ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ ТУРАЛЫ ҮЗІК СЫР

  • 01.08.2016
  • 805 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Аманхан ӘЛІМҰЛЫ,
журналист

Қазақстанда «Отан», «Ақжол» секіл­ді қанша партия барын білмеймін, бірақ, олардың әрқайсысының көш­бас­шы­сы болғысы келетінін жақсы білемін. Солардың бас­шы­ла­ры­ның не қосшыларының бірінің аузынан, не бағ­дар­ла­ма­сы­нан Ұлттық идея туралы естіп, оқымаппын. Сонда, олар­дың кімге, қай ұлт-елге қызмет еткісі келетінін тү­сін­бей­мін. Ал, ол жалпы қазақстандық болса, оның ұлтсыз, ойдан-қыр­дан жиналған американдықтардан айырмашылығы неде?


Егер, біз мемлекетімізді қазақ республикасы демей, көп ұлт­ты Қазақстан мемлекеті деп айдарлай үкілеп, әспеттеп жатсақ Ұлт­тық идея кімге керек? Ал, керек дейік. Керек болса, ол қан­дай дәреже, қаншалықты көлемде болса керек-ті. Сосын ір­ге­міз­де­гі Ресейдің, біздің отынымыздағы қандастары ол идеяны қол­дап, «біз қазақ мемлекеттілігіне қосыламыз» дей қоя ма? Әй, қай­дам?! Өйткені, кешегі Ресейден түсіп жатқан дугин сияқ­ты десанттар бұрынғы КСРО-ның екінші түрі еуразия пат­риот­ты­ғын насихаттап жатса ше? Осы тұста айта кететін жай. Біреу жақтырсын, жақтырмасын, біз Иран, Ирак, Сауд арабиясындай, тіпті, іргеміздегі Өзбекстан, Тәжікстан, Тү­ркі­мен­стан­дай бол­ма­сақ та мұсылман елміз. Оған елімізде мұ­сыл­ман­дар­дың өзге дін өкілдерінен артықтығын қосыңыздар. Міне, мұ­ның бәрі Ұлт­тық идеяға барар жолдағы нақты факторлар. Сонда да, көп ұлт­ты екеніміз де өтірік емес. Оған бір кезде коммунистік-интернационализм идеясымен сусындап өскеніміз де жоқ емес, бар. Өз еліңдегі осындай жағдайларды ескере келе, мысалы Ре­сей­дің әлемдегі орнын саралай отырып орыс сыншысы әрі тарихшы-философы Вадим Кожинов: «Ресей ұлттық мемлекет емес, континент», – десе, оның қандасы Дугин православиеге негізделген орыс шовинизмін насихаттайтын евразия идеясын ұсы­на­ды. Ал, олардың бірде-біреуі бізді айналып өт­пе­уі бек анық. Мүм­кін, бізге осының екеуінің біреуі керек шығар?
Бұл сауалды «арандатушы сұрақ» деп түсініп, менің ой-пі­кір, тұжырымым сол Кожинов пен Дуган ұсынған идея­лар­дың біреуіне де қосылмай, үшінші жол іздеу керек дейтініме ас­пан­да­ғы Ай-Күндей сеніңіздер. Осыдан бірнеше ғасыр бұрын орыс­тар­дың Мәскеуді үшінші Рим деп жариялап, сол жолда ең­бек еткенін жақсы білеміз. Біз төртінші Рим деп Астананы мә­лім­де­сек ше, қалай болады?
Евразия идеясын ұсынушылар: «Эту нацию мы называем евразийской, ее территорию – Евразией, ее национализм-евразииством», – деп жар салып, орыс мүддесіндегі космополизмді насихаттаса, басқалары «Православие – важнейший источник русской идеи» деген тұжырым жасап, бүкіл ақ­па­рат құралдары арқылы үгіт жүргізіп қана қоймай, жоғарыдағы айт­қан Дуган – десанттары арқылы Қазақстандағы орыстардың ар­қа­сын қоздырып, тілін шығартып, дінін нықтап жатса, шынында біз қайда барып паналаймыз?
