• «Ақиқат» журналы
  • >
  • Ақпарат
  • >
  • Мемлекет басшысы ҚР Мемлекеттік хатшысымен алдағы мерейтойлық шараларға дайындықты талқылады

Мемлекет басшысы ҚР Мемлекеттік хатшысымен алдағы мерейтойлық шараларға дайындықты талқылады

  • 27.01.2015
  • 366 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықовамен кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Г.Әбдіқалықова алдағы мерейтойлық даталарды  –  Қазақ хандығының 550 жылдығын, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын, Конституцияның және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын мерекелеуге дайындық барысы туралы  баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев осы іс-шаралардың жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, мемлекеттілікті нығайту, сондай-ақ республикада бірлік пен келісімді қамтамасыз ету үшін маңыздылығын атай отырып, орталық және өңірлік деңгейде тиянақты ұйымдастыру қажеттігіне назар аударды.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

inform.kz

Алдыңғы «
Келесі »