ЕНДІ, НЕ ІСТЕМЕК КЕРЕК?!. немесе мәдениеттер бәсекелестігіне сай ұлттық жаңғыру идеологиясы

  • 17.03.2015
  • 478 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Біз бүгінгі жаңа тарихымызды қа­лыпты (стандартты) теориялық ұғым­дар мен көзқарастардан тазартып, оның астарындағы терең жасырын ма­­ғы­­налар мен шындықтарды көріп-білуге, сондай-ақ, адамгершілік асыл қасиеттерге негізделген әдеп-мәдениетін қайта түлетуге тиіспіз. Бұл – анық диалектика заңымен өмір сүрудің бірден бір шарты. Өйткені, бүгінгі қоғамға, жалпы қоғамдық қауымдастыққа адамгершілік асыл қасиеттерге негізделген, мәдени-ин­теллектуалды  орта қалыптастыру – ғаламдық сұраныс болып отыр. Ол үшін рухани адамгершілік асыл қасиеттер мен  мәдени құндылықтарды дамытатын, мә­дени-рухани бәсекелестікке қабілетті орта қалыптастыруға ықпал жасайтын азаматтық қоғам институттарын дамытуымыз  қажет. 


Өткен ғасырдағы отаршыл империя өзінің түпкі мақсатына жету үшін қара­мағындағы халықтарды құлдық психо­логияның құрсауындағы рухсыз ұлтқа айналдыруға  бағытталған идеология қалып­тастыруға барын салды. Ол, адамзатын түп­тамырынан ажырататын, табиғатынан жат­сындыратын, жатырынан жерітетін және өзіне күдікпен қарайтын секемшіл, басқаға шұлғи беретін кіріптар ететін идеология болғаны белгілі. Бүгінгі қоғамдағы ескінің елесінен, біреудің көлеңкесінен қорқатын,   өз ұлтының қадір-қасиетін танып білмеген, ұлттық рухтан ада, құлдық психология құрсауындағы  теориялық қағидаттағы ұс­таным­дар осы идеологияның салдары. Адамгершілік  асыл қасиеттерден ада, ұлттық рухы әлсіз, рухани кедей  адам­дар­дың жемқорлықпен тапқан мате­риалдық байлықтары, олардың өз қолдарымен жасайтын күнәларының себепшісі болса, оның салдары өз келе­шегі мен ұрпағының тағдыры, яғни, жазылмышы болып жалғасады. Ал, бүтін қоғамдағы мұндай ахуалдың салдары өркениеттер мен мәдениеттер қақ­тығысы, мультимәдениеттің күйреуі,  эко жүйенің ауытқуы және  адамзаттың ру­хани дағдарысына ұласатын алып күшке айналуда.  Міне, Тәңір коды – ұрпақ жалғастығы және қоғамдық өмір арна­сымен осылай үндесіп, сабақтасып жататындығымен құнды.
Отаршыл империялар адамзат қоға­мының тарихы мен мәдени-рухани асыл қазынасын бауырына басып жатқан, асты кенге толы Еуразия аймағындағы ұлы даланы біржола өз қармағына алуды армандады. Бұл мақсатқа жетудің  механизмі  ұлттық болмыс пен санаға қарсы жасалған ком­мунистік идеологиядан басқаны мойын­дамайтын кадр тәрбиелеу болды. Олар қарнының қамынан басқаға бас ауыртпайтын, момындардың бейнесін сом­дап оларды коммунистер, зиялылар деп ұр­ан­датудан жалыққан емес. Қас-қа­ғым сәт жібермейтін коммунистік идео­ло­гияның жымысқы жарнамасы ән болып шашылып, жыр болып төгіліп тұрды.  Осы әуеннің ырғағында жетпіс жыл тербетіліп, әбден есеңгіреген халық ана тілі, төл мәдениеті,  діні мен ділінен, тіпті, ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрып, салт-санасынан алшақтап қалды. Ұлттық санасы уланды, намысы тапталды, рухы әлсіреді. Ақыры бүтін ұлтқа қарсы жасалған идеологияның салдары ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса беретін генофон вирусына айналды. Оның үс­тіне  тәуелсіздікке қолы жаңа ғана жеткен елдерге АҚШ-тық прагматистік сана, материалдық прагматизм, «бай­лық», «ақша», «нәпсі», «даңқ», «әсіре