Астанада құқық қорғау қызметкері кәсіпкерді өлтіруге тапсырыс берген

  • 29.01.2015
  • 283 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Астана қаласының ІІД полициясы елордалық жеке кәсіпкердің өмірін қиюға тапсырыс бергендерді тұтқындады, деп хабарлады аталған департаменттің баспасөз қызметі.

 

2014 жылдың 30 наурызында белгісіз біреулер кешкі уақытта Энергетик поселкесінде үйдің маңында жеке кәсіпкер К. есімді тұрғынды ПМ тапаншасынан үш рет атып, жарақаттаған.

Жедел іздестіру шараларының барысында 2014 жылы маусым айында аман қалған кәсіпкерге қайтадан қастандық жасауға дайындалу кезінде елордалық полицейлер қылмысты ұйымдастырушы 1980 жылы туған тапсырыс берушіні, 1970 жылы туған арада келісім жүргізген делдалды, 1965 жылы туған киллерді тұтқындады.

Ұсталынғандар тергеу изоляторына қамалды. Қылмысты орындаушы-киллер осыдан бұрын қасақана адам өлтірген, атыс қаруы мен оқ-дәріні ұрлаған болып шықты. Ал, өлтіруге тапсырыс берген ұйымдастырушы құқық қорғау органдарында қызмет істейтіні анықталды.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, қылмыстың себебі табиғи қазбаларды табу және сатуды құру бойынша азамат К.-ның кәсібін тапсырыс беруші иеленбек болған.

Аталған факт бойынша, қылмыстық кодекстің "Адам өміріне қастандық жасау", сондай-ақ "Қызмет бабын асыра пайдалану" бабтары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұсталған азаматтарға қатысты қажетті тергеу және арнайы шаралар жүргізілді. Қазіргі уақытта жоғарыда аталған тұлғаларға қатысты іс Ақмола гарнизондық әскери сотына берілді.
 

nur.kz

Алдыңғы «
Келесі »