• «Ақиқат» журналы
  • >
  • Қазақстан 2050: Мәңгілік ел
  • >
  • Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының ел азаматтарына ҮНДЕУІ

Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының ел азаматтарына ҮНДЕУІ

  • 29.12.2015
  • 9509 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Қымбатты отандастар!
Қазақстан халқы тарихи оқи­ғаның – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауының куәгері және қатысушысы болды.
Ассамблея жылында және Қазақ­­­стан Республикасы Конс­ти­туциясының 20 жылдығында жасалған бұл Жолдау – жиырмасыншы Жолдау болып отыр.

Мемлекет басшысының Жол­дау­лары – бұл Тәуелсіз Қазақстан тари­хы­ның өткелдері, Отанымыздың дамуы­ның жаңа кезеңдерін атап өтіп жатқан Ұлы Дала елінің біртұтас халқының қиындыққа толы жеңісті жолы.
Мерейтойлық Жолдау – халық пен елдің ең басты, көкейкесті және зәру мәселелеріне жауап беретін, маңызы жөнінен теңдессіз құжат.
Мемлекет басшысы басты мақ­сатты айқындады – ол Отанымыз Қазақстанды бақытты да өркендеген халқы бар Мәңгілік Елге айналдыру, әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру, бай да қуатты елдермен теңесу.
Қазақстан жаһандық шаруашы­лық байланыстарына кірген егемен ұлттық экономика ретінде, дүниежүзілік ұлттар отбасының толыққанды қатысушысы болған мемлекет ретінде орнықты. Біз бүкіл тарихымызда болмаған табыс­ты экономикалық даму қарқынына қол жеткіздік. Бұрын ешқашан біздің халқымыз қазіргідей жақсы өмір сүр­ген емес. Қазақстандықтар өмірінің ор­та­ша ұзақтығы 10 жыл ішінде 64-тен 72 жасқа жетті.
1300 денсаулық сақтау және 1700-ден астам білім нысандары салынды.
Сонымен қатар, Президент Н. Ә. На­зарбаев «қазіргі кезде жаңа мүм­­кіндіктер мен жаңа қатерлер ұш­тас­қан шиеленісті де ауыр кезең туып отыр», деп атап көрсетті. «Жаһан­дық дағдарыс – тек қауіп қана емес, бұл жаңа мүмкіндіктер». Біздің қол жет­кен табыстарымыздың сынға түсе­тін уақыты және қазақстандық мем­лекеттікті нығайтатын уақыт туып отыр.
Мемлекет басшысы «біздің дағ­дарыстарды еңсеру тәжірибеміз бар. Жаңа жаһандық қатерлерге біз өзіміздің нақты мұмкіндіктеріміздің негізінде тұтас іс-қимыл стратегия­сын қарсы қою­ға тиістіміз», деп атап айтты.
Осынау жауапты кезеңде бірлікті сақтау қажет, «біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін» қағидатын ұс­тана отырып, ел игілігіне тер төге еңбек ету керек.
Президент дағдарысты еңсеру жө­нін­дегі тұтас іс-қимыл стратегиясын – Бес нақты іс-шарадан құралған дағ­дарысқа қарсы тұру және алдын алу стратегиясын айқындады.
Жолдауда экономикалық реформалар негізінде дағдарыс жағ­дайындағы экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған экономика саласындағы кезек күттірмейтін және пәрменді қадамдар бойынша аса анық тапсырмалар бар.
Бұл – жеке бастамашылық арқылы экономикалық өркендеу.
Бұл – 100 нақты қадам реформалары.
Бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қо­ға­мы және әр азаматтың әлеуметтік жауап­кершілігі. Бұл дегеніміз – өз теңгемізді қолдану, қаражатымызға сәйкес өмір сүру, мемлекеттік-жеке­меншік серіктестігін дамыту.
