ПАТРИОТИЗМ ЖӘНЕ МЕЩАНДЫҚ

  • 18.05.2015
  • 575 рет оқылды
  • 2

Аманхан ӘЛІМҰЛЫ,
«Ақиқат»

Бұл мәселеге қайта оралуымыздың сыры, осыдан біраз уа­қыт бұрынғы жазылған «Қазаққа патриотизм керек пе?» деген ма­қа­ла­мыз­ға орай редакцияға түскен хаттар мен шалынған те­ле­фон­дар­дың аз болмағандығынан болып отыр. Біз қазір сол хат­тар­дың ішінен іріктеліп алынған үшеуіне тоқталсақ деп отырмыз. Өйткені, әңгімемізге арқау болатын хаттардың қай-қай­сы­сы­нан да патриотизмге деген көзқарастың жалпыұлттық кө­­рі­­ні­­сін кө­ру­ге болады.

Мысалы, байқоңырлық Ертай Жұмағазиев өзінің «Қа­зақтан­дық патриотизм неден басталады?» атты мақаласында: «демократияны үйренуге болады, ал, отаншылдық сезімді тәр­бие­леу керек. Тәрбиенің негізі тарихта. Ал, тәрбие мен таих­тың негізі мектепте. Сайып келгенде мұның бар­лы­ғы эко­но­ми­ка­ға тіреледі. Қазақ халқы «Ораза-намаз тоқ­тық­та» деп айтса да, өз елін, жерін қорғауда «мың өліп, мың ті­ріл­ген» жоқ па? Әрбір адамның патриоттығы бір ғана әре­ке­ті­нен көрінуі мүмкін. Және сол әрекетті жа­са­ған­нан кейін, со­ған лайық болып өзін ұстап жүруі одан да ма­ңыз­ды», – дей келіп ол: «Мемлекеттік қызметкер патриотизмнің үл­гісін көр­се­ту­ге тиісті. Енді, бірнеше жылдардан кейін еліміз мық­ты дамыған елге айналған сәтте осындай күйге тез жетуге қызмет жасаған азаматтардың аты аталады. Сол кезде олардың есімдерін халық өзі айтатын болса, солар ғана патриот болып, тарихта қалады. Сон­дық­тан, бүгінгі мемлекеттік қызметкерлер, ертең жазылатын «қазіргі заман та­ри­хы­ның» кейіпкерлері екенін то­лық түсінсе екен», – дейді.
Міне, осындағы басқа қаріппен терілген «дадан» басталған ой-пікір мен тұжырым маған ұнайды. Шынында да, қанша әлеу­мет­тік-экономикалық қиындық-қыспағында жүрсе де халық еш уа­қыт­та патриотизм мен қарынды жаңылыстырмаған. Ав­тор­дың айтпағы да сол. Мәселеге осы хат иесі Ертайдай қа­ра­ған кезде ғана біз қазақ патриотизміне қол жеткізу арқылы, жал­пы­қа­зақ­стан­дық патриотизм қалыптастырамыз. Ал, ендігі бір хат­тың авторы, тарих ғылымының докторы, профессор, соғыс ардагері ибраһим Шәмшәтұлы болса өзінің «Фашистік идеологияны  ұя­сын­да тұншықтыру қажет» деген мақаласында біз қойған «гунькин кім?» деген сауалға: «Мен өзім бұдан Гунькин нео­фашист (жа­ңа­ша фашист) екен» – деген қорытындыға келдім. Өйт­ке­ні, ол Гитлер фашизмінің нәсілшілдік қисынын жаң­ғыр­тып, оны қазақ ұлтына зәрлі өшпенділікке толы жиіркеніштілікпен таңып отыр. Қазақты барынша қор­лай­тын, ұлттық намысын аяққа таптайтын сөздерді аянбай-ақ ізденіп тапқан», – дейді де мақаласын «заң орындарына жолдап, (Гунькин туралы – А.Ә.) заңмен айналысатын намысты қа­зақ азаматтарының бұл өрескел заңсыздық тө­ңі­ре­гін­де қо­ғам­дық пікір ұйымдастыруы қажет деп санаймын» деп аяқ­тай­ды. Құрметті тарихшы ағамыздың осы мәселеге нем­құ­рай­ды қарамағанына мың да бір рахмет!
