АДАМЗАТ ҚАЙДА БАРАДЫ?

  • 04.09.2015
  • 482 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Хасен Қожа-АХМЕТ,
жазушы

«Әлемдік астыртын билік» бар ма?

Ральф Эпперсон «Невидимая рука, или Введение во взгляд на историю как на Заговор» кітабында адамзат қоғамындағы болып жататын елеулі оқиғалардың баршасы алдын ала жоспарланып жасалатынына көптеген айғақ, мысалдар келтіреді. «Батыстық демократия» атын жамылған өсімқорлар кланының (Заговорщики) мақсаты қоғамда соғыстар, инфляциялар, революциялар ұйымдастыра отырып адамзат қоғамында шексіз диктатурамен қатаң басқарылатын «Жаңа әлемдік тәртіп орнату», деп, осы іспен дәл бүгін айналысушы адамдардың бірқатарының атын атап, түсін түстейді.


«Астыртын биліктің» бары туралы Джозеф Кеннеди (президент Джон Кеннедидің әкесі): «Америкой управляют  пятьдесят человек и это круглая цифра», ал, АЕГ-ны 1909 ж. басқарған А. Вальтер-Ратхенау: «Триста человек, все из них знают друг друга,  направляют судьбу европейской экономики и выбирают преемников среди себя», – десе, АҚШ пре­зиденті Ф. Рузвельт: «В политике  ничего не происходит случайно.  Если что-то случилось, то так было задумано» – дейді. (Ал, бұл елдердегі халық мемлекеттерін өздері сайлаған президенттер, парламент басқарып, билейді деп сеніп келеді!).
Р. Эпперсон кітабында Европа мен АҚШ банкирлерінің Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстарды қалай жоспарлап, ұйымдастырғанына дәлелдер келтіріп, Гитлерлік Германияның қарулануына жәр­дем­­дескен кәсіпкерлерді де атайды. Бұған КСРО да Германияны металл, мұнай, т.б. шикізаттармен қамтамасыз етіп, неміс ұшқыштарын жаттықтырып  атсалысқаны белгілі. Соғыстар мейлінше созыла түсіп, адам шығыны көп болу үшін «қарсылас жақтар» өз ара келісіп істеген түрлі әре­кеттері де біртіндеп әшкереленуде. Екінші дүниежүзілік соғысты зерттеушілер ағыл­шындардың осы мақсатпен өздерінің 4 мың­дай әскерін Норвегияның  бір аралында жөн­сіз қырғынға ұшыратқанын, т.б. мысалдарды жазып отыр. Соғыс тоқтап қалмау үшін фашистік  қарулы күштерді жанармаймен қамтамасыз еткен Румыния мұнай орындарына еш шабуыл жасалмаған екен. Ал, КСРО-ның қарулы техникасы Кавказ мұнайымен еш кедергісіз қамтамасыз етілуі де екі соғысушы жақтардың келісімімен жасалғанын көрсетеді. 
Вермахтың 5 сәуір 1942 жылғы №41 дирек­тивасында «Шығыс майдандағы негізгі мақсат оңтүстіктегі Кеңес әскерін талқандап, Кавказдағы мұнайлы аудандарды алып, орыстарды толықтай жеңу» деліне тұра, 1942 жылдың шілдесінде Кав­каз бағытындағы «Б» тобынан 6-шы ар­мия бөлініп, Сталинград бағытына жі­берілген. Болмаса жанармайсыз қалған КСРО-да соғыс 1942 жылдың ортасында-ақ тоқтайтын. Сондай-ақ, егер АҚШ  неміс адмиралы Канаристің жоспарын қабылдағанда да соғыс 1943 жылы көктемде аяқталар еді.
1941 ж. 7 желтоқсанда АҚШ-тың Пирл Харбордағы соғыс базасына Жапонияның «кенеттен шабуылдағаны» жалған екендігі туралы Р. Эпперсон: «И Рузвельт, и министерство Армии тоже знали об этом, так как «… очень важный офицер Американской армейской разведки, служивший на Дальнем Востоке в 1941 г. …получил сведения о  плане  Ямамото послать ударную группу для нападения на Пирл Харбор и направил  три отдельных сообщения с этой информацией в Вашингтон и, по крайней мере, два из них попали в армейские досье задолго до нападения на Пирл Харбор». Наконец,  6 декабря 1941 г.  Японское правительство в отчаянии посылает телеграмму в свое посольство в  Вашингтоне, по сути обрывая все переговоры с Американским правительством. После того, как сообщение было перехвачено Американским правительством,  расшифровано и вручено Рузвельту,  он произнес: «Это означает войну». Теперь Рузвельт знал,  что Япония планирует нападение на Соединенные Штаты, но все же ничего не сделал, чтобы предупредить Американские вооруженные силы в Пирл Харборе», – десе, ал КСРО-ның Шығыс Европаны басып алып НАТО-ға қарсы «Варшава келісімі» социалистік лагерін құруына кімдер жағдай жасағаны туралы: «Русским позволялось коммунизировать страны Восточной Европы под прикрытием войны. Поскольку Россия продвигалась с востока медленнее,  чем ожидалось, Союзники были вынуждены предоставить ей больше времени; отсюда задержка со вторжением в Западную Европу. Сенатор Joseph McCarthy приписывал это  решение  ГосСекретарю Дж.Маршаллу: «Теперь мы, безусловно, подошли к тому, что было самым важным военным решением в Европе:  решению Маршалла … сосредоточиться на Франции и целиком оставить Восточную Европу Красной Армии», – деген айғақтарды жазады.
Осылайша, Эпперсон өз кітабында бір-біріне қарсы болды деп саналатын капитализм мен социализм жүйелерінің бір орталықтан басқарылып отырғанын, мақсаттары – барша мемлекеттердің үстінен бақылап, басқаратын «жаңа әлемдік  тәртіп» (әлемдік билік) орнату екенін көптеген адамдардың зерттеулерінің нәтижелерін келтіре отырып дәлелдейді. ХХ-ғасыр басында (1905, 1917 жж.) Ресейде революция жасау үшін Ленинді, Троцкийді, Керенскийді АҚШ пен Батыс Европалық банктердің қалай, қанша сомамен қаржыландырғанын нақты құжаттармен көрсетеді. 
