Жобалық басқару мен сатып алу логистикасының байланысы

  • 04.07.2016
  • 85 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Аңдатпа. Бұл мақалада сатып алу логистикасына түсінік, мақсаты мен міндеттері және оның деңгейлері анықталып, сонымен қатар сатып алу логистикасының алдағы кезеңіне жоспар құрып, оның шешімін табу жолдары қарастырылған. Келесі, жобаны қалай басқаруға болады? деген мәселенің анық-қанығын талқылай отырып 5 үдерісін қамтып өткен.

Жобалық басқару  стандарты қай жылдан бастап қызмет атқаратыны, жобалық басқару алғаш рет қай жерде құрылғаны жайында мәлімет берілген.  Жобаны басқару онымен жұмыс істеу сіз ойлағандай оңай емес.  Жобамен  жұмыс істей отырып, оның нәтижесін көрсету  қиынның қиыны.  Алдағы уақытта   жобалық басқарудың кезеңдері мен технологиясын жетік меңгермейінше жеңіске қол жеткізу оңайға түспес. Сондықтан, жобаның тиімді тұстарын есепке алған жөн. Бірақ, болашақта әлі де жобалық басқару мен сатып алу логистикасы мұнымен аяқталмай толығырақ зерттеледі деген үміттеміз.
Кілт сөздер: Логистика, жоба, үдеріс, микрологистика, макрологистика.
Сатып   алу  логистикасы – бұл  мате­риалдық  ағымдарды  кәсіпорынды  ма­те­риалдық ресурстармен қамтамасыз  ету  процесіндегі  басқару. Онымен  арнайы  жабдықтау  қызметі  айналысады. Бұл  қызметтің  іс-әрекеті  үш  деңгейде қарастырылуы   мүмкін, себебі  жабдықтау  қызметі  бір  мезгілде:
– кәсіпорын  кіретін микроло­гис­тикалық  жүйе мақсаттарының орын­далуын  қамтамасыз  ететін  элемент;
– микрологистикалық  жүйе  элементі, яғ­ни,  кәсіпорын  мақсаттарының  орын­далуын  қамтамасыз  ететін  осы  кәсіп­орынның  бөлімшелерінің  бірі;
– элементтері, құрылымы, дербес  мақ­саттары  бар  дербес жүйе  болып табылады.
Олай  болса  аталған  деңгейлердің әр  қайсысында  жабдықтау  қызметінің  мақ­саттарын  қарастырайық: Біріншіден,  ми­кро­логистикалық  жүйенің  элементі  ретінде  жабдықтау  қызметі  тауарды  жеткізіп  берумен  байланысты  тех­ника-технологиялық, экономикалық және әдістемелік  мәселелерді  келіс­тіріп, жет­кізіп   берушілермен  шаруа­шы­лық  байланыстарды  бекітеді. Логис­тиканың  негізгі  идеясы – барлық  қатысу­шылардың  келісімді  әрекеттерінен  қо­сымша пайда алу. Осы  ой  жабдықтау  қызметі  өз  кәсіпорнының  мақсаттарына  оны  жекелеген  объект  ретінде  емес, бүкіл логистикалық  макрожүйенің  звеносы  ретінде  қарастыра  отырып  жетуін  талап  етеді. Бұл  жабдықтау  қызметі  өз  кәсіпорнына  жұмыс  істей  отырып, бүкіл  макрологистикалық  жүйенің  әрекет  етуінің  тиімділігін  арттыру  мақ­са­тында  қызмет  етеді. Екіншіден,  жаб­дықтау  қызметі оны  ұйымдастырған  кәсіпорынның  элементі  болғандықтан  микрологистикалық  жүйеге  үйлесімді  болуы  тиіс. Жабдықтау  қызметі  және  өндіріс  пен   өткізу қызметтерінің  арасында  материалдық  ағымдарды  басқару  жөніндегі  әрекеттердің  үйлесушілігінің  жоғары  деңгейін  қамтамасыз  ету  жалпы  кәсіпорынның  логикалық  жүйе­сінің  міндеті  болып  табылады. «Жаб­дықтау – өндіріс – өткізу» тізбегі  мар­кетингтің  қазіргі  концепциясының  негізінде  құрылуы  керек. Үшіншіден,  жабдықтау  қызметінің  әрекет  етуінің  тиімділігі, аталған  мақсаттарды  кәсіп­орын  деңгейінде де, макрологистика  деңгейінде де жабдықтау  қызметінің  өзі­нің  жүйелік  ұйымдастырылуына  байланысты  болады.
