыл іс көнсеңіз» – деп, даналық пен надандық белгілеріне сипаттама берген. Шәкәрім Құдайбердіұлы: «Қазақтың жайнар даласы. Жетілер оқып баласы. Ар түзейтін бір ғылым табылмаса. Зұлымдықты жалғанда әділ жеңбес» – деген өлең жолдарында, рухани тәрбиеге ерекше мән берген. Жүсіп Баласағұн: «Біліксіздің тілін тыйған жөн болар. Текті сөз бен, тәтті сөз, екі басқа білгенге. Кейде ащы сөз тәтті де, тәтті удай тілгенде. Шарап ішпе, таза ұста санаңды. Ми былықса, көрер күнің қараңғы. Сабырлы бол, сабыр жеткізер мұратқа. Күйіп-пісіп, өзіңді отқа құлатпа. Қай істе де жоғалтпағын сабырды. Ұстамдылық үйірер мал-бағыңды» – деп, ұрпақтар ақ-қараның ара-жігін ажырата білсін деген үмітпен, өсиет қалдырған. Дана ата, дара, ата-бабаларымыз жерімізді тек білектің күшімен емес, ел рухын көтеретін өсиетті сөздерді ұран, ұстаным еткен. Ақын да, батыр Махамбет Өтемісұлының «Ереулі атқа ер салмай, егеулі найза қолға алмай», Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өренім» деген өлеңінде, «Ленинградтық өренім. Мақтанышым сен менің» – деп жазған жалынды сөздерімен, қиын кезде елге ерекше күш, қуат, жігер берген. Мерген Байболов пен Данияр Беласаровтың «Ер Қосай Бәли Ата» кітабында: «Сен көзіңмен көріп, бірақ ақылыңмен көре алмасаң – пайдасы жоқ», «Адам баласы өзінің сыртқы келбетіне қайғырады, ал, ақылсыздығына қайғырмайды», «Ақыл – батырдың айбары» – деген жалынды сөздер, қырғын-майданда ер мен елдің ар-намыс, қайрат-жігер, патриоттық рухын көтерген. 
ІІІ. «Ақбастау – рухани тазалық бағдар­ламасына» сай, Толеранттылыққа негізделген – Алтын ғасыр ойлау жүйесі, зияткерлі ұлт қалыптастыру тетігі, қазақстандық брэнд, ұлттық тәлім-тәрбие үлгісін меңгеруге бағытталған ҰҒЫМДАР мен ТҮСІНІКТЕР (тәрбие сағаттары тақырыптары): 
1. Рух дегеніміз не?
Рух дегеніміз – мәңгі, шексіз, ешнәрсеге мұқтаж емес, бірлікке негізделген, махаббат пен мейірімнен тұратын, таза сана негізіндегі, жоғарғы ақыл-парасат, ғаламдық қуатты өрістік негіздегі, толық жетілген ақпараттық жүйе, барлық жаратылыс негізі. 
2. Діл дегеніміз не?
Діл дегеніміз – ата-баба тегінен, тіл мен дәстүр, әдет – ғұрып негізінде, генетикалық (шежірелік) деңгейдегі, ғасырлар бойы қалыптасып, ішкі жан дүниеміз қабылдайтын, ұлттық рухани болмысымыз. 
3. Адам дегеніміз не?
Адам дегеніміз – жан мен тәннен жаралған, рухани жаратылыс болғандықтан, ол толық жетілген рухтың, жетілмеген, жер жағдайында өмір сынақтары (қиындықтары) арқылы, білім мен тәжірибе негізінде жетілетін бөлігі. Сол себепті, ақпараттық технологиялар дамыған заманда, дағдарыстан шығу жолы, қоғамның барлық саласында, адамға тек тәндік, материалдық тұрғыдан емес, рухани жаратылыс ретінде қарауға  байланысты болып тұр. 
4. Өмір мәні неде?
Өмір мәні – өмір сынақтары (қиындық­тары) арқылы рухани жетілу. 
