Құрылыс жөнінде жобалар айтылды

  • 06.04.2016
  • 276 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Елбасының «100 нақты қадам» бағ­дарламасында мемлекетімізді ны­ғайтып, дамытудың көрегендік жолдары көрсетілген. Сондықтан, бұны күнделікті іс-әрекетте басшылыққа алып, ізденіп, еңбек етудің мәні зор. Аталған болжамдардың қағида да әр түрлі сала жөнінде нақты тапсырмалар мен міндеттер, жобалар мен іс-әрекет жоспарлары барынша айқын әрі анық көрсетілген. Мысалы, 49-қадамда құрылыс істеріне, жоба-сметаларына байланысты анық айтылады. Әсіресе, «Кеңестік кезеңнен бері қолданып келе жатқан құрылыстың ескірген нормалары мен ережелерінің орнына еуроодақтар жүйесін енгізу» деген қағида қатты ұнады.

Мен басшылық ететін құрылыс колледжі 40 жылға жуық құрылысқа құрылысшылар даярлап келеді. Заман талабына сай еуропалық үлгіде, неміс технологиясын құрылысшыларға бөліп беріп, оларды осы кәсіптің қыр-сырына үйретеміз. Қағидада айтылған еуропалық кәсіби білім беру бізде жақсы қалыптасып келеді. Жастардың теориялық білімі тікелей практикалық іс-әрекетпен жалғасады. Сондай-ақ, «Базис» және «Горстрой» құрылыс компанияларымен тығыз байланыс жасап келеміз. Әсіресе, аты әлемге әйгілі «Кнауф» құрылыс компаниясымен әріптестік байланыс жоғары деңгейде. Колледжде кездесу-семинарлар, шеберлік кластары өтеді. 
Өзім құрылысшы-инженер болған­дықтан «100 нақты қадамдағы» бағдар­лама, жоба және нақты нұсқаулар дер кезінде айтылған болжам, дұрыс шешім деп қабылдаймын. Астанада басталған ұлы құрылыстар бізге қашанда үлгі. Міне, сондықтан, құрылыс саласы бойынша бағдарламада айтылған қағидалардың бәрі біздер үшін пайдалы. Тек табандылық пен іскерлік парасат-пайыммен еңбек етсек алынбайтын қамал жоқ. «Құдай алдымен адамға баспана, құрылыс салуды үйреткен» деген құрылысшылар арасында сөздер бар. Олай болса құрылыс жөніндегі қағида, жоба-жоспар көңілімізден шығады, алға ұмтылдырады, іздендіреді, соңында нәтижеге қол жеткізеді.

Ысқақ НҰРМҰХАНБЕТОВ,
Алматы техникалық құрылыс колледжінің директоры, 
инженер-құрылысшы

Алдыңғы «
Келесі »