Соның бәріне қарамай, қазақ ұлты өмір сүріп, өзінің барын әлемге бар қал-қадерінше танытып жатқанда, бізге сөзсіз Ұлт­тық идея ауадай қажет. Бірақ, ол – абстракция, сосын сана-сезімге де сыймайтын қиялдан өрілмей, өмір, қоғам, мемлекет, ұлт, айта берді бүкіл Қазақстандағы өзге ұлттар мен ұлыстардың басын біріктіре алатын, сөйтіп, қазақ патриотизмін қа­лып­тас­ты­ра­тын іс-әрекетіне ұйытқы болатын Идея болуы тиіс.
Мен Қазақстанды қазақсыз көз алдыма елестете алмаймын. Сол қазақ қазір ақпараттық және этно-демографиялық со­ғыс­тың өтінде тұр. Ұлттық идея бізге сол соғыстарда өзгені қор­лап, аяқасты етпей, өзіміздің ұлттық мүддемізді қорғап қа­лу­ға ерекше көмектесер еді. Мемлекетіміз бүгінде ауыр-жеңіліне қа­ра­май, белгілі бір нарықтық кезеңнен өтті. Ендеше, нарыққа ла­йық ұлттық интеллигенция, сондай-ақ, ұлттық саяси элита да өмірге келді. Қазір аз болсын, көп болсын, жақсы не жаман болсын, қазақ қоғамын ұстап тұрған сол элита. Әйтпесе, стихия­лы, бірақ, арты ұйымдасқан 1986 жылғыдай толқудан қашып құ­ты­лу еш мүмкін емес болар еді.
Бұрынғы Евразия идеясы – эвроцентризмге қарсы құ­рыл­ған одақ болса, бүгінгі Неоевразия идеясы атлантизм мен американизмге, сосын, жалпы глобализацияға қарсы партия. Олар­дың негізін қалаушы бұрынғы князь Турбецкой, Савицкий, одан әрі Гумилев, одан да бері Дугин. Сол Дугин мәселені Сіз­бен, бізбен ақылдаспай, кеңеспей: «Общая для всех казахстанцев национальная идея, может быть и есть. Это – евразийство», – деп шешіп қойған. Оған ондай құқықты кім берді?!. орыстар «москва – третий Рим» деуінің сыры мемлекеттік құ­ры­лым­ның прин­циптері  мен  сол ұлттың тәнін қорғайтын жолдарды анық­тап алу үшін бағытталған. Оған геосаясат, әлеуметтік-эко­но­ми­ка­лық және құқықтық-территориялық мәселелер кіреді. Онда саяси принцип, бар билік орыстардың қолында болуы тиіс. Қал­­ға­­ны солардың сұқ саусағы арқылы бөліске түсіп, өз­ге­лер со­лар­дың «шешімімен» еншілеп жатады. Ал, Мәскеу жал­пы­ұлт­тық мемлекеттік-құқықтық ұйымның орталығы болып қай­та жаң­ғы­ра­ды-мыс.
Сонымен, болашақ Ұлттық идеяның негізін, яғни, жобасын неден, қалай қалыптастыруымыз керек? Бірінші, ол идея – мем­ле­ке­ті­міз­дің демографиялық және ақпараттық-саяси технологиясын заманға сай ұлттық негізде өргіздіріп, ұлттың тәні мен рухын тең дәрежеде дамытуға атсалысуы тиіс. Ал, ұлт­тық рухани құндылықтар жаңа мағына-мәндегі әрі түрдегі қайта құ­­рыл­ған материалдық-практикалық қызмет пен эко­номикалық ұлт­­тық рефор­ма­ға бастама болмаса болмайды. Ол үшін шы­ғар­ма­шы­лық, яғни, творчестволық интеллектуалдық күш-жі­гер­ді жи­нақтау­ға тиіспіз. Оны жинақтау үшін Масанов секілді люмпендерге жол бермеуіміз керек. Ал, люмпендер – туған мә­де­ние­ті­нен қол үз­ген адамдар, бірақ, оларда интеллект жоқ деуге болмайды. Бар болғаны, олар ұлтына жат-жұрттай қарайды. Міне, бұ­­лар біз­­дің Ұлттық идеямызды қалыптастыруға кері әсерін тигізеді.
