ҚЫЗМЕТ ЭТИКАСЫ КЕРЕК

  • 10.06.2016
  • 322 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Қазір әкімдердің жемқорлықпен айналысып, жазаланып, сотталып жатқаны рас. Әрине, бәрі емес. Міне, сондықтан, әкімдер үшін арнайы «ар-намыс кодексі» керек. Бұл бар. Бірақ, оны жетілдіру қажет.

Қазір, аудан, облыс әкімдеріне кіру, өтініш айту өте қиын. Азаматтардың талап-тілектеріне немқұрайды қарайды. Осы мәселеге қажет «100 нақты қадам» қағидасында: «Жаңа этикалық ережелерді енгізу. Мемлекеттік жаңа этикалық кодексін жасау, этика мәселелері жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымын енгізу» деген жолдар бар. Яғни, әкім-қаралардың әдеп пен мәдениеттілігі, парасаттылығы және біліктілігі әрқашан сезіліп, олардың жауапкершілігі заң аясында қадағалануы тиіс. Заңды бұзған, тәртіпті елемеген, елмен етене араласа алмайтын әкімдер біздің қоғамда болмауға тиіс.

 
Тоққожа ЕСТЕНОВ,
Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері.

 

Алдыңғы «
Келесі »