Көңілде жүрген көп ойлар…

  • 01.08.2016
  • 1607 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Әдебиет,  кинематография,
телевидение 

Әдебиет. Кинематография, Телевидение… Індете үңілсек, сана-сезім мен көзқарас қалыптастыруға келгенде таптырмайтын құрал. Қазіргі Рухтар теке-тірестігі бірде ашық, енді бірде астыртын жүріп жатқан кезеңде, олардың қоғамдық-саяси өмі­рі­міз­де алатын орны ерекше. Сондықтан, Әдебиет, кинематография, телевидение бәсекелестігі мен тайталасы – қай уа­қыт­тан бері де жүріп келе жатқан құбылыс. Олардың бірі ал­ды­ға кетіп, екіншісі артта қалды, тіпті, үшіншісі «өлді» деген қо­ғам­дық ой-пі­кір­дің өзі де «мың өліп, мың тірілген». Соған қа­ра­май, на­ғыз қа­сиет­ті өнердің қай саласы болмасын бүгінде өз­де­рі­нің қал-қадерлерінше өмір сүріп, қоғамдық-саяси, ең бастысы, мо­раль­дық-адами, ар-ождан – Иманға негізделген қарым-қа­ты­нас пен мінез-құлықты қалыптастырып келеді.

Бірақ, басын ашып алатын бір жай, олардың арасында да адамдар секілді заманына қарай бейімделгіш – хамелеон жеке ав­тор­лар­дың немесе шығармашылық топтардың мақсат-мүд­де­сін­де­гі творчестволық іс-әрекеттерге орай жоғары-төменді, аумалы-төкпелі, ұшпалы-қонбалы бағы жанып, мейманасы асып тұратын кезек-кезеңі болып тұрады. Әсіресе, ол қоғам мен адам, табиғат арасындағы қалыпты да ырғақты байланыс бұ­зы­лып, мемлекет және үкімет, оның қызметкерлері – шенеуніктер мен қа­ра­па­йым адамдардың қатынасындағы алшақтық анық көз­ге ұрып, олардың ара-жігі алыстаған сайын қатты бай­қа­ла­ды. Сөй­тіп, жеке творчество иесінің тояттануы мен ләззаттану прин­ципіндегі ниет-құлық, мещандық сана-сезімнің көрінісіндегі Әде­биет, Кинематография, Телевидениелік Рухани есірткіге пара-пар шығармашылықтың тауар-өнімдері пайда болады.
Ал, қоғамның қозғаушы күші – адам болса ар-ождан мен иманнан ада, ұрпақ байланысындағы өнегелілікке жат кітап пен кинематография, телевидение бағыт­-бағдарларының құр­са­уын­да қалды. Оларға қазір тосқауыл қоятын бір-ақ жол бар, ол – заң мен құқықтық органдар. Парламент пен Үкімет би­лі­гі­нің жөн-жосықты, жөнге қойылған іс-әрекеті ғана. Болмаса, олар көктен түскендей көретін, өздері еш еңбек сіңірмеген демократия мен сөз бостандығын, ерік еркіндігін қажеттері келгенше пайдаланып жатыр. Міне, осыдан келеді де жабайы, еш­қан­дай да рухани құндылығы жоқ, уақытша кезең-кездің кітабы жазылып, кинематография мен телевидение шығармалары экрандарда көр­се­ті­ле­ді. Олар үшін демократия, сөз бостандығы, ерік еркіндігі перде де, жасап-жазып жатқан кітап, кинематография және телевидение шығармалары – ләззаттану мен тояттану, уа­қыт­ша рухани рахаттану өнімдерінің көзі.
Бүгінде кітап полкаларымызды, кино телеэкрандарымызды жаулап алған жалпы­халықтық жабайы да мән-ма­ғы­на­сыз құн­ды­лық­тар соның айғағы. Қазақстанның ұлттық қа­уіп­сіз­ді­гі­нің негізіне нұқсан келтіріп, оны шайқайтын да солар. Қо­ғам­ның қозғаушы күші – адамның сана-сезімі аталған «есірткілерден» уланған тұстан, үлкенді-кішілі қоғамдық та, адамдық та, ұлт­тық та, мемлекеттік те дәрежеде жемқорлық пен қылмыс бе­лең алады. Олардың өздерінің стратегиясы мен тактикасы бар. Олар өздеріне кедергі келтіретін күштердің іс-әрекеттеріне қа­рай бағыт-бағдар, мақсат-мүдделерін өзгертіп, хамелеон кейіпте құбылып отырады.