Кәсіпорынды  еңбек  заттарымен  қам­тамасыз  ету  үшін  келесі  міндет­терді  орындау  керек:
•  не, қанша, кіммен, қандай шартпен  сатып  алу  қажет?
Сонымен  қатар, келесі жұмыстарды  орындау  қажет:
•   келісім- шарт жасау;
•  келісім- шарттың  орындалуын  бақы­лау;
•   жеткізіп  беруді  ұйымдастыру;
•   қоймаларды  ұйымдастыру.
«Нені  сатып  алу»  міндет екі  альтер­нативтік шешімнің біреуін қабылдауды  қамтиды – комплекттеуші бұйымды өзіне  өндіргені дұрыс па, әлде басқа өн­діру­шілерден сатып ал­ған дұрыс  па? («жасау  немесе сатып  алу» міндеті). Мұнда  экономикада логистиканың дамуы­ның деңгейі  маңызды  сыртқы  фактор  болып  табылады. Комплекттеуші бұйым­дардың дербес  өндірісі  кәсіп­орынның  нарықтық конъюктура өзге­рістеріне тәуелділігін төмендетеді, яғни  кәсіпорын нарықта қалыптасқан жағ­дайға  байланыссыз тұрақты  жұмыс істей алады.  Бірақ,  комплекттеуші бұйым­дардың  жоғары  сапасы  мен  төмен өзіндік  құнын  оларды  өндіруге  маман­данған  өндіруші қамтамасыз  ете алады. Қоғамда логистиканың  дамуының  деңгейі  неғұрлым  жоғары  болса, соғұрлым  кәсіпорын  комплекттеуші  бұйымдардың өз  өндірісінен  жеңіл  бас  тартып, бұл  міндетті  мамандандырылған  өндірушіге тапсырады [1].
Сырт­қы  ортадағы  жағдайға  байланыссыз кәсіп­орын­ның  өзінде  өз  өнді­рісінен  бас  тартуды  ұйғаратын  факторлар  әрекет  етуі  мүмкін. Ком­плекттеуші  бұйымдарды  сатып  алуды  дұрыс  көріп, яғни  өз  өндірісінен  бас  тарту  жөніндегі  шешімді  келесі  жағдайда  қабылдау  керек:
* егер  комплекттеуші  бұйым  қажеттілігі   шамалы  ғана  болса;
* комплекттеуші  бұйымдарды  өндіру  үшін  қажетті  қуаттар  жоқ  болса;
* қажетті  мамандық  кадрлары  жоқ  болса.
Керісінше  шешімді  мына  жағдайда  қабылдайды:
* егер комплекттеуші  бұйымдар  қажетті­лігі  тұрақты  және  үлкен  болса;
* егер  оларды  бар  құрал-жабдықта  өндіруге  болатын  жағдайда  ғана;
Жоба  дегеніміз – бұл  өте жақсы  өнімдер жасап  шығарудағы  уақытша  өндіріс орны. Жобаның портфелі – бұл жеке жұмыстар мен жобалар, ақпараттар, портфельдің төменгі деңгейінің  жиынтығы.
Жобаны қалай  басқаруға  болады? Жобаны  басқару бұл жобаны құруда  көп  мөлшерде  білімділікті, дағдыларды  қажет  етеді.
