БІЛІМГЕРЛЕРДІ ГРАФИКА ӨНЕРІНЕ БАУЛУ ӘДІСТЕРІ

  • 04.04.2016
  • 837 рет оқылды
  • Пікір жоқ

ҚР Президенті    Н. А. Назарбаевтың,   «Мем­­­лекетіміздің     әлемдегі     бәсекелес­тікке қабілетті елу елдер қатарына қосылу» – бағдарламасына сәйкес білім мен ғылым  және т.б. жаңалық-өзгерістерімен бірге, отандық өнер мәдениетінің де өсуіне ықпал ету, еліміздің ғалымдарының, сон­дай-ақ, әрбір ізденушілердің, оқытушы, мұғалімдердің басты міндеті деп есептейміз. Міне, сондықтан да, біз XXІ ғасырдың кіре берісінде өзіміздің ұлттық мектебіміздің ірге тасын бекітіп, бағдарын айқындау ісімен айланыстырып жатырмыз.

ҚР  білім беру жүйесінің ең маңызды да өзекті бағыты жас ұрпақты кәсіби мамандыққа баулу болып табылады. Бүгінгі білім жүйесінде кәсіби ба­ғыттың  басты тұғырда болуы бекер емес. Ел экономикасының түп-тамыры жоғары дәрежедегі кәсіби, бәсекеге қабілетті маман, бәсекеге қабілетті ел болу.  Бүгінгі таңда Егеменді еліміздегі болашақ ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылып жаңа мазмұндағы заңдар, тұжырымдамалар мен бағдарламалар қабылданып отыр. Осы орайда, ғылым мен техника жетістіктерін және нарықтық заман талабына сай жоғарғы оқу орнының  «Бейнелеу өнері» мамандығының сту­дент­теріне графика саласына арналған методикалық және теориялық нұсқауы бүгінгі таңда өзекті мәселенің бірі болып отыр. Осыған орай, бейнелеу өнерінің әдістемелік нұсқауында  «Графика туындыларын салу», «Графиканың үй­ле­­сімділігі», «Жарық көлеңке», «Жарықтың тер­бе­лісі», «Интерьер, Пейзаж, Графика өнеріндегі елжандылық тақырыптар» және т.б. құнды бөлімдер қарастырып, осы бөлімдерінің қалай орындалатынына толық жеке-жеке  тоқталып,  мазмұндарын ашып көрсетуге талпынып отырмыз. Барлық бі­лім беру процесінің қорытындысы маз­­мұнында және оқушы-жастардың графика пәні бойынша орындайтын жұ­мыс­тарының шеберлігінде айқындалуы керек. Тек қана осындай шы­ғар­машылық жұмыс бойынша болашақ суретшілердің шығармашылық идеялары мен ойларын өнер шығармаларында қаншалықты көрсете алатындықтары жайлы жорамалдауға болады.  Білімгерлердің графика саласының ішінде көркем бейнелеу сауатын игеруі, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытумен қатар жүруі керек. Бүкіл оқу процесін білімгер бірінші курстан соңғы курсқа дейін бейнеленуші нысандарға ойланып және сезіне қарау қабілетін тәрбиелеу бағытында   жүргізгені дұрыс. Сондықтан, графика өнерінің композициялық құрылуына арналған. Көркем бейнелеу сауатының теоретикалық курсын енгізуге байланысты оқулықта суреттеу тәртібінің теоретикалық негізіне үлкен көңіл бөлінеді. Графика өнеріндегі көркем бейнелеу сауаты теориясында, оған жүйелі баяндауға әрекеттер жасалынған, мұнда жас суретшіге суреттеу шеберлігін игеруге көмектеседі. Графиканы көркем бейнелеу және графикалық техниканы сауатты, негізгі түсініктері жайлы хабардар болу, жас суретшілердің шығармашылық тәжірибесін байытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, оқушы-жастардың өз бетінше орындайтын көркемдік сауаттың негізін зерттеу – қазіргі кезеңдегі суреттеу мәдениетінің қажетті талабы болып келеді. Көркем бейнелеу өнері шығармасының эстетикалық және эмоционалды әсері басқа өнер түрлеріндегі сияқты бейненің мағынасының тереңдігі мен мінсіздігіне байланысты. Графикалық суреттеу өнерінің мағынасы болып көр­кем бейнелерде айқындалған нақты шын­шылдық болып табылады. Суретшінің шығармашылық