Қазір қоғамдық қатынаста «жалпы­халықтық құндылық», «глоболизация» (экономикада да, саясатта да, мәдениетте де, өнер­де де, шығармашылықта да), «әлем азаматы», «искотипные потребители товаров» деген термин-ұғымдар айналысқа түсіп жүр. Бізге Рухани тұтастықтың көзі – Әдебиет, кинематография, телевидение саласындағы ең қауіптісі, сол «глоболизация» мен «искотипные потребители товаров» ұғымдары. Олар қайда, қай жер мен елде болмасын, со жер мен елдегі дәс­түр­ді күй­ре­ту­ші күш ретінде ерекше рөл атқарып келеді. Бір кездегі еуропа мен америкада пайдаланылып, бүгінде таң­сық болудан қал­ған бұл термин-ұғымдар қазір біздің еліміздегі, айта берді, ТМД елдеріндегі қоғамдық өмірде айналымға түс­ке­лі де біраз жыл. Бұл ­– дерт. Өйткені, олар авторды тауар өн­ді­ру­ші көреді де, оның шығармасын тауар санайды.
Естеріңізде болса, сонау Кеңес Одағы кезіндегі жоспарлы әлеу­­мет­­тік-эконо­микалық, қоғамдық-саяси бағыт-бағдардағы идео­ло­гия мен идея нұрлы социализм қоғамын құруға күшті ық­пал етіп, болашақ коммунизмге деген берік сенім тудырған жоқ па еді. Ал, енді жаңа қоғам орнап, қайта құру басталғаннан кейін, тә­уел­сіз­дік пен егемендікке қол жеткізген кейбір реформаторларымыз, неге екенін қайдам, нарықтық экономика кезінде со идея мен идеологияны біржақты социализм мен ком­му­низм­нің атрибуты деп түсініп, Әдебиет, Кинематография, телевидениеге атүсті қарай бастады. Сөйтіп, олар қоғамдық-саяси және әлеу­мет­тік-экономикалық, айта берді, мәдени-әдеби процестің қоз­­ғау­­шы күші, Карл Поппердің «Открытое общество и его враги» кітабында түжырымдағандай, «Деньги – это один из символов, а также и одно из проблем открытого общество» деп тү­­сі­­ніп, бір кездегі жалпыхалықтық интернационализмді бү­гін­де патрио­тизм ұғымының алмастырғанын жете біліп, сезінбейді. Оның арғы жағында, кітапта көрсетілгендей «…за них (теңгені айтып отыр. – А.Ә.) можно купить политическую власть» деген ой жатыр. Содан келді де, халықтың сана-сезімі мен көз­қа­ра­сын қа­лып­тас­ты­ра­тын нағыз шынайы Әде­биет, кинематография. телевидение екінші планға ысырылды. Сөйтіп, қо­ға­мы­мыз­да ұлт­тық иммунитет пен патриотизмнен ада мар­ги­нал­дық Әде­биет, Кинематография, Телевидение етек ала бастады. Олар­дың негізі – дәстүрді, табиғи  болмысты күй­ре­ту ар­қы­лы қас-қағым, белгілі бір мезгіл-уақытта ғана лә­зат­та­на ра­қат­та­ну­ға, көңіл мен көз қандыруға қаланды. Сөй­тіп, мән-ма­ғы­на­сыз, рухани «азыққа» айналған Әдебиет, кинематография, телевидение дүниеге келді. Міне, осы тұстан «жаңа қа­зақ­тар» мен төң­ке­ріс­шіл реформаторлар арасында нарықтық экономика барысында қоғамдық өмірді түтастай қайта қараймыз деген аңғал да қате түсінік-пікір қалыптасты. Олардың ескермеге-
ні – тәуелсіз де егемен мемлекетті азаматтық және ұлттық патриотизмсіз құ­ру­ға болмай­тындығы еді.
Бүгінде Әдебиет, Кинематография, Теле­видениенің «қол­да­ры­нан» бәрі келеді. Олар Сізді, тіпті, қоғамды да, мемлекетті де, үкіметті де, олармен қоса жеке адамдарды да басынан аяғына дейін «ластап», керісінше, араға уақыт салып қайта «тазалай» да алады. Оның сыры шынайы Әдебиет, Кинематография, телевидениелік шығармалар жасаудың орнына, жалған сенсация қууда. Оларда ұлттық, мемлекеттік, қоғамдық мақсат-мүддеге қарағанда қалта толтырып, ләззаттану мен тояттану, әрісі ра­қат­тану принципінде өмір сүріп, ерекшелене отырып, ұлттан қол үз­ді­ру­ге соқтыратын жекешелендіруге құрылған өмірлік кредо басым.
