ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ДАМУҒА БАСТАР ЖОЛ

  • 26.12.2015
  • 515 рет оқылды
  • Пікір жоқ

 «Дегдар» қоғамдық келісімді қолдау қоры Алматы қалалық Ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Ақпаратқа қолжетімділік және қоғамдық қатысу – мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен тіиімділігін дамытудың маңызды факторы» атты семинар-тренинг өткізді.

            Онда ҚР «Ақпаратқа қолжетімділік» Заңы мен 2015 жылғы 2 қарашада қабылданған «Қоғамдық кеңестер» туралы Заңы жан-жақты түсіндірілді. Заңның азаматтық институтты дамытудағы мүмкіндіктері баса айтылды. Қоғамдық ұйымдардың осы заңды тиімді пайдалану жолдары көрсетілді. 

            Семинар-тренингті ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің сарапшылары Зинович Татьяна Сергеевна мен Кужукеева Гүлмира Мұратқызы жүргізді.  

Биыл 2 қарашада қоғамдық кеңестердің мәртебесі мен өкілеттілігін анықтайтын Заң қабылданған. Ол «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасы және «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарын жүзеге асыру мақсатында әзірленген еді. Осы қоғамдық кеңестер арқылы Қазақстанның кез-келген азаматы мемлекеттік органдардың қызметіне қоғамдық негізде үн қоса алады. Яғни, мемлекеттік органдардың қандай да бір шешімдерді қабылдауына ықпал етеді. Олардың жұмысының ашық болуын талап етуіне болады. Ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді, халықтың мұң-мұқтажын тікелей билік өкілдеріне жеткізуші механизмнің рөлін атқарады. Бұл Қазақстан қоғамының демократиялық құндылықтарға, Батыстық мемлекетті басқару моделіне жақындағанын көрсетеді.

Мысалы, әлемнің бірқатар елдерінде қоғам  мен билік арасын жалғайтын Қоғамдық кеңестер көптеп кездеседі. Олар мемлекетпен әріптестік, консультациялық тетіктер ретінде қызмет етеді. Яғни, оларда кез-келген шешімді қабылдау кезінде қоғамның ойы алдыңғы орында тұрады. Францияда Экономикалық және әлеуметтік кеңес қызметі Конституцияда қарастырылған. Чехияда қоғамдық кеңестің қызметі Президенттің нормативтік-құқықтық актілерімен реттеліп көрсетілген.

Бұл жүйеге Қазақстан қоғамы да бір қадам болса да жақындап келеді. Біздегі қоғамдық кеңестер, тағы бір ерекшелігі республикалық және жергілікті деңгейде құрылады.  Ауыл, село, кент, ауылдық округтегі мәселелер аудандық  маңызы бар қала деңгейіндегі қоғамдық кеңестерде талқыланады.

Осы семинар тренингте ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің сарапшылары қоғамдық кеңестерді қызметін, ақпаратқа қол жетімділік мәселесін, азаматтық қоғамның мемлекетпен әріптестік орнату механизмдерін түсіндірді.

           

 

Алдыңғы «
Келесі »