Сиыржоңышқа сорт үлгілерін селекция мақсатында іріктеу

  • 17.06.2015
  • 1085 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Қазақстан Республикасының экономи­калық және әлеуметтік даму бағыттары негізінде аталып өткендей, ең өзекті мәселе болып есептелетін міндеттердің бірі, ма­лазықтық өндірісті түбірімен жақсарту, отандық мал шаруашылығының  барлық азықтық қорын қамтамасыз ету және сол үшін жан-жақты бағдарламалар жасап оны іске асыру. Бұл мемлекетіміздің азықтық базасын жасаудың берік жолы болып табылады. Осыған орай, Республика көле­мінде барлық малазықтық дақылдардың, жүгерінің, көпжылдық және бір жылдық жайылымдық шөптердің өнімділігін арттыру, әсіресе, суармалы жерлерде малазықтық өндірісті ұлғайту, тұзды аймақтарды игерудің қарқынын күшейту, шөптердің тұқым ша­руа­шылығын жөндеу, әсіресе жоңышқа мен сиыржоңышқасының т.б. Қазақстанда сиыржоңышқасы малазықтық дақылдардың ішіндегі ең құнды, келешегі мол шөп болып табылады.Ол құрғақшылыққа, қысқы суыққа, басқа да сыртқы орта жағдайларының әсерлеріне төзімді, әсіресе таулы, тау бөкте­ріндегі аудандарда. Сонымен бірге, өте қуаң­шылық аймақтарда жақсы өсіп, мол өнім бере алады. Сиыржоңышқасының ең негізгі бағалы құндылығы оның құрамындағы жұ­ғымдылық заттары – протеині, саруызы, минерал тұздары мен витаминдердің көп мөлшерде болуында. Сонымен қатар, ол жердің құнарлылығын  арттырып, бал шаруашылығына да жақсы әсері болады. Сондықтан да, Қазақстанда сиыржоңышқа дақылының егіс көлемін кеңейтіп, одан өте жоғары өнім жинау ең өзекті мәселе екендігі ғылымда дәлелденіп келеді. 


