ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАМҚОРЛЫҚ

  • 10.06.2016
  • 361 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Атам қазақ ежелден «Бірінші байлық – денсаулық» деп текке айтпаса керек. Тәуелсіздік алғаннан бері халықтың денсаулығына байланысты қолға алынған істер мен әрекеттер құдайға шүкір бар. Дегенмен, әлі де түйткілді мәселелер мен шешілуі қиын нәрселер әрқашан сөз болып жатады. Өйткені, ұлттың денсаулығына мемлекет қашанда қамқор болуға тиіс.

Осы тұрғыдан алғанда Елбасы Жолдауындағы мына жолдар ерекше ой салып дәрігерлерді біліктілікке, білімділікке және мейірімділікке үндейді. Яғни, 80-қадамда былай делінеді: «Міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізу. Мемлекет, жұмыс беруші және азаматтың ынтымақтасқан жауапкершілігі қағидасы негізінде денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық орнықтылығын күшейту». Бәрі ақшаға, қаржыға тірелетін қазіргі заманда медицинада қаржы мәселесінің айтылуы – бұл адамдарға деген мемлекеттің қамқорлығын дәлелдесе керек. 


Кеңес ҮШБАЕВ,
Медицина ғылымдарының докторы. 

Алдыңғы «
Келесі »