Жалпы, Әдебиет, Кинематография мәңгілік те, телевидение – уақытпен бірге туып, бірге «өлетін» процестің көрінісі. Соң­ғы­сы­ның «бүгінгі күнмен» жасалынатыны да сондықтан. Оған қа­шан, қайда, қалай деген сұрақ қойылуының да сыры сонда. Сон­дық­тан, ол өмірден көшіріп, «копировка» жасаушы күш­ке ие де, ал, Әдебиет, Кинематография – көктен түскен төрт кі­тап­тай адам жанын тәрбиелеп, өнегелілік пен Имандылыққа үй­ре­те­тін құ­бы­лыс­тар. Телевидениені қазір видеогазет те, суретті радио да, электронды бұқаралық ақпарат құралы да деуге болады. Яғни, оны күнделікті қоғамдық өмір ағыны десек, ал, на­­ғыз Әде­биет, Кинематографиям мәңгілік сана-сезім ағы­ны дейміз.
Нағыз Әдебиет, Кинематографияда көркемдік пен образ басым болса, Телевидениеде көз бен көңіл аулайтын қоз­ға­лыс басым. Әрине, бұл жерде аталған өнер салаларының кей кезде демократия, сөз бостандығы, ерік еркіндігі деген қасиетті ұғым­дар­ды жамылып, қоғамдық өмірімізді жайлаған жағымсыз жай­лар­дың жаршысы болып жүргенін несіне жасырамыз. Оның сыры Әде­биет, Кинематография, Телевидениелік шығармалар тудырып, жасаушылардың оларға нарықтық экономика өнімі ре­тін­де қа­ра­уын­да. Немесе Телевидениеде жарнамашы, саясатшы, де­­пу­­тат­­қа кандидат болушы көрерменді сатып алушы не сайлау­шы ғана деп сезіп-білсе, Әдебиет, Кинематографияда оқырман мен көріп қабылдаушыны уақытша рухани «рахаттанушы» кө­­ре­­ді. Сөйтіп, олар өздерінің Рухани кеңістік қорғаушылары еке­нін елеп-ескермейтін күйге жеткен. Сондықтан, егер Әде­­биет, кинематография, Телевидениені қалталы ақшамен бас­­қа­­ру­­ға болады деп ойлайтын саясаткер, не бизнесмен, болмаса коммерсант болса қатты қателеседі.
Иә, Әдебиет, Кинематография, Телевидениеде уақытша қар­жы-қаражат қорын жасап алуға болар, бірақ, онымен мәң­гі­лік байып кетуге еш болмайды, Олардың – шы­ғар­ма­шы­лық ие­ле­рі­нің кейбіреулерінің, әсіресе, оның ішінде дилетант-гра­фо­ман­да­ры­ның мазохизм (жыныстық қатынас тү­рі­нен бұзылған адам) дертіне ұрынып, оқырман мен кө­рер­мен­нің обалына қалып, айта берді, ұрпақ тәрбиелеудегі жа­уап­кер­ші­лік­сіз­дік­тің етек алуы да осы тұс. Сондай-ақ, оларға мемлекет, үкімет, қоғам ұс­тан­ған эко­но­ми­ка­лық жөне саяси бағыт «жаман», соған ден қо­йып, бой алдырған ұлт пен халық та «жаман». Олардың жа­са­­ған, жасап жатқан дәстүрлі тарихы да «жаман»… Қойшы әй­те­уір, олар үшін бәрі жаман, тек өздері ғана жақсы… соларды жазып, соларды экранға шығарып «насихаттайды». Яғни, олар – өз іші­міз­де­гі өзімізді жоққа шығарушы эмигранттар. Қыс­қа­сы, Б.Мо­мыш­ұлы, Ғ.Мүсірепов, берісі Ж.Молдағалиев, Ш.Сма­қан­ұлы секілді жақсы мағынадағы именіп, аяқ тартып жүретін тұл­ға­ла­ры­мыз­ды қалыптастыра алмай жүрміз.
Бүгінде бізге өзіміздікіне қарағанда өзгенікі таңсық. Кітап дү­ке­ні­міз­де орыстың ортанқол жазушысы Э.Лимоновтың қыз­те­ке, нәпсіқұмар туралы «Я Эдичка» кітабы, кино-телеэкрандарымызда «Курочка Ряба» мен кескін-кейіпсіз «черепашка ниндзя», латынамерикасының өздерінде таң болудан қалған телесериалдары… Осынау бір рет оқылып, ары кеткенде үш-төрт ай қолдан-қолға, экраннан-экранға көшіп жүретін Әде­биет, кинематография, Телевидение шығармалары қай сана-сезімімізді қалыптастырып, қашанғы мәңгілік Рухани азық болады дейсіз… Сонда, өзіміздің әдеби, кино-телеклассикамызға айналып кеткен кино, спектакль, мультфилімдеріміз қайда? мысалы, «черепашка Ниндзяның» орнына «Қарлығыштың құйрығы неге айыр?» мультфильмін неге қайта-қайта көрсетпеске? Құ­дай­ға шү­кір, ондай мультфильмдер бізде көп болмаса да бар­шы­лық қой. Олар тақиямызға тар ма?
