Кітапхана – бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің негізі

  • 17.06.2015
  • 742 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Кітапханалар мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы интеграциялық үр­діс­терді зерттеу осы интеграцияланудың түр­­лерін анықтау және оны құрылымдауға мүмкіндік берді. Бұл жұмыстардың өзі интеграциялық байланыстардың тереңдігі мен олардың ерекшеліктері негізінде төрт деңгейге топтастыруға болатынын көр­сетті. Бұқаралық ақпарат құралдарының инте­грациялық байланыстары, әсіресе, алуан түрлі ақпарат көздеріне (дәстүрлі әдебиет­тер­мен бірге әртүрлі дәстүрлі емес ақпарат көздерін қамтитын) бай болып келетін әмбе­бап кітапханалардың өнерге арналған бөлім­деріне тән. Осы кітапханалардың өнерге арналған бөлімдерінің қоры телевидениеден гөрі, әсіресе, радиоқұралдары арқылы кеңі­нен таныстырылады, себебі, осындағы ақ­парат­тарды таратуға байланыстың бұл түрі жақсы жабдықталған (дәстүрлі әдебиеттер мен фонотека көлемі изо және видиотекадан анағұрлым бай болып келеді).


Бұқаралық ақпарат құралдарымен инте­гра­циялану қорда сақталған кәдімгі текстік ақпаратты газет немесе журнал беттеріне көшірумен шектеледі, осы жағдайда аудио немесе видео түріндегі ақпарат сақтау­шылардағы осы ақпараттар өзгеріске ұшырауы мүмкін, мұның өзі ақпараттық көркемдік біртұтастығы мен сапасының төмендігіне әсерін тигізеді. Әмбебаптық кітапханалардың интернет жүйесі мен интеграциялануы бас­па және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарына тән осындай кемшіліктерді  бол­дырмайды, бұл жағдайда текстік сондай-ақ аудивизуалды ақпараттарды бірдей таратуға мүмкіндік болады. Кітапханалардың өнерге алын­ған бөлімдері мен бұқаралық ақпарат құрал­дары арасындағы интеграцияланудың, бірінші деңгейі «кездейсоқтық толықтыру (интеграция)», яғни, кітапханашылар мен библио­графтардың журналистер сауалына жау­ап беруі түрінде өтеді. Бұл кезеңдегі кітап­хана БАҚ-ң жұмысында тікелей көрін­бейді, журналистер материалдарында ақпарат көздері таныстырылмайды. Интегра­циялық   байланыстардың бірінші деңгейі іс жүзінде барлық  кітапханаларға және БАҚ-на тән. 
Кітапханалар мен БАҚ-ң интеграциялық бай­ланыстардың дамуына кедергі болып отыр­ған факторлардың ең алғашқысы – қазіргі қоғамның ақпараттық қажеттілігіне сай емес, тиім­ділігі төмен жұмыстар жүргізіп отырған кітапханалардың іс-қызметін атауға болар еді.(осы орайда аталмыш жұмыстарды жүргізудің методологиялық базасының да төмен екендігі қолбайлау болуда). Тағы бір дәлелді себеп – өнерге арналған бөлім қорының жағдайы. Кі­тап­ханалар өнер саласына арналған әдебиет­терді, соңғы кездегі олардың жалпы көлемінің артуына қарамастан, жеткілікті мөлшерде ала алмай отыр. Сондықтан, қазіргі кезде бұл қорлар, оқырмандардың жаңа әдебиетке де­ген сұранысын толық қанағаттандырмайды. Кітапханалар мен бұқаралық ақпарат құралда­ры­ның интеграциялық мүмкіндіктерін шектеп отырған факторлардың тағы бірі  – «кітап дүкені-БАҚ», «кітап баспасы- БАҚ» типтері бойынша, өте кең таралатын және экономикалық тиімді-интеграциялық байланыс болып табылады. Осындай интеграциялық байланыс жаңа әде­биеттер туралы шұғыл мәліметтер бере алады, ол сонымен бірге коммерциялық тұр­ғы­дан өте тартымды болып есептеледі. Іс жүзінде, кітапханалар мен БАҚ-ның интегра­циялануына кедергі болып отырған факторды әлсірету мүмкін болмай отыр. Сондықтан, кітапханалар жұмысына төмендегідей бағдар беру қажет сияқты:
өнер бөлімдерінің қорында бар материал­дарды жарнамалау;
БАҚ-ң оқырмандарын (тыңдармандары мен көрермендерін) және Интернет пайдала­нушыларды өзінің іс-қимылдары­ның әртүрлі бағыттары туралы мәліметтермен қамтамасыз ету.
