ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ШУ ҚАЛАСЫ «ЖЕҢІС» САЯБАҒЫНДАҒЫ АҒАШ ЖӘНЕ БҰТАЛЫ ӨСІМДІКТЕРДІҢ ӨСУ БАРЫСЫ

  • 04.04.2016
  • 893 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Аңдатпа. Мақалада Жамбыл облысы Шу қаласы «Жеңіс» саябағының қазіргі жағдайын сипаттай келе оның айналасын көгалдандыру шараларын ұйымдастыру көгалдандыру жобасын ұсыну арқылы жүргізілу керектігі көрсетілген. Көгалдандыруға қажетті ағаш, бұта және гүлді өсімдіктер ұсынылған, саябаққа отырғызылған ағаш және бұталы өсімдіктер жаппай саналып, таксациялық көрсеткіштері есептелінген. Өсімдіктердің түр­леріне сипаттама беріліп, кестелер кел­тірілген.
Кілт сөздер.Ландшафт, көгалдандыру, экология, гүлзар, сұлба, таксация, елді мекендер, соқпақтар, жаппай санау, санитарлық-экологиялық.

Кіріспе.Қазіргі заманғы қалалар мен ауылдарда көгалдандырылған аумақ кем дегенде 50%-дай болуы қажет. Себебі, қазіргі уақыттағы қалыптасып отырған экологиялық жағдай жер шарындағы орман қорларының азаюымен тікелей байланысты десе де болады. Орман қорларының азаюы салдарынан әлемдік экологиялық тепе-теңдік бұзылуда. Қалыптасқан жағдайдың шешімін табуға көмектесетін шаралардың бірі – орман қорын арттыру болып саналады. Орман қорларымен бірге қалалардағы және ауылдардағы жасыл желек көлемін арттыру, соның арқасында қалалар мен елді мекендерді көріктендіру, халықтың денсаулығын жақсарту бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің біріне айналуы тиіс. Көгалдандыру архитектурасын жасау қиын және де ұзақ процесс. Елді мекендерді көгалдандыру – қалалардың, ауылдар мен курорттар мен көпшілік дем алатын жерлердің аумақтарында халық денсаулығына пайдалы, таза, мәдени жағдай туғызу үшін жүргізілетін жұмыстар мен шаралар жиынтығы.
Ландшафты архитектура өз ішіне табиғат бөлшектерін және неше түрлі құрылыс бөлшектерін кіргізеді. Көгалдандыру тарихы неше мыңдаған жылдарды құрайды. Оның түп-тамыры ежелгі Рим, Греция, Египет және Батыстан басталады. Біздің дәуірімізге дейінгі XIII-X ғасырларда грек тарихынан ең бірінші бақ-саябақтарды көгалдандыруды кездестіруге болады. Әр жақсы тұратын жанұяның аумағы оларды азық-түлікпен қамтамасыз етуіне байланысты өз ішінде бірнеше бөлікке бөлінеді біріншісі бақша, жүзім бағы және жеміс бағын көгалдандыру. Оларды бөлген кезде әр бөлігін тірі қоршау ретінде орналастырған. Әр аулада шұңқыр (арық) қазып олардың ішін сумен толтырған, осылай олар үздіксіз суарумен қамтамасыз еткен. Көгалдандырудың ең жақсы дамыған жері бұл ежелгі Египеттің астанасы – Фив қаласында болған. Фивте әдемі зәулім сарайлар салған олардың айналаларын әдемі бақтармен әрлеген. Көбінесе өсімдіктерді әдейі басқа мемлекеттерден алып келген көбінесе Пунттан (қазіргі Самали аумағында орналасқан). Орта ғасырларда көгалдандыру жұмыстары өзгермеді сол қалпында қала берді. Жер телімдері төртбұрыштарға бөлініп сол телімдерде жеміс жидек тұқымдарын, екпелерді және дәрілік өсімдіктерді өсірді. Содан кейін аумақта әр түрлі жолдар пайда бола бастады. Бақ – саябақтарды көгалдандырудың ең жақсы дамыған кезі 17-18-ғасырларда болды. Ең бірінші регулярлы стильде бола бастады [1]. Қала маңын, халықтың жаппай дем алатын аймақтарын көгалдандырудың да адамды қоршаған ортаны санитарлық жақсартуда маңызы өте зор. Сондай-ақ, демалушыға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Сол себептен Жеріміздің орманы – еліміздің қорғаны демекпін.
Зерттеу әдістемесі. Зерттеу жұмыстары Жамбыл облысы Шу қаласында жүргізілді.