Ендігі бір тоқталатын көп пікірлердің бірі – жазушы Ғаб­бас Қабышұлының «Дүние күйіп кетпес, інім» атты жауап-хаты. Онда құрметті Ғабекең «Аманхан, әуелі бір әзіл айтып алуыма мұрсат бер: осы газетте әңгімем, мақалам шық­қан­да авторлығым паспортымдағыша «Ғаббас Қабышұлы» ай­ғақ­та­ла­ды да, маған қатысты бірдеңе жазылса «Ғаббас Қа­бы­шев» делінем, сонда «совет өкіметін аңсаушы» кім бол­ға­ны?.. Жарайды жауабымды бастайын. Тек, ескерте отырайын: Менің «совет өкіметін аңсауым» мен қазақ пат­рио­тиз­мі­нің» арасында ешқандай байланыс жоқ, сон­дық­тан, одан-бұдан дәйек сөз құрап қарымта қайыруды көз­де­мей­мін. Патриотизм десек, менің қанымдағы бұл сезім се­нің қа­сы­ғың­мен де, уысыңмен де өлшенбейді», – дейді. шынында да, патриотизм ешуақытта да менің «қасығыммен де, уысыммен де» өлшенбеуі керек. Ол әркімнің іс-әрекеті және көп­ші­лік алдында айтқан сөзімен екшеленіп, өлшенуі тиіс. Ав­тор­дың аты-жөніне келсек, ол совет өкіметін аңсаудан емес, осы жол ие­сі­нің қателігінен ғана кеткен жай.
Енді, құрметті Ғабекең хатын қалай жалғайды дейсіз ғой. Оқиық. «Иә, Қаракерей Қабанбай бабамыз бен Әнуар Әлім­жа­нов ағамыздың думаны болып өткен Талдықорған өңіріндегі көп әңгімелердің бірінде топ алдында: мен өзі кейде совет өкі­­­ме­­­тін аңсаймын! – дедім. Айтқызған себеп мағлұм етілген-ді. Әне­­кең туралы естеліктер жинағын құрастыруды қолға алдым да, ойға қалдым. Шет елдерде, Ресейдің түкпір-түкпірінде, кешегі одақ­тас республикаларда Әнекеңнің жолдас­тары, достары, сырластары көп еді ғой, соларды сөйлетсем дедім. Білетіндеріме жиыны отыздан аса хат жолдадым. Әрине, Жазушылар одақтары ар­қы­лы. Үш-ақ жауап алдым (естелік жолдағандары). Бас­қа­ла­ры­ның қалыс қалғаны – Әнуардың аруағын сый­ла­ма­ған­да­ры емес, кешегі ынтымақты республикалардың бүгінде бір-бірінен қол үзіп, өз қорасынан шыға алмай омалып отырғандығы. Біз­дің жазушылар одағымызда алыс-жақын шет елдерге бір жазушыны жолсапарға аттандырар қаражат жоғындай тауқымет оларда да бар, ал, жеке жазушыларда өз беттерімен бізге келе қояр қалта жоқ. Үш жауаптың бірінің авторы: естелікті жазып отырып қатты қапаландым, тіпті, аяқтамай тастай салғым келді. Егер, ертең Әнуардың мерейтойына шақырар болсаңыздар, ба­ру­ға менің өзімде де, Жазушылар ұйымымызда да ақша жоқ. Сіз­дер­дің одақтарыңыз да жол шығынымызды баяғыдай көтеріп алмас, – депті. Солай қапаланумен қолы байланғандардың ха­лін түсіндім. Совет өкіметі тұсында бұндай бейшаралық бол­ма­ған. Ақар-шақар араласып, барып-келіп, мәз-мәйрам жү­ре­тін­біз. Шығармашылық