Жобалар  бірнеше  үдерістерден  тұрады. Үдерістер  бұл  нәтижеге  әкелетін  іс-әрекеттің сериясы. Барлық  үдерістер  топтарға  біріккен. Олар  беске  бөлінеді: бастау, жобалау, орындау, қорытындылау  және  орындауға   басшылық  жасау, аяқтау.  Әр  топта  екі  немесе  одан да көп  үдерістерге  бөлінеді. Ал,  үдерістердің  жалпы  саны  47. Осы  үдерістерді  жүзеге  асыру  үшін  10  түрлі  топқа  бөледі: интеграциялау,  мүдделі  жақ, мазмұн, қамбалар, уақыт, құн, тәуекелге  бел  буу, сапа, жеткізілімдер, коммуникациялар.
Жобаларды  басқарудың  стандарттары.
1987 жылдан  бастап  жобалық  қызмет стандартталған. Нақты  осы  жылы ең  бірінші  басқару жобалары құрылды (Guide  to the  Project  Management  Body  of  Knowledge, PMBOK®Guide). Осы стан­дарт бойынша  әлемге  белгілі  АҚШ- та  (Project  Management  Institute, PMI ) жобалық  басқару  Институты ашылды. Берілген  жоба  Американың  ұлттық  стандарты болып табылады. РМВОК-та үнемі  басқару  жобасына өзгертулер  енгізіліп  тұрады. Қаңтар  айының 2013 жылдан  бері  қалып  стандартының  бесінші  түрі  қызмет жасайды.
Сонымен  қатар,  жобалық  басқару  бойын­ша  тағы  әлемнің  12 мемлекеті  өзінің  ұлттық  стандартын  қабылдады. Әлемнің  үлкен  бөлігі  РМВОК – ты қолданады. Швей­цариядағы  Жобалық  Басқарудың  Халықаралық Ассо­цияциясы  көп  мөлшерде  сұранысты қажет  етеді [2] И.Л.Заренова.
Жобаны  басқаруда
Нақты  бастама. Жобаны  іске  асыру  кезінде  міндетті  түрде  орындау  ретін  жү­зе­ге  асыру  қажет.
Жобаға  қызығушылық  білді­руші­лермен  жұмыс. Жобаға  кімнің  қызы­ғушылығы  артқандығын  және  жобаны  қаржыландырушыны  анықтау. Егер  менеджер  жобаға  жұмылдырушыларға  алдына  қойылған  мақсаттарын  себеп- салдарын  білмесе  онда  менеджердің  жобасы  құлдырауға  ұшырайды.
Жобаны  қолдану  аймағы. Орындаушы  өзінің  жұмыс  істейтін  аумағында  бизнес-мақсатпен  қандай  байланысы  бар  екенін  анықтауы  керек.
Жоспар. Жасалып  жатқан  жобаға  байланысты  толық  жоспар,  яғни,  жақын  арада  жүзеге  асырылатын  толық  немесе  микро  жоспар.
Қауіп-қатерді  басқару. Кез- кел­ген  жо­баны  дайындау  барысында  оған  анализ  жасап  оның құлдырауға  ұшы­рамай­тындығына  көз  жеткізу  керек. Егер  жобаға  ешқандай  қиындықтар  туындамаса, онда  жобаға  кететін 90 пайыз жұмыстың 10 пайызы  таратылады, ал  жұмыстың соңғы 10 пайызы, 90 пайыз  жұмсалуды  талап  етеді.
Топтарды  таңдап  алу. Топтарды  таңдау  кезінде  топтың  белсенділігін  анық­тау  керек. Топ мүшелерін  таңдағанда  жеке  адамның  мамандандырылғанына және  топпен  жұмыс  істей  алатындығына  көз  жеткізу керек.