демо­кра­тиялық теориялық қағидаттар»  культі   рухани құлдыраудың жаңа кезеңін әкелді. Ол аз болғандай, діни ала-ауыздық тудыру арқылы адамзатының ұлтына, салт-сана, әдеп-ғұрпына, тарихи болмысына қарсы ұстаным қалыптастыру идеологиясы жалпы ұлтқа  жаңа қатер төндіріп отыр. Мұндай қоғамды оңалту үшін, астарлы ақиқаттың себебін аша отырып, оның салдарын жоятын әрекетке көшу қажет. Ол үшін, жалпы қоғамға адамгершілік асыл қасиеттерге негізделген, мәдени- интеллектуалды орта қалыптастырудың маңызы зор. Рас, қазіргі адамзат қоғамы ғылым-білімнің ғарыштап дамыған технология ғасырында білімділер кеңістігінде өмір сүріп жатыр. Бірақ, рухани дүниеміз, адами асыл қа­сиет­теріміз одан ары жұтаңқы тартып барады. Қайсы біреулер өздерін тәңірдей сезінеді. Неге? Өйткені, олар интеллектуалды, яғни, Абай айтқан толық адам емес. Себебі, олар жасанды қоғам, жасанды идеология, жасанды мәдени ортада өсті және өздері де соның өкілі. Демек, баяғыда-ақ ұлы әл-Фараби ес­керткен «Мәдениетсіз алған білім өте қатерлі» деген ұлағатты сөзі бүгінгі өркениет өнегесіндегі  адами болмыстың параметрі болып  отырғанын аңғаруға болатын сияқты. Яғни, кез келген ғылыми жаңалықтың, технологиялық өркениеттің  пайдалы жағын ғана дамытып, зиянды жағын, оның салдарын жойып отыру  үшін де мәдениетпен орныққан білім керек екенін табиғат заңдылығы өзі-ақ дәлелдеп берді.
Қазір білімдіден-білімсіз, ақылды­дан-ақылсыз, данышпаннан-надандар өзін жоғары санайтын заманға жеттік. Үкі­мет­тің,  халықтың ақшасын  ұр­лай­тындар, ел мүлкі, халық қазы­насы үлесінен крутоизм вакуумына кірігетіндер, табиғи орта және қоғамдық қатынаста адамгершілік қасиеттерден әдірә қалатындар, қысқасы ұлт мүддесі, ел тағдырын тәркі ететіндер қа­тарында оқыған өздерін білімді санайтындар үлесі көп екені жасырын емес. Ке­ңестік, батыстық идеологияның адамды, адами қасиеттен ада етудің бас­ты құралдарының бірі крутоизм ваккумына кіріктіру. Ондай адам басқа адамдардан, табиғи ортадан, қоғамдық қарым-қатынастардан өзін оқшаулата отырып, ақыр соңында ұлттық рухы әлсіз, адамгершілік асыл қасиеттерден ада жасанды, теориялық қағидаттар құр­сауында қалады.
Адамгершілік асыл қасиеттерге негіз­делген әдеп-мәдениеті, адамзат қоға­мына ғасырлар бойы жалғасқан әдеп-ғұрып, салт-дәстүрмен саналы түр­де қалыптасты. Ал, жаттанды, теория қағидаттарына негізделген жасанды мәдениет, белгілі бір саяси мүдделер негізінде қалыптастырылды. Онда адамдар арасындағы, адам мен қоғам және қоғам мен табиғат арасындағы қа­тынастарда, табиғат заңдылықтарымен санас­пайтын әдеп-мәдениетінен тысқары үрдістер орын алды. Адамдар табиғатпен және бір-бірімен гармониялық келісімде өмір сүрген жағдайда ғана қоғамда үйлесім болып, жасампаздыққа қол жеткізетіндігі ескерілмеді. Бүкіл тіршілік иесінің мекені жер-ана, уақыт пен кеңістіктің мін­сіз үй­лескен, табиғат заңдылығының шең­берін­де­гі жұмақ мекен. Осы жұмақ мекенге адам қолымен жасалған қиянаттардан  эхо жүйе тепе-теңдігі өрескел бұзылып, оның салдарынан заманақыр алғы шарттары мен өркениеттер қақтығысының жаңа сипаттары көріне бастады. Муль­тимәдениеттің күйреуін қалайтын күштік құрылымдардың әлімжеттік әре­кеттері ғаламдық үдеріске айналды. Міне мұның бәрі адамзат қоғамын рухани дағдарысқа тіреген фактрлер.