Әдебиет, Кинематография, Телевидение қызмет етуге тиісті, қызмет ететін, болмаған жағдайда қызмет етіп жүрген ұлт­тық сана-сезім – жатырлас, қарындас секілді ешқандай са­рап­тау­ға келмейтін, сарапшыға бағынбайтын адамның алтыншы се­зі­мі. Ол не болу керек, не «өліп» – өмірден өткенге келетін жоқ­қа тән қадір-қасиет болуы тиіс. Ал, оны тәрбиелейтін, қалғып кетсе оятатын, «өлсе» тірілтетін сол Әдебиет, кинематография, телевидение. Осы үшеуі қандай болса ұлтымыз да, оның ішін­де жалпы қазақстандықтар да сондай болады.
Телевидениеден теленарық жемісі – сапасыз теле­өнім­дер­ді көріп, дүбәра тележурналист, не филолог, болмаса әртіс, тіпті, ары кеткенде со телевидениенің арғы-бергі жағында жүр­ген қыз­мет­кер­дің шалажансар хабарларына қынжыласың. Олар­ға қоса, «Бабье царство» секілді әйел мен еркек жанының қа­сиет­ті де қас­тер­лі сезімдері мен қарым-қатынастарын жөн-жо­сық­сыз, қыздырма-қызыл сөзге арқау ететін хабары тағы бар. Осы хабар жүргізушілерінің үш-төрт адамды жинап алып, мәні жоқ қа­зан-ошақ басында айтылатын жайлар төңірегінде те­ле­сұх­бат жасап отырғандарын көргенде жұртты аяйсың. Міне, те­ле­на­рық ық­па­лын­да­ғы телеөнімнің көрінісі осы.
Сондықтан, Әдебиет, Кинематог­рафия, Телевидение мән-ма­ғы­на­сыз жеңіл ойнақылықтан, ұшқалақ та уақытша әсіре-әсер­ден ада болып, нағыз көркем образды, әрі бейнелі болғанда ғана ұлттық, мемлекеттік, қоғамдық идея мен идеология ма­те­риал­дық әлеуметтік-экономикалық, мәдени-саяси оң жемісін береді. Әйтпесе, Әдебиет, Кинематография, телевидениеде пайда болған «бұқаралық көңіл көтерушілер» ешкімді де ұш­пақ­қа шығармайтыны бесенеден белгілі жайт. Сосын, ұлт қа­шан­да да жай қарапайым оқырман не көрермен болып қалмауы керек. Ол өзін сол өзі тұрып жатқан жер мен елдің бір бөлшегімін деп сезіне білуі тиіс. Ондай болу үшін шын мәніндегі ұлттық Әде­биет, ұлттық Кинематография, ұлттық Телевидение ауадай қа­жет. Солар ғана бізді Рухани экспансиядан сақтап қала алады.
13 қазан 2000 ж.

«Оқы, оқы және оқы»
Бiр кезде ұлы күн көсем атанып, аты-жөнi Адам атадан бастап, ең соңғы пайғамбар Мұхаммед алеиһис саламға дейiнгi ара­лық­тағы пайғамбарлардың бәрiнен жоғары қойылып, айтылып та, жазылып та келген Ленин айтқан «Оқы, оқы және оқы» деген қанатты қағидаға негiз болған Құран кәрiмдегi:
1. Читай (и возгласи) !
3. Читай!
4. Он – Тот, кто (человеку дал) калам (перо) и научил письму, – (96:1-4) деген қасиеттi де киелi сөздi оқып, бiлiп өскен мұсылман ел-жұр­ты­ның бүгiнде бiлiмнен сонша артта қалғанына таң қаласың. Келтiрiлген алғашқы аяттардан-ақ Ислам иiсi адамзатты на­дан­дық­пен артта қалушылықты емес, iлiм-бiлiмге және оқып үй­ре­ну­ге әрi жазуға шақырғанын, сонымен бiрге Мұхаммед алеиһис саламның «iлiм iздеу әрбiр мұсылман еркек және мұсылман әйел­ге парыз», сондай-ақ, «бiлiм Қытайда болса да ал» деге­нiн ұмытпасақ мұсылман әлемi бiлiмнен мұншама артта қалар ма едi?
