Елімізде -41 градусқа дейін аяз болады

  • 23.01.2015
  • 380 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Арқаның аязы күшіне мініп, Астана қаласы мен Ақмола облысында 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды.

Балалардың кезектен тыс демалысы дүйсенбіге дейін созылуы мүмкін деп хабарлайды КТК арнасы.

Апта соңында кейбір өңірлерде сынап бағамы тіпті -41 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Бүгіннің өзінде Солтүстік пен Шығыс Қазақстанда боран басталған. Желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді.

Ал Оңтүстікте тұман түсіп, жолдар көктайғаққа айналып жатыр. Төтенше жағдайлар қызметі осы аймақтың жүргізушілері үшін апта соңына дейін алыс сапараға шықпауға кеңес беріп отыр.

Синоптиктерге сенсек, аяздың беті қаңтардың 27-сінен кейін қайтуы тиіс.

"Ауа температурасының төмендеуі батыстан келген антициклонмен байланысты. Алдағы күндері қалың қар түсіп, жел тұрады. Қаңтардың 23-і аяз күшіне мінеді. 30-35 кей жерлерде ауа температурасы 38-41 градусқа дейін төмендейді", – дейді  "Қазгидромет" РМК Ақмола облысы бойынша филиалының синоптигі Раушан Қалманбаева.

nur.kz

Алдыңғы «
Келесі »