Орыс диктаторлығы мерекесі біз үшін ұлттық қасірет күні

  • 30.11.2015
  • 232 рет оқылды
  • Пікір жоқ

7 ноябрьде орыс большевиктері өз би­лік­­терінің 14 жылдығын мерекеледі. Бұл күннің біз, түркістандықтар үшін ұлттық қасірет күні екендігі жайлы басы артық сөздің қа­жеті жоқ.
Халқымызға зәрін шашқан қанды дик­татураның өткен он үш жылдық дәуірін көз алдыңыздан өткерсеңіз, оның қандай қай­ғы касірет әкелгенін айтып жатудың өзі қиын.
Орыс большевиктері алғашында нелер­ді уәде етпеді!


Олар халықтардың өзін-өзі билеу құ­қық­тарын, тіпті, Россиядан бөлініп, тәу­елсіз мем­лекет құра алатындықтарын қабыл етті және оған уәде берді. Алайда, Түр­кістандағы билікті өз қол­дары­на алар-алмастан оларды Орта­лық өлке билігіне қатыстырғысы келмей­тіндіктерін білдірді (III Түркістан ке­ңе­сі құрылтайының қарар­ларынан).
Орыс большевиктері патшалық заманда зорлықпен тартып алынып, орыс эмигранттарына үлестірілген жерле­рімізді кайтарып бе­руге уәде еткен. Бірақ, іс жүзінде өздері пат­шалық замандағыдан да көп эмигранттар әкеліп, жер-жердің бәріне толтырып тас­тады.
Олар дін мен ұлттық құнды­лық­тарға құр­­метпен қарап, мойындайтын­дық­та­­­­рын уә­де еткен. Бірақ, билік басына жай­­­­­­ғас­қаннан кейін «құдайсыздықты» шы­ғарды. «Дін апиын» деп халықты дін­дар­лық рухтан ажыратты, мешіттерді тал­қандады. Мешіт және бүкіл ұлт­тық құн­дылыққа қарсы істемеген жауыз­дықтары қалмады. Ұлттық санал­ған әр­бір нәрсені шектеді.
Халықтардың бауырластығын тудыруды уәде еткенсіп ұлыстар арасында әлемде мысалы көрілмеген дұшпандықты дүниеге әкелді.
«Дүние жаннатын» құруды уәде етіп, на­ғыз жаһаннамды орнатты. Бұл тозақтың аза­бын тартушы қылмыстылар да біздің бей­күнә хал­қымыз.
Қызыл Москваның 14 жылдық диктатурасы Түркістанымызды жарты ға­сыр­лық патшалық кезеңнен де қатты, мығым етіп Россияға ноқталады.
Біз патшалық Россияға қарсы күресіп жү­ріп, тағы сол Россияның қанды больше­вик­тері шеңгеліне түсіп қалдық. Демек, от­тан құтылып селге, қардан қашып, жаң­быр­ға кездестік.
Москва большевиктерінің қанды диктатурасы 14 жылға қадам басты. Бұл қысқа ғана мерзім ішінде қанды орыс боль­шевиктерінің залымдығы мен хайуани іс-әрекеттері астында жоғалған түркіс­тандықтардың саны бүкіл советтер одағы коммунистік партия мүшелерінен екі-үш мәрте артық.
Егер бұл зұлым Москва большевиктері тарапынан кырылған түркістандықтардың қа­­нын бір арнаға толтыру мүмкін болса, Ленин өз мүсіні үстінен қарап, бейкүнә халық қа­нынан тойғанша сіміру үшін денесін июге де мәжбүр болмас еді.
Егерде Түркістандағы ауыр апатта ата-ана­лар­дың жанайқайы мен мұң-зарын топтай­тын бір амал табылса, шүбәсіз, қанды «Кремльдің» (Кремль Совет үкіметінің Мос­к­­ва­дағы ресми сарайы) қалың қабырға­лары қау­сап, сарай ішіндегі комиссар мен чекистерді көмер еді.
Түркістандық ана, әйелдердің көз жасы, шүбәсіз, Сталин басында болған Мос­ква­ның бүкіл қанқор комиссарларын тұн­шықтырарлық бір сел-топан құраған болар еді.
Бізді бұл қанды орыс диктатурасының тегеурінен құтқаратын бір күш бар ма? Болса, ол қайда? Бізді не өршіл дауыспен сөйлеген сөздер, не басылым мақалалары құтқара алады. Біз үшін әр нәрседен бұ­рын бірінші ұлттық бірлігімізді сақтау, оны күшейту және ұлттық рухымызды қуат­тандыру керек.
Оған қоса өзіміз сияқты Москва диктатурасына қарсы күресіп жатқан Кавказ халықтары, Украина, Еділ-Орал мен Қырым ұлттық күрескерлерімен бірлесіп шеп­ті күшейту керек.
Бұл халықтармен шынайы бірлікке келіп, жалпы дұшпанға қарсы қуатты шеп жасай алсақ не оларға, не біздерге бостан­дықпен қауы­шу мүмкіндігі бар. Тек сол Кавказ, Украина, Еділ-Орал және Қырым ұлт­тық күштерімен бір­лесу әрекетіміз біз­ді бостандық шуағына шығара алатынын жұрттағы һәм шеттегі бүкіл түркіс­тан­дықтардың айқын білулері керек.
Сондықтан, қанды орыс большевизм дик­татурасы мерекесі және біздің жалпы ұлт­тық қа­сірет күніміз себебімен «Жасасын Түр­кістан, Кавказ, Украина, Еділ-Орал және Қы­рым ұлттық күштерінің бірлескен шебі» деген ұранды бір қайтара пысықтап кетпекші бола­мыз.
Жас түркістандық
«Жас Түркістан» журналы, 1931 жыл 

Алдыңғы «
Келесі »