Кезiнде Ислам әлемге тек қана Орта Азияның өзiнен Әбу насыр әл-Фараби (870-950), Әбу Әли Ибн Сина (980-1037), Әбу райхан әл-Беруни (973-1050), Ұлықбек (1384-1449) секiлдi ғұ­ла­ма­лар мен мемлекет қайраткерлерiн берген едi. Бұның бәрi бү­гiн­гi ғылым-бiлiммен, оқымысты да бiлiмдарлармен са­лыс­тыр­ған­да өткен шақ. Бүгiнде солар сияқты ғұламалар неге жоқ? Неге олардың насихаты өзгелердiң оқыған-тоқығандарына қа­раған­да аз? Бүгiнгi бiлiм шыңына шығып, ауыздан-ауызға iлi­нiп жүр­ген, Нобель сыйлығын алған мұсылман әлемiнiң ғұ­ла­ма­ла­ры қанша? Болса нелiктен әлем ғалымдарындай насихатталмайды? Әлде оларды айдарлатып, айбынды көрсетуге мерзiмдi телеарналарымыз бен баспасөздерiмiз жетпей ме? Осының бар­лы­ғы сұрақ. Бiздiңше Еуропа және Батыс ақпараттық құ­рал­да­ры­на қарағанда мұсылман әлемiндегi ең басты қа­рым-қа­ты­нас құ­ра­лы және идеологиялық қаруы саналатын, осынау ең қа­жет­тi нәр­се­ден мұсылман әлемi барынша артта қалған. Мiне, со­ның салдарынан мұсылман мемлекеттерi өздерiнiң өткенiн былай қой­ған­да, бүгiнгi қоғамдық-саяси, мәдени-өр­ке­ниет­тiк тыныс-тiр­шi­лi­гiн, болмыс-бiтiмiн дүниежүзiне толық таныта алмай келе жатыр.
Қызық жағдай! Менiң қолыма тиiп, тiлiме тиек болып отыр­ған фактiге жүгiнiп отырып, осылай демеске амал жоқ. Егер, құр­мет­тi оқырман алдарыңызға тартқалы отырған көрсеткiштер рас болатын болса, онда шынында да мұсылман әлемi өзiнiң о бас­та­ғы оқып-бiлуге, бiлiмге деген құштарлығын соншалықты жо­ғал­тып алғанына ерiксiз таң қаласың. Бүкiл Ислам әлемiндегi елу жетi елде 1450 млн. халық тұратын болса, оларға 500 ғана университет қызмет етедi екен. Ал, бiр ғана АҚШ-тың өзiнде 5758, Үндiстанда 8407 университет бар екен. Сондай-ақ, әлемде ең озық жоғарғы оқу орыны 500 болса, оған мұсылман елдерiнен бiрде-бiр университет кiрмейтiн көрiнедi. Тiптi, оны айтасыз христиан әлемiнiң орта деңгейiнiң 90 пайызы сауатты болса, ал, мұсылман әлемiнiң орта деңгейiнiң сауаттылығы 40-ақ пайыз. Оны айтасыз, алдыңғылардың көпшiлiгiнiң 98 пайызы орта мектептi бiтiрсе, соңғы мұсылман әлемiндегi ел-жұрт­тың 50 ғана пайызы орта мектептi бiтiредi екен. Осы көр­сет­кiш­тер­дiң өзi-ақ, жалпы, мұсылман әлемiндегi бiлiм деңгейiнiң қан­ша­лық­ты екенiн аңғартса керек. Мысалы, АҚШ-та 1 млн. адам­ға 5000 оқымыстыдан келсе, бүкiл Араб әлемiнде 1 млн. адамға 50 техниктен ғана келедi екен. Осының бәрiн оқып, бiлiп отырып, бiр кезде Жаратқан иемiздiң бiлiмге, бiлiктiлiкке ша­қыр­ған ұрпағының соншама деңгейдегi бiлiмсiздiкке түсiп кеткенiне ерiксiз көңiл құлазып, жүрек егiледi.
Сонда, бұдан шығатын қорытынды не? Ең алдымен бiз­­дiң­­ше мұсылман әлемi материалдық құндылықтарға қарағанда, Алла та­ға­ла­мыз бен пайғамбарымыз о бас­та насихаттаған бi­лiм­ге ұм­ты­луы керек. Болашақ ұрпағымызды пайғамбарымыз тiл­ге тиек еткендей жердiң қай түкпiрiнде болса да, бiлiмге, бi­­лiм­­дар­­лық­­қа ден қой­дыр­ма­са болмайды. Адам өзiн-өзi қолға алмаса, Алла да олар­­дың жағдайын өзгертпейдiндiгi хадисте айтылған. ендеше, бұ­­дан шығар қорытынды оқу, бiлу, оларды көңiлге то­­қып еуропа мен Батыс әлемiндегi бiлiмдiлiк пен бiлiктiлiкке ұм­­ты­­лу мұ­­сыл­­ман әлемiнiң басты бағыт-бағдары, ұстаным-ұла­ға­ты бо­лу­ға тиiс.
