«Әркім өз міндетті жауапкершілігімізді ұстанып, көзделген мақсатқа жеткізейік»

  • 05.07.2016
  • 445 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Бауыржан ИСАЕВ, 
Алматы қаласы Алмалы ауданының Қазынашылық  басқармасының басшысы

Бүгінгі күнде  барлығымыздың, тіпті, кішкентай есін еміс-еміс білетін сәби­лердің де құлағына сіңісті болып кеткендей сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты әлі де болса қатал да нақты болғанын  ат төбеліндей аздықтың емес, қалың ормандай көпшіліктің тілегі десек артық  айтпаған болармыз. Қалай болғанда да, осы аталған саясатты анығымен қолдап, күресу амалдарының  шынайы жолдарын  табуды көздесек, әрине, нұр үстіне нұр болатыны анық. Ең тиімдісі  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу іс-шараларын профилактика түрінде  жүргізу барлық салада көзделуде.


Кемел   келешек  үшін  бәріміз   Қа­зақ­­стан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқор­лыққа қарсы  Стратегиясын кеңінен қолдап, тиімді қолдануды ұстанамыз. Сонымен қатар, өз ортамызда,  яғни, Алмалы аудандық қазынашылық басқар­масында жемқорлыққа төзімсіздік мәде­ниетін жә­не білім мен тәрбиенің барлық дең­гейінде осы бағытта қарсы дағды моделін қалыптастырудың жолын іздестіруге тырысамыз. Осы тақырыпта семинарлар, техникалық оқулар және сараптамалар үнемі жүргізіліп оты­рады. Сонымен қатар, тәрбиелік түсі­ніктемелер қызметкерлерге күнде­лікті жұмыс барысында жүргізіліп отыратынын тілге тиек етейік. Әсіресе, осы бағытта жаңадан орналасып жатқан мамандарға тәжірибелік көмек ретінде ұғындыруға тырысамыз. Сыбайлас жем­қорлықпен күрес саясаты жайлы зерт­теулерді, мақалаларды алға тарта отырып, адалдық, әділдік, сатылмаушылық принциптеріне негіз­делуі көзделінеді. Ма­мандары­мыздың     мемлекеттік  мүддеге беріктігін, қыз­мет­тік міндеттерін орындау жолында өзге­лерге үлгі, беделі мінсіз болуын  кім болса да қалайды. Осы тарапта, әрине, атқарылатын жұмыстар күнделікті қадағаланса да, артық емес. Қандай қызмет атқарса да мамандарымыз «еңбек мәдениетін» ұстана отырып осы қағиданы алға тартса әрине, дамуымыздың  бір жолы осы болатыны анық. Өйткені, жо­ғары мәдениетті адам, қандай түрде бол­масын, жаманшылыққа, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа, опа­сыздыққа, тағы да басқа келеңсіз  «көз қысты, бармақ басты» мәсе­лелерге жол бермеуі қажет.    
Мәңгілік ел басшысы Қазақстан Республикасының Президенті Нұр­сұл­тан Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына  Жолдауының және «Жүз қадам ұлттық жоспарының 5 инс­ти­туционалды реформасында» мем­­­­лекетіміздің келешектегі ба­ғыт-бағдарын атқаруға тиіс кемел істерді жан-жақты көрсеткен еді. Ғасырымыздың он жаһан­дық сын қатерін тарата айтып әлем­дік экономиканың өрлеуі мен құл­дырауына да тоқталып, оған әзір тұру қажеттігін тайға таңба басқандай сараптамалап берген болатын. Ал, енді, бар Жолдаулардың негізгі арқауы сол алғашқы Стратегиядан бастау алатынын көріп отырмыз. Осы қадамдардың барлығы да Елбасымыз нақтыланған міндет-мақсаттарды орындау жайын көрсетіп, Әлемдік қаржы дағдарысы туралы батыл пікірін білдірді. Иә, осындай дүрбелең заманда дереу әрекет етуді, көптеген ұстанымдарды жылдам қайта қарастыруды талап етеді. Сондай іс-әрекеттердің халықаралық деңгейде Елбасымыздың бас­тауымен іске асырылып жатқанына күнделікті өмірімізде куә болып отырмыз.
Ал, енді, Қаржы министрлігінің Қазы­нашылық комитеті өз шешімдерімен бө­лін­ген қаржыны тиімді пайдалануды бас­ты мақсат-міндетіміз болып саналатын болғандықтан, жүзеге міндетті түрде, белсене және үлкен жауапкершілікпен іске асыруға өз тарапынан бел байлай отыра, жалпы ұлттық міндетке сәйкес  жетіл­діруге тырысады. Өйткені, бүгінгі  таңда  осы ауқымды жобаларды жүзеге асыру барысында көптеген ұсыныстарды, бұйрықтарды, әдістемелерді аумақтық Қа­зы­нашылық органдарына бұйырады. Сонымен,  осы міндеттемелерді  бұл­жыт­пай орындауға, жүргізілген  жұмыс нәтижесі туралы есептер мен сараптамаларды былай қойғанда, әркім өз міндетті жауапкершілігін ұстанып, көзделген мақсатқа жеткізуі  қажет. Сон­дықтан, жыл басынан бері Алмалы ауданы қазынашылық басқармасы өз күнделікті міндеттемелеріне сәйкес тиісті істерін атқарып отыр. Жұмыс бабында мекемелерге қызмет көрсету Қазынашылық интеграциялық ақпарат жүйелері арқылы жүргізілетіні сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейтін әдістерінің бірі болып табылады.
Әрине, бүгінгі таңда жемқорлық қатерін ұғыну және бұл құбылысқа қарсы іс-әрекет механизмін әзірлеу Қа­зақстанның әлеуметтік-экономикалық үдемелі дамуына елеулі үлес қосып отырғанын еш күмәнсіз айтуға болады.
Елбасымыздың басшылығымен Әлем­­­ге әйгілі болып отырған осы күнгі жетіс­тіктерімізді мақтан етіп, алға ұмтылу әрекеттеріне әрқайсымыз өз адымымызбен ұмтылайық.

Алдыңғы «
Келесі »