Журнал тойы – мәдениет дамуының көрінісі

  • 12.10.2011
  • 328 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Алғаш жарыққа шыққанда белгілі қазақ зиялылары басшылық жасап, сол дәуірдің саясаты мен идеологиясын насихаттаған қазіргі «Ақиқат» журналының тарихы мен тағылымы жөнінде біраз айтуға болады. Қазір бұл журнал рухани әлем мен мәдениет және ел тарихи журналы тың, қызықты нәрселерді жариялап, тұрақты оқырманын қалыптастырған басылым болып табылады. Экономикамен қатар қазір мәдениеттің де дамып, рухани салада кемелденудің көрінісі байқалуда. «Мәдени мұра» бағдарламасы осының нәтижесі болса керек. Журнал беттерінен тарихи-мәдени ескерткіштер жөнінде, мәдениет қайраткерлері мен миәдениеттанушылар туралы мақалалар жиі жарияланады. Яғни, ұлттық мәдениетіміздің дамуы мен әлемге танылуына байланысты журналдағы ойлы мақалалар мен зерттеулер ешкімді бей-жай қалдырмайды. Пікір туғызып, ойлантады. Міне, сондықтан журнал тойы – бұл мәдениетіміздің дамуының көрінісі деп ұққанымыз жөн. Олай болса мұндағы әріптестеріме шығармашылдық табыс тілейміз.

Мұхтар ҚҰЛМҰХАМБЕТ,
Мәдениет министрі

Алдыңғы «
Келесі »