Жамбыл облысы Шу қаласы орналасқан ауданның табиғи-климаттық жағдайының сипаттамасы «Шу» метеостанциясының мәлі­меттерінен алынды. «Жеңіс»саябағының орна­ласқан жері анықталып, ғимараттар, жолдар, көгалдандырылған жерлер мен бос жатқан жерлер аумағы рулетканың көмегімен есептелінді, қағазға түсірілді. Жұмыс істеу барысында, архивтік материалдармен таныса отырып, саябақ ауласының қазіргі жағдайы туралы ауқымды мағлұматтар жиналды. Көгалдандыруды жобаламас бұрын, саябақ ауласындағы өсіп тұрған ағаштардың таксациялық көрсеткіштері анықталып, санитарлық жағдайларына сипаттама берілді. Саябақ ауласындағы ағаштар жаппай саналды. Санақ жұмыстарын жүргізу үшін Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ғалымдары құрастырған «Қазақстан Республикасы қалалары мен елді мекендеріндегі жасыл екпе ағаштарды есепке алу әдістемесі» нұсқаулығы пайдаланылды. Ағаштарды жаппай санақ жұмыстары жүргізіліп, әрбір ағаштың биіктігі мен жуандығы өлшеуіш айырдың көмегімен анықталды, әсемдік дәрежелері, санитарлық жағдайы сипатталды. Ағаш биіктіктері мен дің жуандықтары өлшеуіш айыршаның көмегімен анықталды, алынған мәліметтер таксациялық журналға түсірілді.
Зерттеу нәтижелері. Жер бедері мен көгал шөптің жағдайы.«Жеңіс» саябағы қаланың шетінде, маңызы бар көше бойында және әкімшілік ғимаратының жанында орналасқан. Сонымен қатар, ол қаланың қоғамдық демалыс орны болғандықтан көгалдандыру жұмыстары да айтарлықтай жоғары деңгейде болуы қажет. «Жеңіс» саябағы 2012 жылы ашылды. Бұрыннан бос жатқан жерге қала әкімшілігі, Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткенімізге орай саябақ ашты. «Жеңіс» саябағында Шу ауданының тумасы, Ұлы Отан Соғысының батыры Саттар Естемесовке ескерткіш орнатылған. Саябақ жаңа болғандықтан құрылыс жұ­мыстары аяқталмаған. Мен осы жобамда өзімнің тұрғылықты қаламның саябағын көгалдандыра отырып, оны халықтың демалуына қолайлы көрікті орын жасауға тырыс­тым. Жобаны жасау мақсатында алдымен саябақ аумағының қазіргі жағдайын зерттеп, саралаудан бастадым.
Саябақ бұрын бос жатқан аумақта орналасқан және жобаланған жұмыстар аяқталмағандықтан қазіргі көгалдандыру жағдайы өте нашар деп айтуға да болады. Және де бұрынғы көгалдандыру жұмыстары барысында жер беті тегіс­телместен ағаштар отырғызылған, күтім жұмыстары салғырт жүргізілуі салдарынан жаңадан отырғызылған ағаштар қурап, жекелеген ағаштар ғана қалған. Жер беті тегіс емес, көгал шөбі себілмеген, негізгі шөптесін өсімдік ретінде жатаған бидайық, жусан, бетеге таралып өскен.
Әкімшілік жасаған жоба бойынша көгалдандыру жұмыстарының 40% ға­на іске асырылғын. Гулзарлар бос тұр. Және де жолдары дұрыс жасалынбаған. Саябақ аумағындағы адамдар серуендеуге қажетті жолдардың болмауы. Саябақтағы жұмыстардың аяқталмауына байланысты, адамдарға серуендеуге арналған тек қана бір басты жол ғана бар. Қосымша жолдар, дем алып отыруға орындықтар жеткіліксіз орнатылған. Адамдардың салғырттығына арқасында топырақ жамылғысы бұзыл­ған, бөгде жолдар жасаған.
Ағаш және бұталы өсімдіктер олардың өсу жағдайлары.Саябақ аумағында негізінен қарағаш, шырша ағаштары отырғызылған. Олар жаппай саналып, таксациялық көрсет­кіштері, санитарлық-экологиялық жағдайлары анықталды. Алынған таксациялық көрсет­кіштер таксациялық ведомоске тір­келді. Саналған ағаштардың жуандықтары, биік­­тіктері бойынша саны жіктелінді (1, 2-графиктер).
Санау нәтижесі көрсеткендей, саябақ аумағында 10 жылдан бері жалпы саны 916 қарағаш отырғызылған, олардың орташа диаметрі 10,6 см және орташа биіктігі 3,5м құрап отыр. Орташа биіктікті анықтау үшін, әр жуандық сатыдан кем дегенде 3 ағаштың биіктігін анықтап, орташа биіктікті анықтау графигіне түсіреміз.
Саябақтағы ағаштардың санитарлық-эко­логиялық жағдайы толық жапырақтанудан кейін маусым-шілде айларында жүргізілді. Күтім жұмыстарының дұрыс жолға қойыл­мауы салдарынан санитарлық-экологиялық жағдайы төмендеген. 2014 жылдың көктемінде отыр­ғызылған қайың, тал, шырша және шаған ағаштары қурай бастаған.01

