«Сапа инновациялары 2014» байқауында қазақстандық компания жеңімпаз атанды

  • 21.01.2015
  • 344 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Будапешт қаласында Мажарстан Президенті қолдауымен Еуропалық Сапа Ұйымы The European Organisation for Quality) ұйымдастырған «Сапа инновациялары, 2014» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанатты рәсімі өтті. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.

«Әлеуетті инновациялар» номинациясында «Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» АҚ қазақстандық компания жоғары қарқынды ультрадыбыспен емдеу технологиясын (HighIntensity Focused Ultrasound) енгізгені үшін жеңімпаз атанды.

Бүгінгі таңда бұл қатерлі ісік ошағын жоюда инвазивтік емес тәсілінің жалғыз түрі болып табылады, яғни емдеу шаралары барысында тері бетінің тұтастығы бүлінбейді.

Еуропалық сапа жүлдесі бизнес-процестерді басқару жүйесін және жұмыс сапасын жақсарту үшін берілетін еуропалық беделді сый болып саналады.

Жүлдені Орталықтың бас директоры, медициналық ғылымдар докторы, профессор Абай Багенжин қабыл алды. Марапаттау салтанатына Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрбах Рүстемов қатысты.




inform.kz

Алдыңғы «
Келесі »