26 ақпан 2009 ж

Адам Алланың көшірмесі емес
Бiз мақаламызға тиек еткелi отырған тақырыпты кезiнде жазып, оқырман­дарымызды дiни қандай да кiтапты оқыған кезде оның мақсат-мүддесi, ұстаным-ұстыны қандай екендiгiн ажырата бiлулерi керек екендiгiн ескерткен болатынбыз. Және оған әлi де сан оралатынымызды айтып өткенбiз де. Өйткенi, елi­мiз­де сан түрлi секталардың кең етек жайып, халқымыздың арасына сына қағып жүргенi бәрiмiзге де белгiлi. Ендеше, көше кезiп, үй аралап дiни кiтаптар таратқандарға да өте сақтықпен қа­ра­ға­ны­мыз жөн. Бұны айтып отырған себебiмiз, қолымызға тиген бiр кiтап сол бағыт-бағдардағы ұстанымды наси­хаттаған жи­нақ. Ол новосибирскiдегi «ЭКОР» баспасынан басылған О.Н. шатохин дегеннiң ағылшын тiлiнен аударған «манифест ислама» атты кiтабы. Авторы – Мухаммад Рафи-уд-Дин. Ол атал­ған кiтабында Исламның ұстанған бағыт-бағдарымен бiрге, оның мән-мағынасы және саяси-моральдық, қоғамдық тұр­ғы­да­ғы алатын орны туралы ой толғайды. Жалпы, автордың Ис­лам­ға деген ниетiнiң қаншалықты түзу екендiгiн бiлмеймiз, бiрақ со­ған қарамай аталған кiтапты оқып отырып көңiлiңе күдiк, кө­кi­ре­гi­ңе түйткiл орнығады екен.
Аталған жинақтың «Качества человека являются отражением качеств Создателя» деген бөлiмiнде автор «центральным свойством человеческого создания, как и божественного, является любовь со всеми сопутствующими ей качествами. Так как в человеке отражаются все качества Создателя, его можно назвать образом Божества. Поэтому Пророк (мир ему) говорил: «Аллах создал человека по образу и подобию своему» дейдi. Мiне, дәп осы тұста ол үлкен қателiк жiберiп қана қоймай, Алла мен Адам жаратылысын баяндау арқылы оқыр­ман­ды жаңылыс жолға салып отыр. Олай дейтiнiмiз, бiз бi­ле­тiн Құран мен басқа да Ислам дiнiндегi танымдық кiтаптарда олай демейдi. Мысалы, Рукайя Максудтың 2001 жылы Мәс­кеу­де шыққан «Ислам» атты кiтабында (ол да ағылшын тi­лi­нен аударылған – А.Ә.): «Бог всезнающ и всевидящ; Он совершенно «отличен» от сотворенной Им Вселенной, вне времени, вечен, без начала и конца» дей келiп, «В мире не существует ничего, подобного Богу (!), и ничто не может сравниться с Ним. Ничто не разделяет Его власть, и у Него, конечно же, нет «сотоварищей» или каких-либо «родственников» дейдi.
Ендеше, аталған автор Құран Кәрiмнiң 112-Ықылас сү­ре­сiн­де­гi: «Ол Алла, бiреу-ақ. (1) Алла мұңсыз. (Әр нәрсе Оған мұқ­таж.) (2) Ол тумады да туылмады. (3) Әрi Оған ешкiм тең емес (4) « дегенмен «Шуро» сүресiнiң 11-аятындағы: «Оған ешнәрсе ұқсамайды. Ол Естушi, Көрушi Зат» дегенiн жақ­сы бiлiп, жоғарыдағыдай ой-пiкiрiмен тұжырымға келген. ендеше, бiз де со жағындамыз. Алла не нәрсенi болса да жеңiл, шаршап шалдығусыз және еш демалыссыз сөз – бұйрық ар­қы­лы жаратқан. Сондай-ақ, ол адамды жаратушы ғана емес, оның бүкiл ғұмыры одан әрi бақылап, басқарушы да. Сонан соң, Алла өзi жаратқандардың өткенiн де, болашағын да бi­ле­тiн құдiрет. Сондықтан, адамды Алланың бейнесi ретiнде қа­был­дап, оған ұқсату астамдық.