Революциядан кейін де осы мемлекеттер өздері құрған КСРО-ға соғыс қаруларын жасайтын технологияларды беріп тұрған екен: «Когда 4 октября 1957 г. Русские объявили, что вывели на орбиту первый в истории сделанный руками человека сателлит, который они назвали «Спутником»,  началась «космическая гонка». Однако, возможность вывести на орбиту спутник земли  была  предоставлена  Русскому правительству  Американским в конце Второй мировой войны.
Генерал Джордж Паттон, двигаясь на восток, вглубь Западной Европы и Германии,  захватил два немецких города – Пенемюнде и Нордхаузен, где немецкие ученые разрабатывали ракетыV-1 и V-2. Верховный Главнокомандующий Союзными войсками генерал Дуайт Эйзенхауэр приказал Паттону передать эти два города Русским в целости и сохранности. При этом им достались  тысячи немецких ученых,  которых вывезли в Россию из этих двух городов вместе с заводами.
Большинство современных историков обычно объясняет, что Русские получили секреты атомной бомбы от  признанных  виновными  Американских шпионов Ethel и Julius Rosenberg, которых в 1950 г. обвинили в передаче Русским этих работ. Однако история атомной бомбы началась еще до приговора Розенбергам. Американское правительство передало России бомбу в 1943 г., в ходе программы Ленд Лиза», – дейді, осы мәселелерді зерттеген адамдардың кітаптарына жүгініп.
1950 жылы Корея соғысында да АҚШ-тың өз «қарсыластарына» (коммунистерге)  көмектескені жайлы айғақтар келтіреді: «Спустя два дня после вторжения в Юж­ную Корею, китайцы на Тайване (чанкайчиліктер. –Х.Қ-Т), чувствуя,  что для них пришла пора выступить против  Коммунистического правительства континентального Китая,  получили жестокий выговор от Президента Трумена: «Я призываю Китайское правительство на Формозе (Тайвань) прекратить  воздушные  и  морские операции против материка». И Трумен не только заявил, что претензии свободных Китайцев к Коммунистическому Китаю противоречат Американской политике, но также  приказал  Американскому  Флоту войти в Тайваньский пролив, чтобы обеспечить это. Впоследствии Генерал Дуглас МакАртур рассказал, что он рассматривал эту акцию как преднамеренное действие со стороны Американскогоправительства,   обеспечивающее вступление в войну Красного Китая. 
Генерал МакАртур,  сознавая, что Красный Китай был готов вступить в войну, четко представлял, что единственный путь сорвать его массированное вторжение, это – разбомбить мосты через реку Ялу. «Немедленно последовала телеграмма от ГосСекретаря Дж.Маршалла, отменяющая мой приказ и предписывающая мне «отложить бомбардировку всех целей в пределах пяти миль от Маньчжурской границы».
Помимо этого, МакАртур получил приказ не преследовать Северо Корейские самолеты,  удирающие в Маньчжурию, равно как и не мог он бомбить базу снабжения в городе Racin…Racin являлся основным складом, на который Советский Союз отправлял припасы из Владивостока для Северо-Корейской Армии».
25 ноября 1950 г. командующий Китайской Красной Армией Генерал Lin Piao  перебросил все свои войска через реку Ялу в Северную Корею. МакАртур считал, что «…им должны были передать сообщение, гарантирующее, что мосты  через  Ялу останутся священными, а их базы никто не тронет». Генерал Линь Бяо позднее признал, что он «никогда бы не пошел в наступление и не стал бы рисковать своими людьми…  если бы я не был уверен, что Вашингтон удержит Генерала МакАртура от при­нятия  соответствующих  ответных  мер против моих путей снабжения и ком­муникаций». 
Другая область,  в которой Сое­динен­ные Штаты помогали Русским, это – военная техника. Во время Корейской войны Советы поставляли  Северной Корее и  Красному Китаю реактивные самолеты, в том числе МИГ-15.Этот самолет был похож на поставлявшиеся Американским правительством F-86, на которых летали Южнокорейские и Американские летчики. Оба эти самолета были сконструированы одним и тем же человеком – Немцем, взятым в плен в конце Второй мировой войны в  Нордхаузене.  Как уже говорилось,  ученый  попал в одну страну,  а его чертежи – в другую» – дейді кітабында Эпперсон. 
1960 жылдардағы Вьетнам соғысына байланысты да ол: «Наверное, небывалым примером Американской военной помощи Русскому правительству стала Вьетнамская война. Д-р Саттон пришел к выводу, что «… винтовки, боеприпасы, оружие, транспортные средства, уби­вавшие Американцев во Вьетнаме,  пос­тупали из  субсидируемой  Америкой эко­номики Советского Союза».
Например, перечень за третий квартал 1971 г. является типичным и показывает, что наше правительство, за один только этот квартал, отгрузило ряд товаров Рус­скому правительству, в то время как Рос­сия поставляла в Северный Вьетнам восемьдесят процентов товаров и боевой техники.
Среди судов,  доставлявших  Русские грузы в порты Северного Вьетнама, были принадлежавшие Великобритании, Япо­нии, Греции, Норвегии, Ливану, Италии, Западной Германии и Панаме.
Американская помощь делу Севе­ровьетнамского правительства имеет давнюю предисторию.LloydShearer в своей статье «Когда Хо Ши Мин был агентом разведки для США» подробно  рассказывает,  как  Американское правительство содействовало первым усилиям основателя революции против Южновьетнамского правительства. Хо Ши Мин пополнил ряды аппарата Американской разведки. В статье говорится: «У нас был  надежный агент,  которого  мы регулярно обеспечивали оружием, радиоаппаратурой, радистами и медикаментами. Все это способствовало упрочению его положения и статуса» (16).
