AMG компаниясының қарамағына Қазақстандағы 11 әуежайды шоғырландыру жоспарланып отыр

  • 29.01.2015
  • 294 рет оқылды
  • Пікір жоқ

2013 жылы «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ құрылымында мемлекеттік әуежайлар желісін басқару үшін әуежайларды басқарудың арнайы компаниясы ретінде құрылған «Airport Management Group» ЖШС холдингінің қарамағына 11 әуежайды шоғырландыру жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін мемлекеттік әуежайлар желісін дамыту тақырынба өткен Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «Airport Management Group» компаниясының Бас директоры Клод Бадан мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«2014 жылы Астана, Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Шымкент, Қызылорда әуежайлары 7 жылдық мерзімге «Airport Management Group» компаниясының сенімді басқаруына берілді. Біздің негізгі міндетіміз – әуежайларда халықаралық талаптарға сай қауіпсіздік жүйелерін енгізу, халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру, әуежайлардың инфрақұрылымын дамыту бойынша ұзақ мерзімді жоспар құру», – дейді К.Бадан.

Оның айтуынша, басқарушы компанияның қарамағына 11 әуежайды шоғырландыру жоспарланып отыр.

«Басқарушы компанияның қарамағына 11 әуежайды шоғырландыру жоспарланып отыр. Жоғарыда айтқан әуежайлар қатарына қосымша Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Өскемен және Семей әуежайларының активтерін сенімді басқаруға алу жоспаоланып отыр», – дейді К.Бадан.

bnews.kz

Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ
Алдыңғы «
Келесі »