Ұлттық идеяның негізі – Тіл, Дәстүр, Дін, сондай-ақ, Діл, әри­не, одан әрі қоғам, мемлекет, үкімет болып кете береді. Мен осы тұста «Қазақ әдебиеті» газетінде Ақселеу Сейдімбеков ағам­ның, Бельгер отандасымның Ұлттық идея туралы ой-пікірлерінде дінге иек артпай, оны аттап өткендеріне таң қаламын. Ұлт­ты Діннен бөліп қарауға қанша болмаса, Ұлттық идеяны да сонша бөліп қарауға болмайды. Өйткені, Дін – ұлттың негізгі тұрмыс-тіршіліктегі Иманға негізделген өмірлік құндылығы. Біз­дің қандай да идея ұлттан, өмірден, қоғамнан тыс болмауы керек дейтініміз сондықтан. Осы тұста мен сіздерден Ұлт­­тық идеяны қалыптастыратын бірден-бір көз интеллигенция ұлт­­тық элита мәртебесіне, яғни, статусына лайық па деп сұрақ қой­­сам ше? Әрине, лайық болуы мүмкін. Бірақ, олар, бірінші, қан­ша білімді болғанмен өресіз, біліксіз, имансыз болса, екінші, сана-сарабынсыз, соқыр сенім-нанымдағы батысшыл, ұлттық тек-то­пы­рақ­тан ада болмаса. Сөз жоқ, мұның екеуі де бей­ұлт­тық адамдар.
Мысалы, біз Қазақстанның экономикасын қазақ тағ­ды­рын, тарихын, мәдениет, әдебиетін, рухани бағыт-бағдарын, ті­лін, ді­лін, менталитетін білмейтін Ораз Жандосов секілділердің қо­­лы­­на тапсырсақ, ешуақытта Ұлттық идея қалыптастыра алмаспыз. Ұлттық идеяның ең негізгі көзінің бірі сол – экономика, материя. Әрине, рухсыз еш материя мәңгілік бола алмайды. Бірақ, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайсыз да Ұлттық идея то­лық­қан­ды қалыптаса алмайды. Сондықтан, ондай құн­ды­лық­тарды өмірдің өзі қалыптастырып, реттейді. Сонда да, онда тө­­мен­­де­­гі негіздер болуы тиіс. Бірінші, ұлттың дәстүрлі психологиясы, екінші ол нақты қазіргі жағдайға сай болуы тиіс. Мем­ле­кет­тің тарихын қалыптастыратын қоғамдық дамуды ұлттық не­­гіз­­ге бағыштамасақ тағы болмайды. Оның көзі құ­қық­тық-заңды­лық негізде. Яғни, Ата Заңымызға сүйенген заң­ды­лық­тар, сон­дай-ақ Үкімет, Президент, Парламент болып сол Ұлт­тық идея­ға кең жол ашуға мүмкіндіктер жасауы тиіс.
Ұлттық идея болса – тұлғалар қалып­тасады. Тарихи тұл­ға­лар тарихи идеялар болған тұста болады. Идеяның орындалуы ұзақ процесс. Ол бірнеше ұрпаққа кетуі бек мүмкін. Бірақ, ең бастысы, негіз қаланып, темірқазық анықталады. Кеңестік ке­зең­де­гі идея солай болған. Қазір де сондай идеяның орнын Ұлт­тық идея алмастыруы ауадай қажет.
Жалпы, қазақ халқында ұлттық идея-жинақтаушы күшке ие болып, ұлтты топтастыратын рөл атқарған. Асанқайғының Жер­ұйық іздеуін алыңыз. Оның еврейлерге қырық жыл «Земля обитавения» іздеген Мұса, Мойсейден несі кем. Бұл мәселе бұ­дан да терең, кең әңгімелеуді талап етеді. Бұл үзік сыр ғана. Сон­дық­тан, ұлттық идея іздеушілердің басы да, аяғы да біз бола қой­мас­пыз. Мәселе соны тауып, қалыптастыра аламыз ба, әңгіме сонда.

«Жас қазақ». 
24 қазан, 2003 жыл

Алдыңғы «
Келесі »