ҚазҰУ – білім ордасының қара шаңырағы

  • 26.02.2016
  • 483 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Бүгінгі кезде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстанның ең үздік оқу орны бо­лып табылады. Университеттің халық­аралық QS-рейтингісіндегі позициясы – 275 орын.  Қазақстанның көпбағытты уни­верситеттерінің ішінде ҚазҰУ-ті 1-ші орында. Оқу орнының инфрақұрылымы да әлемнің үздік университеттерінен кем түспейді.Университетке қарай кіре бергенде ҚазҰУ-ті Іле Алатауы бөктерінде орналасқан іспеттес, ұзын үстіге қарай көтерілетін жол бойында шыршалар көп отырғызылған, иісі аңқып тұрған шыршаларда тиындар ойнап, секіріп жүреді. ҚазҰУ қалашығы барлық уақытта ауасы таза боп тұратын, экологиялық таза аймақта орналасқан.

Университет аумағы 100-га жерді алып жатыр.Қалашықта студенттерге арналған «Керемет» қызмет көрсету орталығы, 20-ға жуық жатақхана, заманауи спорт кешені, әскери кафедра, ғылыми кітапхана, интернет орталығы, баспа-полиграфия кешені, Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы бар. «Керемет» қызмет көрсету кешенінде кинотеатр, кафе, сұлулық салоны, авиа және темір жол кассалары, кітап дүкені, емдеу орталығы орналасқан. Студенттер сарайында домбыра, қобыз, сазсырнай үйірмелері, «Бақыт» би тобы өнерлі студенттердің қабілеттерін шыңдауға мүм­­кіндік береді. «Сұңқар» студенттер кә­сіподағы, Студенттер сенаты, «Көмек» ерік­тілер қозғалысы, Болон   үдерісі бойынша студенттік бюро, студенттердің ғылыми үйір­мелері, студенттердің ғы­лы­ми қоғамы, Пікір сайыс лигалары студенттердің бел­сенді, бәсекеге қабілетті тұлға болып қалып­тасуына ықпал етеді.Қалашықта студенттердің үздік оқуына, жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалынған.ҚазҰУ-де шет елдерінен келген көптеген студенттер білім алуда.
Университетте 2000-нан астам жоғары білікті профессорлар мен ғылым кан­дидаттары,100-ден астам академия ака­де­миктері еңбек етеді. ҚазҰУ-де жа­ңа Академиялық саясаты іске асырылу­да, соның бір елеулі көрсеткіші, білім тексерудің қуатты, әрі ыңғайлы кор­по­ративтік Интернет ақпараттық жүйесі. Уни­­верситетте  7 ғылыми-зерттеу институты, 1 ғылыми технологиялық парк, 5 инс­титут, 30 әлеуметтік-гуманитарлық ба­­ғыт­­тағы ғылыми орталықтар жұмыс істейді. ҚазҰУ-ті  әлемнің 400-ден астам халықаралық университеттерімен келісім орнатқан, сондықтан да магистрант, PhD докторанттардың халықаралық білім бағ­дарларымен шет елге шығып, білім­дерін шыңдауға барлық мүмкіндіктері бар. Қа­зақ Ұлттық Университеті (WUC) Әлем университеттері консорциумының толық­қанды мүшесі. Сонымен  қатар ҚазҰУ-ті  әлемнің  әйгілі ЖОО-дарымен ғана емес, Бүкіләлемдік өнер және ғы­лым академиясы, Халықаралық жасыл крест, Халықаралық университет прези­денттерінің ассоцияциясы, Мәдени дипломатия институты, Александрия кітапханасы және басқа да беделді  ұйымдардың әріптесі болып табылады.
Сондықтан да, ҚазҰУ – ең озық білім беру ордасы. 

Жібек Стамғазиева, 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Информатика кафедрасының доценті

Алдыңғы «
Келесі »