Танымал тұлға өмірден озды

  • 28.12.2015
  • 387 рет оқылды
  • Пікір жоқ

НурмаханҚазақтың белгілі жур­налисі әрі бас­пагері, ұлт жанашыры, танымал тұлға, журналымыздың 2000-2003 жылдардағы Бас редакторы Нұрмахан Оразбек 78 жастан асқан шағында дүниеден оз­ды. 
Н. Оразбек 1962 жы­лы ҚазМу-ді бітір­ген соң Қара­ған­ды облы­­­сыньң Жезді аудандық «Ок­тя­брь туы» га­­зетінде жур­налистік қыз­метін бастады. 1964-1973 жылдары республикалық «Лениншіл жас» газетінде, Қазақстан ЛКСМ орталық комитетінде, Қазақстан ком­­партиясы орталық комитеті жанын­дағы Партия тарихы институтында, «Социалистік Қазақстан» газетінде ең­­­бек eттi. 1974 жылы Қазақ ақпарат агент­­тігінде (ҚазТАГ) бас ре­дактор, 1982 жылы директордың орынбасары болып тағайындалды. 1988-1994 жылдары Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің бас редакторы, тәуелсіз Қазақстанның жаңадан құрылған Баспасөз министрлігінде басқарма бастығы, 2000-2003 жылдары «Ақиқат» журналының Бас редакторы болды. 1995 жылдан бepi «Қа­зақстан» баспасының директоры қызметін атқарды.


Нұрмахан Оразбек – танымал баспасөз қызметкері ғана емес, шын мәнінде ұлт мүддесін қорғап, елдің абыройын көтер­ген қайсар азамат еді. Тоталитарлық режим­нің сеңі жібігенмен халық қоғам­дағы өз­ге­рістерді толық сезіне алмай тұрған тұс­­та ол өзі басқарып отырған «Ор­талық Қа­зақстан» газетінің ман­дай­шасындағы кеңестік кезеңнің таң­басындай «Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер!» деген коммунистік ұранды жұлып тастап, орнына «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ!» деген қазақ мақалын орналастырды. Ол мұнымен де тоқтап қалған жоқ, әрдайым азаматтық биік деңгейден табылатын Нұрмахан Оразбек 1991 жылғы тамыз оқиғасы кезінде қауіп-қатерге бас тіге отырып, «Орталық Қазақстан» газетіне «Бұл – мемлекеттік төңкеріс» атты мақала жариялап, шын мәнінде ерлік жасады.
Енді міне,сондай биіктерден көрінген Нұрекең де  өмірден озды. Өкінішті… «Жазымыштан озмыш жоқ».  Қайсар ағамыздың қайратты тұлғасы көз алдымыздан кетер емес. Біз Сізді ұмытпаймыз!
«Ақиқат» журналының ұжымы

Алдыңғы «
Келесі »