өмірі мен табиғаттың объективтік заңдылықтарымен көріктігі және сұлулығы анықталады. Шынайы өнер шығармасын туындау кезінде бізді қоршаған бай және сұлу табиғат, тамаша бояу гармониясын тудыратын күн сәулелері түбі жоқ сұлулығы – жомарт, қызметкер, достық пен адам еңбегіне махаббаты зор, нақты өмірлік қайшылықтар, кең даланың сұлулығы, тау, өзен, гүл, міне, осының барлығы көркем графика шығармаларында орын алып көрермендерді қызықтырып көз­дерін қуантады. Суретте бізді қоршаған шыншылдық неғұрлым терең ай­қындалса, сол ғұрлым анықталмаған қызығушылықты білдіреді. Графика негізі өмір шындығы болып табы­латын бейнеге ұқсайды. Әр түрлі ке­зеңдер мен мектептердің суретшілері шығармаларының шығуы тегін таби­ғатта көрген.  
Көркем бейнелеу өнерінде шындықты айқындау, айнадай көшіру емес. Өйткені, табиғаттың  тылсым сырын фотографиялық аппараттай жеткізу суретшінің құзырлығына енбейді. Өмірді суреттеу кезінде, суретші қоршаған ортаны жай ғана көшірмейді. Өнердегі шындық – адам айқындайтын нақты жағдай, шындықтың өзі емес, ол жалпылама нақтылы болжамы. Ал, графика өнеріндегі бейнелер олар нақтылы образды ғана қамтиды, ондағы тақырыпты ашқысы келеді. Сонымен қатар, өмірге терең ену, образдың тылсым өмірін түсіну, қоғамдық процестерді толық түсіну және оларды өзара  жалпылау суретшінің графика өнеріндегі негізгі міндеттерінің бірі. Суретші әрқашанда белгілі бейнені игеру кезінде, бақылаған нәрсенің мағынасын, табиғатын түсінуге тырысып, оған шексіз таңдау жүргізіп, бейнелердің бойында өзінің пікірін суреттеп, қарым-қатынасын білдіре алуы қажет. Шығармашылық процестің негізі – әрбір суретшінің көзқарасына негізделген. Натюрморт, портрет, пейзаж, жанрлы суреттерді суретші әрқашан  мағынасын, сюжетін, композициясын ойластырып, шығармасының ең жақсы шешімін іздестіреді. Тіпті, бұрынғы заманнан біздің уақытқа жеткен ежелгі көріністер өмір құбылыстарын жалпылайды. Олардың бойында нысанның көшірмесін салуға ұмтылысы болмайды, суретшілер мәні аз фактілерден гөрі қажетті, мінездемелі, маңызды түрлерді таңдайды. «Леонардо да Винчи шындықты көзді жұмып көшіру жайлы былай деп жазған: «Көзбен көріп ойлау қабілеті мен тәжірибеге жүгініп, ойланбай көшіруші кескіндемеші, айнаға ұқсайды, ол заттарды түсінбей айқындайды» – деп сипаттама береді. Яғни, тірі табиғаттың өзін ойланбай көшіруге болмайды деген ұғымды білдіреді. Мүсінші Роден өзінің шығармашылығы жайлы былай деген: «Жапсырма тек сыртқы дүниені көрсетеді, ал, мен рухани дүниені сездіремін, ол да табиғаттың бір бөлігі. Мен көз көрген табиғатты ғана емес, барлық шындыққа қол жеткізем. Көңіл-күйді көп білдіретін бөліктердің шетін сызып көрсетем. Мен табиғатымды өзгерткен жоқпын» деген өз ойы туралы мағлұматтар береді» [1].
Мағынаның өмірлігі мен шыншылдығы – ол суреттердегі бейнелердің бейнеленуші құбылыстардың табиғатына сәйкес болуы керек. Шыншыл көрініс бейнеленуші нысандар мен жағдайлардың мінездемесін көрсетуден тұрады. Әр затқа, нысанға немесе шындық құбылысына белгілі бір белгілер, мінездемелі ерекшеліктер тән.  