Таким образом, еще до начала Вьет­намской войны Американцы обеспечивали партизанскую армию человека,  который, в конце концов, возглавил Вьет Конг в войне против Американцев.
Еще более  прискорбная продажа Русскому правительству состоялась в 1966 г., когда правительство США: «… направило в Советский Союз полные технические условия, необходимые тому для строительства завода по производству глицерина. Глицерин применяется в производстве взрывчатых веществ. Он применяется в детонаторах мин-ловушек, особенно во Вьетнаме.  Более  50 % всех  Американских потерь во Вьетнаме было вызвано минами-ловушками» (26).
Однако некоторые торговые сделки имели куда более  разрушительные последствия для будущей безопасности Америки: «По словам д-ра William Perry, заместителя Министра обороны по НИОКР, к 2000-му году СССР будет в состоянии определять и отслеживать местоположение всех подводных лодок США.  Причина?  Мы экспортируем как «аппаратуру для разведки нефти» самую передовую Американскую сейсмологичес­кую и связанную с ней высокую технологию» – дейді. 
Эпперсон 1962 жылғы «Кариб кризисі» аталған оқиғаның да жалғандық болғанын, ағаш жәшіктер суретінен өзге Кубаға КСРО ракеталарының орнатылғанын да, алып кетілгенін де дәлелдейтін ешбір айғақтың жоқтығын айтып: «Многие считают, что это и было действительной целью «Кубинского ракетного кризиса»: деревянные ящики были вывезены в обмен  на согласие Американского правительства сделать 2 вещи: 1. Убрать  реальные  стратегические ракеты от границ России и 2. Гарантировать, что правительство Кастро не станет объектом анти-Кастровского  вторжения» – дейді.  
Эпперсон кітабының соңында орыс диссиденті А.Солженицынның 1975 ж 5-шілде күні АҚШ халқына айтқан: «Вся наша рабская система (СССР) зависит от вашей экономической помощи. Когда они хоронят нас заживо, пожалуйста,  не посылайте им  лопаты и  самое совре­менное землеройное оборудование» және де: «Зачем мы (США) передаем Ком­му­нистическому  тоталитаризму  все  больше  и больше технологии – слож­ной, тонкой, развитой технологии,  которая ему нужна для вооружений и сокрушения своих собственных граж­дан» – деген сөздерін келтіріп: «Но, не­смотря на все предупреждения, помощь и торговля продолжаются.А Русское пра­вительство  продолжает  «сокрушать своих собственных граждан». С помощью Америки», – деп аяқтайды кітабын.
Р. Эпперсон, т.б. зерттеушілер  капита­листік НАТО мен КСРО бастаған социа­листік жүйе арасындағы жарты ғасырлық «қырғи-қабақ текетірес» («холодная война») жалған ойын болып, «ойын»  бір орталықтан басқарылғанын дәлелдейді. 
Әлемді бір орталықтан билей тұра халықты бір-бірімен өтірік қарсы қою неге керек десек, шын мәнісінде, «соғыс қаупі бар» деген желеумен өз халықтарын үрейде ұстау арқылы басқару – билеушілердің бағзы замандардан қолданып келе жатқан әдісі екен. АҚШ Гудзон институты зерттеуінің Есе­бінде де (1961 ж.) осы билеу саясаты: «Возможность войны обеспечивала любому правительству чувство его внешней необходимости, без которого никакое правительство не может долго оставаться у власти. Исторические данные обнаруживают целый ряд примеров того, как неспособность режима сохранять правдоподобие военной угрозы приводила к его распаду», – деп көрсетіліпті.
Халқын түрлі қауіп-қатермен үрейлен­діріп, қорқынышта ұстамаған үкіметтің «күні санаулы»  болатындықтан  билеушілер «Титаник» кемесінің апаты, Нью-Йорктегі Сауда орталықтарын құлату, революциялар, дүниежүзілік соғыстар, терроризмдерді өздері ұйымдастырып халыққа «шок-шоулар» көрсетіп келеді. 
АҚШ-тық Аарон Руссоға  Николас Рокфеллер  Нью-Йорктегі Сауда орталығының екі ғимараты құлатылатынын оқиға болардан 11 ай бұрын ескертіп, соны сылтауратып  «терроризммен ақыры-соңы кө­рін­бес күрес басталатынын», Ауғанстан, Ирак, т.б. елдерге әскерлер кіргізілетінін айтқан. А. Руссоның: «Астыртын әлемдік биліктің» түпкі  мақсаты не?» –  деген сұрағына алпауыт Рокфеллерлер отбасының мүшесі Николас: «Конечная цель?! Чтобы всем в мире был устроен чип радиочастотной идентификации, и все деньги будут привязаны к этому чипу. А кто будет протестовать и делать что-то нам на перекор – мы у него чип отключим», – депті (А.Руссо, «Интервью с Н.Рокфеллером»). 
«Счастье в свободе» жобасын жасаушы ресейлік В.А.Токарев өз мақаласында: «Повсеместно проводится внедрение микрочипов под кожу. Чипирование населения России, Украины – узаконенный стихийный процесс, для которого установлены чёткие сроки. В США во многие фирмы не принимают на работу, если в руку кандидата не вживлён микрочип. Молодым владельцам микрочипа даже предоставляется «льгота»: они могут легче пройти во всякие клубы и дискотеки», – дейді. 
«Тайное Мировое правительст­во готовит миру «глобальную им­пе­рию» (Истинная власть сосредоточена в руках неофициальной международной группы лиц) мақаласында (Интернет, 18 апреля 2011) Андрей Полунин: «При словах «мировое правительство» принято крутить пальцем у виска. Но вот проблема: многие вполне серьезные эксперты не верят,что странами управляют президенты, премьеры, председатели и прочие «видимые» официальные лица. Они считают, что истинная власть – мощная, непоколебимая, но скрытая – сосредоточена в чьих-то других руках. Эту неофициальную могущественную группу, которая не признает национальных границ, контролирует банковское дело, страхование, угледобычу, промышленность,– они называют мировым правительством.