5. Тәрбие дегеніміз не?
Тәрбие дегеніміз – әрбір адамның ата-тегі, әке-анасы арқылы келе жатқан, генетикалық (шежірелік ) ақпараттарды баптау. Рухани білім мен тәжірибе, дүниетаным негізінде, мінезіңнің жақсы жақтарын күшейтіп, жаман жақтарын басу арқылы, күнделікті өзіңді жетілдіріп отыру.
6. Рухани-патриоттық тәрбие деген не?
Рухани-патриоттық тәрбие – дара да, дана, ата-бабаларымыздың парасатты ойлары мен өсиетті сөздерін, ерлігі мен батырлығын білу арқылы, даналықты меңгеріп, өткен тарихи шындық негізінде болашаққа нық басып, ел, жерін сүйіп, ұлттық мүдде мен мінезге сай, адал да, таза өмір сүре білу. 
7. Бақыт деген не?
Бақыт дегеніміз – рухани заңдылықтарға сай, білім мен тәжірибе негізіндегі ұстанымдарды басшылыққа ала отырып, ақ пен қараны ажырата білу арқылы, күнделікті өмірде дұрыс шешім қабылдап, алдыңа қойған ізгі іс – әрекет негізіндегі мақсаттарға жету арқылы рухани шыңдалып, жаңа белестерді бағындырып, әрдайым өзіңді жетілдіріп отыру. 
8. Зияткерлік деген не?
Зияткерлік дегеніміз – ақыл-парасат негізіндегі, сана қуаты – естілікті мең­геру. Естілік дегеніміз – жүректегі иман негізіндегі, сана көзінің ашылуы нәти­жесінде, ақ-қараны ажыратып, жүйелі де, нақты, ізгі шешім қабылдай білу. Осыған сай, зере, зейін, зерде, зейінділік, жат, жете, таным, ойлау қызметінің жоғарғы түйсіну, сезу, қабылдау, жадында сақтау, қиялдау, елестету, т. б. қабілеттер жиынтығы. 
9. Зияткерлі  ұлт қалыптастыру дегеніміз не? 
Зияткерлі  ұлт немесе даналықты меңгерген ақыл-парасат иесі – тұлғаны қалыптастыру дегеніміз – ата-дәстүр, тіл мен ділдік заңдылықтарымызға дәуір талабына сай, ғылыми көзқараспен қарау нәтижесінде, жан-жақты рухани тазалық ұстанымдарын меңгеру арқылы, ақ жолдың қарасы, қара жолдың ағы болатынын, жаратылыстағы барлық нәрсе «жұптық» негізден, яғни, бір-біріне қарама-қарсы, екі қуаттың бір-біріне сынақ болып, жетілген – сабырлы немесе жетілмеген ашу-ыза жағдайындағы қуаттық алмасу, дамып-жетілудің басты заңы екенін, екі жақсылық бір жерде тұрмайтынын (мысалы : оң мен теріс заряд қосылса жарық қуатын береді, күн мен түн, қосу мен азайту, үсті мен асты,. тұздың дәмін білмеген, қанттың дәмін білмес, т.б.), сонымен қатар, бірлік пен келісім жағдайында ғана, өніп, өсіп, өркендеп, жаңа жетістіктерге жетуге болатынын түсіну. 
Кез-келген жүйенің әуелі құрылымын түсініп, содан кейін ғана, сана қуаты – естілікке сай, ізгі де, дұрыс шешім қа­былдай білу. 