адамдарына сондай байланыс өте қажет-ті. «Жақын шет елдерде» менің де біраз дос-жолдастарым бар, амал не, не хатпен, не телефонмен хабарласып тұрудан қалдық. Мысалы, Мәскеуге бір хат салсам 100 тең­ге, бір мәрте телефон шалсаң – 500 теңге!.. Мен совет өкі­ме­тін осы ыңғайда әрқашан аңсаймын», дейді. Реті келгенде айта кетейік, құрметті (Әнекең), Әнуар Әлім­жа­нов­тың мерейтойы керемет өтті. Бір ел-жұрт атап өтсе осылай атап өтсін. Олар жоқшылық не таршылық туралы ләм деп сыр берген жоқ-ау, сыр берген жоқ. Ел қашанда патриот. азаматтарын ешқашан жерге қаратпаған.
Совет өкіметі қанша берсе, сонша алғанын да елеп-ескергеніміз жөн. Енді, Ғабекең бір сөзінде «совет өкіметінің ар­қа­сын­да Мәскеудің төрінде талай тайраңдаған Аманхан інім, мәс­кеу­лік дос-жолдастарыңмен емін-еркін араласқан, ойнап-күл­ген өлеңдеріңді, тәржімелескен күндеріңді сен де аң­сай­тын шы­ғар­сың-ау!» дейді. Иә, аңсаймын. Бірақ, совет өкі­ме­тін емес, сол кезге тап келген жастығымды, жіберген қа­телік­те­рім мен же­тіс­тік­те­рім­ді аңсаймын. Өзін зиялы санайтын әрбір азамат ел-жұрттың алдына шық­қан­да әрбір сөзіне жауап беріп, оларды өткенді көксеуге емес, қазіргі қол жеткізген тәуелсіздік пен егемендікті қорғау керектігіне үйретуге тиіс.
Міне, құрметті оқырман, «Қазаққа патриотизм керек пе?» дегенде біз алдымен қалың жұртшылыққа ой салып, көкейкесті бір мәселені қозғасақ деген едік. Оның ықпалы қаншалықты бол­ға­ны­на уақыттың өзі төреші.
Қазіргі қолда бар, басымызға қонған бақ – тәуелсіздіктің қа­дір-қасиетін түсінуіміз керек. Ештеңе көктен түсе қалмайды. Қай нәрсенің де себеп-салдары болады. Қазір кейбір ел-жұрт со тәуелсіздік үшін жан беріп, жан алысуда. Мәселеге осы тұр­ғы­дан келгенде біз ойлануға тиіспіз. Қазақ халқының оған то­лық құқы бар. Сол жолда ол аз қан төгіп, аз көз жасын көл еткен жоқ. Егер, әр ғасырдағы ұлт басына төнген қайғы-қа­сі­рет­тер­ді теріп, термелей берсек, онда оған біздің қаламымыздың да сиясы жетпеген болар еді. Сонымен, патриотизм дегеніміз не? Азды-көпті арлы-берлі тарихқа көз салып, тасқа басылған шежіре-сырларға үңіл­сек, ол алдымен адамға туа берді берілетін қасиет екен. патриотизм – территориялық, ұлттық және мемлекеттік атты қа­сиет­ті ұғымдардың баламасы дерлікке келерлік, оларды көз­дің қа­ра­шы­ғын­дай сақтап, сүюден құрылған ұлы сезімнен тұ­ра­тын құ­бы­лыс. Ол туа бітті бойыңа дарып, қансіңді өсу үс­тін­де қа­лып­та­са­тын процесс. Оның әртүрлі тарихи жағдай-жағ­даят­тар­ға байланысты өшіп қалуы да ғажап емес. Неге екенін қай­дам, қазіргі барлық қайғы-қасірет пен ауыртпалықты, ел басына түс­кен қиын-қыстау және едәуір ұзаққа созылған, мүм­кін әлі де созылатын бар мен жоқтың арасына жік түсірген бас­қа