На это теневое правительство, утвер­ж­дают эксперты, работают тайные организации и мозговые центры. Например, «Совет по международным отношениям», который создан в 1921 году американским банкиром Морганом, и контролирует Федеральную резервную систему США, Нью-Йоркскую фондовую биржу и ведущие средства массовой информации. Или «Бильдербергский клуб» (1954), который объединил американскую элиту и европейскую. Или «Трехсторонняя комиссия» (1974), в которую вошли представители США, Европы и Японии. Ее цель – «создать механизм глобального планирования и долгосрочного перераспределения ресурсов». Или «Римский клуб» (1968), который имеет свои частные разведывательные агентства и, кроме того, «заимствует» информацию у Интерпола, ФСБ и Моссада. Курирует работу этих организаций миллиардер Дэвид Рокфеллер», – дейді.
***
Дәл осы кезде Украинаға қатысты НАТО елдері мен Ресей арасында басталған алакөздік жұртшылықта «Әлем әлі де бір орталықтан басқарылмайды екен» деген ой тудырды. Ал, байқаған жанға Рада депутаты Ирина Фарион көшеде: «Украинада украин тілінде сөйлеу керек», дегені үшін Қырым түбегін (осыны күтіп отырғандай) Ресейдің бір оқ шығармай-ақ «басып алуы», оған батыс елдерінің наразылық танытқан сыңайы, т.б. істерден жасандылық көрініп тұрды. 
Отарлаған елдерінде туып-өссе де орыстардың жергілікті халықтың тілін үйренуге қасарысатын мінезін біле тұра, Украинаның жаңа басшылары билікке келер-келместен тіл мәселесін ай­туы орыс­­­шылдардың сепаратизмін әдейі­леп оят­қандай еді. Ал, Луганск пен Дон­бас­тағылар Ресей туын көтеріп, өздерін «Ново-Россия» атай тұра, дәл бір тәуелсіз мемлекеттей «Кедендік одаққа» кіреміз дей тұра «сепаратист емеспіз» деп ақталмақ болды. Ресейдің оларға өз туын көтеруге рұқсат етуі және оларды «халық республикалары» деп БАҚ-та атауы – сепаратистерді жеке мемлекеттер ретінде мойындап, оларға жел бергені еді. Егер, екі облыс халқы сепаратист емеспіз, тек Украина билігіндегі олигархтарға қарсымыз десе неге «Ново-Украина» атанып, қызыл ту көтермеске!? Әлде, бұлар Ресейді социалистер басқарып отырмағанын, Кедендік одаққа кірген ел­дерді де олигарх әрі диктатор президенттер билеп отырғанын, олардың қорғаушылары «батыс империалистері» мен Путин екенін білмей ме? Украинадағы Кеңес кезеңі ескерт­кіштерін құлатушыларды «фашис­тар, нацистер» деуші Ресей БАҚ-тары Ленин ескерткіштерін Ресейдің өзі әлдеқашан алып тастағанын да жақсы біледі емес пе!?.. Сөйтіп, бәдік ауыз В.Жириновский 25 жыл бойы ерттеп міну арқасында депутат болып жүрген «орыстың шовинистік қотырын қасу» тақырыбын (конек) барша Ресей саясатшылары әп-сәтте иемденіп шыға келді. Мен осы шулаудың мақсаты «Әлемдік билік» Ресей арқылы жалған көпполярлылық жасап алып Үшінші дүниежүзілік соғысты бас­тап, Жер халқын азайту деп білдім. Украина шығысында соғыс өршіп, Ресейге батыс мемлекеттерінің экономикалық санкциялары, үкіметтерінің бірін-бірі кінәлаулары жиіледі. Әлемде 7 млрд. халық бола тұра, батыс елдерінің кәсіпкерлері 130 млн. Ресей халқына қарап қалғандай Италия, Польша, т.б. елдерде жасанды жиындар өткізілді. 
Орыс саясатшылары, ақпарат құралдары НАТО-ның Ресейді бөлшектемек жоспары барын айтып байбаламдауы күшейді. Әрине,американдық педагог Роберт Хатчинз: «Единый мир на основе концепции совершенной тирании хуже, чем несколько миров, в каждом из которых тирания по-разному несовершенна. По крайней мере в каждом из миров легче освободиться от свойственной ему тирании, именно благодаря ее несовершенству, что поможет и остальным мирам освободиться от свойственной им тирании», – дегеніндей, адамзатты «чиптеп» құлақкесті құлға айналдырар бірполярлы «Әлемдік билікке» қарсы тұрар екінші күштің болғаны жөн ғой…
Сол кез, жылға жуық ресейлік БАҚ «Әлем­дік билік» туралы айтуы сап тыйылып, тек: «Евроодақ елдерін Украинаны қолдауға мәжбүрлеуші», деп АҚШ президенті Б. Обамаға қарғыс жаудырды (Дәл бір афро-американдық Обаманың прези­­денттікке өз күшімен келгеніне сене­тіндей-ақ). 
Р. Эпперсон кітабында 1961 жылғы «Гудзон есебінде» жазылған «соғыстың көрін­бейтін функциялары» туралы: «Они явно указываются в отчете,  и все эти функции имеют одну общую цель: «Война дает как древнему, так и современному обществу спорную систему стабилизации и управления национальными экономиками.  Еще не был испробован никакой альтернативный метод управления сложной современной экономикой,  который показал бы,  что он, пусть даже отдаленно, сравним по масштабу или эффективности. Войны выполняют определенные функции, существенные для устойчивости  нашего общества;  до тех пор,  пока для этого не созданы другие способы, военная система должна сохраняться и совершенствоваться по эффективности».
Далее в отчете уточняется, каковы «неви­димые функции» войны:
Война…является основной организующей силой в большинстве обществ.  …Возможность войны обеспечивала любому правительству чувство его внешней необходимости, без которого никакое прави­тельство не может долго оставаться у власти.
