ЕЛБАСЫ ҰСЫНҒАН БЕС ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ РЕФОРМАСЫНА БАҒЫТТАЛҒАН АЗАМАТТЫҚ ПІКІР МЕН ҰСЫНЫС

  • 20.08.2015
  • 371 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Гүлхан Нұрадин,
философия ғылымдарының 
кандидаты, доцент, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушысы

Әрбір адам өз туған жері мен Ота­нының бір бөлшегі, сондықтанда, ол отандас, жерлестерге әрдайым бүйрегі бұрып, олардың өмірлеріне алаңдап тұратыны анық. Бұл дала заңдылығын әлем ха­лық­тарының басты ғалымдары зерттеп, зерделеп, әрбірі өз саласына қа­рай ой түйген. Олардың пікірінше, әрбір адамның бойында туған жерінің энер­гетикасы мәңгілікке сақталады. Кей­бір адам­дарда ол әлсізденуі,  көмес­к­і­­ленуі, ал, әлдебіреулерде кү­шеюі, жар­қы­рауы мүмкін, бірақ, түбегейлі жойылып ке­туі мүмкін емес.

Қазақ халқының даналары да сайын даланың құдіретін әлдеқашан сезген, сон­дықтанда, олар сапарға, соғысқа т.б. қайтып келмеуі мүмкін болатындай алыс жерлерге кеткенде өздерімен бірге туған жердің бір уыс топырағын шүберекке түйіп алып жүрген. Ғалымдар пікірімен саралар болсақ, ол топырақтағы энергетика тірі ағзадағы энергетикамен сәйкес кел­ген­діктен оған үнемі қосымша қуат береді, ал, алда-жалда өмірден озған болса, ол іштегі энергетиканың тыншуына мүмкіндік туғызады. Ортағасырлық дін­дар Николай Кузанский «әр адамның тұр­ған жері сол адам үшін жердің кіндігі» деген екен. Олай болса, әрбір Қазақстандық азамат өз жерінде, Отанында, туған топыра­ғында болып жатқан өзгерістерге бей-жай қарауына қақысы жоқ. Бүгінгі ахуал өзге­рісінің басты бағыты Елбасы ұсынған бес институционалды реформа мен оның қа­дам­дық инструкциясы. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген халық формуласына салып қарар болсақ, бұл реформа  бізді дағдарысқа жеткізбейтін жол болмақшы. Осы ойдың жетегінде өзімнің азаматтық көзқарасымды, пікірім мен ұсыныстарымды бөліскім келеді. 
1. (бағытқа сәйкес) ЖАЛПЫҒА БІР­ДЕЙ «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ» ИМИДЖ ҚА­ЛЫПТАСТЫРУ. 
Әрбір ҚР азаматының өз азаматтылығын шын мәнінде мақтан етуі және ел дамуы үшін барын салуы, әлем халықтары арасында «Мен, Қазақстандықпын!» деген жоғары санатты атау қалаптастыруы қажет. Бұл біздің бірлігімізді нығайтып, ұлт аралық қатынастар жағдаяттарын жақсартып қана қоймай, әлем халықтарының арасында өзімізді ерекшелеуге мүмкіндік береді. «Мен, Қазақстандықпын!» деген атауды жадына сіңірген ұрпақ, Қазақстанның өз мақтанышы екенін үндеп тұрады, әрі бұл атаудың үстем болуына өз үлесін қосуға тырысар еді. 
2. (бағытқа сәйкес) ЖАЛПЫҒА БІР­ДЕЙ «АР-НАМЫС КОДЕКСІН» ЕН­ГІЗУ. 
Әрбір ҚР азаматы өз өміріне және өзге өміріне жауапты болуы тиіс, сонымен қатар,  өзінің жақсы өмір сүруіне және басқаның да жақсы өмір сүруіне мүдделі болуы тиіс. Егер, бұл философия идеологияға айналса, қылмыс әлемінде, өз-өзіне қол жұмсауда саябырлық болар еді. Ұрпақ жадына өмір құндылықтарын сіңіре отырып, оның өз өміріне және өзге өміріне жауаптылығын арттыруға күш жұмсау абзал. Ар-намыс кодексі тек мемлекеттік қызметкерлер үшін жұмыс істемей, көшедегі, базардағы, ұжымдағы, отбасындағы әрбір азаматтың қара басын сақтауы және өзгенің арына сызат түсірмеуі қажет секілді. Әрине, бұл бірден нәтиже бермейді, бірақ, мәдениеттілігімізді арттыруға сеп болары анық. Ал, мәдениетті адам ең бірінші заңға бағынатын адам.     
3. (бағытқа сәйкес) ЖАЛПЫҒА БІР­ДЕЙ «ТАЗА ЕҢБЕК, АДАЛ САУДА, ОТ­БАСЫЛЫҚ ҚАРАЖАТ» ҚАТЫНАС­ТА­РЫН НАСИХАТТАУ. 