Топты рухтық  қолдау. Жобада  әрқа­шан  мен  деген  ұғым  жоқ, тек  қана  біз  деген  ұғым  бар. Ең  бірінші  жобаның  қандай  мақсатта құрылғандығын  анықтап  алып  оған  қандай  адамдар  қатысатынын біліп  алу керек. Осыдан топтың әр мүшесінің ұжымдық жауапкершілігін  анық­тау  керек және  осы  арқылы  олардың  жұмыстарына баға  беру  керек. Топқа  керекті  жұмыс аймағын  құру  қажет  және  топтардың  әр  істеген жұмысы  үшін  алғыс  білдіру  міндет.
Қарым-қатынас кезіндегі  өзіне  сенімділік  және  адалдық. Қарым-қаты­нас  кезінде  адалдық  өте  маңызды. Түсініс­пеушілік болдырмауға тырысу керек. Егер, осындай мәселе туындаса одан оңай  құтылудың  жолын  іздеу  керек.
Жобаға  қатысты  жұмыстың  орындалу  сапасын  қолдану. Жобаны  дайындау  кезінде  жұмыстың  орындалу  стандарттары  мен  кезеңдері  сипатталуы  керек. Осыған  тапсырыс  беруші  құжат  жүзінде  бекітілуі  өте  маңызды.
Құжаттарды  дайындау. Мәжіліс  жүрген  кездегі  барлық  құжаттарды  жинау  керек  және  бұл  құжаттардың  барлығын  қағаз  жүзінде  сақтау  керек.
Жобаны  аяқтау  жоспары. Жо­баны  аяқтау  сатысы  барлық  қоры­тындылауларды  өзіне  қосады. Жобаны  аяқ­тауды  ертеден  ойластыру  қажет. Қо­рытындылау  кезі  адамдардың  есінде  қалуы  керек. Соңында  жобаға  байланысты  үш  негізгі сұраққа  жауап іздеу  керек яғни  олар: жұмыс  кезінде  не  жақсы  жасалды? Не  жаман  жасалды?  Және  нені  тағы да  жасау  керек? Осындай  өзіне-өзі баға  беру  арқылы  тағы да  басқа  жобаларды  жүзеге  асыруға  және  оданда  жақсы  жұмыс  жасауға  мүмкіндік  беру.
Жобаны басқару технологиясын  қалай меңгеруге болады? Жобаны  басқару  негізінде  жұмысшылардың бі­­лік­­­­тілігін арттыруға шешім қабыл­даған  компаниялар  өндіріс  орын­да­рының  жобалық  деңгейін білуі  керек. Бі­рінші  деңгей. Жоба  бойынша  жұ­мыс істейтін қызметкерлер жобаны  басқару әдістемесін меңгеру керек. Екін­ші деңгей. Мамандандырылған қыз­мет­кер­лермен қоса  өндіріс  орындарына  жобаны  басқарудағы  Корпаративтік  жүйені енгізген жағдайда. Үшінші дең­гей. Оқытылған  қызметкерлері  мен ҚБКЖ-ны  өндіріс  орындары  жобаны  басқару  Кеңесі  құрылған  кезеңде  орындалатын  деңгей. Осындай  нәтижелерге  кез  келген  ұйым  орталықтары  жете  бермейді, оларға  тек мамандандырылған  және  жобаны  басқару негізінде  білім беретін  ұйымдар  қол  жеткізе алады, мысалға Қазақстан Республикасының  жо­балық  менеджерлер  ұйымы [3].

Гүлмира Муханова,
Азамат Сагынбеков,
Қ. И. Сәтбаев  атындағы  Қазақ  ұлттық техникалық 
 зерттеу  университеті, магистрант

Пайдаланылған  әдебиеттер:

1. Жобаларды  басқару  жөніндегі  білімді  жинауға  нұсқаулық, 3-ші  басылым, 2004.-352 с.
2. И.А. Заренкова  «Управление  проектами» – СПб; СПбГАСУ, 2006. – С. 43-48.
3. Бэгьюли Ф. Управление  проектом – М: ФАИР – ПРЕСС, 2004. – 208 с.

Алдыңғы «
Келесі »