Исторические данные  обнаруживают  целый  ряд примеров того,  как неспособность …режима сохранять правдоподобие военной угрозы  приводила к его распаду.
Война… обеспечивает анти-общест­венным элементам приемлемую роль в струк­туре общества. 
Более молодые,  и более опасные из этих  враждебных  общественных группировок контролируются Системой Избирательной Воинской Повинности.
Как средство управления… можно снова поддержать призыв на военную службу.
Уровень призыва имеет тенденцию  следовать основным  колебаниям уровня безработицы…
Человек уничтожает избыточных особей собственного вида организованными боевыми действиями.
Война является основной побудитель­ной силой для развития науки…
Война является…общим социальным избавлением…для рассеяния общей скуки.
Война… дает  возможность физически дряхлеющему старшему поколению сохранять свой контроль над более молодыми,  уничтожая их в случае необходимости.
Превосходное резюме отчета содержится в романеTaylor  Caldwell, названном «Обряд невинных». Она писала: «…в терзаемом мире не будет мира, а только череда  запрограммированных и систематических войн и катастроф – пока заговорщики не достигнут своей цели: опустошенный мир, желающий подчиниться плановой  Марксистской экономике и всеобщему и смиренному порабощению – во имя мира» – депті. 
«Әлемдік биліктің» мынадай сұм­дық­тарына жұрт я сенбейді, я мұны «сау адамның істер ісі емес» дейді. Р.Эпперсон да: «Заговорщики успешны потому, что нравственный  гражданин не может  принять  заключение,  что существуют люди, способные  на самом деле желать проведения невероятно вредоносных действий против своих сограждан», – дейді. Ал қазақта: «Алтынның буына мас болу», – деген сөз бұрыннан бар. Дүниеқоңыз қалталы жандардың өмірге сау адамның көзімен қарай алмайтындығы, психикасы бұзылатыны медицинада дә­лел­­денген мәселе. Ал, қазірде әлемдегі бүкіл мемлекеттердің басында билік пен бай­лықты қатар иемденгендер отыр. Бұл – бүкіл адамзатты психикасы науқас мас­танғандар «басқаруда» деген сөз. 
Не  істеу керек?
Әрине, адамдардың бірін-бірі қанауы, соғысулары  бұрыннан келе жатқан мәселе ғой дерміз. Алайда, бүгінгі заман соғыстарында қолданылатын қарулар адамды қырумен шектелмей, Жер планетасының ауасын, суын, топырағын улап бүкіл тіршілікке қауіп төндіреді. Өзінің, ұрпағының тағдыры үшін адамзат бұған тоқтау қоюға міндетті.  
Мен 2014 жылы ақпанда жазып, Адам­гершіл (гуманистік) «Жаңа сана» атаған жобамда әлемдегі барша келеңсіздіктермен күресте адамзат Жаратушысы оған өзге тіршілік иелерінен ерекшелеп берген артық­шылығы – Адамдық санасына сүйенуді ұсынғанмын. Қазіргі өркениет адамның емес, оның тас дәуірінде қолына ұстаған аң аулайтын келтегінің «өркениеті», сол құ­ралы «дамытылып» бүгінде ядролық қаруға айналса, ал, адамның өзі 1-2 мың жыл бұрын Сократ, Баласағұн, Абайлар сынаған деңгейден өспегенін, енді адамзат «джунгли заңымен» өмір сүруін қойып, санасын адамдығын арттыруға бұрмаса Жер пла­нетасын өмір сүруге жарамсыз етерін, т.б.ойлар айтып, сондай-ақ, «Әлемдік биліктің» қатерінен құтылар бірқатар пікір­лер жазған едім. Бірнешеуін ықшамдап айтайын:
1. Әлемдегі күллі мемлекеттердің елбасыларын «Әлемдік билік» тағайындайтын-дықтан осы мемлекеттерге бір-бірінен еш қауіп жоқ екен. Ендеше, әлемдегі барша мемлекеттердің әскерлері таратылып, тек қоғамдық тәртіпті бақылаушы полиция ғана қалуға тиіс; соғыс қаруларын шығаратын бүкіл өндіріс орындары жабылып, қаруға бөлінген қаржылар халықтың денсулығын, мәдениетін, еңбекақысын, зейнетақысын, жәрдемақысын, студенттердің стипендиясын көтеруге, елге қажетті тұтыныс заттарын шығаратын кәсіпорындар ашуға жұмсалуы керек. 
Құс үркіту үшін қолдан қару жасағаны, оны біреуге бергені үшін қылмыстық жазаға тартатын заң әр мемлекетте бар. Сондықтан, миллиардтаған сомаға қару жасап, өзге халықтар бірін-бірі қырсын деп сататын мемлекеттер халықаралық сотпен жауапқа тартылуға тиіс.   
Халықты үрейде ұстау, әрі қырып санын азайту үшін билік қарусыздануға (демилитаризация) өз еркімен бара қоймайтындықтан мұны орындаттыруға әлемнің барлық елінде халық Антимилитаристік қозғалыстар құруды жедел бастауға тиіс;
2. Мақтаулы «батыстық» көппартиялық негізінде сайлау жүйесі мемлекетте (әсіресе, посткеңестік тоталитарлық билік­тің қызметкерлері ауыспай қалған елдерде) билікке халықтың бақылау орнатуын қамтамасыз етуге жарамсыздығын, кері­сінше, авторитарлық, диктатуралық жүйе орнауына тосқауыл бола алмайтын «иілгіштігін» көрсетті. Нәтижесінде, жүген­сіз кеткен билік халықты «Әлемдік биліктің» экономикалық бұғауына түсіріп, коррупция, әлеуметтік теңсіздік жылдан-жылға өршіп ел тәуелсіздігіне қатер төнуде. Сондықтан, жедел түрде «европалық көп­партиялы сайлау» жүйесінен бас тартып, билікке халық бақылауын орнатардай өзге жүйені іздестіру қажет (АҚШ, Европа саясатшыларының сол елдерді халық сай­лаған президент, парламент емес, «Әлем­дік билік», «50, 400 адам басқаруда» деген сөздері, бұл елдерде де  әлгі жүйенің белсіздігін көрсетті).
