“Қазақфильм” киностудиясының президенті тағайындалды

  • 30.01.2015
  • 514 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Бақыт Қайырбеков Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы президенті болып тағайындалды. Бүгін жаңа қызметінде алғаш рет Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингке қатысты,деп хабарлайды    kazgazeta.kz    Nur.kz  порталына сілтеме жасап.

Бақыт Қайырбеков – ақын, сценарист, кинорежиссер, 10 поэтикалық жинақтың және көптеген деректі фильмдердің авторы. 1970 жылы Мәскеудегі Горький атындағы Әдебиет инcтитутында оқыған.

"Жазушы" баспасында, "Советский Казахстан сегодня", "Қазақфильм" киностудиясында, көркем және телевизиялық шығармашылық бірлестігінде, Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің репертуар-редакциялық алқасында, "Қазақтелефильмде", Мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру институтының баспа орталығында жауапты қызметтер атқарған.

1979-1982 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогика институтында аспирант, 1987-1989 жылдары КСРО Мемлекеттік кино жанындағы сценаристер мен режиссерлер жоғары курсының тыңдаушысы болған.

Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында, репертуарлық-редакциялық алқада, ақпараттық-баспасөздік орталықта, "Гала ТВ" киностудиясында, Қазақстан президентінің телерадиокешенінде қызмет еткен.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған мерекелік медалімен, "Құрмет" орденімен марапатталған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ермек Аманшаев өткен жылдың соңында басқа қызметке ауысуына байланысты киностудияның басшылығынан кеткен болатын. Ол Астана әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Айта кетсек, Бақыт Қайырбеков – қазақтың танымал ақыны Ғафу Қайырбековтің баласы.
 

Алдыңғы «
Келесі »