Әлқисса, бiз тiлге тиек етiп отырған «Манифест ислама» атты кiтаптың қалың көпшiлiктi, әсiресе, орыс тiлдi оқыр­ман­дар­ды терiс жолға түсiрiп, ол туралы жаңсақ пiкiр қа­лып­тас­ты­ра­ты­нын айтқымыз келедi. Иә, «Библия» Құдаймен Адам жаратылысына басқаша көзқараспен келiп, оған өзгеше пiкiр бiл­дi­ре­тi­нi рас. Белгiлi дiн зерттеушiсi, философ Сергей булгаков өзi­нiң «Свет невечерний» кiтабында оның қыр сырын аша келе: «образ Божий в человеке. И сотворил Бог человека по образу Своему, по образу Божию сотворил его (Быт. 1: 27), И создал Господь Бог человека из праха земного и вдунул в лице его дыхание жизни; и стал человек душою живою (2: 7), Человек сотворен, но по образу Божию. Он создан из праха земного, из общей тварной материи, но в него вдунуто самим Богом дыхание жизни Из Себя Самого извел и как бы выделил Бог его сущность, И уже в силу такого своего происхождения человек является сыном Божиим» дейдi. ендеше, Алла мен Адам жаратылысына келгенде Ислам мен хрис­тиан­дық­тың арасында айырмашылық бар. Қорыта айт­қан­да, жоғарыдағыдай «Манифест Ислама» секiлдi кi­тап­тар­ды оқы­ған­да мейлiнше сақ болғанымыз жөн. Сөз соңында құр­мет­тi оқыр­ман­ға жеткiзерiмiз, Алла мен Адам жаратылысын ажырата бiлу – әрқайсысымыздың азаматтық та, мұсылмандық та мiндетiмiз.
18 наурыз 2009 ж.

«Иісі шыққан тоған судай болма, жаңа һәм жаңалан»
Күнi ертең, анау ақтаңдақ жылдары кәдiмгi адам секiлдi ре­прес­сия­ға ұшыраған Ұлыстың (қуатты мемлекет деген ұғым­­да – А.Ә.) ұлы мерекесi де табалдырықтан аттағалы тұр. ендеше, қош келдiңiз әз Наурыз! Бұл мерекенiң қасиеттiлiгi мен киелiлiгi, оның ұрпақтан ұрпаққа алмасып, тiптi, бiр кездегi қара орман қазақтай «мың өлiп, мың тiрiлгенiнде». Онда тә­ңiр­лiк­тен тамыр тартқан сенiм-наным, бағыт-бағдарлы ұстанымға не­гiз­дел­ген мұсылмандықтан өрген Иман, егемен ел, тәуелсiз мемлекет құнттаған зайырлылық та бар.
Әр алуан үрдiс, сан қилы салт-дәстүрмен өмiр сүретiн төрт­күл дүниедегi мұсылман әлемiнiң Ұлы мерекесi қашанда да ұла­ғат­ты­лық­пен аталып өтiлiп, болашақ ұрпаққа тәлiм-тәр­бие беретiндей дәрежеде өткiзiлуi тиiс. Сондықтан да, бiз наурыз мейрамын тойлаған кезде оның сыртқы пiшiм-порымына емес, iшкi мазмұнына ерекше үңiлуге тиiспiз. Бiр кезде Ға­бит Мү­сi­ре­пов «қазақтың әдет, инабаттық, сыпайылық дәс­түр­ле­рi­не Ислам көп нәзiктiк қосқан» деген сөзiнде осындай мән-мағына бар. Оған этнографиялық насихатқа қарағанда адами негiздегi рухпен суарылған, Иманмен үндестiрiлген мерекелiк нышан керек болуының сыры сонда.
Ретi келгенде айтайық, кей-кейде бiз Наурыз мейрамының түп-төркiнiне келгенде «бас жарып, көз шығаратын» тұ­жы­рым­дар­ға әуеспiз. Мысалы, бiр бiлгiш «Наурыздың дiнге қа­ты­сы жоқ, ол тәңiрлiктен берi келе жатқан мереке» десе, ал, екiншi бi­реу­лер одан шамандық сенiм-наным мен пұтқа та­бы­ну­дың бастауын көредi. Тiптi, ендi бiр бiлгiштер Наурыз сөзiнiң түп-төр­кi­нi парсылар тарапынан өрiлетiнiн бiле тұра, оны адам­ның атына байланыстырып айтатынын қайтерсiң. Бұлардың бәрi де «өлi әрi тартты, тiрi берi тартты» дейтiн пiкiрден аспайтын тұжырымдар.