02

Күтім жұмыстарының жүргізілмеуі салдарынан олардың әсемдік қасиеті төмендеген. Саябақ ішін көгалдандыру мақсатында шыршалар қатарын толықтыру қажет, сонымен бірге басқа да әсемдігі жоғары ауданның табиғи-климат жағдайына төзімді ағаш және бұталы өсімдіктерді отырғызу ұсынылады.

Көгалдандыру мақсатында гүлді өсім­діктерді пайдалану. Саябақта ескерт­кіштің айналасына ғана гүлді өсім­діктерді пайдаланған. Саябақтың қалған аумағында көгалдандыруда гүлдер мүлдем пайдаланылмаған десе де болады. Сол себептен бірнеше гүлді өсімдіктер түрін пайдалану керек [2].
Нәтижелерді талдау. Жамбыл облы­сы Шу қаласы жағдайындағы саябақ­тық кө­галдандыру жұмысын жобаладым. Қа­зір­гі заман талабына сай әр мекеме алды кө­гал­дандырылып, әсемдене түсуде. Елімізде кө­гал­дандырылу саласы енді-енді дамып келе жатыр. Мемлекет тарапынан да айтарлықтай көңіл бөлінуде. Саябаққа қарасам стандартқа сай емес яғни бойлары ұзынды-қысқалы ағаштар отырғызылған екен ол көгалдандыру ережесіне сәйкес келмейді. Саябақтағы өсім­діктерді күтіп-баптау жұмыстарын қолға алу керек. Сондықтан, жоғарыда жасалынған жоспарлы жобамда мен сол жердің табиғи жағдайын, топырағының ерекшеліктерін ескере отырып бірнеше ағаштар мен бұ­таларды және гүлді өсімдіктерді ұсынып отырмын. Бұл ұсынылып отырған жоба тиімді және қол жетімді әрі әдемі. Болашақта бұнда көгалдандыру жүргізілсе деймін. Кө­галдандырудың нысандарын жобалауда жеке тұрғыдан әрбір өсімдік қандай мақсатта пайдалану керектігін жеке тұрғыдан қарастыру. Саябақ – адам көп келетін жер болғандықтан, ол жердің айналасы әдемі болып тұрса қандай жақсы, сол себептен заман талабына сай әдемі болуы керек. Қазіргі уақытта мемлекет тарапынан көп көңіл бөлініп жатқандықтан, саябақ аумағы әдемі болсын деп сол жерге заман талабына сай көгалдандыру жұмыстарын жасаған жөн. Көгалдандыру архитектурасын жасау қиын және де ұзақ процесс. Сондықтан, сол жердің қайталанбас мұрағаттарын табиғатпен ұштастырып одан сайын көркемдей түссек деймін.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Голощапов Г.В., Бессчетнов В.С. Са­дово–парковое строительство Казахстана. Алма- Ата, Кайнар, 1988. – 272 б.
2. Мушегян А.М. «Деревья кустарники Казахстана» I-II том Кайнар Алма-Ата, 1966. – 462 б.
3. Г.В. Голощапов, Э.С. Жилкибаева Декоративные деревья и кустарники в озеленений г. Алматы. Бакалавр мен магистранттарға арналған оқу құралы, Алматы, – 84б.

Айгүл Батырханова,
Құрманкүл Абаева,
Қазақ ұлттық аграрлық университеті

Алдыңғы «
Келесі »