Реформалардың міндеттеріне мына өзекті инновацияларды енгізу кіреді – ұлттық валютаның құбылмалы кур­сы, жаңа инвестициялық сая­сат, ак­тивтерді жария ету, бюджет саясатын оңтайландыру, жеке бастамашылықты, еркін және дұрыс бәсекелестікті да­мыту үшін жағдай жасау, еңбек өнім­ділігін екі есе арттыру.
Ел экономикасының 5% дең­­гейінде өсуін қамтамасыз ету, эко­номикаға салынатын ин­вес­тицияның жыл сайынғы көлемін 10 млрд. доллардан артық, жалпы 10 жыл ішінде 100 млрд. доллардан кем емес көлемге арттыру мін­деті қойылды.
Бұл инвестициялар – Қазақстан­ның әр азаматының өмірін жақсартуға арналған үлес!
660 мыңнан аса жұмыс орындары ашылады, тегін кәсіби техникалық білім қамтамасыз етіледі!
Мемлекет басшысы білім, ден­­­саулық сақтау салаларында жалақыны көбейтуді, зейнетақы жинақтарын индекстеуді, сондай-ақ Жұмыспен қам­тудың жаңа жол картасын әзірлеуді тап­сырды.
Жұртшылықтың әлсіз топтарын қолдауға бағытталған мемлекеттің жаңа әлеуметтік саясаты әзірленетін болады. Мұның бәрі Қазақстанның әр азаматының және баршаның эко­номикалық әлеуметтік және қоғамдық қауіпсіздігі үшін жасалады.
Мемлекет басшысы «100 нақты қадам – баршаға ортақ қазіргі за­ман­ғы мемлекет» Ұлт жоспарын 90-жылдардағы Тәуелсіздіктің аяғынан тұру кезеңіндегі реформалармен қатар қоюға болады», деді.
Жолдау 5 институттық реформа идеясын шығармашылықпен дамытудың, «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жос­парында көр­сетілген міндеттерді шешудің нақты тетігі болып отыр.
Жолдау халқымыздың Көшбас­шысы, Қазақстан Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұрақты да гүлденген Қазақстан құ­руға, қуатты мемлекет, дамыған эко­номика және салиқалы әлеуметтік саясат негізінде болашағы біртұтас ұлт құруға бағытталған дәйекті саяси бағдарын терең және объективті түрде көрсетеді.
Қазақстан халқы Ассамблеясы, бірегей елдің барлық азаматтары Мемлекет басшысының жаңа Жолдауындағы міндеттерді толық қолдайды. Бұл міндеттерге балама жоқ!
Біз Елбасы қойған міндеттерді орындау үшін бұл Жолдау қуатты жұмылдыру күші, бастау болатынына сенімдіміз, аталмыш міндеттердің шынайылығын және орындалатынын атап айтамыз.
Қазақстан халқы Ассамблеясы, Елбасы қойған міндеттер жалпы­ұлттық бірліктің және қоғамдық келісімнің арқасында, Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік және келісім моделінің арқасында жүзеге асатынын атап көрсетеді.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Жолдау міндеттерінің баршамызға және еліміздің әр азаматына қатысы бар екендігіне сенімді.
Әрқайсымыз бастамашыл, жо­ғары білімді және бәсекеге қабілетті болуға ұмтылуымыз керек! Біз әр азаматтың жаңа экономикалық мәдениетін, мінез-құлығын қалып­тастыруға тиіспіз.
Біз, бүгінгі Жолдаудың міндет­терін жүзеге асыру Қазақстан дамуы­ның көлемді ілгерілеуі үшін мүмкіндік болады деп сенеміз.
Біз, Жолдауды орындау – бұл Отанымыздың әр патриотының аза­маттық парызы, жауапкершілігі және ар-ожданы екендігіне сенім­діміз.
Біз, Қазақстан халқын Мемлекет басшысының Жолдауындағы жаңа көлемді міндеттерді орындау үшін, біздің қасиетті Ұлы Дала елі жерінде тұрақты гүлденген Қазақстанды – «Мәң­гілік Елді» құру үшін бірігуге шақырамыз!
Біз, Қазақстанымызды дамудың жаңа белестеріне шығарамыз!
Алға, Қазақстан!

Алдыңғы «
Келесі »