Биліктің көппартиялықты, сайлауды иммитациялап оңшыл да, солшыл да ондаған партияларды өзі құрып, оппозиция етіп те ойнатқанын, ал, биліктің келісімінсіз құрылған ұйымдардың ішіне жансыздарын енгізіп дау-дамай тудырып іріткені, сайлауда бәрібір «жеңілдіретіні» сан рет көзбен көрген, бастан өткізген шаруа (ҚР Орталық сайлау комитетінің басшысы З.Балиеваның бірде Парламент депутаттарына: «Не забывайте, как вы сюда попали!» дегені бар!). Сондықтан, бұдан ары да «партия құру ойынын» жалғастыру –  «Әлемдік» те, жергілікті биліктің де «диір­меніне су құю», халықты оларға алдап беру болмақ. Әрине, адамзат баласы бір-бірімен қырғи-қабақ соғыспай, бір орталықтан басқарылғаны да жөн шығар. Бірақ, «Әлемдік билікке» әділдігімен емес, өсімқорлықпен жиған ақшасының күшімен келген, алтынның буына мастанып психикасы науқасқа ұшыраған ауру-кеміс жандарға, адамзат тағдырын қалайша тапсырмақпыз!? Келешекте Жер бетінде 1 млрд. адам ғана қалдырып, өзгесін жоқ қылуды жоспарлауды «басқару» деп айтуға бола ма?!Олар ХХІ ғасырда да адамзатты үрейде ұстау (соғыс, терроризм, күнкөріссіз қалдыру, т.б) арқылы «басқаруды» жалғастыруын қояр емес…
Лорд Aктон: «Власть развращает; аб­­­со­лютная власть развращает абсо­лютно», – дегендей, ашкөздігімен олар қа­­­зірдің өзінде Жер шарын экологиялық апатқа тақалтты (Билік пен байлыққа мас­танған қанаушылардың мығым болу себебі – жұрттың көпшілігі «Кез келген адам бай бола алады», деп дәметтіргенге сеніп, олармен ниеттес болудан).
Р. Эпперсон «Әлемдік биліктің» «бас­қаруына» балама ретінде «Библиялық хрис­тиандықты» ұсынады. Алайда, осы  «Ас­тыртын әлемдік билік» ғасырлар бойы­на қалыптасып, қазіргідей күшеюге Библиядағы: «Не давай в роcт брату твоему ни серебра, ни хлеба, ни чего-либо другого, что возможно отдавать в рост; иноземцу отдавай в рост, чтобы господь бог твой  благословил тебя во всем, что делается руками твоими на земле, в которую ты идешь, чтобы владеть ею (Второзаконие, 23:19, 20); «И будешь господствовать над многими народами, а они над тобой господствовать не будут» (Второзаконие, 28:12); «Тогда сыновья иноземцев будут строить стены твои  и цари их будут служить тебе ибо во гневе моем я поражал тебя, но в благоволении моем буду милостив к тебе. И будут отверзты врата твои, не будут затворяться ни днем, ни ночью, чтобы было приносимо к тебе достояние народов и приводимы были цари их. Ибо народы и царства, которые не захотят служить тебе, погибнут, и такие народы совершенно истребятся» (Исаия, 60:10-12)», – деген жолдарды басшылыққа алып, орындау арқылы жетіп отыр ғой!? 
Бұған қоса, діннің де кісіні о дүниедегі қыл көпір, мүңкір-нәңкір тергеуі, тамұқ отымен қорқыту арқылы «тәрбиелемек» болуы, биліктің «үрейде ұстап басқару тәсіліне» ұқсас. Ал, ислам, христиан, будда діндарлары Жаратушының бір екенін мойындай тұра, оған сыйынуда әр қайсысы өзінікін жөн деп, сол үшін ғасырлар бойына соғысуда. Тіпті, бір діннің ішінде сүннит-шейіт, католик-православный, т.б. болып бөлінудегі мақсат та халықтың бір бөлігіне билік жасау арқылы материалдық артықшылықтар көру ниетіндегі шаруа. Осы діндер пайда болған жүздеген жылдар бойғы кезең діннің адамзат қоғамындағы әділетсіздіктерге тоқтау қоя алмайтыны айқын болды. Бұл діннің адам қоғамында мүлде пайдасы жоқ деген сөз емес, тек өзге де жолдарды іздеу қажеттігін көрсетеді. 
Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылған кездері ол әлемді қамтып басқаруды міндетіне алып, Жерде бейбітшілік пен әділеттілік орнайды деген үміт болған. Алайда, о баста БҰҰ құрылу мақсаты «Берлин – Рим – Токио» ұжымдастығындағы мемлекеттерді ауыздықтау болғандықтан, 1945 жылы мақсат орындалысымен, келешекте БҰҰ әлемдік ауқымда атқарар қандай да бір айқын концепция жасалынбады. 
Академик Ерментай Сұлтанмұрат өзінің «Әлемді трансформациялау» атты жобасында әр елдің халқы өзі «Халықтық Конституция» жасап, оның мүлтіксіз орындалуын жаңарған БҰҰ  қадағалауға тиіс деген ой айтады. Иә, «жаңартылған» БҰҰ халық санын соғыспен қырып азайтпай, өркениетті түрде – әр мемлекеттің ресурсына сәйкес туу көлемін белгілеп, қадағалау, т.б. арқылы реттеуіне болар еді.        Бірақ, қазіргі БҰҰ-да әр мемлекеттен кім өкіл болатынын «Әлемдік билік» тағайындаған елбасылар шешіп отырғандықтан, мұндай БҰҰ сол «Әлемдік билікке» жұмыс істейді. Сондай-ақ, әлгіндей елбасылар «Халықтық Конституция» жасалуына, халық билікке дәл қазіргідей толық тәуелді жағдайда, жол бере қоймайды.Ол үшін «европалық көппартиялы сайлау» жүйесінен бас тартып, билікке халық бақылауын орнатардай механизмі бар өзге жүйені іздестіру қажет. 