Әрбір ҚР азаматын өз қызметін адал атқарып, риясыз еңбек етуге шақыру қо­ғам­дық дертке шипа болары анық. Ол үшін еліміздегі ұлағатты ұстаз, абзал дә­рі­­­гер, еңбекқор диханшы, қарапайым дәне­керлеуші сынды тұлғаларды БАҚ ар­қылы насихаттап, жастар санасына әрбір маман­дықтың құрметті, әрі қоғам үшін қажетті екендігін дәріптеу қажеттілігі артады. Ол қарапайым дүкен сөрелеріндегі сатылымға түскен әрбір тауардың сапасына сын түспеуіне, ал, оны тұтынатын тұтынушының тауар сапасына еш күдіксіз пайдаланатынына жағдай жасаудан басталып, әрбір отбасы мүшесінің отбасылық қаржыны есеппен жұмсауын, отбасылық қор жинауын саналарына сіңірумен жал­ғасады. Қазіргі таңдағы әлеуметтік келеңсіздіктердің басым көпшілігі аталмыш мәселелердің салдарынан туындап отыр. Неліктен біз дүкен сөрелеріндегі тауардың сапасына, мерзіміне, қалыпқа (стандартқа) сай ке­луіне бас қатыруымыз керек. Ол тауар дүкен сөресіне жеткенше қажетті инс­танциялардан шын мәнінде өтіп, қауіп­сіз, әрі күдік тудырмайтындай болып тұтынушыға ұсынылуы тиіс. От­басылық қаражаттың тиімді жұм­сал­мау салдарынан қаншама отбасылар зар­дап шегіп отырғаны жасырын емес. Мұ­ның бәрі біздің орта білім беру кезіндегі білімді тұрмыстық қажеттілікке, қарапайым өмірде қолдануға бағыттылмауында. Әрбір лауазымды, жем­қорлыққа ынталы тұлға көлденең пайдамен балаларын асырау, оларға «у» беріп жатқанмен бірдей екенін са­налы түрде ұғынуы тиіс.       
4. (бағытқа сәйкес) ЖАСТАР САНАСЫН МОДИФИКАЦИЯЛАУ АР­ҚЫЛЫ ӘЛЕМДІК ОҚЫТУДЫҢ ОЗЫҚ ҮЛ­ГІЛЕРІНЕ БАҒЫТТАП, БІЛІМ БЕРУ ПАРАДИГМАЛАРЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕН­ГІЗУ. 
Бұл үрдістің нәтижесі бұқаралық сана­ның толеранттылығы мен жоғары мә­де­­ниеттілігінен көрініс алатыны анық. Қа­зір­дің өзінде жастар санасындағы оң өзгерістер жиі байқалады, осы үрдісті (тен­денцияны) жетілдіріп, оларды ғы­лым­ға ден қоюға, өнертапқыштыққа, жа­ңа­­­­шылдық пен көптілдікке ойыстыру қажет. Қазіргі балалардың сана-сезімінің өз­геше екендігімен әрбіріміз келісеміз. Біздің дұрыс бағыттамауымыз оларды қай­шылыққа алып келіп, бойларында біреуге деген өшпенділік, қатыгездікпен қаталдық (агрессия) ­тудырады. Қо­ғам­дағы, білім жүйесіндегі шамадан тыс өзгерістер оларды бағдардан жа­ңыл­дырады. Демек, біз, жастарға этнопедагогиканы іргетас етіп, бойларын «сүз­гіш» қалыптастыруымыз керек. Сонда ғана олар келіп жатқан миллиондаған ақ­па­раттардың қажетін алып, пайдасына жа­­­ратып, қажетсізін лақтырып тастауға үй­­ренеді. Бұл да орта білім беру үрдісіне дағ­­дыға айналатын дүние.    
5. (бағытқа сәйкес) ӘРБІР ҚР АЗА­МА­ТЫНЫҢ ДАМЫҒАН 30 ЕЛДІҢ ҚА­ТА­РЫНА КІРУДІ ӨЗ МАҚСАТЫНА АЙ­­НАЛ­ДЫРУЫ. 
Әрбір қазақстандық осы мақсатты қол­жетімді етуге ұмтылып, саналы түрде «Мәңгілік Ел» платформасын құруға ат салысуы абзал. Әрбіріміздің өмірлік, бір күндік, бір апталық түрлі мақсаттарымыз бар, біріне қол жеткізіп, массаттансақ, екін­шісі арманға ұқсап, мұражайлық мақ­сатқа айналады. Мақсат қою және соған жету жолдарын қарастыру деген мәселелер бар. Біз қарапайым өмірде тым биік мақсат қоямыз немесе мақсат қойып, ал, оған жету жолдары мен сатыларын қарастырмаймыз. Демек, әрбіріміз дамыған 30 елдің қата­рына кіруді қол жетімді мақсат ете отырып, өз бетімізше оған жету жолдарын айқындасақ, бұл жүкті көтеруде, жылжытуда оңайға соғар еді. Сонымен қатар, әрбір адам өмірді қимайды, барынша ұзақ өмір сүргісі келеді, бірақ, жаратқанның заңы бойынша әрбіріміздің өлшенген өміріміз бар, демек, адамға мәңгі болу бұйырмаған. Бірақ, адамдар бірін-бірі жалғастыра алатын тамаша құдіретке ие. Олай болса, біз осы қасиетімізді барынша тиімді (максималды) пайдаланып Елімізді мәңгілік етуге, жекелеген адамдардың армандарын, мақсат-мүдделерін Елді мәңгілік ету арқылы жүзеге асыра аламыз.

 

Алдыңғы «
Келесі »