Қазақстан аумағындағы аудандарда сиыржоңышқа сорттарының саны санаулы-ақ:  Песчанный 1251, Песчанный улучшенный, Северокавказдың двуукоеный, Гибрид 15, тек қана соңғы екі жылда тағы да Алма-Атинский 1 және Алма-Атинский сорттары қосылды. Көрсетілген бар­лық сорттардың көпшілігінің шығу тегі басқа аймақтардан. Бұл сорттар біздің республикамыздың топырақтық-климаттық аймақтарын қамтамасыз ете алмайды және де бірнеше көрсеткіштері бойынша өндірістің сұраныстарына толық сәйкес келмейді. Сондықтан да, отандық селекционерлердің алдында сиыржоңышқаның жаңа жоғары өсінді сорттарын шығару бағдарламасы тұр, ол сорттар әртүрлі, климаттық аймақтарға бейімделген болуымен қатар, шаруашылыққа бағалы белгілері мен биологиялық көрсет­кіштері толықтай қабілетті болуы шарт.
Республикада аудандастырылған сиыр­жоңышқа сорттары жалпы сұрыптау, сорт аралық және түраралық будандастыру әдістерімен шығарылған, соның нәти­жесінде дақылдың өнімділігі 20-30% артты. Бұл дақылдың жоғары өнімді сорттарын шығару селекцияның жаңа әдістерін тал­қылауды қажет етеді, оның ішінде өсімдік биотипін будандастыру, әртүрлі экологиялық-географиялық аймақтарда шық­қан сорт-популяцияларын пайдалану негізінде жүргізілуі қажет.
Сиыржоңышқаны егістікте, пішендікте себілген шөп ретінде, көк балауса және жайылымдық азық үшін табысты пайдаланады.Оның ішінде өсімдік өмірлік жағдайда қажеттілікті көп керек етпейтін болғандықтан ол кең  көлемде жайылымдықтарда таралуына негіз бар. Бұл жерде сиыржоңышқаның кең таралуына сорттардың әсері жоғары, олар сол жердің барлық жағдайларына жүргі­зілді,негізгі белгілері бойынша өзгергіштік қасиеттері анықталды. Өсімдіктің ұзын­дығы мен өнімділігінің арасындағы кор­ре­ляциялық байланысы белгіленді. Көп­жылдарғы зерттеулердің негізінде және сұрыптау бағасына байланысты 1578 өсімдік бөлініп алынды, жемдік және дәнділік өнімділігіне, даму қарқынына, дәнінің түсіп қалуына шыдамдылығына және өсімдіктің құлап қалуына, құрғақшылыққа, қыстың суығына, ылғалға икемділігіне, өмірінің ұзақтығына, ауруларды қалай сезетініне, бұтақтарының тұрпатына, жапырақ жаюы­на,сабағының шыдамдылығына, протеин және басқа белгілеріне байланысты биотиптер үш тармаққа-егістік, оруға және жайылымдарының типтеріне бөлінді.Сиыржоңышқа өсімдігінің ең жақсы био­типтері мал өнімді жаңа сорт шығару үшін будандастыру жұмысына пайдаланылды.Осы будандастырудан алынған  80-нен астам популяциялар алынып олар 1984 жылы бақылау көмегінде тексерістен өтті.
Сиыржоңышқа Onobrychis Adans (Toura) туысына, бұршақ тұқымдастарына (Yeguminosae) және Мотылковты туыстар­мағы­на (Papilo-noceae) жатады. Еуразияда және Африкада 130-дан астам түрі белгілі, оның ішінде 62 түрі бұрынғы КСРО-ның әртүрлі экологиялық-географиялық ай­мақтарында өседі. Сиыржоңышқаның барлық белгілі болған түрлері мен экологиялық әр­түрлілігіне байланысты өндірісте бірнеше түрлері: Закавказдық, Песчаный және кәдімгі сиыржоңышқа сорттары мен жергілікті түрлердің түраралық будандастырудың сұрыптауынан алынғаны белгілі. Сиыр­жоңышқаның  сорттары мен оның жабайы өсетін түрлері өзінің биологиялық ерекше­ліктеріне  байланысты және шаруашы­лыққа бағалы құндылықтарына байланысты селекция үшін ең бағалы алғашқы магмал болып табылады (Константинов 1978). Сиыржоңышқа дақылы мыңдаған жылдар бойы өсіп келеді. Бірінші атауы Nebrychis Диоскарида 1 ғасырдан (біздің эраға дейін) бастау алады (Кузнецов,1969). Оңтүстік Францияда сиыржоңышқаның выколось түрі 1582 ж егіледі, Англияда XVII ғасырдың 40-жылдарынан басталады, Германияда және Италияда  XVIII  ғасырдан бастап егіледі. Осы елдерде сиыржоңышқаның выколості түрі XIX ғасырдан бастап біртіндеп Еуропаның басқа елдеріне таралды, оның ішінде Ресейге де келеді (Матевсян,1950; Яценко,1951).
Зерттеушілердің айтуынша, жабайы өсетін  сиыржоңышқа дақылы сол кездердің алғашқы жылдарынан бастап-ақ шөптік және дәндік өнімдерді жаны бергенін айтады және осы жеңілдік көптеген ғалымдардың назарын аударды. Қазақстанда сиыржоңышқа дақылы салыстырмалы түрде өте жаңа да­қыл болып табылады. Бұл жерде тек қана 1950 жылдардан бастап еккені байқалады,  басқа көпжылдық бұршақ өсімдігінен айырмашылығы ол өсу ортасына бейімділігі, жасыл массаның өнімділігі өте жоғары, пішені де, дәні де және жемдік құндылығы да өте жоғары болуымен ерекшеленеді. Сонымен, сиыржоңышқаның пішені орташа 53,5 к.е., шикі протеині -15%, өңделген болып-7,8% болса, пішені мен жасыл жемін жануарлар талғамай, қарқынды түрде жей береді (Андреев, 1975).
Сиыржоңышқа әртүрлі топырақты-климаттық жағдайларды талғамай соған бейімделгіш келеді. Ол республикамыздың таулы,тау бөктерінде, аса қатты құрғақшылық аймақтарда өсе алады. Өзінің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты өнімді аз беретін жерлерде де өсе алады және жақсы өнім беретін қабілеті де болады және келесі егілетін дақылға да жақсы жағдай ту­ғызады. Сиыржоңышқа – құрғақшылықтың дақылы, онда аса  қарқынды тамыр системасы жегілген, ол жердің терең қабатына дейін бойлаған. Көптеген ғалымдардың алған нәтижелері бойынша сиыржоңышқа құрғақшылыққа төзімділігі бойынша, жо­ңышқадан да жоғары (Глаадкий, Касымов, Яценко, 1971; Каращук,1978)
Қазақтың егіншілік ғылыми-зерттеу инс­титутының, сонымен қатар басқа да Қазақстанның ғылыми-зерттеу мекемелерінің қорытындылары бойынша, таулы аймақ­тарды және далалық құрғақшылық жағ­дайда сиыржоңышқа өзінің биологиялық ерекшеліктері бойынша басқа бұршақ тұқымдас өсімдіктерге қарағанда егістікте себетін келешегі жоғары дақыл болып саналады.

Перизат Омарова,
Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің магистранты

Алдыңғы «
Келесі »