У.Черчилл: «Демократиялық жүйенің кемшіліктері бар, бірақ, адамзат одан артық жүйені әлі ойлап тапқан жоқ»,– дегенде, ол әрине, ғасырлар бойына хан билігін тежеп ұстай білген қазақтың «Билер Кеңесі» жүйесінің болғанын білмегені анық. Ал, қазақтың билері ханның тізімімен емес, көп жылдар бойғы өзінің турашыл, әділдігімен халық сынынан өтіп қана «Кеңеске» енетін еді. Билердің хан алдында тайсалмай сөйлеуінің негізгі сыры – артында қолдаушы руы, өзін-өзі қамтамасыз ететін шаруашылығы (экономикасы) тұр­ғандықтан. Ал, қазіргі «батыстық» жүйемен құрылған парламент депутаттарында мұндай тірек жоқ әрі биліктің тағайын­дауымен «сайланатындықтан» олардан қоғамның шынайы жағдайын айтардай батыр­лық күту бекершілік.
3. Әлемдік және жергілікті биліктердің экономикалық бұғауынан құтылар жол – халық өзін-өзі басқаруға (самоуправление) көшіп, үкіметтің өз тіршілігіне жаппай ба­қылау жасауын мейлінше азайту. Кезінде Алашордашылар большевиктерге: «Қа­зақ қоғамында тап күресі жоқ» деп, рулас туыс­­тарымен өзін-өзі басқарып, әлеуметтік мәселелерін де шешіп отырған елді «кол­лективтендіреміз» деп мүлкін алуды, пар­тияларға бөліп бір шаңырақтағы аға мен ініні қарама-қарсы қоюды қолдамаған.
РФ президенті В. В. Путин халықаралық дискуссиялық «Валдай» клубының конференциясында: «Мировая система «сдержек и противовесов», сложившаяся в годы холодной войны, разрушена при активном участии США, однако доминирование одного центра силы привело только к растущему хаосу в международных отношениях»,– деді. Егер, қандайда бір жеке мемлекет әлемдік системаның ықшам моделі болып табылады десек, ондағы «бір орталық күштің» (үкіметтің, диктатордың) басымшылығы да қоғамда күйзелістің өсіп-өршуіне әке­летінін көрсетіп отыр. Бұл туралы АҚШ Конституциясын жазушылардың, алғашқы президенттерінің бірі Томас Джефферсон: «Наилучшим правительством является наименее управляющее», – деген ғой. Сондықтан, билікті халық бақылауында ұстаудың, халықтың биліктен мейлінше экономикалық тәуелсіз болуы, өзін-өзі басқаруы формаларын көпшілік болып ойластыруымыз қажет Мысалы, ресейлік Г. Попов «Альтернатива из ХХ-века» атты мақаласында («Время искать альтернативы» тарауы): «Н. И. Махно сумел разработать развернутую альтернативу большевизму. Всеобщему огосударствлению военного коммунизма Ленина и национализации всей земли Махно противопоставил собственность трудящихся… Махно выдвинул анархо-коммунистическую идею общества как «вольной федерации самоуправляемых коммун» – без клас­совых и национальных различий», – деп жазады. Өзін-өзі басқару түрін Дон,Запорожье, Жайық  казактарындағы өз атаманын үкіметтің араласуынсыз сайлауы, шаруашылықтарын жүргізу жолдары, т.б істерінен таба аламыз. Столыпин реформасына дейінгі орыс шаруаларының «общинасы» ауыл шаруашылығында жараса, ал, батыс мемлекеттеріндегі муниципалдық басқару өндіріс орындары бар қалаларда қолдануға келеді.     
Мәскеу түбіндегі бірнеше ауыл 2013 жылы-ақ өзін-өзі басқаруға көшіпті. Бұл туралы «Жители Домодедова провозгласили республику» деген мақалада («Ведомости», 22.08.2013): «Инициативная группа жителей Домодедова объявила о создании Русской демократической республики на территории городского округа и обратилась к Евросоюзу с призывом признать их право на самоопределение. Как пишут «Ведомости», пока они не собираются выходить из состава РФ, но планируют добиваться признания особого статуса. Так, в обращении говорится, что власти нарушили принципы демократического общества, «проигнорировав результаты референдума 2007 года, когда почти 100% жителей Домодедова проголосовали против строительства платной дороги в черте округа», и в 2009 года строительство началось и поселок Матвеевка оказался «под угрозой сноса. Жители Шебанцева пожаловались на давление «коррумпированных чиновников»: они лишены водоснабжения, потому что местные власти «продали деревенскую водонапорную башню в частные руки. Жители деревни Данилово недовольны, что «давно уже лишены возможности свободно посещать лес, собирать грибы, пересекать поля и купаться в озере, так как все принадлежит олигархам».
Инициативная группа требует переноса платной дороги за пределы округа и соблюдения их права собственности, а также признания их права на самоопределение в связи с игнорированием российскими властями их волеизъявления. Они будут добиваться соблюдения приоритетного права местных жителей на управление своей территорией», – деп жазылған.
Бүгінде қазақ оқығандары 1928-29 жыл­дардағы сталиндік коллективтендіру қазақтың дәстүрлі өзін-өзі экономикалық қамтамасыз ету жүйесін жойып халықты зор апаттарға ұшыратқанын жиі айтады. Ал, сол, Сталин қиратқан  жүйемізді заманға икемдей отырып қалпына келтіруге қазір кім бөгет?
Халықтың өзін-өзі басқару үлгілері ре­тінде АҚШ-тағы мормондар, гуттериттер, Алтайдағы «рерихшілдер», Израильдегі, Ин­диядағы қауымдастықтардың да бас­қару және экономикалық қамтамасыз етілуі жолда­рын зерттеп, пайдалануға болады.