да жағ­дай­лар­ды қоғамдағы әрі мемлекеттегі әлеуметтік-эко­но­ми­ка­лық ты­ғы­рық­тан көру ерекше белең алуда. Хош, оны да дұ­рыс делік-ақ. Сонда, ертелі-кеш көші ілгері кеткен кейбір мемлекеттер сияқты өркениетке қол жеткізгенде, қазақша айтқанда, «ала­қа­ны­мыз­ға қарға тышқанда» елге не дейміз? Ендеше, ең қа­тер­лі­сі ол емес, қатерлісі ұлттың рухы сынып, қазіргі тә­уел­сіз­дік пен егемендікті тәрк ете отырып, бір кездегі қарны тоқ, қай­ғы­сы жоқ кеңестік кезеңдегі жалпыхалықтық социализммен, бір кезде «еуропаны елесі кезген» коммунизмді аңсау екен. Біз қа­зір, бір кезде қилы себептермен ыдырап, енді әр түрлі іші сырт­қы тарихи ситуацияларға байланысты қайта шаңырақ кө­тер­ген ұлт­тық рухани және ұлттық-мемлекеттік негізіміздің заманына ла­йық формада қайта қалыптасып, жаңарып, жасарып келе жат­қа­нын барлық ұлттық болмысымызбен сезініп, білуіміз керек.
Рухсыз материя тарихымызды қалып­тастыра алмайды. Алып территориямызды жат ниет, сырт суық көзден қорғап қалу үшін жаңаша қалыптасқан ұлттық және саяси ерік-еркіндігі болмаса, онда сөз еткелі отырған ұлттық патриотизміміздің құны көк тиын. Ал, оның бәрі ұлттық сана-сезімнен көрініп, осындай әлеу­мет­тік-экономикалық дағдарыстан енді-енді еңсе кө­те­ріп келе жат­қан кезеңде айғақталатын процесс. Сондықтан да, қа­зақ менталитетін, Қазақстанды тәуелсіз егеменді ел ретінде қа­лып­тас­ты­ру экономикалық  және стратегиялық позицияның мық­ты­лы­ғы­мен ғана шектеліп қоймайды, ол ұлттың аш, тоқтығына, қа­ра­май өзі мекендеген территорияны, мемлекет және сол өзі ие­лік еткен егемен қоғамды өлердей сүюден басталады.
Қазақ халқының ұлттық және мем­ле­кеттік тәні мен жанын күйретуге қазір ешқандай атомның да, нейтрон бомбасының да қажеті жоқ, оған тек ұлтты жасытып-жасқандыратын ақ­па­рат­тық кеңістік арқылы рухани экспанция жүргізудің өзі-ақ же­тіп жатыр. Ол кез келген жоғарыдағы аталған бом­ба­ла­рың­нан да күшті. Қазіргі топырақта өнбеген, қазақ менталитетіне жат бейдін, беймәдениет жалған бірігіп-тұтасу секілді сан түрлі айла-тәсілдермен келіп жатқан қару-жарақсыз күштер соның ай­ға­ғы. Олардың мақсаты – ұлттың өткенін, қарны тоқ кезін а­ңса­тып болашаққа күдікпен қарату. Яғни, ұлтты ҮРЕЙДЕ ұстау прин­ципіндегі бағыт-бағдар. Алхимиктер тілімен айтсақ, «араластыра отырып қоюлату» негізіндегі тәртіп.
