АСЫЛ МҰРАМЫЗДЫҢ ЖАҢА КІТАБЫ

  • 17.06.2015
  • 607 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Дүниежүзілік  деңгейдегі классика­лық шығармалар қатарына енген махаббат дастаны «Қыз Жібек» бір ғасырдан бері өзгертілмеген, бұрмаланған қалпында жалғасын тауып келеді. Дастан қалай бұрмаланғанын ауыз әдебиетін зерттеуші Сейітқали Қараменді 1991 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде «Бекежан да бір арыс» атты мақаласында жариялаған. Көне­көз фольклоршы XIX ғасырда өмір сүрген суырып-салма ақын, композитор, әнші Сегіз серінің (Мұхаметқанапия Баһрамұлы) «Қыз Жібек» жырының нұсқасын зерттеп, қорытынды шығарған Төлегеннің өліміне Бекежанның ешқандай қатынасы жоқ деген.
Сегіз сері өз жырында – Жібек сұлу Сыр­лы­­­байқызының аузынан Шегеге былайша жауап бергізеді. 
Көк жорға ат біздің қолда алтын                     жабдық,
Астынан қарақшының тартып                      алдық.
Бір елдің төресіндей ғашығымды,
Өлтірген Кескентерек жолда аңдып.
Әдебиет зерттеуші М.Есламғалиұлы («Парасат» журналы 11.11.2000 ж.), әде­биет­ші-академик Р.Бердібай («Қа­зақ әде­биеті» газеті 21.02.2003 ж.) С. Қара­мен­ді­нің ой-пікірін қолдап, Төлегенді өлтірген Беке­жан емес деген тұжырымға келген. 
«Қыз Жібек» дастанын кім, қашан бұр­малап, жалғандықты баспадан шығар­ған, өткен ғасырдың басында Көкбай ақын «Жү­сіпбек Шайқысламұлына» атты өлең­дерінде (үзінділер).
Арнадым осы өлеңді Қожа текке,
Ұрлығың аян болды дүйім көпке…
Қожа сен қулығыңды асырыпсың,
Қазанда бұл қиссаны бастырыпсың.
Өзіңе өз қылмысың майдай жағып,
Бойыңнан ар-иманды                          қашырыпсың.
Бұл қисса Орта жүздің Керейінен
Қазақтың Сегіз сері мерейінен…
Сегіздің көп қиссаны шығарғанын,
Әлі де ұмытқан жоқ қазақ елі…
Арнаған сын өлеңді кім десеңіз,
Шәкіртімін Абайдың атым Көкбай
(Сейітқали Қараменді «Абайдан сабақ алдым бала жастан», Алматы, 2005 ж.). 
Бүгінге дейін «Қыз Жібек» операсы, драмасы, киноның кейіпкерлері, сюжеті ақиқатқа жетпей келеді. Сондай-ақ, осы күнге дейін классикаға айналған Сегіз серінің әндері анықталса да халық әндері деп жарияланып жүр (Сегіз серінің өмірі  мен шығармашылық туындылары туралы 260-тан астам мақала, 45 кітап жазылыпты). Ал, Сегіз серінің әндері кімге, қай жерде дүниеге келгенін, оның шәкірті Жаяу Мұса Байжанұлы «Ер Сегіз» толғауында (үзінділер).
Сал Сегіз өзге ақыннан болған                 басым,
Шығарған Мақпалға арнап,                     «Гауһартасын»…
Таралған қолтаңбамен Кіші жүзде,
Сегіздің «Айман-Шолпан»,                     «Қыз Жібегі»…
Омбыда Мұқарима сұлуға арнап,
Шығарған алғашқы әні                           «Наз қоңырды»…
Шығардым Сегіз сері 
            «Көкем-айын»,
«Ерден көк», «Алқоңыр» мен                     «Сәулем-айын».
«Бозшұбар», «Қыз әлемі» әнін 
                     айттым,
Несіне сауық құрмай қорғалайын.
Жігіттер өнер қусаң, Сегізге ұқса,
Шәкірті Сегіз сері, атым Мұса. 
Қазақтың ел қорғаны 
               мақтаныш қой,
Үш жүзде ер Сегіздей көп ұл туса.
Тағы да басқа Сегіз сері туралы әдеби деректер 46-шы кітапта ЖШС – «Дәуір» баспасынан «Сегіз сері (Мұхаметқанапия Ба­һрамұлы) шығармашылығы – қазақ хал­қы­ның асыл мұрасы» атымен таяуда шықты. 
Бұл кітап Гүлсім Дәркенбаеваның 2011 жылы қорғаған магистрлік диссерта­циясы­ның негізінде жазылған. 

Төлеубек ҚАРАМЕҢДІТЕГІ

Алдыңғы «
Келесі »