Енді, не істемек керек? Мәселе, жо­ғары технологиямен қатар мәдени ықпалдастық, мәдени-өркениеттілікте бо­лып отыр. Яғни, мәдениеттер бәсеке­лестігіне сай   ұлттық жаңғыру. Біз бүгінгі жаңа тарихымызды стандартты теориялық ұғымдар мен көзқарастардан тазартып, оның астарындағы терең жасырын мағыналар мен шындықтарды көріп-білуге, сондай-ақ, адамгершілік асыл қасиеттерге негізделген әдеп-мәдениетін қайта түлетуге тиіспіз. Бұл – анық диалектика заңымен өмір сүрудің бірден бір шарты. Өйткені, бүгінгі қоғамға, жалпы қоғамдық қауымдастыққа адамгершілік асыл қасиеттерге негізделген, мәдени- ин­теллектуалды орта қалыптастыру – жаһандық сұраныс. Ол үшін рухани адамгершілік асыл қасиеттер мен  мәдени құндылықтарды дамытатын, мәдени-ру­хани бәсекелестікке қабілетті орта қалып­тастыруға ықпал жасайтын азаматтық қоғам институттарын дамытуымыз  қажет. Мұндай қоғамдық құрылымдарға ерекше дарынды, рухани жетілген, интеллектуалды және оны ұрпақ жадына сіңіру үшін өлшеусіз еңбек ететін тұлғалар қатысуы өте маңызды. Олардың ұлттық іріліктерге саятын қарымды мәдени ізгіліктерді, жал­пы адами  құндылықтар мен рухани қазыналарды асқақтатып, басқаға сіңіріп отыратын ерекше қасиеттері бүгінгі қоғамда жалпы ұлттық қажеттілік болып отыр. 
Талант – қашанда  тылсым. Ол – тә­ңір сыйы. Алланың адамға тапсырған аманаты, адамзатқа қызмет етсін деп түсірген аяны. Ал, мұндай аманатты арқалаған  ұлт тұлғалары ақша қуып, қара басының қамымен ғұмыр кешкен емес. Олардың интеллектуалдық, рухани байлығы ға­сырларға жалғасып адамзат қоғамына қалдырған өлшеусіз қазынаға айналатыны да  содан. Олар – қоғамға, жалпы қоғамдық қауымдастыққа қажетті  тың идеялардың орайын келтіріп, ұқсата өркендететін кесек, тарихи құ­былыстарды жүзеге асыруға, сондай-ақ, келешек қоғам алдында жүретін, дарынды  жастарды өз отанының патриоты етіп тәрбиелеуге  өлшеусіз еңбек етуі тиіс.  Дәл осындай күштік құрылымдар ғана адамгершілік асыл қасиеттерге негіз­делген рухани орта қалыптастыруға, тұ­тастай алғанда руханияттың дамуына мол мүмкіндіктер ашады. Сондай-ақ, олар әлем­нің тұрақты дамуына қажетті жаһан­дық диалог қалыптастыруға қызмет ету мүмкіндігіне де қол жеткізе алатын болады. Өйткені, жаһандық жағдайда батыстың соңғы технологиясынан, шығыстың мәдени-рухани құндылықтары әлдеқайда салмақты дүние екені – әлем мойындауға мәжбүр болып отырған ақиқат. Яғни, адам баласының  жоғарғы технологиялық өркениетсіз өмір сүре алатыны, ал, жоғарғы технологиялық өркениет мәдени өркениетсіз өмір сүре алмайтыны да ұғынықты болды.  Осынау ұлы дәстүрдің  қадір-қасиетін танып-түсіну және сол ұлы дәстүрдің заңдылықтары бойынша ғұмыр кешу бүгінгі қоғамдағы барлық адамзатқа қажеттілік болуда. Түптеп келгенде, ар ілімі, әдеп-мәдениеті, мораль философиясы және адамгершілікті ұғыну секілді күрделі ғылымдық деңгейдегі ілім қағидаттарына сай құрылған  ұлттық идеология ғана мәдени-интеллектуалды орта қалыптастырады.

Өнерхан САНСЫЗБАЙҰЛЫ,   
«kult.fora» рухани адамгершілік 
және мәдени құндылықтар» 
Қайырымдылық қорының 
төрағасы

Алдыңғы «
Келесі »