Нақ солар бейнелеу нысандары болып табылады. Графикада суретші көзге көрінген заттардың сыртқы   түрін  айнытпай көрсетуге ұмтылмай, оны негізгі қызықтырған, әсерлі сезімді тудырушыны суреттеуге тырысады. Суретші табиғатты толық шыншыл бейнелеп, қуаныш тудырған мәніне көп көңіл бөледі. Қандай да бір графикалық суретті салған кезде суретші сыртқы ұқсастықтарымен қатар, ішкі психологиялық ерекшеліктерді суреттеуге тырысады. Шын суретшінің шы­ғармашылығы шындыққа бата білу және одан терең шындықты шығара білу қабілетінен тұрады. Көркем бейне ең алдымен шындықпен сендіріледі. Оның көркемдігі құбылыстың мәнісіне, адамдардың мінезіне терең енумен анық­талады. Графикадағы көркем бейненің абыройлығы тек маңызды және мінезді қасиетінің болуымен ғана анықталмайды, сонымен қатар, көріністік бойында суретшінің қандай да бір көркем идеяны айқындауына байланысты. Графикада терең ойлардың, өмір жайлы толғаныстардың, адамдардың мінез-құлқының болуы эстетикалы терең сезімдерді тудырады. Әр кезде де суретші сурет арқылы өзінің өмірі туралы түсінігін көрсетуге тырысады. Егерде, графикалық суреттің идеялары саяз және сұр болса,  сондай-ақ,  қоршаған ортаға жаңа көзқараспен қарауға итермелейтін қабілетінің болмаған жағдайында – көрерменнің эмоционалдық үндесуі әлсіз болады. Графика адам­дардың сезімі мен ойларын көрсетуі тиіс, сонымен қатар, адамдардың ара­сындағы күрделі және жіңішке қарым-қатынастарды айқындап, нақты кезең­дегі құбылыстардың көрсеткіші болуы керек.
Терең және шынайы ойлар, адам мен табиғатқа деген сүйіспеншілікпен қарастырылған өмірлік мәселелер адамның жүрегімен санасын қоректендіреді. «И.Е. Репин – «Идеясыз ұлы көркемдік шығарманың болуы мүмкін емес» – деген. [2]. Алуан түрлі заттармен өмірлік құбылыстардың эстетикалық байлығын айқындау үшін, көркем бейнелеу өнерінің шығармасы өзінің мазмұны бойынша және айқындау түрі бойынша нақты дүниенің көріну қортындысы болуы тиіс. Графикалық шеберлікті құраушы элементтердің (зат­тардың пластикалық көлемдерінен колоритына дейін) объективті шығу тегі бар. Графикаға тән ғана адамның көру қабілеті арқылы қабылданатын құбылыстар мен заттар бейнелерімен қолданады. Өмір құбылыстарын айқындауға әрқашанда шынайы, нақтылы көрнекіліктер керек. Нақты заттармен ұқсастығы, түрлі түстік нақтылығы – міне осындай жағдайларда бояулар эстетикалық эмоцияны тудырады. «Нысандар мен заттардың шынайы көрінісі табылмағанынша көр­кем бейнені туындауға немесе басқа маз­мұнның туындауы мүмкін емес» [1]. 
Графикалық суреттеме жорамал бел­гі немесе символ бола алмайды. Гра­фикалық жұмыстағы бейне дегеніміз – алаңдаушы түсінік емес, ал, заттардың нақ­ты ұқсастығы. Суреттің эмоционалдық әсері табиғатты көріп қабылдаумен, нақты дүниені сезіне білумен байланысты. Заттар дүниесімен байланысты ассоциативті елестерінің байлығына сүйене отырып, графика көрерменді белгілі бір адам тол­ғаныстарының жүйесіне ендіреді. Адам дүниені көзге көрінетін бейнелер ар­қылы танып сезінеді. Ой қызметін таныс заттардың, нақты қасиеттердің және қатынастардың көмегімен өрістетуге болады. Көру сезімдері табиғатты эстетикалы қабылдаудың және танудың негізгі бұлағы. Заттың түрі нысан жайлы иіртас және толық мінездемені береді, көзге көрінетін бейне арқылы заттардың мәнісі мен мазмұнын, өмірдегі қызметін анықтайды. 

Меруерт Турумбетова,
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Өнер, мәдениет және спорт институтының Бейнелеу өнері және сәндік қолөнер теориясы мен әдістемесі кафедрасының 2-курс магистранты 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Оспанов Б.Е., Адамқұлов Н.М. «Бейнелеу өнері» Алматы 2011ж. 21-23 бет.
2. Қамақ Ә.О. «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» Астана, Фолиант 2014 ж.

Алдыңғы «
Келесі »