4. Халықтың өзін-өзі заңдық тұрғыда басқаруының қазаққа тән формасы – билер институты. Ешкім тағайындамайтын, сайламайтын билер халық ішінен шығып, өзінің  турашылдығымен беделге ие болған. Тіпті, Ресей отарында да 1917 жылға дейін үкімет соттары тек мемлекеттік қыл­мыстарды қарап, ал, қазақ ішіндегі дау-дамайда халық билерге жүгініп келген. Қазір екі адам төбелессе, малы ұрланса да үкімет органдары тергеп, екі жақтан да пара сорып жұтатады, бермесе – түрмелерді толтырады. Посткеңестік елдерде жазалаудың сталиндік жүйесі әлі де сақталынғандықтан сотталғандар санынан алдыңғы қатардамыз. Түрмеге қамалушылар санын азайту, тәртіп сақтау органдарындағы қоррупцияны тыю­дың пәрменді жолы оларға балама – ха­лықтың мемлекетке қатысы жоқ қыл­мыстарда «билерге жүгінуі» дәстүрін қалпына келтіру Билер соты қазақ елінде туа біткен, теңдесі жоқ ерекше құбылыс, тарихта «сот билігінің алтын ғасыры» деп баға берілгенін мойындаған қазіргі үкіметіміз «Дәстүрлі сот билігінің қазіргі таңдағы рөлі», т.с.с. тақырыптарда ғылыми жиындар өткізуде. Алайда, бұл үшін, билерді үкімет тағайындамай, өз дарынымен халық ортасынан шығуына бөгет жасалмауға, сондай-ақ, әділдігімен танылған биге (сотқа) сол ауданның ғана тұрғыны жүгіне алады деген тәртіп  күшін жоюға тиіс.  
5. Кешелері КСРО, Куба, т.б. елдерде бүкіл халықты (тотальный социализм) күштеп социалист етті. Ал, бүгін билік жаппай (тотальный) капиталист болыңдар деп, барша халықтың жағдайы, мінезімен санаспауда. (КСРО кезінде билікте отырып жымқырғандар болмаса, қарапайым көпшілікте капитал қайдан болсын?!). Мұндай «бұйрықпен» социализм, капитализм орнатпақ болу халық наразылығын тудыратыны дәлелденген жай. Ендеше, неге бір мемлекеттің ішінде осы екі түрлі жүйенің де белгілері бар жоба жасамасқа!? Егер, әр адам өзін-өзі қорғауға басқалармен бірдей құқықты болса, онда әр адамда өзгелермен бірлесіп ортақ қатерден қорғану құқығы да болмақ. Сондықтан, «Өзім ешкімді қанамаймын және өзімді ешкімнің қанауына жол бермеймін!» деген ұстанымдағы адамдар (үкіметтен өзіне тиесілі жер телімін, қазба байлықты сатудан түсетін, т.б. үлесін алып) өзін-өзі басқаратын қауымдарға бірігуге тиіс. Адамгершілік, қанағаттық идеясын ұстанған мұндай қауымдастықта әр адам өзі үшін аптасына неше күн, күніне неше сағат жұмыс істеймін десе ерікті, ал бәсекеге түсіп,»миллионер болмақ» кісіге қауымнан шығуына жол ашық болуы керек. Осылай ғана ежелден келе жатқан – адамның бірін-бірі қанауы, күштеуі тыйылмақ. 
Өмірге тек біржақты материалдық пай­дакүнемдікпен қарамайтын, өзін-өзі бас­қаратын  қауымдастықтар құрылғанда ғана бұрын-соңды қоғамды зерттеуші ой­шылдар жасаған жобалар (мысалы: әл-Фарабидің «Әділетті қала», Кампанелланың «Күн қала», Е. Сұлтанмұраттың «Әлемді трансформациялау», С. Ғаббасовтың» Ұрпақ тәрбиесінің жаңа ілімі», ҚазҰТУ ұстаздары С. Әденов, Қ. Котошева, Қ. Нұрғалиевтың «Ұлт және мемлекеттік билік түрлері», М. Әуелбайдың «Алтын ғасыр», т.б. адам­гершілік іліміне қатысты еңбектер) іске асырылмақ. Сонымен, әлемдегі орын алып отырған келеңсіздіктен құтылу үшін «Астыртын әлемдік билік»  пен жергілікті биліктердің «ойындарына» қосылмай, олар­дың ісіне керісінше әрекеттер жасалуы керек екен: билік авторитаризм, диктатура арқылы қоғамды уысында ұстамаққа жанын салса, ал, халық өзін-өзі басқару жолын таңдауы; билік дүниеқоңыздықты мадақтаса – халық адамгершілікті, қанағатшылдықты уағыздауы; билік халықты ұлтын, тегін ұмыттырып сүрең тобырға айналдыруға күш салса – халық өз тарихын, тамырын білу арқылы тектілік жадын сақтауға ұмтылуға тиіс. 
Ата-бабаларымыз Ақордадан бөлініп «қазақ» (еркін, бостан)  атанғанына биыл 550 жыл толып отырғанда «Астыртын әлемдік биліктің» адамзатты жаппай чиптеуіне, соғыстарымен  Жер шарына қауіп төндіруіне балама етіп халық өзін-өзі басқаратын «Адамгершіл» бағдарламамызды ұсынуы­мыз және іске асыруға кірісуіміз – халқымыздың мінезінің әлі де «Қазақ» атына сай екенін әлем жұртшылығына дәлел­демек. Бүгінгі, алмағайып кезеңде елімізді құрдымға құлаудан құтқаруды 550 жыл бұрын Қазақ мемлекетін құрған шығыс түрк (қазақ) рулары ұлттық дәстүрлі жүйемізді қолданып қайтадан өз қолына алып, нығайтуға міндетті. 

Алдыңғы «
Келесі »