Жыл басы – Наурыз. Ол көктемгi күн мен түннiң те­ңел­ге­нi­нен бастап кiредi. Онда кезекпен айналып келiп тұратын «Ескi ай – есiрке, жаңа айда – жарылқа» деген ұғымға саятын ай жа­ңа­руы да бар. Оның аралық кезi ӨЛIРАРА. Мысалы ол туралы ке­зiн­де этнограф-ғалым Тоқтасын Өмiрзақов: «Ата-ба­ба­ла­ры­мыз­дың ӨЛIАРА-ны не күн, не ай санатына, яғни, уа­қыт­тың есебiне қоспауының бiрден-бiр себебi, әлемдiк ми­фо­ло­гия­лық таным бойынша, Жаратылыс жаратылмай тұрып, Уа­қыт пен Кеңiстiктен тыс Жаратушының бұ дүниенi алты күнде жаратып, жетiншi күнi демiн алған уақиғадан сақ­тал­ған белгi болса керек. Шын мәнiнде ӨЛIАРА уақыты осы құбылыстан қалған тәрiздi» деген пiкiр айтты.
О кiсiнiң айтып отырғаны – дәйексiз болжам. Ал, тарих ғы­лы­мы­на ол жүрмейдi. Сол ғылымда деректану деген ұғым-тү­сi­нiк бар. Сен кiм, қандай тарихшы болсаң да соған жүгiнуiң керек. Қалғанының бәрi бос сөз. Мiне, мәселеге осы тұрғыдан келгенде Тоқтасын Өмiрзақов мырза қатты қателеседi. Өзi ғана қателесiп қоймайды, өзгенi де жаңылыстырып жалған жол­ға түсiредi. Ендi мәселеге сол деректану арқылы келейiк. бiрiншiден «ӨЛIАРА» (междулуние) – ескi Ай мен жаңа Айдың ара­лық кезi. Яғни, Ай Жер мен Күннiң екi арасына келедi. Мiне, сол кездi қазақтар ӨЛIАРА деп айтады (Х.Әбiшевтiң «аспан сыры» кiтабын қараңыз – А.Ә.). Бұл ғылыми дә­лел­ден­ген жай. екiншi, әлгi ғалымның Жаратқан Иемiздiң «Бұл дү­ние­нi алты күнде жаратып, жетiншi күнi дем алған» деген тү­сi­нiк-па­йы­мы­на келейiк. Құранның 50-сүресi, 38-аятыда:
«Мы сотворили небеса и землю
И все, что между ними,
за шесть (небесных) дней,
И не коснулась Нас усталость» десе, (В.Порохованың тәржiмасынан) ал ендi «Ветхий завет» болса «10. А день седьмой – суббота Господу, Богу твоему: не делай в оный никакого дела ни ты, ни сын твой, ни дочь твоя…
11. Ибо в шесть дней создал Господь небо и землю, море и все, что в них, а в день седьмой почил: (демалды) по сему благословил Господь день субботний и освятил его» дейдi. Бұ­дан шығатын қорытынды, этнограф-ғалым Тоқтасын Өмiр­за­қов осы тұста да қатты қателеседi. Көрiп отыр­ған­да­ры­ңыз­дай, Құранда «Алла тағала жер мен аспан әлемiн жеңiл, шаршамай-шалдықпай жаратты» десе, «Ветхий завет» болса «жаратушы аспан мен жердi жаратқаннан соң жетiншi күнi демалды» дейдi. Сөйтiп, ол Аллаға адамға тән қасиеттi таңады. Ал, «Құран» болса адам мен Алланың қызметiн, әрi болмысын жа­ңы­лыс­тыр­майды. Ендеше, бiздi таңқалдырғаны этнограф-ғалым Тоқ­та­сын Өмiрзақовтың христиандық дiни ұстанымды қазақтың ӨЛIАРА ұғымымен жаңылыстыруы. Сондықтан да, о кiсiнiң бiл­­ме­ген нәр­сесiне бәтуа айтып, өзгенi жаңылыстыруының күнә деуге де келетiн жағдай.
Мiне, бiз осынау пiкiрлердi оқып-бiлiп отырғанда есiмiзге Ахмет Бай­тұрсынұлының не нәрсенi болса да ғылыми дә­лел­деу керектiгiн алға тарта келе, «Исi шыққан тоған судай болма, жаңа һәм жаңалан» деген сөзi есiмiзге түседi. Ал, ұлы Әуе­зов болса Ахмет атамыздың сөзiне «Жаңаның басы» деген тү­сi­нiк­тi қосып, ұлтты ұлағатқа шақырады. Лайым, әз Наурыз жақ­сы­лық­тың басы, жаңалықтың өрiс-өзегi болсын!
20 наурыз 2009 ж.

Аман ӘЙТІМ,
әдебиеттанушы

Алдыңғы «
Келесі »