V. Зияткерлі  ұлт қалыптастыру тетігі, қалай іске асады?
Зияткерлі  ұлт қалыптастыру тетігі – адам мен жаратылыс, тіл мен діл, дәстүрлі рухани заңдылықтарымызға заман талабына сай, ғылыми көзқараспен қарап, «адам ой-санасы, логикалық жұмыс жүйесінің, пирамидалық құрылымының голограммасы – ТҰМАР жүйесін», күнделікті өмірде дұрыс қолдана білу арқылы іске асады. Ақпараттық-технологиялық, инновациялық даму жағынан алда келе жатқан Израиль мен «ХХІ-ғасырдағы әлем фабрикасы» атанған Қытай елдері, бірі «Давид жұлдызы», екіншісі «Инь-Янь», 5 мың жыл бұрын пайда болған КОНФУЦИЙ философиялық қағидаларын ұстанып, инновациялық биік жетістіктерге жетіп отыр. 
«Мәңгілік Қазақ елі, ата-тегімізден келе жатқан: «Төртеуі түгел болса, төбедегі келеді» – «Ақ жолдың қарасы, қара жолдың ағы болады» қағидаларын ұстанып, адамзаты тарихында ешқашан басы бірікпеген, әлем діндері мен тіл, дәстүр, ділі бөлек ұлт өкілдерін, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың, даму мен бақыт кілті, толеранттылыққа негізделген, доктриналық стратегиясының арқасында, әлем ғылымында осы уақытқа дейін шешімі табылмай келген қазақстандық – бренд, алтын ғасыр ойлау жүйесі, «сана формуласы немесе рухани заңдылықтарға негізделген, адам ой-санасы логикалық жұмыс (Тұмар) жүйесінің пирамидалық құрылымының голограммасы» арқылы, Израиль мен Қытай сияқты (2) екі деңгейлі философиялық ойлау жүйесі емес, Мәңгілік, күшті де, қуатты қазақ елі, (5) бестік деңгей­дегі философиялық даму қағидасы, яғни (1) ақ пен (2) қараны ажырата білу арқылы, рухани тазалық ұстанымдарына сай, (3) ізгі – дұрыс шешім қабылдау арқылы, (4) даму («Мәңгілік ел – ұлттық идеясы») мен (5) бақыт деңгейіндегі ойлау, Зияткерлі  ұлт қалыптастыру іске асыру – тетігі, ұлт­тық тәрбиеміздің мазмұндық не­гізін құ­раушы жүйе үлгісінде (моделіне) шығып отырмыз. 
«Мәңгілік ел – ұлттық идеясы» іске асыру аясында, үшінші индустриалдық революция деңгейіндегі дүниетанымға сай,  оянған сана көзі – естілікті меңгеру негізінде, кез-келген жүйенің  құрылымын дұрыс түсініп, ізгі де, нақты – дұрыс шешім қабылдай білетін, дара да, дана тұлға, зияткерлі ұлт қалыптастыруға  мектептен бастап, қоғамның барлық саласында, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Елбасы  Н. Ә. Назарбаевтың ел, ұрпақтар болашағына бағытталған  толеранттылыққа негіз­делген – алтын ғасыр ойлау жүйесі, зият­керлі ұлт қалыптастыру тетігі «Ақбастау – рухани тазалық бағдарламасын» іске асыру, отбасы, балабақша, мектептен бастап, даналықты меңгерген ұлт, адам капиталын қалыптастыру арқылы, дамыған, алдыңғы қатарлы 30- елді басып озып, алдына шығу кепілі.

Алдыңғы «
Келесі »

1 Пікір бар

  1. Улттык идея ен алдымен отбасынан басталады. Аке мен ана, ата мен аже бейнелери аркылы. Содан кейин Мектепте биликти устаздардын берген билимимен уштасады. Кейин баланын тускен ортасы да ыкпалын тигизеди. Улттык идея деген елин суйип, махаббатпен кызмет ету.оган ен алдымен улкен буын онеге болу керек. Алаш зиялыларынын идеясын мектептеги балалар санасына синирсек. Улттык идея омиршен болмак. Онсыз да миы ашып журген балаларга ойлы козкараспен карасак. Толеранттылык деген созди де абайлап колданганымыз жон. Арбир угым улттын табигатына сай келу керек. Мангилик ел болу ушин тузу билим кажет.

Пікірлерге тыйым салынады.