Халық – жалпы, ұлт – жалқы есім. Ұлт – жеке тұлғада, ха­лық – ұжым. Халықтың да адамдыкі сияқты рухы, жаны және тәні болады. Яғни, оларға қоса сенімі, мәдениеті және ұлт­тық мемлекеттілігі бар деген сөз. Халықтың ұлттық және мемлекеттік, территориялық денесі жайыла келе күйреген тұс­тан, оның жаны мен рухы өледі. Ал, оларды аман сақтап тұ­ра­тын ұлы сезім – ұлттық иммунитет пен патриотизм. Ол сана-сезім жемісі. Олардың алдына құрылған қақпан да, жолына тас­тал­ған тор да қай ғасырда да болған, бола да береді. Оның екеуі де алдымен ұлттың әлсіз жері әлеуметтік-экономикалық жағ­да­йын­да кө­рі­ніс беріп, әлеуметтік-экономикалық ҮРЕЙДЕ, сосын барып рухани ҮРЕЙ бағытында құрылып, тасталады. Міне, осы тұс­та ұлт­тық патриотизмді сана-сезім ретінде өлтірудің ең әде­мі жолы қарын қамын ойлатып, ләззаттану мен тояттану прин­­ци­пін­де­гі өмірді аңсатып қою. Немесе мещандық болмысты бой­ға да, ойға да сіңіру. Содан соң, жалпыхалықтық интернацио­нализм арқылы ұлтты ассимиляцияға ұрындыру. Яғни, дәс­­түр күй­ре­ту, дәстүрді жоққа шығарушы күштер қалыптастыру.
Бір кездегі күйреп-ыдыраған ұлттық-мемлекеттілігімізді (хан­­дық), тер­риториямыздың жаңаша, жаңа сипаттағы территория, ұлттық мемлекет ретінде қалыптастыру кезеңі үшін он жыл ештеңе емес. Тарих ғасырлап, заманалап қалыптасып, жазылады. Жүз жылда құламаған мемлекет – мемлекет. Оған куә – америка. Әлем тарихын былай қойғанда, кешегі ке­ңес­тік ке­зең­нің 70 жыл ғана ғұмыр кешуі соның айғағы емес пе? Ал, ұлт­тық патриотизмді өлтіретін ең қатерлі жау – НЕМ­ҚҰ­РАЙ­ДЫ­ЛЫҚ пен МЕЩАНДЫҚ САНА-СЕЗІМ. Оған қоса, өмір мен тіршіліктің жалынан айырылмайтын жанкешті ӨЛЕР­МЕН­ДІК керек. Өлермен ештеңе, ешқандай, іс-әрекетке нем­құ­рай­ды қарамайтын, мещандық сана-сезімнен арылған ұлт не ұлт өкіл­де­рі ғана қандайда қиын-қыстау, алмағайыпта ты­ғы­рық­қа тірелген дағдарыстан шыға алады. Яғни, территория, ұлт және мемлекет мәселесіне келгенде қандай да бір жағдайда болмасын атүсті қарауға болмайды. Немқұрайдылық демекші, бір кезде «человек меняет кожу» кітабының авторы Бруно ясенский «Не бойся врагов, в худшем случае они убьют тебя. Не бойся друзей, в худшем случае они предадут тебя. Бойся равнодушных, которые порождают и убийство, и предательство» деп жазған болатын. Меніңше, НЕМҚҰРАЙДЫЛЫҚ туралы осыдан ар­тық ештеңе айтудың да керегі жоқ секілді. МЕ­ЩАН­ДЫҚ та солай. Ендеше, патриотизм мен мещандықтың арасында ешқандай байланыс болмауы керек екен.

«Қазақ әдебиеті»,
29 қыркүйек, 2000 жыл

Алдыңғы «
Келесі »

2 Пікір бар

  1. Патриотизм мен мещандықтың арасында байланыс болуы мүмкін емес. Екеуі үш қайнаса сорпасы қосылмайтын қасиеттер. Қазақ ұлтының көзі қашан ашылады? Қашан идеясы көреген, сарабдал саясат ойлап табады?Ал аш-жалаңаштау патриоттар тек тіл мен жағы арқылы ғана үн қоса алады. Неге оларға шамасы келетін қызметтер мен мүмкіндіктер берілмейді? Қайда барса да қазіргі жұрт аузы қисық болса да байдың баласы сөйлегенін көріп жүр.Бұл ұлт болашағына өте зиян.

  2. Ұлттық буржуазия болса ғой, баяғы қазақтың байлары секілді.

Пікірлерге тыйым салынады.