Электронды БАҚ-да өнер бөлімдері қо­рын­­дағы дәстүрлі емес ақпарат сақтаушы­ларды пайдалануда шектеудің факторларына ең алдымен осы қорды құрайтын аудио және бейнелік ақпарат сақтаушыларының тех­ни­калық жағдайының нашарлауы (үне­мі пай­далануы себепті), екінші жағынан қазіргі электронды БАҚ-да пайдаланатын қордың ақпараттық материалдарының әр­түрлі форматта болуы, үшіншіден кітап­хана жүйелерін ком­пьютерлендірудің толық аяқталмай отыруы себептерімен түсін­дірі­леді. Осы проблемаларды ескере оты­рып, аудивизуалды формада болатын ақпа­раттық материалдарды сақтайтын, есепке алатын, қайта құрастыратын және іздестіретін аймақ­тық мамандандырылған мемлекеттік қорын құру туралы ұсыныстар өмірге келді. Мұндай бастама аймақтық деңгейде ауди­визуалды құжаттарды жинақтай және жүйелей оты­рып кітапханалар, мұрағат пен мұражай жұмыс­тарын жандандыруға ықпалын тигізеді.     
Мұрағат мекемелерінің жаңа типі болып табылатын кітапхана-мұрағат алғаш 1990 жылы Қазақстан мәдениет қоры жанынан ашылуы, іс-қимылдар формасының өркенді саласы бола алатынын танытты. Осы кітапхана-мұрағатта сақталған құжаттар көптеген мақалалар мен ғылыми басылымдардың жарыққа шығуына арқау болуда. Бұл мекемеге бірнеше жүздеген ізденушілер – студенттер журналистер, та­рих­шылар, әдебиетшілер келіп, қажетті мате­­риалдарды пайдалана алады. Ресейлік мәде­ниет қоры кітапхана-мұрағатының  белсенді және жан-жақты жұмысының осындай көп­теген ізденушілерді барынша кең қамтуға қол жеткізіп отырғандығы ең алдымен осы мекеме қорының барынша ашық болуға ұмты­луымен түсіндіріледі.
Аудиовизуалды материалдардың аймақтық қоры жұмысының негізгі міндеттеріне: із­дес­тіру, сандық таңбалау, қайта қалпына келтіру, мұрағаттау және Қазақстанда болып жатқан елеулі оқиғалар мен тарихи фактілерді жариялау кіреді.
Қордың жұмысының басты бағыттарына мыналар жатады:
БАҚ-ң өкілдерінің кәсіби іс-қызметіне қажетті материалдарды дайындап беру;
әмбебапты кітапханалар, мұрағаттар және мұражайлармен ақпараттық өзара қарым-қатынас. Әртүрлі ғылым салаларының ма­ман­дары және ғалымдарымен бірігіп жұ­мыс жасау;
өлкетанулық тақырыптардағы бағдарла­малар жасауға қатысу, аймақтық мектептер мен жоғары оқу орындарына арналған аудио және бейне құралдар әзірлеу;
электрондық жүйелердегі ақпараттық іс-қызметті жүзеге асыру: қор каталогын ин­­тер­нетке шығару, ақпарат, оның ішінде аудиовизуалды ақпараттармен алмасу (интер­нетті пайдаланып, қорды толықтыру).
Аудиовизуалдық материалдардың аймақ­тық қорының кітапханалар, мұрағат, мұра­жайлар, оқу орындары және ғылыми-зерттеу меке­мелерімен интеграциялануы аймақта, соның негізінде Қазақстанда жүріп жатқан инновациялық процестердің қарқындауына ті­келей әсерін тигізеді деп тұжырымдауға бо­лады.  
                           
Толқын Салменбаева,
Абай атындағы ҚазҰПУ
магистранты

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Фонды отделов искусств – универсальный ресурс электронных СМИ и Интернет. // Проблемы информационной культуры: сб. статей. Вып. № 10 Информационная культура специалиста гуманитарной сферы. – Краснодар, 2001. – С. 143 – 149.
2. Панфилова Л.А., Гапоненко В.В. Цифровые диски – хранители истории Кубани // Кубань: проблемы культуры и информатизации. – 2000. – № 2. – С. 21.
3. Гапоненко В.В. Интеграция деятельности библиотек и средств массовой информации: региональный аспект.// Интеллект молодых – родному городу: Тез. докладов Первой городской научно-практической конференции молодых ученых. – Краснодар, 1998. – С.19 – 20.
4. Гапоненко В.В. Проблемы интеграции универсальных библиотек и СМИ.// Наука Кубани. – 2001. – № 2. – С. 59 – 60.

Алдыңғы «
Келесі »